Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диссертация.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

7. Алгоритмдер

Алгоритмдер бөлек операторлардан құрылады. Бастапқы мәліметтер берілгеннен кейін базалық операторлар тізбегі түзіледі. Операторларды жүзеге асыру амалдары белгілі деп саналады. Оператор алгоритмнің ары қарай бөлінбейтін элементі болуы тиіс. Базалық операторларды байланыстыратыналгоритмнің құрылымы түзіледі. Мұндай құрылымды «граф» көмегімен бейнелейді. Графтың шыңдары оператор (ui), ал қабырғалары (rij) – операторлар арасындағы байланыс ретінде танылады.

Есептеу алгоритмі белгілі алгоритм бойынша тұрғызылады және арифметикалық, логикалық және аналитикалық операцияциялардың тізбегін құрайды. Сонымен қатар, алгоритмнің ЭЕМ-да жүзеге асырылатындай мүмкіндіктері және есептеу қателіктерінің бағалануы ескеріледі. Мұнда оператор, яғни графтың шыңдары ретінде АБЖ-нің айнымалылары, ал қабырғалары (доғалары) ретінде АБЖ-нің беріліс функциясы, динамикалық бөлімнің теңдеулері алынады.

а – тізбекті; ә – қатарлас; б – айналмалы; в – сатылық; г - қосылмалы

Сурет 1. Алгоритмдер құрылымдары

8. АЖЖ-нің бағдарламалық қамтамасыз етуі

АЖЖ-нің бағдарламалық қамтамасыз етуі – автоматтандырылған жобалауды орындайтын, қажет құжаттары бар бағдарламалар жинағы.

АЖЖ-нің бағдарламалық қамтамасыз етуі екіге бөлінеді:

  • жүйелік;

  • қолданбалы:

    • 3D моделдеу жүйесі;

    • инженерлік талдау жүйесі;

    • 2D жүйесі;

    • эргономикалық талдау жүйесі;

    • қарапайым қосымшалар.

АЖЖ-нің бағдарламалық қамтамасыз етуіне қойылатын талаптар:

  1. Бейімделу мүмкіндігі.

  2. Әр салада қолдану мүмкіндігі.

  3. Жинақылық.

  4. Ұтқырлық.

  5. Сенімділік.

  6. Жылдамдық (пайдаланушыға бағытталған есептерді жылдам шешуді қамтамасыз ету).

  7. Кеңейту мүмкіндігі.

АЖЖ-нің бағдарламалық қамтамасыз етуінің құрылымы

Автоматтандырылған жүйелерде бағдарламалық қамтамасыз етуді келесі түрлерге бөледі:

  1. Жалпыжүйелік БҚ (компьютерде және есептеу жүйелерінде  пайдаланылатын операциялық жүйе, телекоммуникациялық қызметтерде қолданылатын желілік бағдарламалық қамтамасыз ету).

  2. Жүйелік орта [PDM (Product Data Management) – жобалық мәліметтерді басқару жүйесімен біріккен мәліметтер базасының басқару жүйесі (МББЖ) және жобалық және басқарушы шешімдерді қолдайтын аспаптық құралдар].

  3. Қолданбалы БҚ (жобалық және бизнес процедураларды орындайтын қолданбалы бағдарламалар пакеттері).

Тапсырыстық БҚ – пайдаланушы өзі құрған бағдарламалық қамтамасыз ету. Негізінде инженерлер және құрастырушылар міндетіне жеке меншікті АЖЖ БҚ әзірлеу кірмейді. Бірақ қолданбалы пакеттер пайдаланушылардың бағдарламаларымен интерфейсті қамтамасыз ететін жағдайда, бағдарламалаудың қарапайым құралдарын білу маңызды болып саналады. Пайдаланушы бағдарламалардың типтік қосымшаларына жатады:

  • параметрлік пішімдерді жандандыру. АЖЖ-де параметрлеудің базалық құралдары жоқ кезінде орын алады;

  • жандандырылған пішімді АЖЖ-не беру кезінде берілген параметрлер бойынша құрамдастар өлшемдерін есептеу;

  • соңғылық элементтер әдісі бойынша физикалық сипаттамаларды есептеу;

  • күнтізбектік жоспарларды құру, жобаның атрибутивтік мәліметтері бойынша АЖЖ-нен алынатын шығындарды есептеу.

АЖЖ пайдаланушылары

Пайдаланушы (user) – ақпаратты алу немесе түрлі есептерді шешу үшін есептеуіш техниканың қызметтерін пайдаланатын тұлға.

АЖЖ-де пайдаланушыларды үш санаттылық категорияға бөлуге болады:

  1. АЖЖ-н әзірлеушілер – ЭЕМ қолдану аумағындағы мамандар. Атқаратын қызметтері:

  • АЖЖ-нің базалық әдістерін, құралдарын және жасақталуын, жалпыжүйелік БҚ, жобалаудың аспапты және технологиялық құралдарын әзірлеу;

  • нақты қолданыс шартындағы АЖЖ-н жандандыру және баптау.

  1. Қолданбалы бағдарламашылар – жобалау әдістемесін, қолданбалы алгоритмдер аумағын және арнайы БҚ әзірлеуді білетін жоғары санаттағы мамандар.

  1. Жобалаушылар – автоматтандырылған жобалауды орындау үшін АЖЖ-нің мүмкіндіктерін жақсы игерген жобалау аумағындағы мамандар. Есептеу техникасы аумағында кәсіпқой болмаса да ЭЕМ-ның ресурстарына тікелей қатынау мүмкіндігі бар «пайдаланушы» деп те айтуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]