Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диссертация.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.22 Mб
Скачать

29. Автоматтандырылған жобалау жүйелері заманауи өндірісте

 

Автоматтандырылған жобалау жүйелері заманауи өндірісте, құрылыста және дизайн жасауда кең өріс алуда. АЖЖ класындағы бағдарламалар технологиялық үрдістерді жобалауда уақыт және құралдар шығынын азайтады, моделденген үрдістердің дәлдігін арттырады, түрлі бағыттағы сызуларды, құрылыстық және технологиялық құжаттарды, 3D-моделдерді құру мүмкіндігін береді.

АЖЖ-н қолдану жобалаудың барлық кезеңдерін және өндірісті дайындауды тиімділейді. Бұл құжаттарды рәсімдеуді автоматтандыру, қатарлас жобалау технологиясын пайдалану, жобалау шешімдерін, деректерді және атқарымдарлы қайта пайдалану, макеттеуді математикалық моделдеумен ауыстыру арқасында іске асырылады. Екіөлшемді және үшөлшемді ортада АЖЖ-н пайдаланып жобалау түрлі салаларда қолдануын табады. Autodesk, Graphisoft, IMSI/Design, ConsistentSoftware және Alibre компанияларының әзірленген аспаптарыкелесі негізгі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • ғимараттарды құрылыстық жобалау және ақпараттық моделдеу;

  • инженерлік коммуникацияларды жобалау және құжаттандыру;

  • біріңғай сандық моделді қалыптастыру мақсатында өнімді (өнеркәсіптік және жалпы тұтынудағы) шығару үрдісінің кезеңдерін біріктіру;

  • үшөлшемді қаттыденелік моделдерді бейнелеу;

  • электронды жүйелерді моделдеу және т.б.

Автоматтандырылған жобалау құралдары географиялық мәліметтердің стереобейнелерімен жұмыс жасауда, жерсеріктік ақпараттың үлкен көлемін, аэрофототүсірілімдерді, ортожоспарларды және т.с.с. өңдеуде қолдануын табады. Геоақпараттық LizardTech, Pitney Bowes және ESRI жүйелерді жеткізушілер ғарыштық суреттердің және кеңістіктік мәліметтердің көлемді массивтерін сақтауды және басқаруды қамтамасыз етеді. Ғарыштық өнеркәсіп үшін жобалық-құрылыстық жұмыстарды орындауда АЖЖ саласындағы инновациялық технологиялар негізгі болып саналады. Princeton Satellite Systems және Autodesk компаниялары әуе және ғарыштық ұшақ аппараттарының қимылдарын қайталайтын арнайы аспаптарды шығарады.

Графика және анимация жұмыстарына арналған АЖЖ бағдарламалары пайдаланушыларға жарқын бейне эффектілерін және сапалы үшөлшемді бейнелерді құруда көмегін тиізеді.

Autodesk және IMSI/Design компанияларының дизайнға арналған CAD-тұғырнамалары сәулетшілер, инженерлер және графикалық суретшілер үшін әзірленген және түрлі объектілерді моделдеуді және жете өңдеуді іске асыру мүмкіндігін береді. Autodesk, «ИНФРАСОФТ», Efficad, Pitney Bowes және автоматтандырылған жұмыс орындарының векторлық, растрлық және техникалық құжатнама құратын жұмыс құралдары түрлі күрделіктегі жобаларды моделдеуде сызулармен жұмыс жасаудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

 

30. Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің даму беталыстары

 

Бүгін сандық түптұлғалар технологиясы автоматтандырылған жобалау жүйелерінің даму беталыстарының негізгісі болып табылады. Бұл технологияны қолдану виртуалды объектіні құру мен талдау және болашақ физикалық аналогты ұсақ-түйегіне дейін көрсету мүмкіндігін береді. Сандық туптұлға жобалаушыға бейнеақпараттан басқа қосымша ақпараттың едәуір көлемін береді. Бұл қосымша ақпараттарға жататындар: материалдар жөнінде мәліметтер, сынақ нәтижелері, анықталған шарттарды қолдану ерекшеліктері және басқалары. Бұл технологияны пайдаланатын бағдарламаларға (мәселен, Autodesk Inventor) «3D-жобалау» терминін қолдану аздық қылады, себебі «4D-жобалауды» пайдалану мерзімі алшақ емес.

АЖЖ-нің ары қарай дамуы жаңа технологиялық мүмкіндіктерге байланысты. Жарқын мысалы ретінде «бұлттық» есептеулерді пайдалану. Бұл компьютерлік қуаттардың және интернет-арналардың өткізу қабілетінің едәуір өсуіне байланысты мүмкін болып тұр. Бұрында сызу негізгі құжат және ақпарат алып жүруші болса, бүгін жоба жөніндегі барлық мәліметтер жалпы қоймада серверге енгізіледі, сақталады және өңделеді. Серверге қатынау тек қана дербес компьютерлермен ғана емес және ұтқыр құрылғылар (коммуникаторлар немесе планшеттер) арқылы жүзеге асырылады.

Ұтқыр құрылғылар келешекте қағазды алмастырады және 3D-моделдерді көрнекі және танымалдығы жеңіл түрде береді.

«Бұлттық» технологияның дамуы кәспорында соған сәйкес инфрақұрылымды құруды талап етеді. Бұл, әрине ІТ-инфрақұрылымының даму сатысына байланысты, әсіресе мәліметтер қауіпсіздігін және коммерциялық құпияны қамтамасыз етуде.

«Бұлттық есептеулер» (ағыл. cloud computing) – мәліметтерді өңдеудің үлестірілген технологиясы. Компьютерлік ресурстар және қуаттар пайдаланушыға интернет-сервис түрінде беріледі. «Бұлт» термині бұл компьютерлік желінің диаграммасында Интернеттің бұлт түрінде бейнеленуіне негізделген метафора ретінде пайдаланылады немесе барлық техникалық тетіктері жасырылған күрделі инфрақұрылымның кейпі ретінде қарастырылады. 2008 жылғы ІЕЕЕ құжатына сәйкес «Мәліметтерді бұлттық өңдеу – бұл интернеттегі серверлерде үнемі сақталатын және уақытша клиент жағына (дербес компьютерлерге, ноутбуктерге, смартфондарға және т.б.) аралық буферге енгізілетін ақпарат деген парадигма».

«Бұлттық» технологиямен қатынас екі амалмен жүреді: бірінші, Интернет арқылы провайдер беретін серверге ашық қатынау; екінші, сервер кәсіпорында орналасқан және қатынау жабық локалді желі арқылы жүзеге асырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]