- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
- •1. Жобалауды автоматтандыру түсінігі
- •2. Құру мақсаттары және міндеттері
- •3. Ажж құрамдастары және қамтамасыз етулері
- •4. Ажж классификациясы
- •7. Алгоритмдер
- •9. Пайдаланушының ажж-мен әрекеттесуі
- •16. Қалпына келмейтін жүйелердің сенімділігі
- •18. Жасырын элементтер әдісі
- •19. Күрделілікті ашу алгоритмі
- •23. Көпполюстік құрылғыны декомпозиттеу алгоритмі
- •26. Автоматтандырылған жұмыс орны
- •27. Автоматтандырылған жүйелерді жобалауға арналған AutoCad арнайы бағдарламалық құралдары
- •28. 3D үшөлшемдік графика бағдарламалық кешені
- •29. Автоматтандырылған жобалау жүйелері заманауи өндірісте
- •30. Автоматтандырылған жобалау жүйелерінің даму беталыстары
- •2.1 Сабақ өткізу барысында программалық тілдің маңыздылығы
- •2.2 “Mathematica 8.0” программасы
- •2.3 “Mathematica 8.0” программасы бойынша слайд жасау
- •2.4 “Электр энергетикасындағы инжинириг және автоматтандыру” пәні бойынша дәрістер жинағы
- •2.5 “Электр энергетикасындағы инжинириг және автоматтандыру” пәні бойынша дәрістерге қосымша Mathematica 8.0 программасында жасақталған программалар.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Аманжолов Е.Б
“Электр энергетикасындағы инжинириг және автоматтандыру” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен жасақтау
«6М011000-Физика» мамандығы
Орындаған 2 курс магистранты: Аманжолов Ербол
Ғылыми жетекшісі: к.ф.-м.н., аға оқытушы Амренова А.У.
Алматы, 2017
МАЗМҰНЫ
|
КІРІСПЕ |
3 |
1 |
Автоматтандырылған жұйелер. Негізгі түсініктемелер |
5 |
1.1 |
“Электр энергетикасындағы инжинириг және автоматтандыру” пәні бойынша дәрістер жинағы |
6 |
2 |
Сабақ өткізу барысында программалық тілдің маңыздылығы |
13 |
2.1 |
“Mathematica 8.0” программасы |
14 |
2.2 |
“Mathematica 8.0” программасы бойынша слайд жасау |
15 |
2.3 |
“Mathematica 8.0” программасы арқылы электронды оқыту құралын жасақтау |
18 |
|
Қорытынды |
20 |
|
Қолданылған әдібиеттер |
21 |
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы.
ХХI ғасырда мемлекеттің өркениетті, дамыған елдер қатарына қосылуының бірден бір католизаторы-жастар болып табылады. Президентіміздің өткен жылы халқымызға Жолдауында 2016 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 %-ы электрондық оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 %- ға дейін артуы тиіс деп айтылған [1]. Электронды оқыту құралы заман талабы болып табыла. Бұл әдісті дамыған мемлекеттер бұрыннан қолданады. Инновациялық білім берудің бірден бір әдісі болып табылады. Жалпы электрондық оқу құралы деп компьютердің мүмкіндіктерін толығынан пайдалана отырып, білім беру технологиясын сүйемелдей алатын оқу құралын айтамыз [2]. Өзінің функционалдық мүмкіндіктері жағынан компьютер нағыз оқыту құралы болып табылады, бірақ сол мүмкіндіктерді білім беруде, дағдылар қалыптастыруда, біліктілікті игеруде барынша тиімді пайдаланып, жүзеге асыру жағы жеке бір мəселе болып табылады. Оқытушылар осы мəселемен компьютерлер енді пайда болған кезден бастап айналысып келеді, ал жеке пайдаланылатын дербес компьютерлер шыққаннан соң, бұл жұмыстың өзектілігі бұрынғыдан да арта түсті [3]. Қазіргі таңда әрбір екінші оқушыда дербес компьютер немесе қойын дәптері бар осындай мүмкіндікті неге қолданбасқа, егер бұл біздің білім беруіміз үшін тиімді болса.
Бұл магистрлік диссертация тақырыбы: “Электр энергетикасындағы инжиниринг және автоматтандыру” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенін жасақтау болып табылады. Бұл инновациялық білім беру талапынай сәйкес келетін өзекті мәселе болып келед. Сондықтан осындай оқу-әдістемелік құрал жасақтауды өзіме мақсат қылдым. Қазіргі таңда инновациялық білім беру талап- тарына сай қашықтан оқыту технологиясы өте өзекті мəселеге айналып отыр [1, 3]. Бұл магистрлік диссертация тақырыбына байланысты “Электр энергетикасындағы инжиниринг және автоматтандыру” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенін жасақтауда осы пән бойынша толық мағлұмат алу үшін зертханалық жұмыстар жасау мақсат етілген. Сол зертханалық жұмысты жасау үшін қазіргі таңда өзекті болып тұрған инновациялық білім беру талабына сәйкес топтық оқыту технологиясын қолдануды шештім.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: ХХI ғасырда білім заманы болып табылады, сондықтанда болашақ ұрпақтың жақсы білім алуына көмек.
Жұмыстың мақсаты. Зерттеудің міндеттері: “Электр энергетикасындағы инжинириг және автоматтандыру” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенді жасақтау.
Зерттеу тақырыбы: – “Электр энергетикасындағы инжинириг және автоматтандыру” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен жасақтау
1 АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰЙЕЛЕР. НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР
Автоматтандырылған жобалау жүйесі (АЖЖ) – жобалау функцияларын орындайтын ақпараттық технологияны іске асыратын автоматтандырылған жүйе. Персоналдан және автоматтандырудың техникалық, бағдарламалық және басқа құралдарынан тұратын жобалау үрдісін автоматтандыруға қажет ұйымдастырушы-техникалық жүйе болып саналады.
Автоматтандырылған жобалау жүйесіне (орыс тілінде САПР - система автоматизированного проектирования) түрлі түсініктер беріледі. Мысалы:
«САПР – система автоматизации проектных работ», яғни «жобалау жұмыстарының автоматтандыру жүйесі» деген түсінік дұрыстау, бірақ сирек қолданылады;
«САПР – система автоматического проектирования», яғни «автоматты жобалау жүйесі». Бұл түсінік дұрыс емес, себебі «автоматты» түсінігі жүйенің адамның қатысуынсыз жеке жұмысын көздейді, ал автоматтандырылған жобалау жүйесінің функцияларының бір бөлігін адам орындайды, қалған жеке операциялар мен процедуралар автоматты түрде атқарылады. Сондықтан «автоматты» сөзімен салыстырғанда «автоматтандырылған» түсінігі жобалау үрдісінде адамның қатынасы бар екендігін білдіреді.
«САПР – программное средство для автоматизации проектирования», яғни «жобалауды автоматтандырудың бағдарламалық құралы» деген түсінік толық мазмұндама бермейді. Себебі жобалау іс-шараларын тек қана қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен атқару мүмкін емес. Сондықтан әдебиет көздерінде және мемлекеттік стандарттарда «автоматтандырылған жобалау жүйесіне» кең ауқымды түсінік беріледі.
Анықтамалар
Жобалау (лат. projectus - «алға ұмтылған», «алдын алу») объектіні жасауға қажетті және жеткілікті техникалық құжаттарды, тәжірибелік үлгілерді, моделдерді құру үрдісі.
Жобалық процедура – орындалуы жобалық шешіммен аяқталатын бастапқы мәліметтерді өңдеудің жобалық операциялар жинағы.
Жобалық операция – жобалық процедураның бөлігі ретінде саналатын және жобалық шешім фрагментін алумен аяқталатын жобалаушы әрекеттерінің жинағы.
Жобалық шешім – жобалық процедураны аяқтау үшін қажетті және жеткілікті жобалау объектісінің аралық ннемесе ақырғы түсініктемесі.
Жоба – құрылыстық және технологиялық құжаттардың бірыңғай жүйесінің талаптарына сәйкестендірілген, жобалау нәтижелері келтірілген жобалық құжаттар (техникалық құжаттар) жинағы немесе тәжірибелік үлгі.
Жобалау құралдары – жобалаушының аспаптары (техникалық және бағдарламалық құралдары).
Қысқартулар
CAD – Computer Aided Design;
АБЖ – автоматты басқару жүйесі
АЖЖ – автоматтандырылған жобалау жүйесі;
АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;
АҚ – ақпараттық қамтамасыз ету;
ӘҚ – әдістемелік қамтамасыз ету;
ӘТ – әзірлеушінің терминалы;
БӘК – бағдарламалық-әдістемелік кешен;
БҚ – бағдарламалық қамтамасыз ету;
БТК – бағдарламалық-техникалық кешен;
ДЭЕМ – дербес электронды-есептеуіш машина;
ЖАҚК – жобалауды автоматтандыру құралдарының кешені;
ЖТ – жобалаушылар терминалдары;
ЖТС – жобалаушылардың терминалдық станциялары;
ҚҚ – құқықтық қамтамасыз ету;
ҚҚБЖ – құрылыстық құжаттардың бірыңғай жүйесі;
ҚТ – құрастырушының терминалы;
ЛҚ – лингвистикалық қамтамасыз ету;
МББЖ – мәліметтер базасын басқару жүйесі;
МҚ – математикалық қамтамасыз ету;
ОЕК – орталық есептеу кешені;
СТ – сынаушының терминалы;
ТҚ – техникалық қамтамасыз ету;
ТҚБЖ – техникалық құжаттардың бірыңғай жүйесі;
ТТ – технологтың терминалы;
ҰҚ – ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
ЭЕМ – электронды-есептеуіш машина;
ЭҚ – эргономикалық қамтамасыз ету;
