Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Kurs_zhumys_-Avtozapravka.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
947.71 Кб
Скачать

2. «Жанармай бекетіндегі Автокөліктер» берілгендер қорын құру

2.1. Кесте және кестеаралық байланыс құру

Кестелер- берілгендер қорының негізі болып табылады, нақты соларда барлық берілгендер сақталады. Пішімді немесе есеп беруді құру алдында әуелі кестені алуыңыз қажет.

Кестелерге орналасатын кестені немесе деректі тиянақты жоспарлау талап етіледі. Бұл тақырыпта талаптарыңызды қанағаттандыратын кестені құруға мүмкіндік берер кестені жобалаудың негізгі кезеңдерін қарастырамыз.

Кесте – бұл Берілгендеріңізді сақтайтын объекті. Кестені құруда біртипті ақпараттан тұратын өрісті анықтайсыз. Мысалы, мекен – жай, аты немесе телефон номері. Кестелер әрқайсысы белгілі бір мағынаны сипаттайтын жүздеген жазбалардан тұруы мүмкін. Мысалы, әрбір клиент жайлы жазба оның атын, мекен-жайын және телефон номерін қосады. Кесте режимінде кесте баған мен жолдан тұрады.

Кестелер құрылымын құрар алдында берілгендер қорын құру нәтижесінде жететін мақсатыңызды көрсетуіңіз керек. Қойылған мақсаттан оған жету үшін қолданылатын кестенің қандай болуы керек екенін айқындап алып, қажетті кестені құруға кірісіңіз.

Егер біркестелік берілгендер қорын құрсаңыз, онда кестенің құрылымын айқындау қиын емес.

Көпкестелі берілгендер қорын жобалау мәселелері келесі тарауда қарастырылады.

Кестенің құрылымын құру процесін мысал ретінде қарастырайық. Қайсы бір адамдар тобының атынан және тегінен тұратын берілгендер қорын құру керек болсын. Сонымен қатар, берілгендер қорында номері, мекен-жайы, өнеркәсіп аты және кредит және т.б. қосымша берілгендер бар болуы тиіс.

Кестенің құрылымын айқындағаннан кейін, MS Access-те оны құруға кірісеміз. MS Access-те кестені құру берілгендер қоры терезесінде жзүзеге асырылады:

  1. Өзіңіз құрған берілгендер қорының терезесін ашып, «Кестелер» категориясын таңдаңыз.

  2. Берілгендер қорының терезесінде Создать батырмасын басыңыз.

  3. «Жаңа кесте» диалог терезесі ашылады, оның оң жағында келесі атқарылатын жұмыстардың нұсқалар тізімі табылады:

  • Кестелер режимі – кестелер режимінде жаңа кестені құруға мүмкіндік береді.

  • Конструктор – кестелер конструкторында жаңа кесте құруға мүмкіндік береді.

  • Кесте шебері – шебер көмегімен жаңа кесте құруға мүмкіндік береді.

  • Кестелер импорты – сыртқы файлдан ағымдағы берілгендер қорына кестелер импортын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  • Кестелермен байланыс – сыртқы файлдардан байланысқан кестелермен кестелер құруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

  • Осы диалог терезесінде кестеңізді құруға сәйкес нұсқаны таңдап, ОК батырмасын басыңыз.

  • Таңдалған құралдың көмегімен кесте құрылымын құрыңыз.

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]