- •Қ азақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі
- •Курстык жұмыс
- •5В070800 - «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша
- •1 Геологиялық бөлім
- •1 Геологиялық бөлім
- •Кен орны туралы мәлімет
- •1.1 Кен орнының геологиялық зерттелу және игерілу тарихы
- •1.2 Геологиялық құрылысы және литологиялы – стратиграфиялық сипаттамасы
- •1.3 Тектоникасы
- •1.4 Мұнайгаздылығы және сулылығы
- •1.6 Өнімнің физика-химиялық сипаттамасы
- •Кесте1.1- Ұңғы өнімінің құрамы.
- •2 Техникалық-технологиялық бөлім
- •2.1 Кен орнын игерудің ағымдағы жағдайы
- •2.3 Фонтанды ұңғысының жабдықтары
- •2.4 Лақтырысқа қарсы құралдар мен жабдықтар
- •2.5 Фонтанды ұңғының технологиялық режимін орнату әдістері
- •2.6 Фонтанды көтергіш диаметрін және штуцер диаметрін есептеу
- •2.6.1 Фонтандаудың минималды түптік қысымының есебі
- •2.7 Ұңғыны фонтанды тәсілмен пайдалану кезінде пайда болатын қиыншылықтар,олармен күресу
- •2.7 Фонтанды ұңғының арын шығынын, қысымды және көтергіштің п.Ә.К анықтау
- •Ұсынылатын әдебиет
2 Техникалық-технологиялық бөлім
2.1 Кен орнын игерудің ағымдағы жағдайы
Қазіргі уақытта кен орны қабат қысымының конденсация басындағы қысымға түсуіне жол бермейтін шектеулердің сақталуымен тәжірибелі-өнеркәсіптік пайдаланудың анықталған жобасының 3-А нұсқасы бойынша игеріледі.
Қарашығанақ мұнайгаз конденсатты кен орнында игерудің үш объектісі белгіленді:
І - газ конденсатты (төменгі пермь);
ІІ - газ конденсатты (төменгі карбон);
ІІІ - мұнайлы (төменгі карбон).
І және ІІ объектілері таусылу режимінде, ІІІ объект- еріген газ режимінде пайдаланылады.
Көмірсутекті өндіру негізінде І және ІІ объектілер бойынша іске асырылады. «Анықталған жобада» І объект үшін бастапқы қабат қысымы 53,3 МПа, ал ІІ объект үшін 57,2 МПа қабылданды. І объект бойынша өнім қалыңдығының орталай өлшенген белгісі 1200 м, ал ІІ объект бойынша 4700 метрді құрайды.
Қарашығанақ кен орнында ұңғылар салу Қоншыбай, Қарашығанақ және Сухореченскідегі тұзды күмбездер мен олардың тік құлайтын бөктерлерінің дамуымен, жыныстарды қайта жабу кешеніндегі тілігі бар алаңға шығуымен байланысты.
Ұңғыларды орналастыру сайклинг процесс кезінде ұңғыларды орналастырудың жалпы жүйесі дамуындағы қабылданған кезеңдерге сәйкес жүргізіледі. Қабат қысымын ұстаумен игеру нұсқасын жүзеге асыру кезінде айдайтын ұңғылардың төрт тармағы жобаланды: І Іобъектіге, ІІ ІІ объектіге,ІІ+ІІІ ІІІ объектілеріне және ІІІ объектіге. Бірінші кезекте 1,1*1,1 км. жеті нүктелі сетка бойынша барлық кешендерді бұрғылау жасалады. І объектіге ұңғыларды орналастыру басқа тармақтардағы ұңғылар орналасуынан тәуелсіз өтілді. І объектінің айдайтын ұңғылары жоғары өнімділікпен сипатталатын пермдік екі күмбездің білік сызығын бойлай, екі параллель желі бойында орналасқан. Айдайтын ұңғылардың ара қашықтығы км. Пайдалану ұңғылары айдайтын ұңғылар сызығынан 1-1,5 км. қашықтықта орналасқан. Жоғары мұнайға қаныққан қалыңдығымен (80-120 метр) мұнайлы жиек алқабында ұңғылардың мұнай өндіру үшін 500*500 метрлік дербес сеткасы құрылды, одан кейін метрлік ұңғылар сеткасын құратын шоғыр ішіндегі алқапты бұрғылау жүргізілді. Қазіргі кезде ұңғыларды тығыздайтын бұрғылау тоқтатылған.
Үш ірі объектілерден тұратын Қарашығанақ кен орны туралы көрсетулерге сүйене отырып ұңғымалардың дербес сеткаларымен екі газ конденсатты жіне мұнайлы пайдалану объектілерін пайдалануды жүргізу белгіленді. Орал мұнай газ химиялық кешені құрылысының бөгелуіне байланысты тек ІІІ объектінің ұңғыларын тоқтатып қою шешілді. Сонымен кейбір ұңғылар І және ІІ объектілерді бірге пайдаға асырады, терең пайдалану, ұңғыларының негізгі бөлігі ІІ және ІІІ объектілерді құрғатады. Бірнеше объектілерге пайдаланатын ұңғылар, бір мезгілде бөлек үлгісі бойынша жұмыс істейді.
Батыс Қазақстандағы жер қойнауын пайдалану және сақтау территориялық басқармасынанң кепілдемелеріне сәйкес пайдалану объектілерін айыру бойынша бағдарлама жасалды.
Қазіргі уақытта кен орнының орталық бөлігінде орналасқан ұңғылар пайдаланылуда. Алу өндірудің ең үлкен пайызына №100, 101, 102, 107, 108, 109, 110, 111, 113,115,117, 118 ұңғылар орналасқан ауданда қол жетіп, табысты болды.
Орташа жылдық өндіру газ бойынша 1,5 млрд. тен артық және конденсат бойынша1,5 млн. тоннаға жетті. Игеру жылдарындағы конденсатты газды фактордың орташа мәні 1,54 кг/ -ді құрайды.
І және ІІ объектілеріндегі ұңғылар бойынша қабат қысымы 32 МПа- дан (№103-ші ұңғы) 52 МПа- ға (№622- ші ұңғы) дейін өзгереді.
Алынған көмірсутектердің ең үлкен өнімі газ бойынша 4,21 млрд. , конденсат пен мұнай бойынша 4,47 млн. т- ға жеткені 1991-1992 жылдарға тура келеді, одан кейін біртіндеп түсу байқалады. Сұйықтық пен газды өндіру қарқыны 1994 жылы ең аз шамаға дейін төмендеді. Ол үшін бірқатар себептер болды, олардың арасында ұңғылардағы техникалық мәселелер және жағдайды түзету үшін қаржының жетіспеушілігі болды. Сонымен қатар, қабат қысымы конденсатцияның бастапқы қысымдарына жуықтанғандықтан, ұңғылар тоқтатылды. Өндіруге тағы да Орынбор газ өндеу және мұнай өндеу зауыттарының өнімді қабылдау шектеулері де әсерін тигізді.
Кен орынды игерудің бірінші сатысында ең үлкен өнімдер алынбады деп шамалауға болады. Жобалық мәліметтер бойынша ең үлкен өндіруге 1995 жылы жетіп және газ 5,97 бойынша млрд. -ді құрау керек болатын, сұйықтық бойынша тәжірибелі -өнеркәсіптік пайдалану жобасының 1-Б нұсқасы бойынша 1992 жылдан 1995 жылға дейін 5 млн. тоннаға тең болуы керек еді. Бірақ өндірудің нақты мәліметтері бойынша 1997 жылдағы газ өнімі 2,67 млрд. , сұйықтық бойынша 2,32 млн. т құрады, ал бұл мөлшер жоба бойынша өндірудің ең үлкен мәнінің жартысынан сәл -ақ асады.
