- •1. Найзағайдан қорғау жүйесін есептеу
- •1.1 Сурет – Жеке стерженді найзағай қайтарғыштың қорғау аймағы: 1 - hx деңгейіндегі шекарның қорғау аймағы; 2 – жер деңгейіндегі шекараның қорғану аймағы
- •1.2 Сурет - Жеке стерженді найзағай қайтарғыштың қорғау аймағы өлшемдермен бірге
- •1.3 Сурет – Қосалқы станцияның габаритті мен найзағай қайтарғышты орнату
- •2. Tetra стандартыны базалық станциясындағы қорғанышты тұйықтағышын есептеу
- •1.4 Сурет – Контур бойынша тұйықтағыштарды орналасу схемасы
- •3. Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімі бойынша қорытынды
Рымбаева Айгерим
СТКк-13-1 тобы
«Өміртіршілік қауіпсіздігі»
Менің дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Арқалық – Шұбаркөл аралығындағы TETRA стандартын пайдалану арқылы телекоммуникациялық желілерді ұйымдастыру». Дипломдық жобада транкингтік байланыс жүйесі әзірленеді. Ол транкингтік байланыс жүйесіндегі TETRA хаттамасымен негізделген. Байланыстың ерекшелігі мынада, абоненттер арасындағы байланыс электромагнитті толқындар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте, негізгі қуатты базалық станция шығарады, оны қамтитын қажетті радио өрістің аймағына қызмет көрсетеді.
1. Найзағайдан қорғау жүйесін есептеу
Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, базалық станцияның ғимаратында құрал-жабдықтары мен материалдық құндылығын ықтимал өрттен және қираудан сақтау үшін, станцияның ғимаратында найзағайдан қорғау құралдарын пайдалану қажет.
Найзағайдан қорғану – сезімтал құрылғыларды істен шығаратын, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды және адамдарға тура түскен найзағайдың залалды зиянынан немесе импулсті электромагнитті өрістен қорғайтын арнайы техникалық құрылғылар мен ұйымдастырушы іс-шаралардың жиынтығы. Найзағайдың тікелей соққысынан қорғану үшін ғимаратта найзағай қайтарғыштар орналастырылады, ол электрлік зарядты қабылдайды да, найзағайдың тоғын жерге қарай жіберіп, қауіпсіз аймақ құрады. Құрылатын найзағай қайтарғыш адамдарды, ғимараттарды және құрылыстарды найзағайдың зақымдалуынан қорғайды. Найзағай қайтарғышқа найзағай қабылдағыш, тоқ қайтарғыш және қорғаныш болатын тұйықтағыш жатады.
Жұмыс істейтін адамдардың электр тоғымен зақымдану қауіпінен қорғанғанда тоқ өткізбейтін металлдық бөліктің кернеуі ауысқан кезде (мысалы, қысқа тұйықталуда), қалыпты кернеуде қорғаныш болатын тұйықтағыш қолданылады.
Қорғаныш болатын тұйықтағыш адамның қауіпсіздігін және электронды аспаптардың кедергілерін қорғауды қамтамасыз етеді. Қорғаныш болатын тұйықтағыш адамдарды электр тоғымен, элетронды аспаптардың оқшаулары зақымдалған тоққа жүргізілмейтін жанасуы кезінде зақымданудан сақтау үшін қызмет етеді.
Қорғаныш болатын тұйықтағыштың кернеуі қалыпты болмайтындықтан, электронды құрал-жабдықтардың металлдан жасалған бөліктерінде арнайы электрлік құрамдағы сымдар мен жерге орналастырылғандығын металл тұйықтағыш жүйесі білдіреді.
Найзағай қабылдағыш – бұл қатты стержень, сүңгі, шатыр конструкциялық элементерінде немесе матчта көтіргіш ұшына бекітілген (мысалы, фронтонда немесе құбырда). Найзағай қабылдағышты коррозиядан сақтау үшін цинктеу немесе бояумен боялуы қажет.
Тоқ қайтарғыштар тоқ қабылдағыш пен тұйықтағыштың арасын қосу үшін қолданылады. Тоқ қайтарғыштар тұйықтағышқа қысқа жолмен қорғалатын ғимаратқа төселеді. Биіктігі 50 м дейінгі ғимаратқа тоқ қабылдағыштан тек қана бір тоқ қайтарғыш пайдаланылады. Найзағай қабылдағышпен тоқ қайтарғышты дәнекерлеу арқылы біріктіруге болады, ал дәнекерлеуді қолдану мүмкін болмаған жағдайда болттық түрі пайдалануға рұқсат етіледі.
Найзағай қайтарғыштың қорғау аймағы мынаны көрсетеді: ғимараттар мен құрылыстарды найзағайдың тікелей соққысынан сақтау үшін, ерекше сенімді дәрежесімен анықталған кеңістіктің бөлігі ретінде найзағай қайтарғышқа жалғанады.
Қорғау аймағы екі түрлі жолмен ажыратылады: «А» аймағы – 99,5% және одан жоғары сенімділік дәрежесімен; «Б» аймағы - 95% және одан жоғары сенімділік дәрежесімен қамтылады. Әдетте, ауыл шаруашылығындағы объектілер үшін «Б» аймағы талап етіледі.
Биіктігі h жеке стерженді найзағай қайтарғыштың қорғау аймағы айналмалы конус (1.1 сурет) болып табылады, ал оның шыңы биіктігі h0<h орналасқан. Қорғау аймағындағы жер деңгейінің радиусы r0 шеңбер құрайды. hx қорғалатын құрылыстың қорғау аймағының көлденең қимасы радиусы rx шеңберді ұсынады.
Биіктігі h ≤ 150 м жеке стерженді найзағай қайтарғыштың қорғау аймағының габариттік өлшемдері келесідей көрсетілген:
«А» аймағы: ho = 0,85h; ro = (1,1 - 0,002h)h; rx = (1,1 - 0,002h)(h - hx/0,85).
«Б» аймағы: ho = 0,92h; ro = 1,5h; rx =1,5(h - hx/0,92).
hx және rx мәндері белгілі болған жағдайда, Б аймағының жеке стерженді найзағай қайтарғыштың биіктігін келесі формула бойынша анықтауға болады.
h = (rx + 1,63hx)/1,5.
