- •1912 Жылы жазылған туындылар
- •1915-1916 Жылдар аралығында жазылған туындылар алыс – беріс
- •Бір соқыр баланың әңгімесі
- •Жыбырлақ
- •Қалпымыз
- •Жаңылғаным
- •Қосылыс
- •Жанды сөз
- •Талғамалар
- •Замандасқа
- •Алдымда
- •1919 Жылы жазылған туындылар
- •1920 Жылы жазылған туындылар арыным
- •Бейсембек «болыс»
- •1921Жылы жазылған туындылар анам тілі
- •Жас бұлбұлдарға
- •Жарлылар ұйымының жетісі
- •Ағыңды менің ақсуым
- •Жалпы жасқа
- •Некешілдер
- •1922 Жылы жазылған туындылар атадан да балаға ана жақын
- •Тапанша
- •Жанар тау
- •Жастар ұраны
- •1923 Жылы жазылған туындылар жауында
- •Мезгіл суреттері
- •1924 Жылы жазылған туындылар
- •1927 Жылы жазылған туындылар ортақшыл партияға
1919 Жылы жазылған туындылар
НЕ КҮЙДЕ
Өлең 1919 жылы жазылған. Өлеңнің жанры: Көңіл-күй лирикасы.Өлең аралас ұйқасқа негізделген, 7-8 буынды. Бұл өлеңінен қарапайым халықтың айналысатын кәсібін, яғни балық аулау, саятшылық сияқты түрлерін көруге болады.
«Теңіз көшкен дауылда, асты терең, үсті жел, толқын соқты баурында»- деп келіп;
«Балтыры ақ жем балықшы,
Қайықшы Қалтай не күйде?»
-деген сұрауы арқылы Атаман Аненковтың тырнағына түскен ағайындарына жаны ашып шығарған өлеңі.
1920 Жылы жазылған туындылар арыным
Өлең 1920 жылы жазылған. Өлеңнің жанры: Көңіл-күй лирикасы. Өлең қара өлең ұйқасқа негізделген, 32 жолдан тұрады, 8 тармақты, 11 буынды. «Жаңа әдебиет» журналының 1931 жылғы 6-7 санында жарияланған мақаласында Ілияс Жансүгіров: «Мен қалам жұмысына 20 жылдан бастап араласа бастадым. Одан бұрын жазуға қызу ынталану, күшті ақын-жазушылардың жазғандарына еліктеу, оларды жаттау, ауызша айту, газет-журналдардағы сөзге бүйір қызу сияқтылар болса да баянды, байыпты емес, өнер емес еді»,- деп жазыпты. Өзі айтқандай ақын шығармашылығындағы үлкен бетбұрыс «Арыным» өлеңі жазылған 1920 жылдардан басталады:
"Алқынамын, басылмайды арыным. Тау селіндей екпін, қайрат, сарыным,..."
-деп басталатын өлең жолдары кейінгі жолдары көркемдік жағынан ерекшеленіп келеді. Қарапайым қара сүңгі болаттанып кетеді, ойға оның келбетсіздігі бірдей түспей қылыштай қатайып елес береді:
"Қан сусаған болат сүңгім ашылмас, Шұрқылтайдан шұрылдата шанышпай..."
- деп окказионалдық сөз қолданыс бұл туындының 5 шумағында көркемдік өрнек беру арқылы көрініс табады. "Сөз мағынасы ауыс сөйлеу үстінде, көркем шығарманы, жеке авторлық сөз қолданыста туған метонимиялық синекдохалық түрлері əдетте тілдің сөздік жүйесіне енбейді. Олар үнемі қайталап отыратын дағдылы ауыс мағыналар болмағандықтан, окказионалды мағыналар деп аталады,"-дейді де, "латынша" - occasionalis - тосын,"-деп анықтамасын береді Ə. Болғанбайұлы мен Ғ. Қалиұлы. 20 жылдардың басы ақын Ілиястың енді лапылдап, қанат қомдаған бүркітше, алғашқы жыр мен өлеңдер бұлағын ағыта бастаған шағы еді.
Арыным өлеңі ел ісінің шаруаларын шешіп, кедейлерге көмек беруге барынша тырысқандықтан тектен тек тұра алмайтыны туралы жазылған. Екпіндеп барып, ерсілі- қарсылы шаба беретін кер бедеудей асыққан кейіпін бенелейді. Сол арқылы тек өзім ғана демейді, жанына өзіндейлерді шақырады.
Бейсембек «болыс»
Өлең 1920 жылы жазылған. Өлеңнің жанры: Арнау өлең. Өлең аралас ұйқасқа негізделген, 11 буынды. Сол кездегі болыстың іс-әрекетін ащы сарказммен сынға алады. Сонымен қатар болысты суреттеуінен, сипаттауынан оның қандай адам екенін бірден түсінуге болады. Көз алдау үшін қол астындағы қызыметкерлерге байдың көзінше ғана өтірік қоқаңдағанынан, оның пасық, қорқақ екенін, ауызбен орақ орғанынан сөзшең, іске жоқ екенін, ұры-қарыны ұстаудың орнына олармен дос болғанынан елді қанаушы жауыздығын, надандығын көреміз.
Бай келсе ақырғансып тықаң қағад,
Кедейге керуанаусып нығарланад.
«Жиырма төрт сағатта» деп жаздырад да,
Қол қойып анда-санда шоқаң қағад.
Ақын өлеңі арқылы сол кездегі жалғыз бір болысты ғана сынап отырған жоқ, халықты қанап отырған барлық бай-болыстарға тоқтау салғысы келген.
