Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ілияс_taldau.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.16 Кб
Скачать

Алдымда

Өлең жанры: көңіл-күй лирикасы.

27 жол. қара өлең ұйқасында жазылған.

Өлеңін ақын ашумен бір жағдайларға өкініш білдіреді.Өлең құрылысы бойынша жеті буыннан тұрады. Метафоралар мен эпиттетті еремет ұштастырады,ерекше ұйқас құрайды.

«Сен не дейсің, не дейсің?

Тілің тәтті, жай мысың?

Ая! Ая! Әрине!

Мені жаман демейсің.»

Бұл өлең 1915-1916 жылдарда жазылған. 1960 жылы шыққан 1-томда тұңғыш рет жарық көрген. Бұл туындының түпнұсқасы -ақынның 1957 жылы қазақтың А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасынан табылған "Балдырған" атты қолжазба жинағында сақталған.

МАҢЫМ

Өлең жанры: көңіл-күй лирикасы.

28 жол. Заманға сөз арнаған өлеңдерінің бірі әрі бірегейі. Жеті-сегіз буынды өлең.

Жақсыға айтып базына,

Көңіл тілім сарнайды.

Қайғы сызға сөйлесең,

Еш құлағын салмайды.

Ұйықтап жатыр, «әй» десең,

Әсте ұйқысы қанбайды.

Қопсыз қоңыр шолағым

Жұрт бәйгесін шалмайды.

Жапалаққа жем берсем,

Тірі тышқан алмайды.

Алаламай тең көрсем,

Бір бүкпесі қалмайды.

Жігерліге сөз айтсам,

Жылдамырақ андайды;

Жігерсізге қисайтсам,

Ат пен киім таңдайды.

Қанағатсыз қара жер

Жан біткенді жалмайды.

Қайырымы жоқ қара кер

Құр зорлығын жалдайды.

Көңіл, өмір жеп - жеңіл,

Бір басымды алдайды.

Жалған - жалын, мен - көмір,

От жанудан танбайды.

Көзі соқыр, көңіл мұз,

От жауса да жанбайды.

Маған біткен қиын құз

Лаулап жанып, қаулайды.

Бұл өлең 1915-1916 жылдарда жазылған. 1960 жылы шыққан 1-томда тұңғыш рет жарық көрген. Бұл туындының түпнұсқасы -ақынның 1957 жылы қазақтың А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасынан табылған "Балдырған" атты қолжазба жинағында сақталған.

ШЫМ-ШЫТЫРЫҚ

1960 жылы шыққан 1-томда тұңғыш рет жарық көрген. Бұл туындының түпнұсқасы -ақынның 1957 жылы қазақтың А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасынан табылған "Балдырған" атты қолжазба жинағында сақталған.

Өлеңнің жанры: саяси лирика.

Заманның бейнесі суреттеледі. Антонимдерді шебер пайдалану арқылы өлең бейнесі ашыла түседі. 1915-1916 жылдары жазылған. 1915-1916 жылдары жазылған. Бұл жылдары Ілияс Сәкенмен қатар Абайға көңіл аударып, еліктеуші, үйренушілердің бірі Ілиястың да Абай үлгісінде жазған «Жыбырлақ», «Шым-шытырық», «Қалпымыз» атты өлеңдері Абайдың «Алты аяқ», «Сегіз аяқ» үлгісімен жазылған:

«Ащы көңіл,

Тұщы өмір,

Төсек темір, бар ма дос?

Қайғы баптап,

Ойды шақтап,

Сырғанақтап жүрмін»

-деген ақынның заман тақырыбына арнаған өлеңінің бірі. Замандастарын оқуға, білімге шақырады. Он бір, он екі буында, екі-үш ұйқаспен жазылады.

Келтірген үзінді Абай өлеңдерімен тек түрі жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да үндес. Абайдың «Алты аяқ», «Сегіз аяқтары» өз кезіндегі әлеумет өмірінің ұнамсыз жақтарын шенеу, атқа мініп, ел басқарушылардың мінез-құлық, іс-әркеттерін ашына сынау, мысқыл, кекесінге айналдыру болса, Ілиястың өлеңдерінде де осыны көреміз.

Революция алдындағы қазақ ауылының шындығы: әлеуметтік теңсіздік, әр алуан алаяқ, сұм-сұрқиялық, ар-намысты аяққа басушылық, мәдениетсіздік, ел қамы, жұрт пайдасын емес, өз қамдарын ойлаушылық тәрізді іс-әрекеттерді көзімен көріп, жаны ауырған жас ақын Ілияс та кемшіліктерді ұстазы Абайдың үлгісімен сынау, шенеуді негізгі нысанасы етіп, оған ең қолайлы форма «Сегіз аяқ», «Алты аяқ» өлшемдерінің құрылысы деп ұққан да, сол форманы қолданғанға ұқсайды. Ілиястың революцияға дейінгі Абай үгісінде жазған өлеңдерінің бәрі де мазмұнына түрі сай келіп, сәтті шыққан