Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ілияс_taldau.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.16 Кб
Скачать

Талғамалар

Өлеңнің жанры: қоғамдық-саяси лирика.

1915-1916 жылдары жазылған. «Талғамалар» өлеңінде надандықты сынау, оқу-білімге шақыру, адам бойындағы ізгі қасиеттерді жырлау сарыны басты орын алды.Өлең кезекті ұйқасқа негізделген, 7-8 буынды. Ақын өлең шумақтарында бұйрық райлы етістікті шебер қолдану арқылы адал болуға, адамгершілігін жоғалтпауға, өсекшілік, қулық, арамзалықтан аулақ болуға, жақсыдан үйреніп, жаманан жиренуге үгіттейді. Мысалы:

Ағайынмен араз боп,

Әркімге барма қыңқылдап!

Балаңды бер сабаққа,

Қойға айдама тымпыңдап!

Арттан өсек сөйлеме

Үзіндіден қаншама тәрбиелік мәні зор екенін аңғаруға болады. Алғашқы екі жолында ағайынмен араз болма, тату бол десе, екінші жолында балаңның көзі ашық болсын, оқу оқыт деп, үшінші жолынан ары қарай, жаман қасиеттерден өсектен, өкпешілдіктен, арамдықпен мал табудан алшақ бол деп ақыл-насихат айтқан.

1960 жылы шыққан 1-томда тұңғыш рет жарық көрген. Бұл туындының түпнұсқасы -ақынның 1957 жылы қазақтың А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасынан табылған "Балдырған" атты қолжазба жинағында сақталған.

Замандасқа

Өлең жанры: саяси лирика

Ілияс -өз заманының көкейкесті кез келген əлеуметтік мəселелерге үн қосып, өз дəуірінің болмыс -бітімін жан-жақты бейнелелеп, жырлап өткен ақын. Ақынның заман тақырыбына арнаған өлеңінің бірі "Замандас". ХХғасыр басындағы қазақтың ағартушылық -демократиялық бағыттары қаламгерлердің оқу-білімге шығарған идеялық ой-талғамдарына ұқсас осы өлеңінде төңкеріске дейінгі надандық пен жоқшылықтан шығар бір жол -оқу білімге екенін айтып, сонымен қатар адами-моральдық мəселерге ден қояды. Замандастарын оқуға, білімге шақырады.

«Іс Құдайда, ерік біреуде» дегенмен,

Біз қозғалмай, жау жабдығын жаба алмас»-

-деп, тура жолға түсу тек өзіңнің қолыңда екенінен түсінік береді. Өлең он бір, он екі буында, екі-үш ұйқаспен жазылады. Бұл өлең 1915-1916 жылдарда жазылған. 1960 жылы шыққан 1-томда тұңғыш рет жарық көрген. Бұл туындының түпнұсқасы -ақынның 1957 жылы қазақтың А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік кітапханасынан табылған "Балдырған" атты қолжазба жинағында сақталған.

Ілияс-өзінің әдебиет әлеміне келіп, өмірінің соңына дейін 20 жылдан творчестволық кезеңіне дейін күшін сарқа мол еңбектенген қаламгер. Ілияс-өз заманың көкейтесті кез келген әлеуметтік мәселелерге үн қосып, өз дәуірінің болмыс - бітімін жан-жақты бейнелелеп, жырлап өткен ақын. ХХ ғасыр басындағы қазақтың ағартушылық-демократиялық бағыттары қаламгерлердің оқу-білімге шақырған идеялық ой-толғамдарына ұқсас «Жаңылғаным», «Талғамалар», «Маңым», «Жыбырлық», «Замандасқа» атты өлеңдерінде төңкеріске дейінгі надандық пен жоқшылықтан шығар бір жол - оқу-білім екеін айтып, сонымен қатар адами - моральдық мәселелерге ден қояды.

«Өнерге ұмтыл, өнерді біл замандас!

Қамдан, жатпа, заманыңнан хабарлас!»

-деу арқылы жастарды ғылым-білімге тарпақ. «Жыбырлақ» өлеңінде де қазақ ішіндегі жаман әдеттен ада болуға шақырады.

Сынға салдым

Шынға салдым,

Жас талапкер өзіңе,

- деп, одан арғысын әр жастың өз таңдауына береді. Ортаға ұран, үміттік әуез сарындас өлеңдерінде де ел теңдігі үшін жан аямай күресуге, әлеумет пен қоғам ісіне адал, белсене араласуға шақырады.