Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ілияс_taldau.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.16 Кб
Скачать

1924 Жылы жазылған туындылар

1927 Жылы жазылған туындылар ортақшыл партияға

Жөнің түзу, жолың ашық, ойың шың,

Алысқанның аузына құйдың құм,

Мейірім, шапқат, әділеттің өзісің,

Есіт даусқын біз езілген сорлының.

Біз білімсіз қырда қалған ек,

Бас иіп ек, білімдіге нанып ек.

Ақылсыздан арандалып тұзаққа:

Айдаһардың уысында қалып ек.

Орап қысып, қатты ысқырып қамаған,

Аямастан жаралаған, талаған.

Көздегі нұр, көңілден сыр жоғалып,

Жүрек пен көз қамығумен қанаған.

Оны өшірдің жалғыз атқан оғыңмен,

Жауды қудың, жолатпадың түбімен,

Естен, түстен айырылғанда әлсіреп,

«Уһ» дедік біз байғұс та сонымен.

Біз әлі өгей, бізде әлі оқу жоқ,

Қасқыр қатаң, қарға, құзғын шұқу көп,

Үзіп, жұлқып амалдаған жеп жатыр,

Жолдастықтың қақысынан қорқу жоқ.

Басқа менен бізді бірдей санама,

Әлді менен әлсіз жүре ала ма?

Көзің көрсе түсінерсің, аярсың,

Бізбен таныс, біздің қырды арала.

Өлең 1920 жылы жазылған. Өлеңнің жанры: арнау өлең. Партияның ізгі істерін насихаттау мақсатында жазған. Өлең аралас ұйқасқа негізделген, 6 тармақты, 11 буынды.