Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ілияс_taldau.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
80.16 Кб
Скачать

1912 Жылы жазылған туындылар

КҮЗГІ ГҮЛГЕ

Бұл өлең Ілиястың 1986-1988 жылдар арасында баспа бетін көрген «Бес томдық шығармалар жинағында» жарық көрген. Ақын өз туындысында күз бейнесін, сары даланы, тоғай, жапырақсыз қалған ағаштарды ішкі тебіреніспен жеткізген.

Шығарма табиғатта ауысып отыратын жыл мезгізін бейнелеумен шектелмей, өмір күзін өлеңдеткендей əсерде қалдырады. Күзді адам көңілінің қамығу, торығу сәтіне сәйкес толғау (суреттеу емес) халық әдебиетінде бар тәсіл. Ілияста суреттеу, астарлау бар. Табиғатпен тілдесіп өскен қыр баласының көңіл-күйі мен күз кейпіндегі көрініс астасып жатыр.  Себебі өлеңде кейіптеу тәсілі арқылы:

"Қиғаш қас, қырғи мойын, құбылма шаш,  Қарасы қандыратын көздің қыбын.  Қалмапты ажар, шырай, сүреңіңіз,  Сүзек пе, сүзілме ме сенің мұның..."

-деп мұңға толы күз мезгілін қызға теңеу арқылы шебер суреттеген. Гүл - ежелден нәзіктіктің, адалдықтың, әдеміліктің символы. Ақын гүл арқылы табиғаттағы өсіп-өну, өзгеру процестерін лирикалық кейіпкердің ой өзегінен өткізеді.

Өлеңнің жанры: көңіл-күй лирикасы. Ілияс Жансүгіровтің бұл томы ақын өлеңдерінің жазылу хронологиясына қарай жасалуына байланысты, оның «Күзгі гүлге» өлеңімен ашылып отыр. Бұған дейін Ілияс Жансүгіров творчествосы 1915-1916 жылдардан басталады делініп, келсе, ақынның Қазақ ССР Мемлекеттік архивіндегі өз қорынан табылған (№37 папка, 127-бет) осы өлеңі ол пікірді өзгертіп, оның творчествосының бұдан гөрі сәл ілгеріректен басталатынын дәлелдеп отыр». Бұл ақынның өз қолымен жазған «Балдырған» және «Қызыл жалау» атты өлең дәптерінде жоғарыдағы аталған «Күзгі гүлге» өлеңі 1912 жылы жазылған. 

TIЛEK

І.Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін, 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. Ілияс атамыздың баспа бетін көрген алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Оқығанға жеңіл, қарапайым тілде жазылған. Оны мына шумағында:

«Tac домалай,

Тау тулай,

Құз құлай,

Жер сілкінсін!»- көруге болады.

Бұлар 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған. Өлең 1912 жылы жазылған, 3,4,7 буынды, аааб әәәб ерікті айнымалы ұйқасқа құрылған.

1915-1916 Жылдар аралығында жазылған туындылар алыс – беріс

Өлең 14-15 буыннан тұрады. Шұбыртпалы ұйқасқа құрылған. 1915-1916 жылы жазылған. Өлен жанры: саяси лирика. Ақын бұл өлеңінде ассонансты шебер қолданғанын мына өлең шумақтарынан көреміз:

«...Екі жарлы құда болса, бір-бірінен дорба алысар,

Екі малды құда болса, бір - бірінен жорға алысар.

Екі сараң құда болса, алыса алмай құр қалысар.»

Ілияс Жансүгіров - Абайдан кейін қазақтың тұрмыс-салт, дәстүр-этнографиялық ерекшеліктеріне мән беріп жақсысын дәріптеуге, жаманнан жиренуге көп көңіл бөлген ақын. «Алыс-беріс» деген өлеңін жап-жас бозбала кезінде жазған. Бірақ тұжырымы ақыл парасат тоқтатқан қариядай ой түйіндейді. Бұл өлеңде ақын қазақ халқының құдаласу салтын сынайды.

«Жыласа, сықтаса, көз жасы мойнында қалар,

Бесіктегі баланы базарға сала берме!»

- деп, ақын бесіктен белі шықпаған сәбидің өмірін саудаға салып, мал табу үшін туған перзентінің өміріне балта шауып жатқанын, ертең олардың көз жасына қалатынын , бұл салтын қою керек деп өлеңінде қазақ жұртының көзін ашуға тырысқан.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивіндегі өз қорынан табылды. 1960 жылы шыққан 1-томда тұңғыш рет жарық көрген.