- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
- •1. Дқ терезесін ашып, Құру – Сұраныстар шебері командасын беру. «Жаңа сұраныс» терезесі көрінеді (сурет 5).
- •2.1 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына кесте құру.
- •2.2 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына форма құру.
- •Сурет 20. Формаға ат беру.
- •2.3 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына сұраныс құру.
- •2.4 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына есептер жасау
- •2.5 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына макрокомандалар құру
- •Қорытынды
1. Дқ терезесін ашып, Құру – Сұраныстар шебері командасын беру. «Жаңа сұраныс» терезесі көрінеді (сурет 5).
Сурет 5. Жаңа сұраныс терезесі
2. Терезеден «Қарапайым сұраныс» қатарын екі рет шерту. Бірінші қадам терезесі көрінеді (сурет 6).
Сурет 6. Шебердің бірінші қадам сұхбаттық терезесі
3. Терезеден кестелерді және олардан қажетті өрістерді таңдап, «Таңдалған өрістер» бөліміне көшіру.
4. Екінші қадам терезесінде «Толық» ауыстырып қосқышы орнатылғанғ оны осы күйде қаладырып, келесі терезеге өту.
5. Соңғы терезеде сұранысқа атау енгізіп, «Сұраныстың орындалу нәтижелерін ашу» ауыстырып қосқышын орнату. Экранда бірінші қадам терезесінде таңдалған жазу өрістерінен тұратын сұраныс терезесі көрінеді. Оны жабу жеткілікті.
Сұраныстар конструкторы. Конструктор – күрделі шарттарды қанағаттандыратын сұраныс құруға арналған арнайы терезесі бар негізгі құрал. «Жаңа сұраныс» терезесмін ашып, Конструктор қатарын екі рет шерту не қатарды таңдап, ОК түймесін шерту (сурет 7). Сұраныстар конструкторы терезесі және оған қосымша «Кестені қосу» сұхбаттық терезесі көрінеді.Конструктор режимі терезесі фильтр терезесіне ұқсас, бірақ одан күрделі, оны Іріктеу бойынша сұраныс не Сұраныс бланкісі деп те атайды.
Сурет 7. Іріктеу бойынша сұраныс және Кестені қосу терезелері
Қайталанатын өріс мәндерін есептеу. Кестенің бір өрісіне қайталанатын мәндер енгізілген болса, олардың қайталану санын көрсетуге болады.
Қиылма (перекрестный) сұраныс кестенің таңдалған өрістерінен берілгендерді топтап (сурет 8), оларды ыңғайлы түрде көрсетеді.
Сурет 8. Қиылма сұраныс
Есептер. Есеп (есеп беру, отчет) – бұл деректер қорындағы ақпараттарды, қабылдау үшін және жұмыс істеу мейлінше ыңғайлы болатындай түрде экранға немесе қағаз бетіне шығаруды қамтамасыз етеді. Егер басқа объектілер, мысалы кестелер мен формалар – Деректерді енгізуді, сұраныстар – Деректерді және қажетті жазбаларды іздеуді қамтамасыз етсе, есеп беру қызметі арқылы кестелерде сақталатын маңызды Деректер электронды және қағаз түріндегі тасымалдаушылар арқылы басқа адамдарға қолдану үшін ұсынылады.
Есептерде бір немесе бірнеше кестеден, сұраныстардан Деректер болуы мүмкін. Олвар бір бетті және көпбетті болуы мүмкін. Есептерге графиктерді және суреттерді орналастыруға, беттерді номерлеуге және есептелінетін өрістердің мәндерін шығаруға болады.
Есептердің мынадай түрлері бар:
1. «В столбец». Мұндай, форманы еске түсіретін есепте барлық өрістер экранға баған түрінде бейнеленеді. Әрбіп сол жағында оның Подпись қасиетін көрсетілген мән бейнелейді. Өрістер кез-келген тәртіппен реттеледі, есептің бір бетінде бір немесе бірнеше жазбалар орналасады.
2. Ленточный. Мұндай есепте әрбір жазба жеке жолда, ол әрбір өріс- жеке бағанда шығарылады. Ленталы есептер Деректерді бір немесе бірнеше өрістер бойынша топтау, сонымен бірге нәтижелік ақпаратты топ бойынша және толық есеп бойынша баспаға жібереді.
3. Почтовые наклейки. Шебердің көмегімен пошталық жапсырмаларды баспаға беру үшін форматталған есепті жылдам құруға болады. Әрбір мұндай тапсырма – бір жазбаның бірнеше өрістеріне орналасқан Деректердің жиынтығы (мысалы, клиенттің толық аты және мекен-жайы).
4. Графиктері мен диаграммалары бар есептер. Есепке Microsoft Graph программасының көмегімен жасалынған графикті немесе диаграмманы қоюға (орналастыруға) болады.
Есеп құрудың үш тәсілі бар:
автоматты түрде (автоесептер);
есептер шебері арқылы (жартылай автоматты түрде);
қолдан құру (конструктор режимінде).
Автоотчет – қарапайым, әрі қуатты құрал. Бұл бізге есеп құру үшін Деректер көзі болатын кестені немесе сұранысты көрсетеді, сонымен бірге болашақ автоотчеттың макетін таңдау («в столбец» немесе ленточный) мүмкіндігін береді. Өрістерді таңдау мүмкіндігі қарастылмаған: автоотчетқа осы кестенің немесе сұраныстың барлық өрістері орналастырылады (сурет 9). Автоотчет тек бір кестемен жұмыс істегенімен, көпкестелі сұраныс негізінде қағазға бірнеше кестедегі Деректерді жылдам тасымалдау мүмкіндігін береді.
Сурет 9. Автоотчет
Автоотчет көмегімен пайдалану үшін кестелерді орындаңдар:
1. Деректер қорының Объекты тақтасындағы Отчеты тетігіне шертіңдер.
2. Деректер қоры терезесінің саймандар тақтасының Создать тетігіне шертіңдер. Пайда болған Новый отчет диалог терезесінен «ленточный» нұсқауларының бірін таңдаңдар.
3. Терезенің төмен жағындағы тізімнен кестенің (сұраныстың) атын таңдардар. ОК тетігіне шертіңдер.
4. Экранда таңдаған форматты жаңа есеп алдын-ала көру режимінде шығарылады. Мұндай есеп жетілдіруді қажет ететіндігі көрініп тұрады.Оны жетілдіру үшін конструктор режимі қолданылады.
5. Сақтау үшін Файл – Сохранить жарлығын орындап немесе саймандар тақтасындағы Сохранить тетігіне шерту керек. Есепке ат беріп, Ок тетігіне шертіңіз.
Есептер шебері. Есептер шебері формулалар шебері сияқты программа, оның алты қадамдық сұхбаттық терезесі бар. Шебермен жұмыс істеу технологиясы:
1. Жаңа есеп терезесін экранға шығару.
2. Терезеден Есептер шебері қатарын және кесте не сұраныс атауын таңдап, ОК түймесін шерту. Форма құру терезесіне ұқсас бірінші қадам терезесі көрінеді.
3. Терезеден қажетті өрістерді Таңдалған өрістер блогына көшіру.
4. Екінші қадам терезесінде өріс бойынша топтық операция жүргізу қажет болса, атауын сол жақ панельден терезенің оң бөлігіне көшіру.
5. Үшінші қадам терезесінде, қажет болса, деректерді өрістері бойынша сорттау командасын беру.
6. Төртінші қадам терезесінде есептің жалпы түрін жоспарлау. Ол үшін Макет және Бағдарлау блоктарынан қажетті ауыстырып қосқыштарды орнату, мысалы, Кестелік және Кітаптық.
7. Бесінші қадам терезесінде енгізілген стиль тізімінен есептің жазылу түрін (стилін) таңдау, мысалы, Қатаң (Строгий). Таңдалған стиль бойынша есептің басылып шығатын түр-тұлғасы терезенің сол жағына орнатылған қосымша панельде көрсетіліп қойылады.
8. Соңғы сұхбаттық терезеде таңдалған кесте не сұраныс атауымен бірдей есеп тақырыбы көрінеді. Қажет болса есепке жаңа атау енгізіп, Есепті қарап шығу ауыстырып қосқышын орнату және Дайын түймесін шерту. Экранда Шебер арқылы дайындалған есептің үзіндісі көрінеді.
Есептер конструкторы. Конструктор терезесі арқылы Автоесеп пен Есептер шеберін пайдаланып құрылған есеп элементтерінің орналасу форматын, т.б. қолдан өзгертуге болады.
Макрос. Макрос – Access-тің бір не бірнеше макрокомандаларынбойында сақтайтын қуатты шағын программа. Ол Access ішінде басқа программаны іске қосу, бір формадан екінші формаға өту, сұранысты іске қосу және т.б. іс-әрекеттерді автоматты түрде орындай алады. Макросты дайындау үшін макростар конструкторы терезесінде қалаған макрокоманданы таңдап, аргументтерін орнату жеткілікті (сурет 10).
Макрос
– объект, ол дайындалған соң ДҚ терезесіне
енгізіліп қойылады да, сәйкес атауын
не түймесін шертіп, сол жерден іске қоса
беруге болады.
Сурет 10. Макрос «Абонементтер сатылымы» кестесін ашу
2. «Фитнес клубы» мәліметтер қорын құру
2.1 Access туралы жалпы түсінік. Microsoft Access деректер қоры – компьютердің жадына сақталатын, белгілі бір ереже бойынша ұйымдастырылған, сақталып өңделген, өзара байланысқан мәліметтер жиынтығы. MS Access ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады:
1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті)
1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті)
1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті)
2001 Access 2002 (Office XP пакеті)
2003 Access 2003 (MS Office 2003)
2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007)
2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010)
2013 Microsoft Access
Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруашылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толтырып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады.
Microsoft Access қосымшасына қатысты Деректер қоры – бұл кестелер, сұраныстар, формалар, есептер, беттер, макростар және модулдер сияқты объектілердің жиынтығы.
Кесте – деректер қорының негізі болып табылады. MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.
Формалар – форма терезесінде кестелерді енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар экранда бейнеленген ақпараттың көлемін шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен форманы, оған алдын-ала құрылған шоблонның біріне сәйкес орналастырып берілген кестенің өрістерін енгізе отырып, құруға, яғни форманың конструкторы көмегімен кез-келген күрделі дәрежедегі формаларды құруға болады.
Есеп берулер – деректер қорында бар ақпаратты бейнелеу үшін қолданылады. Есеп берулер конструкторының көмегімен деректер тобын, өрістер тобын және есептелінетін өрістерді, оларды сәйкес жасайтын өз есеп берулерімізді дайындай аламыз.
Сұраныс – деректер қорынан ақпаратты алады, әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде бұл әдісті қолдана отырып бір немесе бірнеше кестелерден қажетті деректерді алуға болады.
Макрос – Access-тің бір не бірнеше макрокомандаларынбойында сақтайтын қуатты шағын программа. Ол Access ішінде басқа программаны іске қосу, бір формадан екінші формаға өту, сұранысты іске қосу және т.б. іс-әрекеттерді автоматты түрде орындай алады. Макросты дайындау үшін макростар конструкторы терезесінде қалаған макрокоманданы таңдап, аргументтерін орнату жеткілікті.
