- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
- •1. Дқ терезесін ашып, Құру – Сұраныстар шебері командасын беру. «Жаңа сұраныс» терезесі көрінеді (сурет 5).
- •2.1 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына кесте құру.
- •2.2 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына форма құру.
- •Сурет 20. Формаға ат беру.
- •2.3 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына сұраныс құру.
- •2.4 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына есептер жасау
- •2.5 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына макрокомандалар құру
- •Қорытынды
Оңтүстік қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
Жаратылыстану факультеті
Информатика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:_____________________________________
Пәні:_____________________________________
Мамандығы:___________________________________
Орындаған:___________________________________
(аты-жөні)
Қабылдаған:___________________________________
(аты-жөні, атағы)
Комиссия мүшелері:______________________________
____________________________
____________________________
Шымкент 2017
Мазмұны Кіріспе. Мәліметтер қоры. Мәліметтер қорын басқару жүйесі. 1. Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.......................................................3 1.1 MS Access ортасында кестемен жұмыс жасау жолдары...........................7 1.2 MS Access ортасында формамен жұмыс жасау..........................................11 1.3 MS Access ортасында сұраныспен жұмыс жасау.......................................13 1.4 MS Access ортасында есеппен жұмыс жасау...............................................15 1.5 MS Access ортасында макроспен жұмыс жасау..........................................17 2. «Фитнес клубы» мәліметтер қорын құру әдістемесі....................................17 2.1 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына кесте құру........................................19 2.2 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына форма құру......................................21 2.3 «Фитнес клубы» мәліметтер қорына сұраныс құру..................................24 2.4 «Фитнес клубы» мәліметтер қорында есеппен жұмыс.............................27 2.5 «Фитнес клубы» мәліметтер қорында макроспен жұмыс........................30 Қорытынды..............................................................................................................31 Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................................32
|
Кіріспе
XXI ғасыр қарыштап дамыған білім ғасыры. Қазіргі таңда оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен жаңа технологиялық қондырғыларды кең көлемде қолдану мүмкіндігі бар. Олар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тындаумен қатар, өздерінің түсінбеген жерін қайталап көруге, тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндін береді. Ал, компьютерді пайдалану технологиясының жұмыс жасауға өзіне тән талаптар қоятыны белгілі. Сондай талаптардың бірі – жұмыс жасауға қажетті мәліметтер базасын МБ құру. Күнделікті өмірде біздің кездестіретін нәрселеріміздің барлығы қандай да бір қордың элементтері болып саналады. Мәліметтер базасымен жұмыс жасай білу бүгінгі таңда компьютермен жұмыс істеудегі маңызды дағдыларының біріне айналды. Сондай-ақ бұл саладағы мамандарға барлық уақытта жұмыс табылады деп айтуға болады. Мәліметтер қоры (МҚ) – қандай да пәндік аймақтағы ақиқат өмірдің нақты объектілері туралы мағлұматтардың өзара байланыстағы жиынтығы. МҚ-ның негізгі мақсаты – нақты өмірдің объектілері туралы өте үлкен мәліметтер санын олардың арасындағы байланыстарды ескере отырып өңдеу. МҚ іргелі ұғымдары – объект, атрибут, байланыс. Объект – бізді қошаған нақты болмыстың (заттың, үрдістің, құбылыстың) белгілі бір бөлігі. Атрибут – объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі , яғни объект белгілерінің бірін (мысалы көлемі, түсі, т.с.с.) немесе жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтайтын сол объект элементінің сипаты. Байланыс – объектілер арасындағы қатынас. Сонымен қатар келесі негізгі ұғымдар қолданылады. Жазба - өзара логикалық түрде байланысқан мәліметтер элементтерінің жиынтығы. Алғашқы кілт – объектінің әрбір данасын (жазбаны) ерекше түрде идентификациялайтын атрибут. Мәліметтердің МҚ-да сақталу процедурасы принциптерінің ішінде негізгі екеуін көрсетуге болады, олар: - мәліметтердің тұтастығы және қайшылықсыздығы; - мәліметтердің минималды артықтығы, яғни кез келген мәлімет элементі бір түрде ғана сақталуы. МҚ-да мәліметтерді ұйымдастырудың иерархиялық, реляциялық және желілік модельдері қолданылады, соларға сәйкес МҚ түрлері анықталады. Реляциялық термині (латынша “relatio” - қатынас) білдіреді, мәліметтерді сақтаудың мұндай моделі оны құраушы бөліктердің өзара қатынасында құрылғанын көрсетеді. Қарапайым жағдайда ол екі өлшемді массивті немесе кестені бейнелейді, ал күрделі ақпараттық модельдерді құрастырғанда өзара байланысқан кестелердің жиынтығын құрайды. Мысалы, бір мамандықтың студенттердің тобының мәліметтері жазылған кесте. Кестенің әрбір жолы – жазба деп , ал бағаны - өріс деп аталады. Мәліметтердің реляциялық моделі өзара кілттер арқылы байланысқан бірнеше кестелерден тұрады. Кілт – сәйкес жазбаны анықтайтын өріс. МҚ-ның иерархиялық моделі жалпыдан жекеге қарай бағынышты тәртіпте орналасқан төңкерілген ағаш түзетін элементтер жиынтығынан тұрады. Мұндай модель деңгей, түйіндер, байланыстар сияқты параметрлермен сипатталады. Түйін – иерархияның аталған деңгейінде орналасқан элементтің ақпараттық моделі. МҚ-ның иерархиялық моделінің келесі қасиеттерін жаза аламыз: - төменгі деңгейдің бірнеше түйіндері жоғарғы деңгейдің тек қана бір түйінімен байланысты болады; - иерархиялық ағаш басқа төбеге бағынышты емес, тек бір ғана төбеден тұрады; - әрбір түйіннің өз атауы болады (идентификатор). Желілік модель иерархиялық модельге ұқсас келеді. Оның құрамы да тура сондай, тек қатынасу сипаты өзгеше. Желілік модельде әр түрлі деңгей элементтерінің арасында еркін байланыс қабылданған. Мәліметтер қорымен әртүрлі операциялар орындау үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) құрылады. МҚБЖ – МҚ басқаруға арналған бағдарламалық құралдардың кешені. Ең жалпы деңгейде: - мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ; - дербес МҚБЖ деп жіктейді. Мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ – ірі экономикалық объектілерді басқаруды автоматтандыру жүйелерін құрудың программалық негізі. Олар – Orfcle, DB2, Sybase, Informix, т.б. Дербес МҚБЖ – жергілікті пайдаланушының немесе қомақты пайдаланушылар тобының есептерін шешуге бағытталған және микроЭЕМ-дерде пайдалануға белгіленген программалық жабдық. Олар – FoxBase/FoxPro, Clipper, Paradox, Access, Approach, т.б. Мәліметтер қоры жүйесі қолданушыларының көптеген әрекеттерді орындауға мүмкіндігі бар. Мысалы:
Курстық жұмыстың мақсаты: Access бағдарламасын жетік меңгеріп, фитнес клубтың жұмысын автоматтандыру. Курстық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер орындалады:
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеттері айқындалған. «Мәліметтер қорының негізгі түсініктері» атты бірінші бөлімде MS Access ортасында кестемен жұмыс жасау жолдары талданып, бұл ортада сұраныспен жұмыс жасау қарастырылған. MS Access ортасында формамен жұмыс жасау және осы ортада есеппен , макроспен жұмыс жасау жолдары келтірілген. «Фитнес клубы» мәліметтер қорын құру әдістемесі атты екінші бөлімде MS Access ортасында кестемен жұмыс жасау жолдары талданып, бұл ортада сұраныспен жұмыс жасау қарастырылған. MS Access ортасында формамен жұмыс жасау және осы ортада есеппен, макроспен жұмыс жасау жолдары келтірілген. Қорытындыда
|
Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.
Microsoft Access – бұл деректер қорын басқару жүйесінің құрамына енетін және Microsoft Office XP пакеті өнімдерінің бірі болып табылатын бағдарлама. Бұл Access бағдарламасы деректер қорының кестелеріне деректерді енгізуді , оларды сақтауды және ттасымалдауды, сонымен бірге осы ақпараттың жиынтығынан маңызды бизнес – шешімдер қабылдау үшін қажетті деректерді алуды қамтамасыз етеді.
Microsoft Access қосымшасына қатысты Деректер қоры – бұл кестелер, сұраныстар, формалар, есептер, беттер, макростар және модулдер сияқты объектілердің жиынтығы.
Формалар. Формалар Деректер қорындағы кестелердің жекелеген жазбаларымен жұмыс істеу үшін қолданылады. Форманың көмегімен кестеге ақпараттарды енгізуге, редакциялауға және өшіруге, сонымен бірге Деректерге енуді шектеуге және тек оларды көру режимінде бейнелеуге болады.
Сұраныстар. Деректер қорының кестелерін белгілі бір шартқа сәйкес келетін деректерді бөліп алу мүмкіндігін беретін қуатты деректерді басқару құралы. Сұраныстардың көмегімен бір немесе бірнеше кестедегі жазбаларды жаңарту немесе өшіру процесін автоматтандыр, сонымен бірге кестеде сақталатын мәндерге негізделген есептеулер орындауға болады.
3. Есептер. «Баспаға беру» сөзімен тығыз байланысты, себебі олардың негізгі міндеті – деректерді электронды формадан, өзгермейтін соңғы қағаз түріндегі өнімге түрлендіру болып табылады. Access есептерін генерациялау құралдары нәтижелік есептеулердің мәнін және форматталған деректерді ұтымды түрде, сонымен бірге графиктер және диаграмма түрінде баспаға шығару мүмкіндігін береді.
4. Деректерге ену мүмкіндігін беретін беттер. Microsoft Access деректер қорында сақталатын деректерге ену үшін «интерфейс» ролін HTML- беттер атқарады. Мұндай беттермен Internet немесе intranet арқылы қарым-қатынас жасай отырып кестелерді көруге және ақпарат енгізуге, сонымен бірге есептерді генерациялауға болады.
Деректер қорының барлық объектілері (Деректер қорында 32768 объектке дейін бола алады), яғни кестелер, сұраныстар және есептер, жалпы бір файлда, деректер қорының файлында .mdb тіркеуімен сақталады.
5. Кесте. Бұл нақты тақырып бойынша деректер жиынтығы. Кестенің Деректері жеке өрістерден (бағандардан) тұратын жазбаларда (жолдарда) сақталады. MS Access Деректер қорындағы барлық Деректер кесте түрінде сақталады.
6. Макрос. Деректер қорының нақты бір амалының орындалуын бағдарламалаудың көмегінсіз автоматтандырады.
7. Модуль. Деректер қорын баптау, безендіру және кеңейту үшін қолданылатын Visual Basic тіліндегі бағдарламадан тұрады.
Сонымен Деректер қорының терезесі алты батырмадан тұрады екен. Олар: кестелер, формалар, есептер, макростар және модулдер. Бұлар қордың жалпы файлында сақталатын жеке объектілер.
Ms Access-ті іске қосу үшін Пуск – Программы – Microsoft Access жарлықтарын тышқанның көмегімен таңдау керек. Егер Программы менюінде Microsoft Access болмаса Microsoft Office-ті таңдаңдар және оған бағынышты мәзірден Microsoft Access-ті табыңдар. (Сурет 1).
Microsoft Access іске қосылған соң экранда тақырыбы Microsoft Access деп аталатын диалог терезесі пайда болады. Бұл терезеде ұсынылған үш нұсқаның бірін таңдау керек, яғни: алдын-ала бар деректер қорын ашу, жаңа (бос) деректер қорын құру немесе деректер қорын шебердің көмегімен құру (сурет 2).
Бос деректер қорын құру үшін Новая база данных нұсқасын тізімнен таңдаңдар және ашылған Файл новой базы данных сұхбат терезесінде мына әрекеттерді орындаңдар:
1. Ашылған Папка тізімінен құрылатын деректер қоры сақталатын буманы таңдаңдар. Ал «Имя файла» жолына деректер қорының атын енгізіңдер.
Сурет 1. Microsoft Access бағдарламасын ашу.
Сурет 2. Жаңа мәліметтер қорын құру
1. Создать тетігіне басыңдар.
Кесте құру және олардың арасындағы байланыс орнату. Кесте – берілгендер қорының негізгі объектісі. БҚ жасау алғашқы кестені құрудан басталады. Кестелер - Құру (Таблицы - Создать) командасын беру керек. Жаңа кесте (Новая таблица) сұқбат терезесі ашылады.Оған кесте құрудың 3 режимі енгізілген.
Кесте режимі. Оны кестені қолдан құру режимі деп те атауға болады, өйткені кесте режимінде кесте құру командасын берген соң, экранда қолдануға дайын кесте құрылады да, қолданушы оны толтырумен айналысады. Кестені мәліметтермен толтырмас бұрын оның өрістеріне қажетті жаңа атаулар беріледі. Ол үшін, тышқан курсорын өріс тақырыбына алып барып, тышқан түймесін екі рет шертіп, өріс атауын клавиатурадан теру керек. Ал, мұндағы өрістердің типтері, өзіне енгізілген мәліметтерге байланысты, автоматты түрде анықталады.
Шебердің көмегімен кесте құру. Деректер қорының шебері бізге, форма, сұраныс немесе есеп сияқты объектілерді құру мүмкіндігін беретін еді. Ал кесте құру шебері бір кестенің құрылымын, яғни кестеге деректер енгізудің қарапайым формасын береді. Шебер іс жүргізу бағытында қолдануға арналған 25 кестеден тұратын дайын өрістердің үлкен жиынтығынан және жеке қолдануға арналған 20 кестеден тұрады.
Кестені қолмен салу. Ешқандай шаблондарды қолданбай кесте құру және кесте құрамын жасау кезеңдерін толығымен бақылап отыру үшін конструктор режимі қолданылады. Сонымен қатар кесте режимін қолдануға болады. Мұнда деректер бір мезетте енгізіледі, осы ақпарат негізінде программа олардың типі мен форматын өзі анықтайды.
Бұл
тәсіл бойынша кесте үшін өрістердің
тізімін анықтауға, деректер типін
таңдауға, әрбір өріс үшін қасиет
тағайындауға және өріске сипаттамалар
енгізуге болады.
Өрістің типтері және қасиеттері. Деректер қорында бағандар – өрістер, ал жолдар – жазбалар деп аталады. Өрістер деректер қорының құрылымын құрайды, ал жзбалар онда орналасқан ақпаратты құрайды.
Өрістер – бұл деректер қорының құрылымының негізгі элементі. Олар қасиеттерге ие болады. Өрістің қасиеттеріне байланысты оған енгізуге болатын және болмайтын деректердің түрлері анықталады, сонымен қатар өрістегі жазбаларға математикалық амалдар қолдануға болады. Өрістердің әр түрлі қасиеттері болады және олар әр түрлі түрлерге жатады(сурет 3).
Сурет 3. Мәліметтер типтері
Мәтіндік. Мәтіндік тип 255-ке дейінгі альфавитті-цифрлық мәліметтерді енгізу үшін қолданылады. Көбінесе қасиеті көрсетілмеген өрістерге көп қолданылатын қасиет ретінде беріледі. Мысалы: өріс аты «тегі және қызметі» болса.
MEMO өрісі. Ол 65535 символға дейінгі үлкен көлемді мәтінді сақтауға арналған өріс. Ол ашық өріс, онда ескертулер, түсініктемелер жазылады;
Сандық. Нақты сандарды сақтауға арналған мәліметтер типі. Мысалы:
өріс аты «дәрі-дәрмектің саны» болса.
Күні/уақыты. Күн және уақытты көрсетуге арналған. Мысалы: өріс аты «туылған күні» болса.
Қаржылық. Қаржылық шаманы жазу үшін қолданылады. Мысалы:
өріс аты «құны және бағасы» болса.
Санауыш – жазбаларды ретпен нөмірлеуге арналған. Ол автоматты түрде толтырылып отырылатын, нақты мағына бермейтін, кесте бастамасы ретінде қолданылатын өріс.
Логикалық. Логикалық мән (ақиқат немесе жалған) қабылдауға арналған
тип.
OLE объектісі - объектілер орналастыруға болатын өріс. OLE объектісіне файл қоюға болады.
Гиперсілтеме. Гиперсілтеме өрісі интернеттің Web объектілерінің URL адрестерін сақтайтын арнайы өріс.
10. Алмастыру шебері (Мастер подстоновок) – арнайы мәндер типі. Бұл объектіні баптау арқылы өріске мәндерді енгізуді автоматтандыруға болады, мәселен ашылатын тізімнен таңдау.
Ал, енді қасиеттеріне тоқталып өтсек.Әр кестенің өз құрылымы бар. Құрылым оның өрістер құрамы мен олардың қасиеттерінен тұрады. Өрістің негізгі қасиеттері – оның типі мен өлшемі. Access құрылған кестенің өріс қасиеттерін автоматты түрде орнатып қояды. Қажет болса, оны қолдан өзгертуге де, ал жаңа кесте үшін қолдан орнату да мүмкін.Түрлі типті өрістердің қасиеттері түрлі-түрлі. Өріс типі таңдалған кезде оның қасиеттері Конструктор режимі терезесінің төменгі бөлігінде көрінетін Жалпы қондырмасына енгізіліп қойылады. Мысалы Мәтіндік типті өріс өлшемі үшін стандартты 50 саны орнатылып қойылады. Өлшемді 1 мен 255 аралығындағы (1-255) символдар тізбегінен тұратын етіп алуға болады. 50-ді қалдыруға не өріс ұяшығына енгізілетін деректердің ең ұзыны сыятындай етіп, басқа санды, мысалы, 15-ті енгізуге де мүмкін.
Өріс қасиеті
|
Қызметі |
Өріс пішімі (Формат поля)
|
Өрісте сақталынған Мәтіндік, Сандық немесе Есептегіш типтеріндегі мәліметтердің максимал мәндерін анықтау |
Анықтау (Подпись)
|
Формалар, есептер немесе сұраныстар үшін үнсіз келісім бойынша жазбалардағы мәтінді анықтау |
Үнсіз келісім мәні (Значение по умолчанию)
|
Өріске жаңа жазбаларды үнсіз келісім бойынша қосу үшін мәндерді автоматты тағайындау |
Мәнге қойылатын шарт (Условие на значение)
|
Осы өрісте мәндерді әрбір қосуда немесе өзгертуде шынайылық болу үшін өрнектер беру |
Қате туралы хабарлама (Сообщение об ошибке)
|
«Мәнге шарт» ережесін бұзу кезіндегі мәтінді енгізу |
Міндетті өріс (Обязательное поле) |
Өріске мәліметтерді міндетті енгізу талабы |
Бос жолдар (Пустые строки)
|
Мәліметтердің Мәтіндік немесе MEMO типтерін өрістің бос жолына енгізуге рұқсат ету («Ия» мәнін беру арқылы) |
Индекстелген өріс (Индексированное поле)
|
Индекстерді құру және пайдалану арқылы осы өріске мәліметтерді енгізуді жеделдету |
Unicode сығылуы (Сжатие Юникод)
|
Мәтінді сығу, егер осы өрісте 4096 белгіден көп болса |
IME режимі (Режим IME)
IME ұсыныстар режимі (Режим предложений IME) |
Windows-тің шығыс-азиялық нұсқаларында белгілерді түрлендіруді басқару Windows-тің шығыс-азиялық нұсқаларында белгілерді түрлендіруді басқару |
Смарт-тегтер (Смарт-теги) |
Осы өріске смарт-тегтерді қосу |
Мәтін пішімі (Формат текста)
|
Форматтауды болдыру арқылы мәтіндерді HTML-кода сақтау үшін RTF форматын таңдау. Тек қана мәтіндерді таңдау үшін, Кәдімгі мәтін өрісін таңдаңыз. |
Мәтіндерді туралау (Выравнивание текста) |
Басқару элементінде үнсіз келісім бойынша мәтіндерді туралау тапсыру. |
Кестелер арасында байланыс орнату.Бастапқы және сыртқы кілттік өрістер. Деректер қорының бірдей атаулы өрістері бар кестелерді байланыстыру және олардың кілттік етілген кейбір өрістерін пайдаланып, басқа кесте құру – Acceess-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі. Негіздік кестені басқаларымен байланыстыру үшін оның мәндері қайталанбайтын (бірегей) кілттік өрісі болуы және басқа кестенің осы атаулы өрісі болуы тиіс (бірегей кілттік өрісті бастапқы (первичный) кілттік өріс деп атайды). Ол ұзын сандық типті кілттік өріс болуы міндетті. Егер кестеде мұндай өріс болмаса, оны құрып алуға болады.
Байланыстардың төмендегідей негізгі түрлері бар:
- бірден бірге;
- бірден көпке;
- көптен бірге;
- көптен көпке;
Форма құру. Кейде кестені жасырын түрде ұстап (пайдаланушыға толық көрсетпей), бір ғана жазумен таныстырады. Осы себепті көп жағдайларда кесте форма түрінде дайындалады. Бұл – Access-тің негізгі ерекшеліктерінің бірі. Форма – берілгендерді экраннан енгізуді жеңілдету үшін дайындалған бланк. Форманы кесте негізінде құрып, оған өзгерістер енгізуге болады.Бұл кезде өзгерістер автоматты түрде кестеге де енгізіліп қойылады. Форма құрудың үш тәсілі бар:
Автоформа (форманы автоматы түрде құру);
Формалар шебері (форманы жартылай автоматты түрде құру);
Қолдан құру;
Автоформа – кестені автоматты түрде форма түрінде көрсетудің қарапайым түрі. Автоформа жазуларын жазуларын түзетуге және оған жаңа жазулар қосуға болады. Автоформа құрудың үш тәсілі бар:
әр жазуды бөлек-бөлек бір бағанда көрсету (бағандық автоформа);
әржазуды қалпын сақтап көрсету (таспалық автоформа);
әдеттегідей кесте түрінде көрсету (кестелік форма);
Формалар шебері. Автоматты түрде құрудың екінші тәсілі – формалар шебері программасын пайдалану. Формалар шебері көмегімен форма құру үшін Создание Мастер форм түймесін басып, Создание форм терезесін ашу керек (сурет 4).
Сурет 4. Форма құру терезесі
Онымен жұмыс істеу тәсілі:
1. «Жаңа форма» терезесін экранға шығару.
2. Терезенің «Форма шебері» қатарын және кестелер тізімінен кесте атауын таңдап, ОК түймесін шерту. Төрт қадамдық сұхбаттық терезесі бар Форма шебері іске қосылады.
3. Бірінші қадам терезесінде өрістерді «Таңдалған өрістер» бөліміне көшіру.
4. Екінші қадам терезесінде Бір бағанға, Таспалық, Кестелік, Тураланған атаулы ауыстырып қосқыштар көрінеді. Олардың бірін (мысалы, Бір бағанға белгісін) орнату.
5. Үшінші қадам терезесінде форманың сырт көрінісін безендіруге арналған Глобус, Шырша, Бұлттар, Кеш, т.б. фондық сурет атауларының бірін (Access 2000-да атааулар көрінеді)таңдау.
6. Соңғы терезеде жаңа формаға ат беріп, «Көріп шығу не берілгендерді енгізу үшін форманы ашу»ауыстырып қосқышын орнату және Дайын түймесін шерту. Дайындалған форманы көріп шығу үшін ашылған түрін редакциялауға және оған жаңа жазулар енгізуге болады.
Форманы қолдан құру. Форма конструкторы. Автоформа не Форма шебері арқылы құрылған форма құрылымы түрлі бөліктерден тұрады. Олармен танысу үшін дайын форманы Конструктор режимінде ашып, көріп шығу жеткілікті. Құрылымда Форма тақырыбы, Деректер облысы және Форма ескертпесі бөлімдері бар. Формаға енгізілгендердің бәрін басқару элементтері деп атаайды. Олар негізінен екі типті: байланысты және байланыссыз.
Байланысты басқару элементтері ДҚ кестесінің өрістік деректерін пайдаланады. Мысалы, деректер облысына өріс атауы көшіріліп, форманы іске қосу кезінде атау орнына кестедегі сәйкес мән жазылады. Керісінше, өріске не мән енгізілсе, ол кесте өрісіне де енгізіледі.
Байланыссыз элемент – формада кесте өрісітеріне байланыссыз құрылған элемент, мысалы, формаға енгізілген түсініктеме сөздер, сызылған түрлі кескіндер, т.б.
Сұраныс. Деректер қоры кестесінен не байланысты кестелерден белгілі шарттарды қанағаттандыратын нәтижелік кесте құруға болады. Негіздік кестемен жаңылыстырмау үшін оны сұраныс объектісі не жай ғана сұраныс деп атайды.
Access-те сұраныс құруға арналған құрал (ішкі программа) да сұраныс деп аталады. Оларды сөйлем мағынасы арқылы ажырату қиын емес.Сұраныстың өрістерін сортталған түрде дайындау және оның сандық өріс мәндерінің қосындысын, орта мәнін табу да мүмкін, т.б. Сұраныстың және оны өңдеудің негізгі кестеге не кестелерге әсері жоқ.
Сұраныс құрудың түрлі тәсілдері бар: фильтрлеу, «Қарапайым сұраныс шебері» программасын не сұраныстар конструкторын пайдалану.
Фильтрлеу. Excel-дегі сияқты, кестеден шартты қанағаттандыратын берілгендерді таңдап, жаңа кесте құру оны фильтрлеу (сүзгілеу) делінеді.
Фильтрдің 3 түрі бар:
Таңдама бойынша фильтр;
Әдеттегідей фильтр;
Кеңейтілген фильтр;
Кеңейтілген фильтр фильтрлеудің алғашқы екі түрін де біріктіреді.
Қарапайым сұраныс шебері. Қарапайым сұраныс – кестеден не байланысты кестелерден таңдалған өрістер бойынша құрылатын нәтижелік кесте. Қарапайым сұраныс құру үшін үш қадамдық сұхбаттық терезесі бар «Сұраныс шебері» процедурасын пайдалануға болады:
