Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аржы РЕФЕРАТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
190.75 Кб
Скачать

Мазмұны

Кіріспе

  1. Корпорацияның айналым капиталының экономикалық маңызы

  2. Корпорация айналым капиталының теориялық аспектілері

    1. Айналым капиталын қаржыландыру көзі

    2. Айналым капиталын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері және оның айналымдылығын жеделдету жолдары

  3. Корпорацияның айналым капиталына әсер етуші факторлар

  4. «БанкЦентрКредит» АҚ айналым капиталын талдау

Қорытынды

Кіріспе

Шаруашылық субъектілердің нарытық экономикаға өтуіне байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайы үлкен мәнге ие болып, оны іскерліктің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында,оның қаржылық жағдайын жоғарылату жолдарын іздестіруде.

Нарықтық экономика жағдайында кез-келген кәсіпорынның банкроттыққа өзі ұшырауы немесе басқа кәсіпорынның банкротқа ұшырауына байланысты іскерлігінің кез-келген уақытта тоқтап қалу мүмкіндігі жоғары. Батыс елдерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, әр бір жеке фирма әр түрлі жағдайлардан банкротқа ұшырауы мүмкін. Бірақ бұл жерде кез-келген банкроттыққа ұшыраудың алдын-алудың әмбебап жолы бар ол кәсіпорынның жұмысына жүйелі түрде айналым капиталын талдау, яғни жалпы қаржылық талдау жүргізу.

Талдау-жалпы адам іскерлігінің ғылыми-тәжірибелік негізінде қаралатын терең мағыналы түсінік. Аналитикалық әдістер өте кең таралғанына байланысты көбінесе талдау сөзінің мағынасында кез-келген зерттеу жұмыстарын түсінеді. Талдаудың әдістемелері кез-келген ғылыми-тәжірибелік зерттеу жұмыстарының құрамына кіре отырып, көптеген жағдайларда оның бірінші деңгейінде көрініс табады.

Айналым капиталын талдау - банкроттықтың орын алуына әкелетін іскерліктің әлеуетті қауіпті жақтарын анықтау, болуы мүмкін өндіріс барысындағы іскерліктің әр түрлі үзілістерінің алдын-алумен байланысты болатын қаржылық талдау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау-шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмысының барысындағы басты мәселенің бірі және шешім қабылдаудың негізін құрайды. Кез-келген экономикалық субъект өз қатарында ішкі және сыртқы құраушыларының арасындағы күрделі байланыстан тұрады. Тәжірибе үшін осы қарым-қатынастарды сипаттап қана қою жеткіліксіз.Маңыздысы:талдау әдістерінің көмегімен іскерліктің мәндірек және маңыздырақ бағыттары анықталып оның болашағына болжаулар ұсынылып,осы жоспарлардың негізінде нарықтық және өндірістік белсенділіктің болжамдары анықталып және олардың орындалуын қадағалайтын іс шараларды өңдеп дайындау.

Барлық экономикалық ғылымдар үшін жалпы зерттеу объектісі болып өндірістік қарым-қатынастар табылады, және олар жүйелі түрде бір-бірімен тығыз байланысты. Өндірістік қарым-қатынастар мен экономикалық байланыстардың даму дәрежесіне байланысты жеке шаруашылық субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметіне талдаудың де рөлі жоғарылай түсті. Ол өз қатарында жаңа теориялық базалар мен жаңа әдістемелерді қажет етті.

  1. Корпорацияның айналым капиталының экономикалық маңызы

Айналым капиталы дегеніміз — өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы. Өндірістік айналым қорлары — бұл еңбек заттары (шикізат, негізі материалдар мен жартылай өнделген өнімдер, қосымша материалдар, отын, ыдыстар, қосалқы бөлшектер және т.б.) мен аяқталмаған өндіріс өнімдері. Өндірістік айналым қорлары өндіріске өзінің табиғи-заттық күйінде қатынасады да, өнім дайындау үдерісінде толығымен тұтынылып, өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына өткізеді. Өндірістік айналым қорлары құрамындағы өндірістік қаражаттардың мөлшерімен, ең алдымен өндірісі ұйымдастырудың техниакалық денгейімен және дайындалатынө өнімнің өндірістік цикілінің ұзақтығымен сипатталады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті көлемдеайналым капиталының болуы қажетті алғышарт болып саналады. Демек айналым капиталы өндірістің үздіксіз жұмыс атқарауын қамтамасыз етеді. Ең бастысы, мына мәселені анықтауы қажет: кәсіпорын айналым қоры мен айналыс қорын мейлінше тиімді пайдалану үшін не істеу керек және өнімнің материал сыйымдылығын төмендетіп,айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету үшін қандай шаралар қолданған жөн деген мәселеге қатты көңіл бөлу керек.

Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт — қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы — бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні — ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.

  1. Корпорация айналым капиталының теориялық аспектілері

Айналым капиталы (айналым қаражаты) – кәсіпорын капиталының өзінің ағымдағы активіне салынған бөлігі. Материалдық-мүліктік белгі бойынша айналым капиталының құрамына: еңбек заттары (шикізат, материал, отын және т.б.), кәсіпорын қоймасындағы даяр өнім, қайта сатуға арналған тауар, ақшалай қаражат және есептердегі қаражат енгізіледі.

Айналым қаражаты өзіне тән ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен айналады. Өндіріс процесіндегі айналым қаражатының атқаратын функционалдық рөлі негізгі капиталдың рөлінен өте ерекшеленеді. Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны білдіреді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады.

Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айырысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде көрінде.

Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі – ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету.

Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт-қолда бар  айналым капиталының (айналым қаражаттары) болуы. Айналым капиталы – бұл  өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз  өндірістік процестер  мен өнімді  өткізуді  қамтамасыз  ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні — ұдайы өндірістік   процестердің қажеттілігін қамтамасыз  етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік  тұтыну  тәсіліне тәуелсіз  өзінің  құнын  тікелей дайын өнімге апарады. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан   кейін  ақшалай  нысанда  қайтарылады.

Айналым капиталының элементтері шаруашылық операциялары үздіксіз ағынының бөлігі болып табылады. Сатып алу өндірістік запастың және кредиторлық берешектің ұлғаюына әкеп соқтырады; өндіріс даяр өнімнің артуына жол ашады; сатып алу дебиторлық берешектің, сондай-ақ кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражаттың ұлғаюына себеп болады. Осы операциялар циклі көп есе кайталанады және корытындысында ақшалай түсім және ақшалай төлем түседі.

Ақшалай қаражаттың айналымы жасалатын уақыт кезеңі өндірістік-коммерциялық циклдің ұзақтығы деп аталады.

Аталмыш цикл шикізат пен материалға ақша төлеу және даяр өнім сатудан ақша түсу арасындагы уақыттың бір бөлігінен құралады. Осы циклдің ұзактығына жеткізушінің кәсіпорынды кредиттеу кезеңі, кәсіпорынның сатып алушыны кредиттеу кезеңі, шикізат пен материал запаста болатын кезең, даяр өнім шығару және оны қоймада сақтау кезеңі ыкпал етеді.

Айналым капиталының жекелеген элементтері немесе олардың құраушы бөліктері арасындағы меншікті қатынасы айналым қорының құрылымы деп аталады.

Айналым капиталын жоспарлау, есептеу және талдау практикасында келесі белгілер бойынша топтастырылады:

1)      өндіріс процесіндегі функционалдық рөліне байланысты-өндірістік айналым қоры (құрал-жабдық) және айналыс қоры (2-кесте);

2)      бақылау, жоспарлау және басқару практикасына байланысты — нормаланатын айналым капиталы және нормаланбайтын қарыз капиталы;

3)      айналым капитал қалыптасатын көзге байланысты — меншік айналым капиталы және қарыз айналымкапиталы;

4)      өтімділікке (ақшалай қаражатқа айналу жылдамдығы)    байланысты —  абсолютті өтімді қаражат, жылдам сатылатын айналым қаражаты, баяу сатылатын айналым    қаражаты;

5)      капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне байланысты — салу тәуекелі барынша аз айналым капиталы, салу тәуекелі шамалы айналым капиталы, салу тәуекелі орташа айналым капиталы, салу тәуекелі жоғары айналым капиталы;

6)      материалдық-мүліктік  маңызына   байланысты  — енбек құралы (шикізат, материал, отын, аяқталмаған өндіріс және т.б.), даяр өнім мен тауар, есептердегі ақшалай қаражат пен құрал-жабдық.

Айналым қаражатының өндіріс және айналыс процесінде болатын уақытты жеке есептеп талдау үшін айналым капиталы функционалдық белгі бойынша айналым қорына және айналыс қорына бөлінеді.

 1-кесте

Айналым каражатынын өндіріс процесіндегі функционалдык рөлі бойынша кұрамы мен кұрылымы

Айналым қаражатының топтары

 

  1. Өндірістік айналым қоры (өндіріс саласындағы және өндіріс процесіндегі айналым қаражаты)

1.1.    Өндірістік запас:

—  Шикізат;

—  Негізгі материал;

—  Сатып алынатын жартылай фабрикат;

—  Қосалқы материал;

—  Арзан бағалы және тозғыш зат.

1.2.                       Өндіріс процесіндегі құрал жабдық:

—  Аяқталмаған құрылыс;

—  Меншікті өндірістегі жартылай фабрикат;

—  Алдағы кезеңнің шығысы.

  1. Айналыс қоры (айналыстағы айналым қаражаты)

2.1.                       Сатылмаған өнім:

—  Кәсіпорын қоймасындағы, алайда әлі төленбеген даяр өнім;

—  Қайта сатуға арналған тауар.

2.2.                       Ақшалай қаражат:

—  Касса;

—  Есеп айырысу шоты;

—  Валюталық шот;

—  Бағалы қағаз;

—  Өзге ақшалай қаражат.

 

Өндірістік айналым қорына алдағы уақытта өндіріске қажет материалдық запастар мен аяқталмаған өндіріс өнімі жатады. Айналым капиталының едәуір бөлігі (шамамен 80%-ы) өндіріс саласында қамтылған, себебі тек өндіру барысында ғана жаңадан құн түзіледі. Айналым капиталының барлық жиынтығын пайдалану кезіндегі тиімділігі, олардың өндіріс саласындағы үлесіне әуелді. Айналыс шеңберіндегі айналым капиталы өндіру үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Айналым   қаражаты   басқарылу  дәрежесі  бойынша нормаланатын   және   нормаланбайтынға   бөлінеді.   Нормаланатын қаражатқа, әдетте, барлық өндірістік айналым қоры, сондай-ақ айналыс қорының кәсіпорын қоймасындағы сатылмаған даяр өнімнің қалдығы түріндегі бөлігі жатады.

Нормаланбайтын қаражатқа айналыс қорының қалған элементтері, яғни тұтынушыларға жіберілген, алайда әлі төленбеген өнім мен ақшалай қаражаттың және есеп айырысудың барлық түрі жатады. Алайда нормалардың болмауы айналым қаражатының осы элементтерінің мөлшерлері өз бетімен әрі шексіз өзгеруі мүмкін және олар бақыланбайды деп түсінуге болмайды. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың қолданылатын тәртібінде мемлекет тарапынан төлемеудің артуына қарсы қолданылатын экономикалык санкциялар жүйесі қарастырылған.

Нормаланатын айналым қаражаты кәсіпорынның қаржы жоспарында (бизнес-жоспарында) көрсетіледі, ал нормаланбайтын айналым қаражаты іс жүзінде жоспарланбайтын объект болып табылады.

Айналым капиталының нормативі әрқашан да өндірістің нақты мұқтажын қанағаттандырып отыруы тиіс. Нормативтің деңгейі аз болған жағдайда кәсіпорын өндірісті келешекте қажет болатын қормен қамтамасыз ете алмайды және өнім жеткізушілер, жұмыскерлер, қызметкерлер және тағы сол сияқты басқалармен дер кезінде есеп айырыса алмайды.

Норматив тым жоғары болса, нормативтен тыс қорлар пайда болып, қосымша шығынға ұшыратады. Сонымен қатар, айналым капиталының қажеттілігінен жоғары болатын норматив өнімнің табыстылық деңгейінің төмендеуіне, кәсіпорын мүліктерінің құнын өсіре отырып, төлемдер мөлшерінің артуына әкеп соқтырады.

Айналым каражатын меншікті және қарыз қаражатына бөлу   кәсіпорынға  тұракты   немесе   уақытша   пайдалануға берілген айналым қаражатының шыккан тегі мен оньің нысандарын көрсетеді.

Меншікті айналым қаражаты кәсіпорынның меншік капиталы (жарғылык капитал, резервтегі капитал, жинақталған пайда және т.б.) есебінен қалыптастырылады. Әдетте меншікті айналым капиталының мөлшері баланс пассивінің 1-тарауының корытындысы мен баланс активінің 1-тарауының қорытындысының арасындағы айырма (меншікті қаражаттан айналымнан тыс актив шегеріледі) ретінде анықталады. Шаруашылық кызметті айналым қаражатымен қалыпты қамтамасыз ету үшін оның мөлшері меншікті капиталдың мөлшерінің 1/3 шегінде белгіленеді. Меншікті айналым қаражаты тұрақты режимде пайдаланылады.

Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының жалпы көлемін (норматив) жоғарғы басшылар бекітеді және ол бір жыл ішінде тек кәсіпорынның өндірістік жоспары өзгерген жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Өндіріс жоспарын орындауға, өнімді өткізуге, сондай-ақ төлемақыларды белгіленген мерзімінде төлеуге қажет кәсіпорынға бекітілген аз мөлшерлі меншікті айналым капиталын құру үшін норматив белгіленеді.

Жыл сайын кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы жоспарында меншікті айналым капиталының нормативінің көбейгені немесе азайғаны көрсетіледі. Ол жоспарлы жылдың басы мен аяғындағы нормативтер айырмасымен анықталады. Меншікті ацналым капиталы нормативінің өсімі, ең алдымен, жеке ресурстар (пайда және т.б.) есебінен құралады.

Қарыз айналым қаражаты банк және банк емес кредит, облигациялық қарыз, кредиторлық берешек және өзгеде көз нысанында қалыптастырылады. Ол кәсіпорынға уакытша пайдалануға беріледі. Қарыз айналым қаражатының бір бөлігі ақылы (кредит пен карыз), ал екінші бөлігі — тегін (кредиторлық берешек) болады. Кәсіпорынның қарыз айналым қаражатына қажеттілігі де жоспарланады және бизнес-жоспарда (қаржыландыру стратегиясы) көрсетіледі.

Өнеркәсіп кәсіпорындары банкіден несиені белгілі бір нысандарға алады. Кәсіпорын қаражаттарының айналым кезеңіне байланысты банкілік несие нысандары өндіріс саласына немесе айналыс саласына жатуы мүмкін. Өндіріс саласындағы несиелеу нысаны өндірістік қорлар мен өндіріс шығындары болса, айналыс саласындағыға – келіп жетпеген есеп айырысу құжаттары мен дайын өнімдер жатады.

Капиталдың   ауыспалы  айналым   процесінде  айналым қаражатын қалыптастыру көзі бірінен-бірі ажыратылмайды. Мәселен, өндіріс барысында тұтынылатын шикізат пен материал қандай қаражат есебінен сатып алынғаны жөніндегі ақпарат ешқашан пайдаланылмайды. Алайда айналым қаражатын қалыптастыру жүйесі айналымды баяулатып немесе оны жеделдете отырып оның жылдамдығына ыкпал етеді. Сонымен бірге меншікті және қарыз айналым қаражатынқалыптастыру көзі мен оны әр түрлі пайдалану режимдері айналым капиталын және бүкіл капиталды тиімді пайдалануға ықпал   ететін   негізгі   фактор   болып  табылады.   Айналым қаражатын ұтымды қалыптастыру және пайдалану өндіріс барысына,  кәсіпорын  қаржысының  нәтижелері  мен  оның каржысының  жай-күйіне  жан-жакты  әсер  етеді, сонымен бірге осы жағдайда ең аз мөлшердегі айналым капиталының мөлшерімен табысқа жетуге мүмкіндік береді.

Айналым қаражатының өтімділік дәрежесі бойынша құрамы мен құрылымы

Айналым қаражатының топтары

Енгізілетін қаражаттың құрамы

  1. Ең өтімді актив

    1. Ақшалай қаражат:

  • касса;

  • есеп айырысу шоты;

  • валюталық шот;

  • өзге де ақшалай қаражат;

    1. Қысқа мерзімді қаржы салымдары

  1. Жылдам сатылатын актив

    1. Жөнелтілген тауар

    2. Дебиторлық берешек:

  • тауар, жұмыс, қызмет үшін

  • алынған вексель бойынша

  • еншілес кәсіпорындармен

  • бюджетпен

  • қызметкерлермен өзге операциялар бойынша

  • өзге дебиторлармен

    1. Өзге айналым капиталы

  1. Баяу сатылатын актив

    1. Алдағы кезеңде шығысы шегерілген запас және сатып алынған құндылық бойынша ҚҚА

Айналым қаражатының капиталды сатып алу тәуекелінің дәрежесі бойынша құрамы мен құрылымы

Айналым қаражатының топтары

Енгізілетін қаражаттың құрамы

  1. Салу тәуекелі барынша аз айналым қаражаты

    1. Ақшалай:

  • касса;

  • есеп айырысу шоты;

  • валюталық шот;

  • өзге де ақшалай қаражат

    1. Қысқа мерзімді қаржы салымы

  1. Салу тәуекелі шамылы айналым қаражаты

    1. Дебиторлық берешек (күмәндіні шегергенде)

    2. Өндірістік запас (сүр тауарды шегергенде)

    3. Даяр өнім мен тауардың қалдығы (сұранысқа еместі шегергенде)

  1. Салу тәуекелі орташа айналым қаражаты

    1. Арзан бағалы және тозғыш зат.

    2. Аяқталмаған құрылыс (нормативтіктен тысты шегергенде )

    3. Алдағы кезеңнің шығысы.

  1. Салу тәуекелі жоғары айналым қаражаты

    1. Күмәнді дебиторлық берешек

    2. Өндірістік сүр запас.

    3. Нормативтіктен тыс аяқталмаған құрылыс.

    4. Сұранысқа ие емес даяр өнім мен таур.

    5. Айналым қаражатының айтылған топтарына енгізілмеген өзге элемент.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]