Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Акушерия және гинекология тест 515.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
173.75 Кб
Скачать

497. №7 Есеп.

Ауру дене қызуының 380-дейін көтерілуіне, жыныс жолдарынан іріңді-қанды бөлінділердің, іштің төменгі жағында ауыру сезімінің болуына шағымданып гинекологиялық бөлімшеге келіп түсті. Етеккірлік циклдің 8-ші күні ауырған, осыдан 3 күн бұрын ЖІС салғызғын. Объективті, айнада: жатыр мойны таза. Цервикалды каналда ЖІС-нің өткізуші жіптері. Іріңді –қанды бөлінділер.

ҚЗ: жатыр біршама үлкейген, қатты ауырады, қозғалысы шектелген. Қосалқылары анықталмайды. Күмбездері терең, ауыру сезімді.

Сіздің диагнозыңыз:

Пельвиоперитонит;

Параметрит;

ЖІС енгізу кезінде жатырдың перфорациясы;

Аднексит;

*Эндометрит.

498. №8 Есеп.

Ауру М. 28 жаста, етеккірінің 14 күндей кідіруінің пайда болған кезінде, жыныс жолдарынан қара қоңыр-қанды бөлінділерге және ішінің төменгі жағында толғақ тәрізді ауыру сезімге шағымданып келіп түсті. 5 жүктілігі болған, оның бірі босанумен және 4 медициналық түсікпен аяқталған. Түсіктің соңғысы эндометритпен асқынған. Жағдайы қанағаттанарлық. Пульсі-80, АҚ-110/70 мм.с.б.

Айнада: жатыр мойны және қынаптың шырышты қабығы көгерген, бөлінділері қара қоңыр-қанды.

ҚЗ: жатыр дұрыс орналасқан, қалыптыдан біршама үлкейген, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Қосалқылардың сол жақ маңында қамыр тығызды, ауырмайтын құрылым анықталады. Оң жақтан қосалқылар анықталмайды. Артқы күмбез тегістелген, ауыру сезімді.

Диагноз қойыңыз:

Толық емес түсік;

*Жатырдан тыс жүктілік;

Аналық бездің кистомасы;

Эндометрит;

Жедел сол жақты аднексит.

499. №9 есеп.

43 жастағы ауру әйел жыныс жолдарынан көп қанды бөлінділерге және іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді ауыру сезімге шағымданып стационарға келіп түсті. Анамнезінде: «Жатыр миомасы» деген диагнозбен «Д» бақылауға тұрады. Стационарда гемостоз мақсатында жатыр қуысында диагностикалық қыру жасалған. Диагностикалық қыру кезінде «жылжу» симптомы анықталған.

Сіздің диагнозыңыз:

Көпіршікті тығын;

Субсерозды түйіннің айналуы;

Түйіннің инфекциялануы;

Жатыр мойнының полипі;

*Жатырдың субмукозды миомасы.

500. №10 есеп.

31 жастағы ауру әйел, оны ауыру сезімді, 9 күндей ұзаққа созылған етеккірі мазалайды. Етеккірлік циклдің 10-шы күні келіп көрінді. Айнада: жатыр мойны таза, бөлінділері қара қоңыр түсті, мардымсыз.

ҚЗ: жатыр қалыптыдан біршама үлкейген, қозғалысы шектелген, қосалқылары анықталмайды, күмбездері бос, терең. Етеккірдің алдында қайта қараған кезде: жатыр жүктіліктің 7-8 аптасындай үлкейген.

Сіздің диагнозыңыз:

ДЖҚҚ;

Жатыр миомасы;

*Аденомиз;

Эндометрит;

Жоғарыдағы көрсетілгендердің бірі емес.

501. №26 есеп.

Қайта босанатын әйел 5 сағат бойы босануда. Толғақтары әр 2-3 минут сайын , 40-50 секундтай ,күші орташа. ҚЗ: жатыр мойны жайылған ,

7 см-ге ашылған, нәресте қабы бүтін. Нәресте басы кіші жамбастың кіру жазықтығына қысылған .Жебе тәрізді жік оң жақ қиғаш өлшемде , кіші еңбек оң жақта, алда.Мүйіске саусақ ұшы жетпейді.

Диагноз қойыңыз?

*Жүктіліктің 39-40 аптасы, босанудың I –кезеңі;

Жүктіліктің 37-38 аптасы, босанудың II-кезеңі;

Жүктіліктің 28-29 аптасы , босанудың III-кезеңі;

Жүктіліктің 41-42 аптасы , босану әрекетінің біріншілік әлсіздігі;

Жүктіліктің 40 аптасы, босанудың II –кезеңі, босану әрекетінің екіншілік әлсіздігі.