Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
менеджмент шпор.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.49 Mб
Скачать

Глоссарий

терминдер

мазмұны

1

Акционерлік қоғам

өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаржы тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға.

2

Ақпарат

белгісіздік дәрежесін азайтатын, оларды жасаушылардан оқшауланған және хабарламаға айналған мәліметтер.

3

Ақпарат бағыттаушы

ол жаңа нарыққа ену кезінде фирманың қамтитын аудандары туралы шешім қабылдау үшін қажет.

4

Ақпарат бақылаушы

ол жоспарға алдын-ала қарастырылмаған түзетулер енгізу үшін қажет.

5

Ақпарат басқарушылық

ұйымның ішінде және одан тыс болып жатқан процестер туралы мәліметтердің жиынтығы.

6

Ақпарат бөлуші

жобаға сәйкес адамдарды, уақытты, жабдықты немесе қаржыны қалай бөлу керектігі шешім үшін пайдалы.

7

Ақпарат ерекше

ол әрекетті ынталандыру тұрғысынан алдыңғыға ұқсас. Алайда бұл ақпарат типі спецификалық әрекетті ынталандырады.

8

Ақпарат жалпы

ол кездейсоқ немесе спецификалық емес сұранымдарға жауап ретінде туындайды.

9

Ақпараттың қанығуы

пайданы және фонды ақпараттың арақатынасы.

10

Ақпарат спецификалық

ерекше талаптарды қанағаттандыратын ақпарат.

11

Ақпарат ынталандырушы

ол спецификалық ақпаратқа ұқсас, егер спецификалық ақпарат алушыны бір нәрседен хабардар етсе, ал ынталандырушы ақпарат әлдебір әрекетті талап етеді.

12

Алушы

ақпарат алатын және оны түсінетін тұлға.

13

Аналогия

ұқсас ұйымдағы басқару құрылымын жобалау тәжірибесін пайдалануын білдіреді.

14

Аңыздар

компанияда болған шынайы оқиғаларға негізделген ұйымның барлық қызметкерлеріне белгілі жиі қайталанатын әңгімелер.

15

Ассоциация

коммерциялық емес ұйым болып табылады. Оның мүшелері өздерінің дербестігі мен заңды тұлға құқығын сақтайды.

16

Әділеттілік теориясы

адамдар жұмсаған күш-жігеріне тиісті көтермелеуді субъективті бағалап, осы тектес жұмысты басқа адамдар қалай қабылдайтындығын салыстырады.

17

Бақылау

ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі.

18

Бақылау алдын-ала

ережелер, процедуралар, жүріс-тұрыс белгіленіп жүзеге асырылады. Алдын-ала бақылау үш салада адамдар, материалдық және қаржы ресурстарына қатысты.

19

Бақылау күнделікті

жұмыс барысында іске асады, мұндағы бақылау объектісі көбінесе бағыныштылар, ал жүзеге асырушы тікелей басшы.

20

Басқару буыны

ұйымда қабылданған жұмыстардың бөлінуіне сәйкес басқару функциясын орындайтын құрылымдық бөлімшелер мен жекелеген жұмыскерлер.

21

Басқару деңгейлері

басқару ирархиясында белгілі-бір сатыда тұрған басқару буындарының жиынтығы.

22

Басқарудың ұйымдық құрылымы

бағыныштылық ретте орналасқан басқару буындары мен жекелеген жұмыскерлердің жиынтығы.

23

Басшылар сервистік

мұнда менеджер жұмыскерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы ойлайды.

24

Басшылар трансакциялық

олардың әрекеті бағыныштыларға тапсырманың сипатын түсіндіруден, құрылымды жасаудан, марапаттауды қамтамасыз етуден және бағыныштылардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандырудан тұрады.

25

Басшылар харизмалық

өздерінің мүмкіндіктері бойынша трансакциялық менеджерлерден асып түседі.

26

Басшылық стилі

басшының бағыныштыға қатысты мінез–құлық манерасы.

27

Билік

басқалардың мінез-құлқына ықпал ету мүмкіндігі.

28

Билік заңды

мұнда орындаушы ықпал етушінің нұсқау беруге құқы бар және оның парызы бағыну деп сенеді.

29

Билік марапаттауға негізделген

мұнда орындаушы ықпал етушінің оның қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндігі бар деп сенеді.

30

Билік мәжбүр етуге негізделген

мұнда орындаушы ықпал етуші оның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыруға кедергі келтіреді деп сенеді.

31

Билік эксперттік

орындаушы ықпал етуші оның қажеттілігін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін арнайы білімдерге ие деп сенеді.

32

Билік эталондық

ықпал етушінің мінез-құлқы немесе қасиеттері орындаушыға соншалықты тартымды болғандықтан, ол ықпал етуші сияқты болғысы келеді. Эталондық билік харизма деп аталады.

33

Валенттілік

марапаттауға қанағаттану.

34

Девиз

корпоративті мәдениеттің негізгі құндылығы, қысқаша қалыптасатын сөйлем.

35

Деректер

фактілер мен оқиғалар сипаттамасы, олар ақпараттың қайнар көзі болып табылады.

36

Діни бірлестік

рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін азаматтың мүддесінің жалпылығы негізінде заң жүзінде біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі.

37

Жанжал

нақтылы тұлғалар мен топ болуы мүмкін 2 немесе одан да көп тораптар арасындағы келісімнің болмауы.

38

Жанжал топ аралық

ең жақсы ұйымдардың өзінде формальді және формальді емес топтар арасында жанжалдар тууы мүмкін

39

Жанжал тұлға аралық

басшының шектеулі ресурстар, қаржы мен жұмыс күші үшін күресі.

40

Жанжал тұлға ішілік

ол бір жұмыскерге қарама-қайшы талаптар қойғанда туындайды.

41

Жанжал тұлға мен топ арасындағы

өндірістік топтар мінез-құлық пен өндірім нормаларын орнататындықтан кей жағдайда топтың күтуі жеке тұлғаның күтуімен қайшылықта болады.

42

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

бір немесе бірнеше тұлғамен құрылған серіктестік.

43

Жоспарлау

ұйымның болашақтағы дамуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз ететін процесс.

44

Жіберуші

идеяны ойлап табатын немесе ақпаратты жинайтын және оны беретін тұлға.

45

Имидж

тауардың, кәсіпорынның, елдің бет-бейнесі, беделі, танымалдылығы, т.б.

46

Инновация

жаңа бұйымдарды, технологияларды ұйымдық формаларды жасауға, өндіруге, дамытуға және сапа жағынан жетілдіруге бағытталған процесс.

47

Канал

ақпаратты беру құралы.

48

Картель

бір тұрпатты өнім өндіретін тәуелсіз фирмалардың нарықты бақылау үшін құрылатын қауымдастығы.

49

Кейіпкер

ұйымның қызметкерлері ұқсауға тырысатын корпоративтік мәдениеттің сипатын немесе атрибутын бейнелейтін адам.

50

Кері байланыс

алушының хабарламаға жауабы.

51

Коммандиттік серіктестік

өзінің барлық мүлігімен жауапты мүшелермен (толық серіктестіктер) қатар жауапкершілігі өзінің қосқан үлесінің сомасымен шектелетін (коммандистер) қатысушылар болады.

52

Коммерциялық ұйымдар

кәсіпкерлік қызметті үйлестіру мақсатында, сондай-ақ жалпы мүліктік мүддені көрсету мен қорғау үшін келісім бойынша өзара, сонымен бірге коммерциялық емес ұйымдармен бірігіп ассоциация формасында бірлестік құруы мүмкін.

53

Коммуникация

латын тілінен аударғанда «жалпы» дегенді білдіреді. Мұнда ақпарат беруші ақпарат алушыдан жалпылықты орнатуға тырысады.

54

Коммуникация вербальды емес

сөздермен басқа кез-келген символдар пайдаланылады.

55

Коммуникация формальды емес

ұйымның жалпы ережелерін ұстанбайды және ұйым мүшелері арасында жеке қатынастардың негізінде өмір сүретін формальды емес каналдар бойынша іске асырылады.

56

Коммуникациялық желі

ақпараттық тасқын көмегімен коммуникациялық процеске қатысушы индивидтердің белгілі дәрежеде бірігуі.

57

Коммуникациялық процесс

екі немесе одан да көп адамдар арасындағы ақпарат айырбасы.

58

Коммуникациялық стиль

индивидтің басқалармен коммуникациялық өзара әрекетін құру тәсілі.

59

Консорциум

(ортақ қатысу, ортақ серіктестік) бизнес саласындағы көп қаржы ресурстарын қажет ететін нақты экономикалық міндеттерді, күрделі жобаларды жүзеге асыру мақсатымен бірлескен қызмет туралы шарт негізінде біріккен заңды тұлғалардың уақытша тең хұқұқты одағы.

60

Корпоративтік мәдениет

сыртқы орта талаптарына да, фирма стратегиясына да сәйкес келуі тиіс.

61

Корпорация

заңға қайшы келмейтін қандай да болсын мақсатқа жеткізу үшін кәсіптік және басқа мүдделердің ортақтығымен бірігетін қоғам, одақ, тұлғалар тобы.

62

Қоғамдық қор

әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және басқа қоғамдық пайдалы мақсаттарды ұстанатын, ерікті мүліктік жарна негізінде азаматтармен немесе заңды тұлғалармен құрылған мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым.

63

Құрылым бағдарламалық-мақсаттық

нақтылы проблеманы шешу үшін бөлімшелер мен жекелеген қызметкерлердің уақытша бағыну құрылысы.

64

Құрылым біртұтас стратегиялық бизнес

ол ағымдағы өндірістік құрылымдарда тек сызықтық басқару бөлімшелерінің жоғарылауын көрсетеді, ол барлық қамтамасыз етуші функциялар.

65

Құрылым дивизионалдық

тауар түрлері, тұтынушылар тобы және географиялық аймақтар бойынша ұйымның элементтері мен блоктарға бөлінуі.

66

Құрылым матрицалық

базалық құрылым буындарымен уақытша топтық қызметін байланыстыруға және оларды үйлестіру проблемасын шешуге көмектеседі.

67

Құрылым сызықтық

ең қарапайым және барлық деңгейлерде біріңғай басқару жүйесі болады.

68

Құрылым сызықтық-штабтық

мұнда сызықтық басқару вертикалімен штаб қызметі бойынша басқару еңбегінің мамандануы орын алған.

69

Құрылым функционалдық

басқару қызметінің облыстары бойынша бағынуға негізделеді.

70

Лидерлік

топтың және тұлғаның күш-жігерін ұйым мақсатына жетуге бағыттай отырып, оларға ықпал ету қабілеті.

71

Мақсат

еңбек ұжымы жетуге ұмтылатын түпкі нәтиже.

72

Мақсат қою

ұйым қызметіндегі таңызды момент, өйткені жұмыскерлер неге ұмтылатынын білуі тиіс.

73

Марапаттау

адам өзі үшін құнды деп есептейтіннің барлығы.

74

Мекеме

коммерциялық емес сипаттағы басқарушылық, әлеуметтік-мәдени және басқа функцияларды жүзеге асыру үшін құрылтайшымен құрылатын, қаржыландырылатын ұйым.

75

Менеджер еңбегі

барлық өндірістік процестің байланысымен бірлігін қажет ететін жұмыскерлер мамандануының жоғары деңгейі.

76

Менеджмент

бұл нарықтық жағдайда әрекет ететін фирмалардың кез-келген шаруашылық қызметті барысында нақтылы алға қойған мақсаттарды менеджменттің экономикалық механизмдерінің функциялары мен әдістерін принциптерін қолдана отырып, материалдық және еңбек ресурстарын рационалды пайдалану жолымен жетістікке қол жеткізуге бағытталған қызметтің дербес түрі.

77

Миссия

қоршаған ортаға ұйым, оның не үшін өмір сүретіні, қоғам мен жұмыскерлер алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін бейнелейтін мақсат түрі.

78

Модель аналогтық

шынайы элементтерді формасы немесе қасиеті бойынша ерекшеленетін заттармен бейнелеуді білдіреді (графиктер).

79

Модель каскадтық

ол алдыңғы сатыдағы жұмыстар толық аяқталған соң келесі сатыға көшуді білдіреді.

80

Модель математикалық

объектінің немесе оқиғаның қасиеттерін суреттеу үшін символ пайдаланылады (формула, теңдеу).

81

Модель сатылық

сатылар арасында кері байланыс циклдары бар ақпараттық жүйе мен ақпараттық техниканы жасақтаудың операциялық моделі.

82

Модель спиральдық

мұнда өмірлік циклдің бастапқы сатыларына назар аударылады.

83

Модель физикалық

объектіні ұлғайтып немесе азайтып суреттеу арқылы зерттеуді бейнелейді (глобус).

84

Моралдық тозу

ақпараттық жүйенің талаптарды қанағаттандыруды тоқтатуы.

85

Мотивация

жеке мақсаттарға немесе ұйым мақсатына жету үшін өзін және өзгелерді қызметке итеру процесі.

86

Міндет

бекітілген мерзімде бекітілген тәсілмен орындалуы тиіс жұмыс.

87

Міндеттеме

ұйымда белгілі бір лауазымға ие индивидтен нақтылы жұмыс талаптарын орындаудың күтілуі.

88

Міндеттерді жүктеу

тапсырманың орындалуы үшін өзіне жауапкершілік қабылдайтын тұлғаға міндеттер мен өкілеттіліктің берілуі.

89

Өкілеттілік сызықтық

бастықтан тікелей бағыныштыға берілетін өкілеттіліктер.

90

Өмірлік цикл

берілген ақпараттық жүйеде ақпаратқа қажеттілік туу уақытынан бастап оның пайдалануда толық шығу уақытымен аяқталатын, ақпараттық жүйенің әрқилы жағдайын қамтитын ақпараттық жүйені жасау және пайдалану кезеңі.

91

Өндірістік кооператив

азаматтардың тікелей еңбекке қатысуына негізделген біріккен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізіндегі азаматтардың ерікті бірлестігі.

92

Принципі Курно

коалиция болмаған жағдайда, яғни шешім саны эксперттер санына тең болған жағдайда пайдаланылады.

93

Принципі Парето

барлық эксперттер бір тұтас, бір коалиция құрағанда қолданылады.

94

Принципі Эджворт

ол топ бірнеше коалициядан тұрған жағдайда пайдаланылады.

95

Рәсімдер

барлық қатысушылар үшін өткізілетін ерекше жоспарлы шаралар.

96

Семантика

сөздер мен мәндерінің пайдалану тәсілін зерттейді.

97

Символ

айналадағылар үшін мәнге ие объект, оқиға немесе әрекет.

98

Синдикат

тар аядағы белгілі бір мақсатқа жету үшін екі және одан да көп меншік иелерінің немесе фирмалардың бірігуі.

99

Стратегия корпоративтік

оны ұйымның топ менеджерлері қалыптастырады және онда корпорация мүдделері көзделеді.

100

Стратегия корпоративтік-портфельдік

компанияны бірнеше өндірістің жиынтығы ретінде қарастырады және олардың арасындағы байланыс бір өндіріске инвестиция көлемін ұлғайту, ал екіншісіне қысқарту жолы мен сақтау.

101

Стратегия өндірістік

ол ұзақ мерзімді мақсаттарға жету жолында өндірістердің барлық қадамдары мен мүдделерін алдын ала ескеру үшін қолданады.

102

Стратегиялық жоспарлау

ұйым мақсатына жету үшін спецификалық стратегияны жоспарлауға әкелетін басшылықтың қабылдаған әрекеттері мен шешімдері.

103

Стресс

күшті әрекеттің ықпалымен адамда туындайтын қысым жағдайы.

104

Сызықтық қызмет

ұйымдағы өнімді өндірумен, қаржыландырумен, өткізумен тікелей байланысты қызмет.

105

Технология

адамда, материалда және ақпаратта өзгертулерді жүзеге асыру үшін қажетті квалификациялық дағдының, жабдықтың, инфрақұрылымның және сәйкес білімнің үйлесімі.

106

Толық серіктестік

қатысушылары келісім бекіткен және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйым танылады.

107

Трест

бірлескен меншік және өндірісті ортақ басқару, тауарды бірлесе өткізу мақсаттарында бірігу.

108

Тұтыну кооперативі

оған қатысушының мүліктік жарналарын біріктіру жолымен материалдық және басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мүшелік негізінде азаматтардың ерікті бірлесуін білдіреді.

109

Ұйым

мақсатқа жету үшін қызметтері саналы түрде үйлестірілетін адамдар тобы.

110

Ұйымдастыру

мақсатқа жету үшін тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік беретін кәсіпорын құрылымын құру процесі.

111

Ұйымдық құрылым

ұйымды басқарудың негізгі элементтерінің бірі.

112

Ұмтылу

белгілі бағытқа ие бір нәрсенің жетіспеуін сезіну.

113

Фирма

заңды ұйым құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіп немесе сауда кәсіпорны.

114

Формальды топ

ұйым мақсатына жету үшін басшылықтың ерік жігерімен құрылған адамдар тобы.

115

Формальды емес топ

тұрақты түрде өзара әрекет ететін стихиялы пайда болған адамдар тобы.

116

Хабарлама

символдар көмегімен кодталатын ақпарат.

117

Харизма

логикаға немесе дәстүрге негізделген емес, лидердің жеке қасиеттерінің немесе қабілеттерінің күшіне негізделген билік.

118

Холдинг

тәуелді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші басты компания, заңды тұлға.

119

Шешімдер ағашы

варианттар арасынан ең жақсы бағытты таңдау үшін пайдаланылатын танымал әдіс.

120

Шешім қабылдау

бірнеше баламалар арасынан әрекеттер бағдарын таңдау процесі.

121

Шешім бағдарланған

баламалар саны шектеулі және белгілі қадамдардың кезектесіп жүзеге асырылуын білдіреді.

122

Шешім бағдарланбаған

белгілі дәрежеде жаңа ситуацияларды талап етеді, олар ішкі жағынан құрылымдалмаған немесе белгісіз факторлармен қатар жүреді.

123

Шешім интуитивті

шешімнің дұрыс екендігін сезіну арқылы жасалған таңдау.

124

Шешім рационалды

объективті сараптамалық процестің көмегіне жүгінеді.

125

Шешім тәжірибеге сүйенген

білімге немесе жинақталған тәжірибеге негізделген таңдау.

126

Шу

коммуникация процесінде хабарламаның мағынасын бұзатын кез келген әрекет.

127

Ықпал ету

бір индивидтің басқа индивидтің мінез-құлқына, қатынасына өзгерту енгізетін кез-келген әрекеті.

128

Туризм менеджменті

туристік өнімді жэне

қызметкерлерді басқару қағидаттарының, эдістерінің, тәсілдері

мен құралдарының жиынтығы, онда басқару ғылымының соңғы

жетістіктері қолданьшады

129

Туризм менеджментінің басты мақсаты

турөнімнің жоғары тиімділігіне қол жеткізу, кәсіпорының, фирманың,

компанияның ресурстарын ұтымды пайдалану

130

Үйым

қызметтері ортақ немесе жеке мақсатқа жетуге түйістірілген

адамдар тобы

131

Туристік ұйым

қызметінің негізгі түрі туристік қызмет болып

табылатын заңды түлга.

132

заңдылық критерийіне байланысты ұйымның жіктелуі

ресми, бейресми

133

меншік формасына қарай ұйымның жіктелуі

жеке; мемлекетгік; муниципалдық;

қоғамдық

134

мақсаттық тағайындалуы бойынша ұйымның жіктелуі

өнім өндіру; жүмыс атқару;

қызмет көрсету

135

өндірістік бағдарының көлеміне байланысты ұйымның жіктелуі

мамандандырылған;

эртараптандырылған (диверсификацияланған).

136

Туристік нарық

турйстік саладағы тауарлар (жұмыстарды,

қызметтер көрсету) мен ақшаның айналымы

137

Туристік кызмет

туристік қызмет көрсететін жеке жэне заңды

түлғалардың қызметі.

138

Туристік қызметтің субъектілеріне

1туристік операторлар (туроператорлар);

2) туристік агенттер (турагентгер);

3) гидтер (гид-аудармашылар),туризм нұсқаушылары, экскурсия

жетекшілері;

4) туристер жэне олардың бірлестіктері;

5) экскурсанттар;

6) туристік қызмет саласындағы басқа да бірлестіктер;

7) туристік қызмет саласындағы қоғамдық қарым-қатынасты

реттеуші мемлекеттік органдар жатады.

139

Туристік қызмет нысандары

табиғи нысандар жэне табиғи

климаттық аймақтар, көрікті орындар, тарихи жэне әлеуметтік-мәдени

нысандар, сондай-ақ саяхат кезінде туристердің қажеттіліктерін

қанағаттандыра алатын өзге де нысандар

140

ішкі туризм

белгілі бір ел тұрғындарының өз еаіінде саяхаттауы

141

кіру туризмі

белгіпі бір мемдекетке оның тұрғыны болып

табылмайтын тұлғалардың саяхат жасауы

142

шығу туризмі

белгілі бір ел тұрғындарының басқа елдерге

саяхаттауы.

143

Туризм жүйесі екі

қосалқыжүйеге бөлінеді:

шуризмді басқару субъектісі және туризмді

басқару нысаны.

144

Туризм нысаны (туристік сала) үш негізгі компененттен қүралады

туристік аймақ (орын), туристік ұйым жэне туристік кәсіпорын

145

Бүкілэлемдік туристік ұйым

туристік аймақга демалуды, оқу

үрдісі мен сауықгыруды ұйымдастыруға қажетті арнайы жабдықтар

мен қызметтер желісін қамтитын аймақ.

146

туристік аумақ

саяхаттаудың мақсаты мен туристік

өнім

147

Туроператор

өзінің жэне басқалардың қызметтерін қосып, жаңа

туристік онім жасайтын туристік кэсіпорын

148

Туристік делдал

бұл жиынтық ұғым. Ол өзінің негізгі жэне

қосымша қызметтерінде делдалдық қызмет атқаратын кәсіпорындар

14

мен мекемелерді қамтиды. Туристік делдалдар қызметіне кешенді

саяхат жасау барысында жүгінеді.

149

туристік кәсіпорын дегеніміз

қажетті өндірістік

құралдарды (еңбек, ақша, жер жэне т.б.) біріктіру арқылы басқарудың

барлық әдістерін қолдана отырып, дайындықты, орындаушылықты

жэне туристерге көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын

ұйымдық-шаруашылық орын

150

Классикалық менеджмент туризмінің дамуы төрт кезеңге бөлінед

алғашқы кезең - он тоғызыншы ғасырға дейін; бастапқы кезең - 1800-

1917 жылдары; даму және көтерілу кезеңі - 1917-1990 жылдары;

туризм құрылымындағы орталықтанған ұйымдастырушылықтың

құлау кезеңі және әртүрлі туристік кәсіпорындардың құрылу кезеңі -

1990 жылдан бүгінгі күнге дейін

151

туристік саяхатты1841 жылыағьшшын кәсіпкері

Томас Кук

152

Басқару тетігіне

мақсаттар, миссиялар, функциялар, қағидалар,

басқару әдістері жатады.

153

Басқару әдістері

басқарушының орындаушыларға әсер

ету әдістері, нысандары:

1 .Өндірістік-басқарушылық (нұсқаулар, орындауды бақылау).

2.Экономикалық (шаруашылық есеп).

3.Әлеуметтік-психологиялық (түлғаның, ұжымның психологиясын

ескеру).

154

Аквателъ

көлік құралы, сенімді қонақүй ретінде қолданылатын

стационарлық кеме.

155

А ля карт (аіасагіё)

бүл эрбір тағам өзінің бағасымен көрсетілген

мэзір түрі. Мүндай мэзір түрін француздық сервиске маманданған

қымбат мейрамханалардан кездестіруге болады. Бүл жоғары дэрежедегі

мейрамханаларда болады. Себебі, мүндай мейрамханаларда жэне

қонақүйлерде қымбат жэне лайықты жағдайлар жасалынған.

156

Алдынала төлеу

сатушымен белгіленген келісім бойынша

сатыпалушы ақысын сүраған туристік қызметтердің оларды түтынғанға

дейін төлеу.

157

Аннуляция -

турист немесе туроператор/турагенттің келісім

бойынша шарттарды орындауынан жазбаша бас тартуы.

158

А парт (а рагі) -

түтынушыларға мәзірден тағам мен сусын

таңдау кезінде дайындау уақытын ескертетін мэзір түрі. Бүл мэзір

курорттыққонақүйіндегі, демалыс үйлеріндегі, пансионаттардағы

мейрамханаларда жиі кездеседі.

159

Апарт-отелъ

қонақтардың санына қарамастан төленетін,

пэтерлерден түратын қонақүй.

160

Багыттайтын жақ

турист пен қарсы алатын тараптың

арасындағы келісім негізінде іске асатын, туристерді олардың уақытша

тұру жеріне бағытгайтын ұйым немесе жеке кәсіпкер

161

Бизнес-отелъ

бизнесмендерге қызмет ету үшін маманданған

қонақүй

162

Биосфералық қорықтар

мәдени мұраны сақтау, экологиялық

жэне ландшафтық, ғьшыми-зертгеу жүргізу, сол немесе басқа табиғи

аймаққа тэн биосфера геноқорын дамыту, сақтау мақсатында жасалған,

арнайы қорғалатын аумақтар.

163

Блок-чартер

жол жүрушілерді тасымалдау үшін жасалатын

коммерциялық шарт. Бұл шарт бойынша әуетасымалдаушының

саяхатты ұйымдастырушыға тұрақты болатын рейске негізгі тарифтен

төменірек баға бойынша, бірақ сатылған орындарды ескермей орындар

үсынуы.

164

Бунгало

туристерді орналастьфу үшін жеңіл материалдардан

жасалатын шағын күрылыс. Көбінесе халықаралық жастар туристік

орталықтарында орналастырудың қарапайым құралы ретінде

қолданылады. Олар тек орналастыру қызметін ғана атқарады.

165

Буфет

кулинарлық өнімдерді, жартылай фабрикаттарды,

халықтық сұранысқа ие болатын ыстық жэне салқын сусындарды

дайындау және ұсынуға арналған эртүрлі тауарларды сатуға арналған

тамақтандыру кәсіпорны.

166

Гид (гид-аудармашы)

туристерге уақытша келғен елдегі (жердегі)

туристік ресурстармен таныстыру жөніндегі экскурсиялық-ақпараттық,

ұйымдық қызмет көрсету үшін кэсіби даярланған жеке тұлға

167

Дәмхана

тез қызмет көрсететін тамақтандыру кәсіпорны

168

Дәмхананың сұрыпталымы

дайындалуы күрделі емес көпшілік

сұранысына ие болатын салқын жэне ыстық тағамдар (шұжық,

сардельки, тұшпара, субүйрек, жұмыртқа), сонымен қатар сусындар

(шай, шырындар).

169

Демалу

шаршауды тоқтату, психикалық, физикалық жэне

зияткерлік күшті қалпына келтіретін психофизикалық проңесс

170

Дю жур ((іиіоиг)

кезекші тағамдарды есептейді, яғни күнделікті,

сонымен қатар, белгілі, арзан, тез дайындалатын тағамдар

171

Жартылай пансион

қонақүй немесе басқа да орналастыру

орындарында тұру және күн сайынғы 2 реттік тамақтандыруды

қамтамасыз ететін кешендік қызмет көрсету

172

Жатақхана

ұйымдық түрде орналасу жайы, кейбір жағдайда

туристерді орналастыруға қолданьшады

173

Жеке туризм

жеке сипаттағы (шартты түрде, жоғары баға

бойынша) қызметтермен байланысты бір немесе бірнеше адамдардың

саяхаты

174

Жүйе

өзара тығыз байланысты элементтердің реттелген

жиынтығы

175

Жүк нормасы

тегін өткізу үшін бір жолаушыға рұқсат ететін

жүктің максималды салмағы. Тегін өткізілетін жүктің нормасы қызмет

көрсету сыныбына қатысты өзғереді

176

Кемпинг

авто-, мото-, велотуристерге арналған қала сыртындағы

жазғы лагерь. Жазғы үйшіктермен, палаткалармен, жеке тамақ дайындау

үшін асханаларменжабдықталады; қызмет көрсету деңгейлері жөнінен

кемпингтерде автомобильдерді техникалық қарау, қызмет көрсету мен

жуу қызметтері көрсетілуі мүмкін.

177

Туризм менеджері

басқару қызметін жүзеге асыратын туристік

үйымның мүшесі

178

Туристік тактика

белгілі мақсаттардағы нақгы шарттарға жетудің

нақгы тәсілдері мен шаралары

1) Туризмнің даму процесінде оның көптеген түсінігі пайда болды, маңыздылығын айқындау кезінде ерекше орын алатын критерийлері:

B) Орын ауыстыру 

D) Басқа жерде болу

F) Болатын орын көзінен еңбекақы төлеу

2) Туризмның анықтамасы

B)  туристік ұйымдастырушылар мен делдалдар қызметін қамтитын және оларды басқаратын экономика саласы

C) байланыстар мен құбылыстар, еріп барушылар және адамдардың тұрғылықты жері болып табылмайтын орындарда немесе ұзақ уақыт тұрмайтын орындары және олардың еңбек қызметімен байланысты емес жиынтық қарым-қатынастар

E) саяхаттайттаушылардың және келушілердің әдеттегі ортасынан тыс жерге

3) Туризмнің негізгі түрлеріне жатады:

A)  іскерлік туризм

B) ұйымдастырылмағантуризм

E) танымдық туризм

4) Қажеттілігіне қарай туристерді мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады:

D) белсенділігіне  байланысты

E) өмір стиліне байланысты

G) қалауына байланысты

5) Өмір стиліне байланысты туристер тобына жатқызады

C) Әуесқой ляззаттанушылар

E) Тенденциозды, отбасылық

H) Тек қана демалатын туристер

6) ЮНВТО жіктеуі бойынша туризмнің түрлеріне жатады

A) ішкі

C) көшпелі

E) кіру

7) Тенденциоздық туристер үшін, демалыс — бұл жеке тұлға ретінде өздерінің бойындағы мүмкіндікті табу. Олар қайда бірігуді көздейді?

A) табиғатта

B) психологиялық жеңілдікте

C) тыныштықта

8) Туризмнің басқару жүйесіне туризмнің қай түрлері жатады?

D) Демалу мақсатындағы туризм, қоғамдық туризм

E) Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм, спорттық туризм

F) Экономикалық туризм, саяси туризм

9) Тиімді менеджмент үшін өндіретін туризм саласына жататын ұйымдастылған буындардың барлық туристік қызметтерінің бірлестігі қажет. Олар:

D) туристік аймақтар

F) туристік кәсіпорын

H) туристік ұйым

10) Туристік супраструктураға жатады:

A) Тұру орны

C) Тамақтану кәсіпорыны

E) Қонақ үй кәсіпорныны

11) Тар мамандандырылған туристік топ орындарына жатады:

B) тарихи орындар

C) дін (қажылық) орындары

D) ойын-сауық орталықтары

12) Кең мамандандырылған туристік топ орындарына жатады:

A) білім беру орталықтары

B) өнеркәсіптік-әкімшілік орталықтары

C) көлік орталықтары

13) Туристік аймақтарға жатады:

C) әлемдік маңызы бар

E) Көне құрылыстары бар кішігірім елді-мекен

G) Туристердің назарын тартатын кішігірім елді мекен

14) Классикалық туризм менеджментінде даму кезеңдері бөлінеді:

A) Алдын-ала фазасы — он тоғызыншы ғасырға дейін; бастапқы фаза — 1800 — 1917 жж.

B) Орталықтандырылған туризмнің ұйымдық құрылымының ыдырау фазасы және түрлі жеке меншік туристік кәсіпорындардың құрылуы— 1990-ші жыл мен қазіргі уақытқа дейін

D) Даму және көтерілу фазасы — 1917 — 1990 жж.

15) 20-шы жылдарында Наркомпросте жақын және алыс экскурсия бөлімдері құрыла бастады. Туризмдегі зерттеумен басқару қағидалары мен әдістерімен айналысты:

C) мектептен тыс жұмыс әдістері Мәскеу институты

D) МГУ экскурсиялық істің Кафедрасы

E) Главполитпросветтің экскурсиялық секциясы