Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

15. Салықтық бақылау: функциялары және міндеттері

Салықтық бақылау - ҚР салык заңнамасының орындалуын бақылау салық қызметі органдарына жүктелген, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуына салық қызметі органдары жүзеге асыратын мемлекеттік бақылау. Салық бақылауы тек салық заңнамасының орындалуын, МЗЖ-на уақытылы және толық аударылуын ғана тексеріп қоймайды, сонымен қатар, басқа да міндетті төлемдердің дұрыс және толық төленуін, ҚР заңдамасындағы бұзылушылықтарды жоюды бақылап қадағалап отырады. Салық бақылауының міндеті мен тапсырмалары әр түрлі болады. Соның ішінде негізгі мақсаты - мемлекеттің кіріс бөліміне табысты енгізу, ҚР заңдамасының бұзылушылықтарын жою, салықты төлемеуді болдырмау.

Салықтық бақылау келесідей нысандарда жүргізіледі:

  1. салықтық тексеру нысанында;

  2. мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында;

  3. салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;

  4. бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;

  5. акцизделетін тауарларга бақылау;

  6. трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;

  7. мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау одан әрі пайдалану жэне өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;

  8. салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;

  9. салықтық нысандарды қабылдау;

  10. камералдық бақылау;

  11. ірі салық төлеушілердің мониторингі;

  12. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік жэне жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау.

Көптеген негіздер бойынша салық бақылауы келесі классификациялауға болады:

Жүзеге асырылу нысаны (формасы) б/ша:

- непосредственный (тікелей)

- опосредованный (жанама)

Тікелей салық бақылауы ол салық объектінің өзінде, тексеруші салық есептілігіне қатысты бастапқы құжаттарды тексеру мен талдаумен мінезделеді. Опосредованный (жанама) салық бақылауы ол салық субъектісі мен салық объектісі тікелей контактқа (жанасу) түспей жанама түрде мінездемеледі және тексерушілер тек салық органдарына тапсырылған салық есептілігімен жұмыс істейді.

Жүзеге асырылу уақыты бойынша:

  1. болжамды (предварительный)

  2. ағымдағы (текущий)

  3. жалғасы (последующий).

Салық бақылауының ішкі және сыртқы мінездемесі бар:

Ішкі бақылау - ұйымның ішкі жүйесінде бақылаудың субъектісі мен объектісі бір түйін болып табылса. Сыртқы бақылау - ол бір-бірімен бағынышты емес субъектілер арасындағы қатынас.

16. Жеке табыс салығы: экономикалық мазмұны, құрылу принциптері мен қызметтерінің механизмі

Салық салу объектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып табылады.

Жеке тұлғалар бүл:

  1. ҚР азаматтары;

  2. шет мемлекеттердің азаматтары;

  3. азаматтығы жок түлғалар.

Жеке табыс салыгын төлеушілер болып табылмайды:

  1. ойын бизнесіне салықты төлеушілер, казино, ойын автоматтары залы, то- ілнзаторлар, букмекерлік конторалар, ойын жолдары, бильярд, картинг секілді измет түрлерін жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша тіркелген салык төлеушілері;

  2. шаруа немссе фермер кожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түсетін табыстар бойынша.

Салық салу объектілері

  • төлем көзінен салық салынатын табыстар;

  • төлем козінен салық салынбайтын табыстар.

Салықтық база = ССТ = ЖТ - шегерімдер;

ССТ— салық салынатын табыс;

ЖТ - жиынтык табыс.

Жеке табыс салыгыныц ставкалары:

  1. 10%-негізгі;

  2. 5% - ҚР және одан тыс жерлерде алынған дивидендтер түріндегі табыстарға.

Жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі

Қызметкердің табысы бойынша жеке табыс салығының сомасы ставкаларды қолдану арқылы есептеледі. Жеке табыс салығын есептеу мен төлеу ай сайын жүргізіледі.

Төлем козінен салық салынатын жеке табыс салығын есептеу жэне төлеу салықтық агенттермен табысты төлеу күнінен кешіктірілмей төленуі тиіс.

Жеке табыс салығын төлеу:

  • төлем көзінен салық салынатын төленген табыстар бойынша салык агенттерімен - төлем орны бойынша келесі айдың 25 жұлдызына дейін.

Жеңілдетілген деклараңия негізінде арнайы салық режимдерін пайдаланушы шағын бизнес субъектілері үшін салық агенттерімен жеке табыс салығын төлеу мерзімдері арнайы салық режимі шеңберінде бекітілген.

  • Резидент салық төлеушілер салық кезеңінің қорытындысы мен орналасу орны бойынша деклараңияны өткізу күнінен 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей.

Патент немесе жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салык режимін қолданушы жеке кэсіпкерлер көрсетілген арнайы салық режимдері шеңберінде жеке табыс салығын төлеуге жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]