- •Салықтар қоғамдық категория ретінде. Салықтардың мәні. Салықтардың функциялары.
- •Арнаулы салық режимі: салалық бөлінуі түрлері, қолданылу шарттары.
- •Әлеуметтік салық: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі мен мерзімі
- •4. Ққс экономикалық мазмұны мен фукциялары
- •5. Салық салудың негізгі қағидалары мен олардың сипаттамасы
- •6. Көлік салығы: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі және мерзімі
- •2) Жүк көтергіш автокөліктер
- •7. Мүлік салығының экономикалық табиғаты мен мәні
- •8. Жер салығы: төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық кезеңі
- •9. Бюджетке төленуге тиісті ққс соммасын есептеу механизімі
- •10. Корпоративтік табыс салығы: экономикалық мазмұны, функциялары және құрылу механизмі
- •11. Ойын бизнес салығы: салық салу объектілері, салық ставкалары, салықты төлеу тәртбі және мерзімі
- •12. Жылдық жиынтық табыс түсінігі. Табыс түрлері
- •13. Акциздердің функциясы және олардың сипаттамасы
- •14. Инвестициялық салық преференциялары
- •15. Салықтық бақылау: функциялары және міндеттері
- •16. Жеке табыс салығы: экономикалық мазмұны, құрылу принциптері мен қызметтерінің механизмі
- •17. Камералдық бақылау кезеңдері
- •18. Салықтық бақылау түрлері
- •19. Салық саясаты: типтері, мақсаты және міндеттері
- •20. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •21. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы негізіндегі арнаулы салық режимі.
- •22. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •23. Қр бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыруда салықтардың және басқадай міндетті төлемдердің рөлі.
- •24. Салық салу мақсатында табыстар мен шығындарды түзету
- •Ктс бойынша аванстық төлем сомаларын есептеу және төлеу тәртібі
- •26. Салықтық бақылауды ұйымдаструдың әдістері мен түрлері
- •27. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі.
- •28. Ққс төлеушілер: салық есебіне тұрғызу және шығару тәртібі.
- •29. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы
- •30. Алымдар, төлемақылар, баждар және аударымдардың экономикалық мазмұны
- •31. Тіркелген салық: мәні, құрылу ерекшеліктері және әрекет ету салалары
- •33. Рента салығының экономикалық мазмұны және тағайындалуы
- •34. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың табыстарына салық салу ерекшеліктері
13. Акциздердің функциясы және олардың сипаттамасы
Акциздің төлеушілері болып жеке жэне заңды түлғалар, сонымен бірге мынадай бейрезидент занды тулғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері танылады:
Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетін тауар өндіретін;
Қазақстан Республикасының кеден аумағына акңизделетін тауарларды импорттайтын;
Қазақстан Республикасы аумағында бензиннің көтерме жэне бөлшек саудасымен айналысатындар (авиациялықтан басқа);
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кеден бажына, акциздік онімге салынатын салықты алдын ала төлемеген жағдайда жэне иесіз тауарды тәркілеген жағдайда. Ондай тауарлар, мысалы, бензин, дизель отыны, жеңіл автокөліктер, шикі мұнай жэне газды конденсат болуы мүмкін;
Қазақстан Республикасы салық заңнамасына сәйкес осыған дейін салык төленбесе, онда конкурстық негізде акңизделетін тауарлардың өткізілуін жүзеге асыру.
Акцизделетін тауарларға жататындар:
спирттің барлық түрлері;
алкогольді өнім;
сыра, этил спиртінің көлеміне қарай;
темекі өнімдері;
бензин (авиаңиялықтан басқа), дизель отыны;
жеңіл автокөліктер (басқа автокөліктердің қолмен басқару немесе қолмен басқарудың адаптерімен, мүгедектерге эдейі арналған);
дымқыл мүнай, газды конденсат.
Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi және тауар құнына процентпен (адвалорлық) және (немесе) заттай нысандағы өлшем бiрлiгiне абсолюттiк сомада (тұрлаулы) белгiленедi.
Тұрлаулы акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезiнде салық базасы импортталатын акцизделетiн тауарлардың заттай түрдегi көлемi ретiнде белгiленедi.
Адвалорлық акциз ставкалары белгiленген акцизделетiн тауарларды импорттау кезiнде салық салынатын база импортталатын акцизделетiн тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын кедендiк құны ретiнде анықталады.
14. Инвестициялық салық преференциялары
Корпоративтік табыс салығын есептеу барысында салық төлеуші инвестициялық жобалар жасау туралы келісім жасамастан, инвестициялық салық преференцияларын дербес қолдануға құқылы.
Преференция объектілері - Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін және табыс табу мақсатында кемінде үш жылдан аз емес мерзім аралығында қолданылатын өндірістік мақсаттағы ғимараттар жэне құрылыстар, машиналар мен жабдыктар.
Прсференцияларды колданудың мынадай:
объект пайдалануға берілгеннен кейінгі;
объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісі бойынша жүзеге асырыылады.
Төмендегі салық толсушілср инвестициялық салық преференцияларын қолдана алмайды:
арнайы экономикалық аймақта тіркелгендер;
акцизделетін өнім өндірісін жүзеге асыратындар, әсіресе спирт, алкогольдік жімдер, қүрамында 0,5% этил спирті бар сыра, темекі өнімдері;
арнайы салық режимін қолданушы, ауыл шаруашылығындағы заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері.
Жер қойнауын пайдалану келісімшарты негізінде тікелей немесе жанама түрде қолданылатын ғимараттар мен өндірістік мақсаттағы құрылғыларға қатысты инвестициялық салық жеңілдіктерінің ерекше ережелері қолданылады.
Жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге катқызылуы тиіс.
Преференцияларды қолдану мақсаты үшін негізгі құралды реконструкциялау, жаңғырту - келесі шығыстардың бір түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:
негізгі қүралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңалау;
негізгі қүралдың қызмет ету мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту;
- реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін осы негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда жақсаруы болып табылады.
