- •Салықтар қоғамдық категория ретінде. Салықтардың мәні. Салықтардың функциялары.
- •Арнаулы салық режимі: салалық бөлінуі түрлері, қолданылу шарттары.
- •Әлеуметтік салық: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі мен мерзімі
- •4. Ққс экономикалық мазмұны мен фукциялары
- •5. Салық салудың негізгі қағидалары мен олардың сипаттамасы
- •6. Көлік салығы: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі және мерзімі
- •2) Жүк көтергіш автокөліктер
- •7. Мүлік салығының экономикалық табиғаты мен мәні
- •8. Жер салығы: төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық кезеңі
- •9. Бюджетке төленуге тиісті ққс соммасын есептеу механизімі
- •10. Корпоративтік табыс салығы: экономикалық мазмұны, функциялары және құрылу механизмі
- •11. Ойын бизнес салығы: салық салу объектілері, салық ставкалары, салықты төлеу тәртбі және мерзімі
- •12. Жылдық жиынтық табыс түсінігі. Табыс түрлері
- •13. Акциздердің функциясы және олардың сипаттамасы
- •14. Инвестициялық салық преференциялары
- •15. Салықтық бақылау: функциялары және міндеттері
- •16. Жеке табыс салығы: экономикалық мазмұны, құрылу принциптері мен қызметтерінің механизмі
- •17. Камералдық бақылау кезеңдері
- •18. Салықтық бақылау түрлері
- •19. Салық саясаты: типтері, мақсаты және міндеттері
- •20. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •21. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы негізіндегі арнаулы салық режимі.
- •22. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •23. Қр бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыруда салықтардың және басқадай міндетті төлемдердің рөлі.
- •24. Салық салу мақсатында табыстар мен шығындарды түзету
- •Ктс бойынша аванстық төлем сомаларын есептеу және төлеу тәртібі
- •26. Салықтық бақылауды ұйымдаструдың әдістері мен түрлері
- •27. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі.
- •28. Ққс төлеушілер: салық есебіне тұрғызу және шығару тәртібі.
- •29. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы
- •30. Алымдар, төлемақылар, баждар және аударымдардың экономикалық мазмұны
- •31. Тіркелген салық: мәні, құрылу ерекшеліктері және әрекет ету салалары
- •33. Рента салығының экономикалық мазмұны және тағайындалуы
- •34. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың табыстарына салық салу ерекшеліктері
11. Ойын бизнес салығы: салық салу объектілері, салық ставкалары, салықты төлеу тәртбі және мерзімі
Ойын бизнес салығының төлеушісі қызмет көрсететін жеке кәсіпкерлік жэне заңды түлғалар болып есептеледі:
казино;
ойын автоматтары залы;
тотализатор;
букмекерлік кеңсе.
Ойын бизнесі саласында қызмет корсететін ойын бизнес салығының объектісі болып танылады:
ойын үстелі;
ойын автоматы;
тотализатор кассасы;
тотализатор электрондық кассасы;
букмекерлік кеңсенің кассасы;
букмекерлік электрондық касса.
Ойын бизнес салығының ставкасы
Ойын бизнесіне салынатын салық әрбір салық объектісіне салық ставкасын қолдану арқылы есептеледі. Салық салынатын объект әр айдың 15-не дейін қолдануға берілсе, ойын бизнесіне салық бекітілген ставка бойынша, ал 15-нен кейін бекітілген ставкадан 1/2 мөлшерінде саналады. Салық объектісі әр айдың 15- не дейін есептен шыққан жағдайда, салык белгіленген ставкадан 1/2 мөлшерде, 15-нен кейін белгіленген ставка мөлшерінде есептеледі.
Салық төлеуші нысандардың тіркелген орны бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірмей ойын бизнесінің салығын төлеу керек. Ойын бизнесі бойынша салық кезеңі - күнтізбелік тоқсан.
12. Жылдық жиынтық табыс түсінігі. Табыс түрлері
Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы осы тұлғаның Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерде салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады.
ҚР-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы Қазақстан Республикасында салық кезеңінің ішінде алуына жататын (алынған) табыстарынан тұрады. Жылдық жиынтық табысқа енгізілетін табыстар
1. Жылдық жиынтық табысқа салық төлеуші табыстарының барлық түрлері: 1) өткізуден түсетін табыс; 2) құн өсімінен түсетін табыс; 3) туынды қаржы құралдары бойынша табыс; 4) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетін табыс; 5) күмәнді міндеттемелер бойынша табыс; 6) банктердің және лицензия негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құрылған провизияларының (резервтерінің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыс;
сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары құрған сақтандыру резервтерін азайтудан түсетін табыс; 8) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс; 9) кәсіпкерлік қызметті шектеуге немесе тоқтатуға келісім бергені үшін алған табыс; 10) тіркелген активтердің шығып қалуынан түсетін табыс; 11) табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге және өндіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстарды, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстарын түзетуден түсетін табыс; 12) кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуінен түсетін табыс; 13) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс; 14) егер бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа, танылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа санкция түрлері; 15) бұрын жүргізілген шегерімдер бойынша алынған өтемақылар; 16) өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс; 17) дивидендтер; 18) депозит, борыштық бағалы қағаз, вексель бойынша сыйақылар, ислам жалдау сертификаты; 19) оң бағамдық айырма сомасының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған теріс бағамдық айырма сомасынан асып кетуі; 20) ұтыстар; 21) әлеуметтік сала объектілерін пайдалану кезінде алынған табыс; 22) кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан түсетін табыс; 22-1) ислам банкінде орналастырылған инвестициялық депозит бойынша табыс; 23) сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы алатын (алынуға жататын), мүлікті сенімгерлікпен басқарудан түсетін таза табыс; 24) басқа да табыстар енгізіледі.
