Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

9. Бюджетке төленуге тиісті ққс соммасын есептеу механизімі

ҚҚС сомасын есептеу формуласы:

Тізбелеу = СА х 12 %: 100 %

мүндағы: СА - салық салынатын айналым.

Алу = СА*12 % : 112%

Салық салынатын айналым мөлшері = құн х 100% : 112%

Мысалы. Шаштараз 120000 теңгеге кызмет көрсетті (ҚҚС-сыз баға), 76000 теңгеге бояу, химия заттарын, құрал-жабдықтар сатып алды (ҚҚС-сыз баға).

Бюджетке төленетін ҚҚС сомасын анықтау қажет.

Шешуі:

Акшалай кіріс ҚҚС сомасы = 120000 х 12 % = 14400 теңге

Шикізат және материалдағы ҚҚС сомасы = 76000 * 12 %: 112 % = 8142 тенге

Бюджетке төленетін ҚҚС сомасы = 14400 - 8142 = 4487 теңге.

ҚҚС бойынша салық кезеңі болып күнтізбелік тоқсан саналады.

ҚҚС декларациясы есеп мерзімінен кейінгі екінші айдың 15-не дейін өткізіледі

10. Корпоративтік табыс салығы: экономикалық мазмұны, функциялары және құрылу механизмі

Төлеушiлер

1. Корпоративтік табыс салығын төлеушiлерге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе Қазақстан Республикасындағы көздерден табыс алатын резидент емес заңды тұлғалар жатады.

Салық салу объектiлерi

1) салық салынатын табыс;

2) төлем көзiнен салық салынатын табыс;

3) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялық табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады.

Салық салынатын табыс

Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен сәйкес жасалған түзетулердi ескере отырып көзделген шегерiмдер арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

Жылдық жиынтық табыс

Резидент заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы салық кезеңi iшiнде Қазақстан Республикасы мен одан тыс жерлерден алынуға тиiс (алынған) табыстардан тұрады.

Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның жылдық жиынтық табысы Қазақстан Республикасында салық кезеңi iшiнде алынуға жататын табыстардан тұрады

Мыналар салық салу мақсатына орай табыс ретінде қарастырылмайды:

  1. жарғылық капиталға салым ретінде алынған мүліктің қүны;

  2. эмитент өзі шығарған акңияларды орналастырудан алған ақша сомасы;

  3. мүлікті өтеусіз негізде беретін салық төлеуші үшін өтеусіз берілген мүліктің күны. Өтеусіз орындалған жүмыстардың, көрсетілген қызметтердің күны осын- дай жүмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге байланысты шеккен шығыстар мөлшерінде айқындалады;

  4. Салық кодексінде көзделген жағдайларда салық міндеттемесінің мөлшерін азайту сомасы;

  5. басқа түлғадан алынуға жататыннан (алынғаннан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына жэне Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес, бухгалтерлік есепте табыс деп танылатын активтердің және міндеттемелердің құнын озгертуге байланысты туындайтын табыс.

Корпоративтіктабыс салығын есептеу алгоритмі

  1. Ең алдымен жылдык жиынтық табысты (ЖЖТ) анықтаймыз.

  2. Жылдық жиынтық табысқа түзету = ЖЖТ - түзету.

  3. Шегерімді анықтаймыз.

  4. Бірінші салық салынатын табыс (ССТ) = ЖЖТ - шегерімдер.

  5. Залалдарды ауыстырамыз: ССТ 2 = ССТ 1 - залал сомасы.

  6. ССТ 3 түзету = ССТ - түзету, бірақ ССТ 1 мөлшерінің 3%-дан артық болмауы керек.

  7. Корпоративтік табыс салығының сомасы = ССТ 1 немесе ССТ 2 не болмаса ССТ 3x20% немесе 10%.

  8. Қайта есептеу жүргіземіз = Корпоративтік табыс салығы сомасы — аванстық төлемдер.

Салық салынатын табыс жылдық жиынтық табыс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде айқындалады.

ССТ = ЖЖТ - шегерімдер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]