- •Салықтар қоғамдық категория ретінде. Салықтардың мәні. Салықтардың функциялары.
- •Арнаулы салық режимі: салалық бөлінуі түрлері, қолданылу шарттары.
- •Әлеуметтік салық: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі мен мерзімі
- •4. Ққс экономикалық мазмұны мен фукциялары
- •5. Салық салудың негізгі қағидалары мен олардың сипаттамасы
- •6. Көлік салығы: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі және мерзімі
- •2) Жүк көтергіш автокөліктер
- •7. Мүлік салығының экономикалық табиғаты мен мәні
- •8. Жер салығы: төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық кезеңі
- •9. Бюджетке төленуге тиісті ққс соммасын есептеу механизімі
- •10. Корпоративтік табыс салығы: экономикалық мазмұны, функциялары және құрылу механизмі
- •11. Ойын бизнес салығы: салық салу объектілері, салық ставкалары, салықты төлеу тәртбі және мерзімі
- •12. Жылдық жиынтық табыс түсінігі. Табыс түрлері
- •13. Акциздердің функциясы және олардың сипаттамасы
- •14. Инвестициялық салық преференциялары
- •15. Салықтық бақылау: функциялары және міндеттері
- •16. Жеке табыс салығы: экономикалық мазмұны, құрылу принциптері мен қызметтерінің механизмі
- •17. Камералдық бақылау кезеңдері
- •18. Салықтық бақылау түрлері
- •19. Салық саясаты: типтері, мақсаты және міндеттері
- •20. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •21. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы негізіндегі арнаулы салық режимі.
- •22. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •23. Қр бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыруда салықтардың және басқадай міндетті төлемдердің рөлі.
- •24. Салық салу мақсатында табыстар мен шығындарды түзету
- •Ктс бойынша аванстық төлем сомаларын есептеу және төлеу тәртібі
- •26. Салықтық бақылауды ұйымдаструдың әдістері мен түрлері
- •27. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі.
- •28. Ққс төлеушілер: салық есебіне тұрғызу және шығару тәртібі.
- •29. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы
- •30. Алымдар, төлемақылар, баждар және аударымдардың экономикалық мазмұны
- •31. Тіркелген салық: мәні, құрылу ерекшеліктері және әрекет ету салалары
- •33. Рента салығының экономикалық мазмұны және тағайындалуы
- •34. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың табыстарына салық салу ерекшеліктері
2) Жүк көтергіш автокөліктер
3) өздігінен жүретін машиналар мен пневматикалықжүрістегі механизмдер, шынжыр табанды машиналар мен механизмдерді қоепағанда. Салық ставкасы - 3 айлық есептік корсеткіш.
4) автобустар
р.н. |
Отыратын орын саны |
Салық ставкасы (айлык есептік көрссткіш ) |
1. |
отыратын 12 орынға дейін коса алғанда |
9 |
2. |
отыратын 12-ден жоғары 25 орынды коса алғанда |
14 |
3. |
отыратын 25 орыннан жоғары |
20 |
5) мотоциклдер және мотороллерлер
р.н. |
Қозғалтқышының қуаттылығына байланысты |
Салық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1. |
55 кВт-қа дейін қоса алғанда |
1 |
2. |
55 кВт-тан асатын |
10 |
7. Мүлік салығының экономикалық табиғаты мен мәні
ҚР салық салу объектiсi бар жеке тұлғалар жеке тұлғалардың мүлiк салығын төлеушiлер болып табылады.
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану күнінен бастап мүлік салығын салу объектісі болып табылады.
Салық базасы
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек. өзг.
Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган осындай тіркелген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:
Қ = Қ б x S x К функц х К айм. Осы тармақтың мақсаты үшін: Қ - салық салу мақсаты үшін мүлік құны, Қ б – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны, S – тұрғын жайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы, К физ - физикалық тозу коэффициенті, К функц - функционалдық тозу коэффициенті, К айм – аймаққа бөлу коэффициенті, К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.
Салық кезеңi
Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу үшiн 1 қаңтар – 31 желтоқсан аралығындағы күнтізбелік жыл салық кезеңi болып табылады.
8. Жер салығы: төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық кезеңі
Қазақстан Республикасы Жер кодексіне сәйкес, Қазақстан Республикасында жерді пайдалану ақылы. Жер салығы ҚР Салық кодексіне сәйкес төленеді.
Жер салығы 1992 жылы енгізілген. Оның мақсаты - жерді тиімді пайдаланудың экономикалық әдістерімен жабдықтау жэне топырақтың құнарлылығын көтеру, оны қорғау, әртүрлі шараларды жүзеге асыру, сондай-ақ әлеуметтік мәдениеттің дамуы үшін бюджет кірістерін қалыптастыру.
.
Салық салу мақсатында барлық жерлер козделген мақсат бойынша мынадай санаттарға:
ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
елді мекен жерлеріне;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жэне өзге де ауылшаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (өнеркәсіп жерлері);
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық жэне тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге
орман қорының жерлеріне;
су қорының жерлеріне;
босалқы жерлерге тиесілігіне қарай қарастырылады.
Жер салығы бастапқы 3 категорня бойынша алынады, бірақ орман қорының жерлерін ауылшаруашылығы мақсатында қолданса, онда салық ауылшаруа- шылығы мақсатындағы жерлердің негізгі ставкасы бойынша, егер су қорының жерлері өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылса, онда салық өнеркәсіптік жерлердің негізгі ставкасы бойынша, егер онеркәсіптік жерлерді ауылшаруашылығы мақсатында қолданса, онда салық ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің негізгі ставкасы бойынша салынады.
Жер салығын төлеушілер
Жер салыгын есептеуге мыналар негіз болып танылады:
жер меншігіне кұқық, жерді пайдалану меншігіне құқық, жерді гұракты пайдалану меншігіне құқық жэне т.б. кұжаттар;
әр жылдың 1 қаңтарында Жер ресурстарын басқару комитетіне ұсынылатын мемлекеттік сандық жер есебінің мэліметтері;
ҚР Салық кодексі.
Сөйтіп жер салығын төлеушілерге келесідей салық салу объектісі бар заңды жэне жеке тұлғалар кіреді:
жеке меншік құқығындағы;
тұрақты жер пайдалану құкығындағы;
бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану кұқығындағы.
Жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады. Салық базасы жер салығын айқындау үшін жер учаскесінің алаңы.
Есепті кезең - ағымдағы жыл.
Жеке түлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеуді салык органдары тиісіі салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктір.мв жүргізеді. Ал салық төлеушілер 1 қазанға дейін төлеуге міндетті.
