- •Салықтар қоғамдық категория ретінде. Салықтардың мәні. Салықтардың функциялары.
- •Арнаулы салық режимі: салалық бөлінуі түрлері, қолданылу шарттары.
- •Әлеуметтік салық: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі мен мерзімі
- •4. Ққс экономикалық мазмұны мен фукциялары
- •5. Салық салудың негізгі қағидалары мен олардың сипаттамасы
- •6. Көлік салығы: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі және мерзімі
- •2) Жүк көтергіш автокөліктер
- •7. Мүлік салығының экономикалық табиғаты мен мәні
- •8. Жер салығы: төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық кезеңі
- •9. Бюджетке төленуге тиісті ққс соммасын есептеу механизімі
- •10. Корпоративтік табыс салығы: экономикалық мазмұны, функциялары және құрылу механизмі
- •11. Ойын бизнес салығы: салық салу объектілері, салық ставкалары, салықты төлеу тәртбі және мерзімі
- •12. Жылдық жиынтық табыс түсінігі. Табыс түрлері
- •13. Акциздердің функциясы және олардың сипаттамасы
- •14. Инвестициялық салық преференциялары
- •15. Салықтық бақылау: функциялары және міндеттері
- •16. Жеке табыс салығы: экономикалық мазмұны, құрылу принциптері мен қызметтерінің механизмі
- •17. Камералдық бақылау кезеңдері
- •18. Салықтық бақылау түрлері
- •19. Салық саясаты: типтері, мақсаты және міндеттері
- •20. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •21. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы негізіндегі арнаулы салық режимі.
- •22. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •23. Қр бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыруда салықтардың және басқадай міндетті төлемдердің рөлі.
- •24. Салық салу мақсатында табыстар мен шығындарды түзету
- •Ктс бойынша аванстық төлем сомаларын есептеу және төлеу тәртібі
- •26. Салықтық бақылауды ұйымдаструдың әдістері мен түрлері
- •27. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі.
- •28. Ққс төлеушілер: салық есебіне тұрғызу және шығару тәртібі.
- •29. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы
- •30. Алымдар, төлемақылар, баждар және аударымдардың экономикалық мазмұны
- •31. Тіркелген салық: мәні, құрылу ерекшеліктері және әрекет ету салалары
- •33. Рента салығының экономикалық мазмұны және тағайындалуы
- •34. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың табыстарына салық салу ерекшеліктері
5. Салық салудың негізгі қағидалары мен олардың сипаттамасы
Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.
Салық салудың міндеттілігі принципі
Салық төлеуші - салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.
Салық салудың айқындылығы принципі
Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.
Салық салудың әділдігі принципі
1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.
2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.
Салық жүйесінің біртұтастығы принципі
Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.
Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принципі
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
6. Көлік салығы: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі және мерзімі
Көлік салыгын төлеушілер - меншік құқығында салық салу объектілері жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жұргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар. Олардың құрылымдык бөлімшелері көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тiркемелердi қоспағанда, көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.
Мыналар: 1) жүк көтергiштiгi 40 тонна және одан асатын карьерлiк автосамосвалдар; 2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары; 3) Қазақстан Республикасы халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері салық салу объектiлерi болып табылмайды.
Көлік қүралы салығын есептеу және төлеу тәртібі
Автокөлік түріне байланысты салықты есептеу гәртібіне тоқталайық
1) жеңіл автокөліктер
р.н. |
Жеңіл автокөлік қозғалтқышының көлемі (текше см) |
Салық ставкасы (Анлық есептік корсеткіш (АЕК)) |
Салық сомасының 7 теңгеғе көбеюі (2-тарау 367-бап) |
1. |
1100-ге дейін коса алғанда |
1,0 |
- |
2. |
1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда |
2,0 |
- |
3. |
1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда |
3,0 |
Қозғалтқыш көлемінің молше- рі, жоғары 1500*7 теңге |
4. |
2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда |
5,0 |
Қозғалтқыш көлемінің мол- шері, жоғары 1500x7 теңге |
5. |
2500-ден жоғары 3000-ды коса алғанда |
8,0 |
Қозғалтқыш көлемінің мөлше- рі, жоғары 1500x7 теңге |
6. |
3000-нан жоғары 4000-ды коса алғанда |
15,0 |
Қозғалтқыш көлемінің молше- рі, жоғары 1500x7 теңге |
7. |
4000-нан жоғары |
117,0 |
|
