- •Салықтар қоғамдық категория ретінде. Салықтардың мәні. Салықтардың функциялары.
- •Арнаулы салық режимі: салалық бөлінуі түрлері, қолданылу шарттары.
- •Әлеуметтік салық: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі мен мерзімі
- •4. Ққс экономикалық мазмұны мен фукциялары
- •5. Салық салудың негізгі қағидалары мен олардың сипаттамасы
- •6. Көлік салығы: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі және мерзімі
- •2) Жүк көтергіш автокөліктер
- •7. Мүлік салығының экономикалық табиғаты мен мәні
- •8. Жер салығы: төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық кезеңі
- •9. Бюджетке төленуге тиісті ққс соммасын есептеу механизімі
- •10. Корпоративтік табыс салығы: экономикалық мазмұны, функциялары және құрылу механизмі
- •11. Ойын бизнес салығы: салық салу объектілері, салық ставкалары, салықты төлеу тәртбі және мерзімі
- •12. Жылдық жиынтық табыс түсінігі. Табыс түрлері
- •13. Акциздердің функциясы және олардың сипаттамасы
- •14. Инвестициялық салық преференциялары
- •15. Салықтық бақылау: функциялары және міндеттері
- •16. Жеке табыс салығы: экономикалық мазмұны, құрылу принциптері мен қызметтерінің механизмі
- •17. Камералдық бақылау кезеңдері
- •18. Салықтық бақылау түрлері
- •19. Салық саясаты: типтері, мақсаты және міндеттері
- •20. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •21. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы негізіндегі арнаулы салық режимі.
- •22. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •23. Қр бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыруда салықтардың және басқадай міндетті төлемдердің рөлі.
- •24. Салық салу мақсатында табыстар мен шығындарды түзету
- •Ктс бойынша аванстық төлем сомаларын есептеу және төлеу тәртібі
- •26. Салықтық бақылауды ұйымдаструдың әдістері мен түрлері
- •27. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі.
- •28. Ққс төлеушілер: салық есебіне тұрғызу және шығару тәртібі.
- •29. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы
- •30. Алымдар, төлемақылар, баждар және аударымдардың экономикалық мазмұны
- •31. Тіркелген салық: мәні, құрылу ерекшеліктері және әрекет ету салалары
- •33. Рента салығының экономикалық мазмұны және тағайындалуы
- •34. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың табыстарына салық салу ерекшеліктері
Әлеуметтік салық: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі мен мерзімі
Төлеушiлер
1. Мыналар: 1) дара кәсiпкерлер; 2) жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар; 3) егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары; 4) Қазақстан Республикасында қызметiн тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар; 5) қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық шартқа сәйкес тұрақты мекеме құруға әкеп соқпайтын, филиал немесе өкілдік арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар әлеуметтiк салық төлеушiлер болып табылады. 2. Резидент заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін осындай құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне табыстар түрінде төленетін (төленуге жататын) жұмыс берушінің шығыстары бойынша әлеуметтік салық төлеуші деп тануға құқылы.
Салық салу объектісі:
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары мен кызметін түрақты мекеме арқылы жүргізетін Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғалары үшін:
- салық салу объектісі болып жұмыс берушінің қызметкеріне ақшалай және заттай берілетін шығыстары, сонымен қатар материалдық пайда түрінде алынған табыстар, жасалған келісімшарттар бойынша табыстар жатады;
Резидент емес қызметкерлердің салық салу объектісі:
Жұмыс берушінің резидент немесе резидент емес тұлғамен жасасқан Казақстан Республикасындағы еңбек келісімшарты бойынша табыстар;
Басқару органының мүшелері мен резидент тарапына жүктелген міндеттердің орындалуына байланысты берілген жетекшінің гонорарлары немесе өзге төлемдері;
Жұмыс берушінің резидент емес жеке тұлғаға Қазақстан Республикасында тұруына байланысты үстеме төлемақылары.
4. Ққс экономикалық мазмұны мен фукциялары
ҚҚС экономикалық мазмұны мен функциялары
ҚҚС экономикалық мазмұны
Қосылған құнға салынатын салық, салық жүйесіндегі негізгі жанама салықтар қатарына жатады. Жанама салықтар немесе тұтынуға салынатын салықтар, өнімнің қызметтің бағасына қосылатындықтан бұл салықты төлейтін төлеуші мен салық ауыртпалыған көтеруші екеуі бір емес. Салық ауыртпалығын тауарды, қызметті тұтынушы көтереді.
Салық төлеушiлер:
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған немесе тұруға міндетті тұлғалар болып табылады. Мынадай тұлғалар:
Кез-келген (он екi айлық кезеңнен аспайтын) кезең аяқталған күннен бастап қорытындысы бойынша тауарларды өткiзу бойынша айналымның мөлшерi өткiзу бойынша белгiленген айналымы 15000 айлық есептік көрсеткіштен асатын болса асатын болса, тұлға күнтiзбелiк он бес күннен кешiктiрмей қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына өтiнiш беруге мiндеттi.
Салық салу объектiлерi
1) салық салынатын айналым;
2) салық салынатын импорт қосылған құн салығын салу объектiлерi болып табылады
Салық төлеушілер:
Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы бойынша есепке тұрған мынадай тұлғалар:
жеке кәсiпкерлер;
мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, заңды тұлғалар;
қызметiн Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер;
заңды тұлғаның қосылған құн салығын дербес төлеушiлер ретiнде танылған құрылымдық бөлiмшелерi қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылады.
Қосылған құн салығының ставкалары
Қосылған құн салығының ставкасы 12 процентке тең болады және салық салынатын айналым мөлшерiне қолданылады.
Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
Экспортқа тауарлар өткiзу жөнiндегi айналымға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
