- •Салықтар қоғамдық категория ретінде. Салықтардың мәні. Салықтардың функциялары.
- •Арнаулы салық режимі: салалық бөлінуі түрлері, қолданылу шарттары.
- •Әлеуметтік салық: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі мен мерзімі
- •4. Ққс экономикалық мазмұны мен фукциялары
- •5. Салық салудың негізгі қағидалары мен олардың сипаттамасы
- •6. Көлік салығы: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі және мерзімі
- •2) Жүк көтергіш автокөліктер
- •7. Мүлік салығының экономикалық табиғаты мен мәні
- •8. Жер салығы: төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық кезеңі
- •9. Бюджетке төленуге тиісті ққс соммасын есептеу механизімі
- •10. Корпоративтік табыс салығы: экономикалық мазмұны, функциялары және құрылу механизмі
- •11. Ойын бизнес салығы: салық салу объектілері, салық ставкалары, салықты төлеу тәртбі және мерзімі
- •12. Жылдық жиынтық табыс түсінігі. Табыс түрлері
- •13. Акциздердің функциясы және олардың сипаттамасы
- •14. Инвестициялық салық преференциялары
- •15. Салықтық бақылау: функциялары және міндеттері
- •16. Жеке табыс салығы: экономикалық мазмұны, құрылу принциптері мен қызметтерінің механизмі
- •17. Камералдық бақылау кезеңдері
- •18. Салықтық бақылау түрлері
- •19. Салық саясаты: типтері, мақсаты және міндеттері
- •20. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •21. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы негізіндегі арнаулы салық режимі.
- •22. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •23. Қр бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыруда салықтардың және басқадай міндетті төлемдердің рөлі.
- •24. Салық салу мақсатында табыстар мен шығындарды түзету
- •Ктс бойынша аванстық төлем сомаларын есептеу және төлеу тәртібі
- •26. Салықтық бақылауды ұйымдаструдың әдістері мен түрлері
- •27. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі.
- •28. Ққс төлеушілер: салық есебіне тұрғызу және шығару тәртібі.
- •29. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы
- •30. Алымдар, төлемақылар, баждар және аударымдардың экономикалық мазмұны
- •31. Тіркелген салық: мәні, құрылу ерекшеліктері және әрекет ету салалары
- •33. Рента салығының экономикалық мазмұны және тағайындалуы
- •34. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың табыстарына салық салу ерекшеліктері
Арнаулы салық режимі: салалық бөлінуі түрлері, қолданылу шарттары.
Мыналарға:
1) шағын бизнес субъектiлерiне;
2) шаруа (фермер) қожалықтарына;
3) ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғаларға;
4) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiне қатысты арнаулы салық режимдерi көзделедi.
Арнаулы салық режимдері мынадай түрлерге бөлінеді:
1) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі мыналарды: -патент негізіндегі арнаулы салық режимін; - оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қамтиды; 2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;
3) ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимі.
Салық төлеуші осы бөлімде белгіленген жағдайларда және тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.
Арнаулы салық режимдерiн қолдану ерекшелiктерi
Қызметтер бойынша ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiрушi шаруа (фермер) қожалықтары мен заңды тұлғалар бюджетпен есеп айырысуды шағын бизнес субъектілерiне арналған арнаулы салық режимiнде жүзеге асыра алады.
Шағын бизнес субъектілеріне арналған арнаулы салық режимі
Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.
Бюджетпен есеп айырысуды патент негiзiнде жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн - күнтiзбелiк жыл, бюджетпен есеп айырысуды оңайлатылған декларация негiзiнде жүзеге асыратын шағын бизнес субъектiсi үшiн - тоқсан, салық кезеңi болып табылады.
Патент негiзiндегі арнаулы салық режимi
Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:
қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;
2) жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын;
3) салық кезеңіндегі шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.
Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi
Оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай шарттарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар: 1) дара кәсіпкерлер үшiн: - дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса; - салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 1400 еселенген мөлшерін құраса; 2) заңды тұлғалар үшiн: - қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса; - салық кезеңі үшін шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болған ең төменгі жалақының 2800 еселенген мөлшерін құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режімін қолданады.
Жартыжылдық салық кезеңі болып табылады.
