Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

33. Рента салығының экономикалық мазмұны және тағайындалуы

Өнiмдi бөлу туралы келiсiм-шарттар жасасқан жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, шикi мұнайды, газ конденсатын экспортқа өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығын төлеушiлер болып табылады.

Экспортқа өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын салу объектiсi болып табылады.

Экспортқа нақты өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының көлемi салық төлеушiнiң оларды тасымалдауға жұмсаған шығыстарын шегере отырып шикi мұнайдың, газ конденсатының сапасына төмендетiлген баға (үстеме баға) ескерiлген нарықтық бағасын негiзге алып есептелген экспортталатын шикi мұнайдың, газ конденсатының құны экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын есептеу базасы болып табылады.

Шикi мұнайды, газ конденсатын тасымалдауға арналған шығыстар деп осы баптың мақсаттары үшiн мыналар түсiнiледi:

а) шикi мұнайды, газ конденсатын темiр жол, магистральдық құбыр жолы және (немесе) теңiз жолдары арқылы тасымалдау кезiнде көлiк тарифiне ақы төлеу;

б) шикi мұнайды, газ конденсатын ағызу және құю жөнiндегi шығыстар;

в) шикi мұнайды, газ конденсатын жолда сақтандыру жөнiндегi шығыстар.

Өткiзiлетiн шикi мұнайдың, газ конденсатының нарықтық бағасын айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен төмен болса, шикi мұнай, газ конденсаты сапасына төмендетiлген баға ұсынылады. Егер салық төлеушiнiң шикi мұнайының, газ конденсатының сапа көрсеткiштерi магистральдық құбыр жолы арқылы тасымалданатын шикi мұнай, газ конденсаты қоспалары көрсеткiштерiнен жоғары болса, шикi мұнай сапасына үстеме баға ұсынылады. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына салынатын рента салығының ставкалары мен төлеу тәртібі

Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығын төлеу бойынша салық кезеңi күнтiзбелiк ай болып табылады.

Салық төлеушi бюджетке салықтың есептелген сомасын салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрмей төлеуге мiндеттi. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы бойынша декларация тiркеу орны бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 20-сынан кешiктiрiлмей берiледі.

Пайдалы қазбалар өндiрудi жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шарт жасалғанға дейін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдаланғаны үшiн республикалық бюджеттің кiрiсiне Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн мөлшерде роялти түрiнде аударымдар жасайды. Бұл ретте салық салу объектiлерi мен осы аударымдарды төлеу мерзiмдерiн айқындау осы Кодексте роялти төлеу үшiн белгiленген тәртiппен жүргiзіледi.

34. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың табыстарына салық салу ерекшеліктері

Қазақстан Республикасының азаматтары, шет мемлекеттердiң азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар табыс салығын төлеушi жеке тұлғаларға жатқызылады.  Табыс салығын салу мақсатымен салық төлеушi жеке тұлғалар резиденттерге және бейрезиденттерге бөлiнедi.  Резидент - Қазақстанда салық жылы басталатын немесе аяқталатын кезкелген тiзбектi 12 айлық кезеңде 183 күн немесе одан да көп күндер бойына Қазақстанда жүрген не шетелде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiнде жүрген жеке тұлға. Жеке тұлға өзiнiң келген жылының алдындағы жылы Қазақстанның резидентi болса ғана өзiнiң келген кезеңiнiң алдындағы кезең үшiн ғана резидент ретiнде қаралады. Жеке тұлға өзiнiң Қазақстанда болған жылы аяқталатын жылдан кейiнгi жылы резидент болса ғана ол Қазақстанда болған кезеңнен кейiнгi кезең үшiн резидент ретiнде қаралады. Резидент емес - осы Нұсқаулықтың 4-абзацына сәйкес резидент болып танылмайтын жеке адам.

Мысал. Шетел азаматы өзара шарт бойынша Қазақстан Республикасына 1994 жылы қарашада 2 жылғы жұмысқа келдi. 1995 жылдың 1 қарашасынан бастап, яғни оның республикада болған 12 айлық кезеңi оның резиденттiгiн анықтау үшiн негiзге алынады. Демек, 1994 жылдың 1 қарашасынан 2 мамырға дейiн (қараша - 30 күн - желтоқсан - 31 күн - қаңтар - 31 күн - ақпан - 28 күн наурыз 31 күн - сәуiр 30 күн - мамыр - 2 күн - 183 күн) бұл азаматқа бейрезиденттер үшiн белгiленген тәртiппен салық салынады. 3 мамырдан бастап ол резидент ретiнде қаралады және оған Қазақстандағы және одан сырт жердегi көздерден алынатын барлық табыстарына табыс салығы салынады. Салық жылы аяқталғаннан кейiн 1996 жылы 31 наурызға дейiн ол бiр жылғы жиынтық табысы туралы декларация бередi, сөйтiп 1995 жылдың басынан бастап салық қайта есептеледi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]