- •Салықтар қоғамдық категория ретінде. Салықтардың мәні. Салықтардың функциялары.
- •Арнаулы салық режимі: салалық бөлінуі түрлері, қолданылу шарттары.
- •Әлеуметтік салық: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі мен мерзімі
- •4. Ққс экономикалық мазмұны мен фукциялары
- •5. Салық салудың негізгі қағидалары мен олардың сипаттамасы
- •6. Көлік салығы: салық салу обьектісі, салық ставкалары, салықты төлеу тәртібі және мерзімі
- •2) Жүк көтергіш автокөліктер
- •7. Мүлік салығының экономикалық табиғаты мен мәні
- •8. Жер салығы: төлеушілер, салық салу обьектісі, салық базасы, салық кезеңі
- •9. Бюджетке төленуге тиісті ққс соммасын есептеу механизімі
- •10. Корпоративтік табыс салығы: экономикалық мазмұны, функциялары және құрылу механизмі
- •11. Ойын бизнес салығы: салық салу объектілері, салық ставкалары, салықты төлеу тәртбі және мерзімі
- •12. Жылдық жиынтық табыс түсінігі. Табыс түрлері
- •13. Акциздердің функциясы және олардың сипаттамасы
- •14. Инвестициялық салық преференциялары
- •15. Салықтық бақылау: функциялары және міндеттері
- •16. Жеке табыс салығы: экономикалық мазмұны, құрылу принциптері мен қызметтерінің механизмі
- •17. Камералдық бақылау кезеңдері
- •18. Салықтық бақылау түрлері
- •19. Салық саясаты: типтері, мақсаты және міндеттері
- •20. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтың экономикалық мазмұны
- •21. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы негізіндегі арнаулы салық режимі.
- •22. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі
- •23. Қр бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыруда салықтардың және басқадай міндетті төлемдердің рөлі.
- •24. Салық салу мақсатында табыстар мен шығындарды түзету
- •Ктс бойынша аванстық төлем сомаларын есептеу және төлеу тәртібі
- •26. Салықтық бақылауды ұйымдаструдың әдістері мен түрлері
- •27. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі.
- •28. Ққс төлеушілер: салық есебіне тұрғызу және шығару тәртібі.
- •29. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы
- •30. Алымдар, төлемақылар, баждар және аударымдардың экономикалық мазмұны
- •31. Тіркелген салық: мәні, құрылу ерекшеліктері және әрекет ету салалары
- •33. Рента салығының экономикалық мазмұны және тағайындалуы
- •34. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын шетел және азаматтығы жоқ азаматтардың табыстарына салық салу ерекшеліктері
27. Салық кезеңі, салық декларациясы және төлеу мерзімі.
Салық кезеңі деп салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Мемлекет салық салу кезеңіне байланысты төлеу мерзімін айқындайды: күн сайынғы, он күндік, тоқсандық, жылдық. Мемлекеттік қаржы ресурстарының қалыпты құрылуын қамтамасыз ету үшін ағымдағы (аванстық) төлемдер салық салу кезеңі ішінде бекітіледі. Салық салу кезеңінің соңында есептелген және ағымдағы төлемдер сомасын салыстыру арқылы салықтарды қайта есептеу жүргізіледі. Нәтижесінде екі жағдай туындауы мүмкін: бюджет алдындағы салық төлеушінің қарызын білдіретін берешек жэне артық төлеу аталатын мемлекеттің салық төлеушіге карызы. Салық заңнамасында салықтарды есептеу тәртібі, сондай-ақ салық төлеу барысындағы сабақтастығы бекітіледі.
Салықты есептеу тәртібі-салықты есептеудің 5 кезеңі бар: 1) салық салынатын объектіні есепке алу; 2) салық объектісінен салық базасын есептеу; 3) салық ставкасын қолдану; 4) салық жеңілдіктерін қолдану; 5) салық сомасын есептеу.
Салықты төлеу тәртібі- салық төлеушінің мем/ке салық төлемдерін төлеуде жүзеге асырылатын салық заңдылықтарына бекітілген ереже.
Салық төлеу көздері: табыс; қор ж/е жинақ; өндірістік капиталдың ақша бөлігі, айналым қаражаттары қорын қоса алғанда; қаражаттар, мүлікті өткізуден түскен, оның ішінде өндірістік капиталдың мүліктік бөлігі; қарыз қаражаттары.
28. Ққс төлеушілер: салық есебіне тұрғызу және шығару тәртібі.
Қосылған құн салығын төлеушілер заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жүзеге асыру жөнінде айналысы бар, тұрақты мекеме арқылы іс-әрекетін жүзеге асыратын резидент еместер болып табылады. Заңды тұлғалар мыналар: а) толық серіктестік; б) коммандиттік серіктестік; в) жауапкершілігі шектеулі серіктестік; г) қосымша жауапкершілікті серіктестік; д) акционерлік қоғамдар; е) еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестігі; - өнеркәсіптік кооперативтер; - мемлекеттік кәсіпорындар, бірлестіктер мен ұйымдар; - коммерциялық емес ұйымдар; - шетелдік кәсіпорын немесе бірлескен кәсіпорын нысанында құрылған шетел қатысатын кәсіпорын. Тұрақты мекемесі арқылы Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеушілер болып табылады. Заңды тұлға болып Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалар. 9-1. Қосылған құн салығын төлеушiлерге өз өндiрiсi тауарларын (жұмыстарын, қызмет көрсетулерiн) сату бойынша айналым негiзiнде бiртұтас жер салығын төлеушiлер жатпайды. Бiртұтас жер салығын төлеушiлер өз өндiрiсi емес тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) сату бойынша айналым негiзiнде жалпы белгiленген тәртiпте қосылған құн салығын төлеудi жүзеге асырады. Қосылған құнның салығын төлеу аталған осы бейрезиденттер осы тіркелмеген бейрезиденттерге немесе басқа тұлғаларға аударған қаражаттарының есебінен жүргізіледі. Салық салынатын айналыс бейрезиденттің сатып алушы төлеушілердің қосылған құн салығынан алатын кірісі болып табылады. Бұл тәртіп Қазақстан Республикасының резиденті сыртқы шарттар сондай-ақ осы Нұсқаудың 16-тармағында қарастырылған тауарлар, жұмыстар немесе қызмет көрсетулер үшiн төлеу жағдайларында бойынша республика аумағында әкелінетін импорт тауарларға төленген жағдайда қолданылады. Егер Қазақстан Республикасының резиденті қосылған құнға салынатын салықты төлеуші болып табылса, онда резидент үшін қосылған құнға төленетін салық сомасы оның бюджетке төленген фактілерін растайтын құжаттар бар болған жағдайда қосылған құнға салынатын салық бойынша төлемдер есепке (кемітіліп) қабылданады. Егер Қазақстан Республикасының резиденті қосылған құнға салынатын салық төлеуші болып табылмаса, резидент үшін және қосылған құнға төленген салық сомасы есепке қабылданбайды.
Тәркіленген тауар өткізілген кезде осы тауарды өткізуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылады.
2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілер Қосылған құн салығын 12% мөлшерінде төлейтін болды
