Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

21. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін бірыңғай жер салығы негізіндегі арнаулы салық режимі.

Шаруа және фермер қожалықтарының арнайы салық режимі бюджетке ерекше бірыңғай жер салығы есебінде аударылады жэне оны мынадай кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар: ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін, өңдейтін, өнімдерді нарыққа өздері шығаратын кәсіпкерлер төлейді. Шаруа жэне фермер қожалықтары бірыңғай жер салығын қолдану үшін олардың жекеменшігінде жер учаскесі және жерді қолдануға рұқсатнамасы (жерді екінші рет қолдануға рұқсатпаманы қоса алғанда) болуы керек.

Салық кезеңі бірыңғай жер салығы бойынша күнтізбелік жыл болып танылады.

Шаруа немесе фермер қожалықтары арнайы салық рсжимін қолдану үшін осы режим қолданылған бірінші жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша салық орғанына салықтық өтініш береді. Аталған мерзімде салықтық өтінішті табыс етпеуі, салық төлеушінің бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі).

Салықтық өтінішпен бір мезгілде мынадай қүжаттарды:

1) нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелеріне қүқық белгілеу, сәйкестендіру қүжаттарын;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген, нотариат немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерінің бағаланатын қүнын айқындайтын актілердің көшірмелерін тапсыру керек.

20 ақпаннан кейін кұрылған шаруа немесе фермер қожалықтары дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей, салық органына арнаулы салық режимін қолдану кұқығына салықтық өтінішті табыс етеді.

Арнайы салық режимін қолданатын шаруа немеее фермер қожалықтары ондағы деректер өзгерген не басқа жер учаскелеріне құқық туындаған кезде, салық заңнамасында аталған қүжаттарды жаңадан өткізеді.

Салық органына салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша оның арнайы салық режимін колдану туралы немесе арнайы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешім шығарады.

22. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі

  1. Патент - жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік аударымдарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат.

 Патент негізінде арнаулы салық режімін мынадай шарттарға сай келетін: 1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке кәсіпкерлік нысанында қызметті жүзеге асыратын;

3) салық кезеңіндегі шекті табысы республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгi жалақының 300 еселенген мөлшерiнен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады. Салық кезеңі

 Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

 Қолдану тәртібі

  1. Патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына патент құнының есеп-қисабын ұсынады.

  2. Есеп-қисапты қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы:

1) жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер – дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтінішпен бір мезгілде;

2) жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен ауысуды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер – патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану айының 1 күніне дейін;

3) кезекті патентті алу үшін патент негізінде арнаулы салық режімін қолданатын дара кәсіпкерлер – алдыңғы патенттің қолданылу мерзімі немесе салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін ұсынады.

Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер үшін патент негізінде арнаулы салық режімін қолдану басталатын күн болып табылады.

Патент 1 айдан кем емес мерзімге және 12 айдан артық емес мерзімге беріледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]