Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

19. Салық саясаты: типтері, мақсаты және міндеттері

Салық саясаты - мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мөлшерлемелерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.

Салық саясатының мақсаты бір жағдаймен қатып қалған және жылжымайтын болмайды. Олар елдегі экономикалық жэне әлеуметтік жағдаяттар болып табылған ең маңызды факторлар жэне элеуметтік-саяси күштердің қоғамдағы әсерімен қалыптасады. Қазіргі жағдайда нарықтық экономикасы дамыған мемлекет салық саясатын келесідей маңызды мақсаттарға жету үшін жүзеге асырады:

  1. мемлекеттің шаруашылық қызметті шектеуге немесе ынталандыруға, сонымен қатар қоғамдық қайта бөлуге бағытталған экономиканы реттеуге қатысуы;

  2. Үкіметтің барлық деңгейлерінің экономикалық жэне әлеуметтік саясатын жүргізу үшін, оны тиісті атқарушы үкімет органдары өздеріне жүктелген басқару функциясын орындауы үшін жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;

  3. мемлекеттік саясаттың табысты реттеуді қамтамасыз етуі.

Фискалдық саясат дискредициялық саясат ретінде, яғни ұлттық өндірістің нақтылы көлемін, жүмыспен қамтылуды (жүмыстьшықты) өзгерту, инфляцияны бақылау, экономикалық өсуді тездету мақсатымен мемлекеттің салықтарымен және шығыстарымен саналы айлашаргы жасау ретінде жүргізіледі. Экономикалық ңиклдің сипатына қарай ынталандырушы немесе тежеуші фискалдық саясат жүргізілуі мүмкін. Дискредициялық емес фискалдық саясат автоматтыц немесе «кіріктірме тұрақтандырғыштардың» (кіріктірме тұрақтылық») іс-әрекетін қажет етеді. Бүлай деп экономикалык циклдің түрлі фазаларындағы - өрлеу немесе құлдырау фазаларындағы ұлттық өнім көлеміне теңбе-тең түрде мемлекет шығындарының және салық алудың түрленуі ұғынылады.

20. Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салықтың экономикалық мазмұны

Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану 1996 жылғы 27 қаң- тардағы №2828 «Жер қойнауы жэне жер қойнауын пайдалану туралы» Заңымен іөзгертулер мен толықтырулармен) жүзеге асады.

Өндіру - жер қойнауынан шикізатты жер бетіне шығаруға, сонымсн қатар техногенді минералды құрылымдарға, минералды шикізатты уақытша сақтауға байланысты барлық жұмыстар (операциялар).

Коммерциялық табу - экономикалык тұрғыдан оидіруге лайыкты келісімшарттық аумақта бір немесе бірнеше кен орнының табылуы.

Келісімшарт - өкілетті орган мен жеке немесе заңды тұлғаның арасындағы ендіру жұмыстарына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес құжат.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жер койнауын пайдаланушылардың арнайы салықтары мен төлемдерінің ерекшеліктерін бекітеді.

Келісімшарттардың түрлері:

  1. өнімді бөлу туралы;

  2. концессия туралы;

  3. өтеусіз көрсетілген қызмет (қызметтік келісімшарт) туралы.

Келісімшарттардың тұрлері нақты операциялардың шарттарына байланысты колданылады.

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша салық міндеттемелерін орындау, жер қойнауын пайдаланушының салык міндеттемелері туындаған күні, Қазакстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, аталмыш келісімшарт шеңберінен тыс қызметті жүзеге асыру бойынша салық міндеттемелерін орындау-дан босатпайды.

Кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін) рентабельдігі төмен, қоюлыгы жоғары, суланған, шағын дебетті жэне игерілген Жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдері мен салықтары:

  1. жер қойнауын пайдаланушылардың арнайы төлемдерін;

а) қол қойылатын бонусы;

б) коммерңиялық табу бонусын;

в) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлемдерді;

  1. пайдалы қазбаларды өндіру салығын;

  2. үстеме пайда салығын қамтиды.

Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе құзыретті орған мен жер қойнауын пайдаланушы арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған және міндетті салық сараптамасынан өткен, өнімді бөлу туралы келісімде (келісімшартта), сондай-ак Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартта айқындалған салық режимі аталмыш келісімнің (келісімшарттың) ережелеріне сәйкес, оларға қатысты салык режимінің тұрақтылығы тікелей көзделғен салық жэне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер үшін сақталады. Олар белгіленғен қолданылу мерзімі ішінде тек қана оның тараптарына не операторларға қатысты қолданылып, тараптары емес түлғалар мен операторлар үшін пайдаланылмайды және олардың өзара келісімі бойынша өзгертілуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жер қойнауын пайдаланушы ара-сында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған жэне міндетті салық сараптамасынан өткен, өнімді бөлу туралы келісімде айқындалған салық режимі салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты қолданылады.

Төлем көзінен салық төлейтін әрі жер қойнауын пайдаланатын салық төлеуші мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған келісімде де осы талап сақталады.

Келісімге қол қойылған сәттегі салық заңнамасы күшін жойған жағдайда, салық міндеттемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тэртіппен тиісті өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, жүзеге асырылады.

Жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектілерін бекітілген тәртіпке сәйкес есепке алу құжаттамасы деректерінің негізінде жэне осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып жүргізеді.

Ол бөлек салық есебін жүргізу тәртібін дербес әзірлейді және салықтық есепке алу саясатында (есепкс алу саясаты бөлігінде) бекітіледі.

Резидент емес жер қойнауын пайдаланушы таза табыстан 15% ставкамен қосымша салық салуға жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]