Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Салык.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.33 Mб
Скачать

17. Камералдық бақылау кезеңдері

Камералдық бақылау - салық төлеуші табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау. Камералдық бақылау қатерлерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Камералдық бақылаудың мақсаты – салық органдары камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықтаған бұзушылықтарды салық органдарында тiркеу есебiне қою және салық есептілігiн ұсыну және салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу арқылы салық төлеушiге дербес жоюға құқық беру. Камералдық бақылау салық қызметi органдарында бар мынадай деректердi:

1) салықтық есептіліктi;

2) халықаралық шарт негiзiнде бюджеттен немесе шартты банктiк салымнан төленген табыс салығын қайтаруға салықтық өтiнiштi;

3) өзге де уәкiлеттi мемлекеттік органдардың салық салу объектiлерi және салық салуға байланысты объектiлер туралы мәлiметтерiн;

4) салық төлеушiнiң қызметi бойынша әртүрлi ақпарат көздерiнен алынған мәлiметтердi және де салық төлеушінің салық есептілігіндегі мәліметтерді бір-бірiмен өзара салыстыру арқылы жүргiзiледi.

Камералдық бақылау талаптың өткен мерзiмi iшiнде жүзеге асырылады. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімделеді. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші ол табыс етілген (оны алған) күннен кейiнгi күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Салық төлеуші хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, салық қызметі органдарына бұзушылықтар анықталған кезең үшін салық есептілігін ұсынады. Салық төлеуші хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық қызметі органдарына анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме береді. Егер түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз ретінде растайтын құжаттар көрсетілген жағдайда, онда салық есептілігінен басқа, мұндай құжаттардың көшірмелері түсініктемеге қоса беріледі. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысанда қорытынды жасайды. Қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.

18. Салықтық бақылау түрлері

Салықтық бақылау келесідей нысандарда жүргізіледі:

  1. салықтық тексеру нысанында;

  2. мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарында;

  3. салық міндеттемесінің, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу;

  4. бақылау-кассалық машиналарды қолдану тәртібінің сақталуын бақылау;

  5. акцизделетін тауарларга бақылау;

  6. трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау;

  7. мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау одан әрі пайдалану жэне өткізу тәртібінің сақталуын бақылау;

  8. салық төлеушілерді салық органдарында тіркеу;

  9. салықтық нысандарды қабылдау;

  10. камералдық бақылау;

  11. ірі салық төлеушілердің мониторингі;

  12. Қазақстан Республикасының салық заңнамасын орындауға бағытталған функцияларды жүзеге асыру бойынша міндеттерді орындау бөлігінде уәкілетті мемлекеттік жэне жергілікті атқарушы органдардың қызметіне бақылау.

Көптеген негіздер бойынша салық бақылауы келесі классификациялауға болады:

Жүзеге асырылу нысаны (формасы) б/ша:

- непосредственный (тікелей)

- опосредованный (жанама)

Тікелей салық бақылауы ол салық объектінің өзінде, тексеруші салық есептілігіне қатысты бастапқы құжаттарды тексеру мен талдаумен мінезделеді. Опосредованный (жанама) салық бақылауы ол салық субъектісі мен салық объектісі тікелей контактқа (жанасу) түспей жанама түрде мінездемеледі және тексерушілер тек салық органдарына тапсырылған салық есептілігімен жұмыс істейді.

Жүзеге асырылу уақыты бойынша:

  1. болжамды (предварительный)

  2. ағымдағы (текущий)

  3. жалғасы (последующий).

Салық бақылауының ішкі және сыртқы мінездемесі бар:

Ішкі бақылау - ұйымның ішкі жүйесінде бақылаудың субъектісі мен объектісі бір түйін болып табылса. Сыртқы бақылау - ол бір-бірімен бағынышты емес субъектілер арасындағы қатынас.

Салық әкімшілігін жүргізу салық органдарының салық бақылауын жүзеге асыруы, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге (салық агенттеріне) және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдарға мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.

Салық органдары салық төлеушінің салық міндеттемесін, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті орындауына салықтық бақылауды, сондай-ақ әлеуметтік аударымдарды есептеудің толықтығы мен төлеудің уақтылылығын, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеудің, ұстау мен аударудың уақтылылығын бақылауды жүзеге асырады.

Салық органдары уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірлескен бақылау шараларын әзірлейді және қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органдарына жәрдемдесуге міндетті.

Кеден органдары өз құзыреті шегінде осы Кодекске және Кеден одағының кеден заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Кеден одағының кеден шекарасы арқылы тауарлардың өткізілуiмен байланысты салықтық бақылауды жүзеге асырады, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін және төленуге тиiсті салықтар бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]