Kазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi
Д. Серiкбаев ат. Шығыс-ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТі
Түленденова Н.Қ.
МЕТАЛДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫ
5В073000- «Құрылыстық материалдар, бұйымдар және құрылымдар өндірісі» мамандықтары бойынша сырттай оқитын студенттер үшін практикалық жұмысын орындауға арналған бағдарлама, әдістемелік нұсқау және тапсырмалар
Өскемен
2012
УДК 669017
Туленденова Н.Қ. Металдар технологиясы: 5В073000- «Құрылыстық материалдар, бұйымдар және құрылымдар өндірісі» мамандықтары бойынша сырттай оқитын студенттер үшін практикалық жұмысын орындауға арналған бағдарлама, әдістемелік нұсқау және тапсырмалар / ШҚМТУ - Өскемен, 2012ж. 35 бет
Әдістемелік нұсқауда пәнді оқу бағдарламасы және бақылау тапсырмалары берілген.
Машинажасау және көлік факультетінің әдістемелік Кеңесі бекіткен
Хаттама №_______ ________________2012
© Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ
2012
Мазмұны
1 1.1 1.2
2 2.1 2.1.1 2.1.2 2.1.3 2.2. 2.2.1 2.2.2 2.2.3 2.2.4 2.2.5 2.2.6 2.2.7 2.3 2.3.1 2.3.2 2.3.3 2.3.4
3. 3.1
|
Кіріспе................................................................................................... Пәннің мазмұны .................................................................................. Дәрістік курс ....................................................................................... Зертханалық сабақтардың болжамды тізбегі ..................................
Курсты оқуға әдістемелік нұсқау . ... ........................................... Металлургия өндірісі ......................................................................... Шойын өндіру .................................................................................... Болат өндіру ....................................................................................... Түсті металдар өндіру ....................................................................... Материалтану және термиялық өңдеу .............................................. Металдар мен қорытпалардың құрылысы мен қасиеттері ............ Теміркөміртегі қорытпалары ............................................................. Болатты термиялық өңдеу негіздері ................................................. Легірленген болаттар мен қорытпалар ............................................. Болатты химиялық-термиялық өңдеу ............................................... Түсті металдар мен қорытпалар ........................................................ Металл емес материалдар .................................................................. Металдарды технологиялық өңдеу түрлері ..................................... Құю өндірісі ........................................................................................ Металдарды қысыммен өңдеу технологиясы .................................. Пісіру өндірісінің технологиясы ....................................................... Металдар мен қорытпаларды кесіп өңдеу ........................................
Бақылау тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқаулар ....... Бақылау тапсырмаларының нұсқалары ............................. Әдебиеттер ........................................................................................... Қосымша А Темір-цементит диаграммасы ...............................
|
4 5 5 8
9 9 9 9 9 10 10 12 13 14 15 16 17 19 19 20 22 25
28 29 34 35 |
КІРІСПЕ
Өндірістің дамуы, әртүрлі жаңа құрылымдарды, арнаулы аспаптарды және машиналарды өндіру, осы кездегі негізгі материалдар саналатын металл қорытпаларын өндіруді жетілдірусіз мүмкін емес.
Қолданылуы бойынша қорытпаларға қойылатын талаптар әртүрлі. Біреуі жоғары беріктігімен, екіншісі созымталдығымен, үшіншісі электрөткізгіштігімен немесе электркедергісінің жоғарылығымен, төртіншісі арнаулы магниттік, т.б. қасиеттерімен ерекшеленеді. Қасиеттерінің осылай әртүрлі болып өндірілуі металдың және қорытпалардың ішкі құрылысымен анықталады.
«Материалтану және құрылымдық материалдар технологиясы» курсы машина жасаудан басқа техника мамандықтары бойынша оқитын студенттерге металдың және қорытпалардың құрылысынан, олардың кристалдану ерекшеліктерінен, құрылымын зерттеу әдістерінен, механикалық қасиеттерін анықтаудан, термиялық өңдеу жолдарынан, технологиялық өңдеу тәсілдерінен мәлімет береді. Курсты оқу болашақ мамандарға жалпы инженерлік дайындық беріп, басқа арнаулы пәндерді игеруге көмегін тигізеді.
Темір-көміртегі негізіндегі қорытпалар – болатты және шойынды өндірумен, легірленген болатпен, мыс, магний, титан және алюминий негізді түсті қорытпалардың пайдалану қасиеттерімен, оларды кластарға бөлу жолдарымен, маркалау ретімен, термиялық өңдеу технологиясымен, металл емес материалдармен танысу және жетік оқып игеру осы материалдарды шаруашылықтың әртүрлі салаларында пайдалануға дұрыс таңдау үшін қажет.
Студенттерге курсты оқу үшін бағдарлама, оқу әдебиеттері, методикалық нұсқау және бақылау тапсырмалары керек. Курсты берілген тақырыптарға қарай келесі кезекте оқу ұсынылады: оқитын тақырыптың бағдарламасымен және оған берілген методикалық нұсқаумен танысу, ұсынылған әдебиеттердегі материалдарды қарауда әрбір процестердің физикалық-химиялық мәніне, машиналардың, механизмдердің, қондырғылардың жұмыс істеу принциптеріне, оқитын материалдардың, қорытпалардың және металл емес материалдардың механикалық және технологиялық қасиеттеріне, сонымен қатар пайдалану салаларына көңіл бөлу керек.
Әдістемелік нұсқауда оқитын материалдармен жұмыс істеу кезегінен басқа, бағдарламадағы кейбір сұрақтар бойынша қосымша мәліметтер беріледі. Ұсынылып отырған құралда металл материалдарын құю, пісіру, қысыммен және кесіп өңдеу тақырыптарына кеңірек тоқталып, онда кездесетін арнаулы терминдердің аудармалары сөздік тізбегінде беріліп отыр.
Жұмыс істеу процесінде қарастыратын тақырыптардың негізгі жағдайлары (схема түрінде), сызбалар, диаграммалар, химиялық реакциялық формулалар студенттерге конспект ретінде ұсынылады.
Әрбір тақырыпты оқығаннан кейін өзіндік тексеру сұрақтары ұсынылған. Негізгі және қосымша әдебиеттермен жұмыс істеп, түсінбеген сұрақтары бойынша кафедраға келіп оқытушыдан көмек алу керек.
