- •5В012300– «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы
- •5В012300– «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы
- •Мазмұны
- •1.3 Ы. Алтынсарин мұраларын «Өзін-өзі тану» сабағында қолданудың үлгісі
- •Қорытынды.........................................................................................................
- •«Өзін-өзі тану» сабағында ы. Алтынсарин мұраларындағы «дұрыс әрекет» құндылығын қолданудың моделін жасау;
- •«Өзін-өзі тану» сабағында ы. Алтынсарин мұраларындағы «дұрыс әрекет» құндылығын қолданудың моделі жасалды.
- •1.1 Ы. Алтынсаринның ғылыми этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтардың зерттелену жайы
- •1.2 Ы. Алтынсаринның мәдени-ағартушылық қызметінде «дұрыс әрекет» құндылығының мазмұны мен мәні
1.2 Ы. Алтынсаринның мәдени-ағартушылық қызметінде «дұрыс әрекет» құндылығының мазмұны мен мәні
Қазақ халқы үшін ағартушылық ойлаудың дамуының бетбұрыстық сипат алып биікке көтерілу кезеңдерінің бірі ХІХ ғасырдың екінші жартысы деп есептеледі. Бұл кезеңде ағартушылық әрекетімен, саяси-әлеуметтік, философиялық толғаумен қазақ қоғамының дамып ілгерленуіне үлес қосқан Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин өмір сүрген.
Ы. Алтынсариның тәжірибелік қызметі Қазақстан даласындағы халықтарға білім беруді ұйымдастыруға бағытталғаны, ол ағарту ісінің негізгі идеяларын жақсы игеріп оны жүзеге асыруға табандылықпен ұмтылды. Сонымен бірге ол ағарту деп ғылымға негізделген білім деп түсінді. Тек солар ғана тарихи прогрес ісіне қызмет етуге қабілеті. Олар діни сенімдер мен діни “білімге” қарсы тұру қажет. Сондықтанда ағартушы жастарды діни медреселер мен мектептерде емес, мектепте оқуға шақырады.
Кел балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар [4, С.51.].
Мектептегі білім, оның ойынша қандай байлықтан болсын қымбат екендігін терең сезіммен айта келе, адамға білім ғана нағыз бақыт әкелетінін сипаттайды.
Мал дәулеттің байлығы
Бір жұтасаң жоқ болар,
Оқымыстың байлығы
Күннен - күнге көп болар,
Еш жұтамақ жоқ болар.
Әлпештеген ата-ене
Қартаятын күн болар.
Қартайғанда жабығып,
Мал таятын күн болар.
Ата-енең қартайса-
Тіреу болар бұл оқу.
Қартайғанда мал тайса-
Сүйеу болар бұл оқу!
Білімнің жоқтығы мен надандық адамды тағдыр алдында қамқорсыз етеді деп есептейді. Кімде-кім білім мен ғылымды игеруге ерінбей, талмай ұмтылса ғана өз өміріне сенуіне болады.
Аяңшыл ат арымас,
Білім деген қарымас,
Жөн білмеген наданға
Қыдыр - ата дарымас .
Өнер-білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды ].
Бұл өлеңдері арқылы Ы. Алтынсарин білімді, өмірге қажетті пайдалы сабақтарды, нағыз білім алудың қажет екенін, тек мектепте оқыту арқылы ғана балалар мен үлкендердің санасына жеткізуге тырысты.
Демек, мына өлең шумақтан еліміздің білімді ұрпағы болашағымыздың өмірлік құндылығы.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – уақытпен өзгермейтін, белгілі бір адамдардың шектелген тобына (әлеуметтік топтар, таптар, партиялар, мемлекет немесе мемлекеттік коалициялар) арналмаған, адамзаттың барлығы үшін мәні бар құндылықтар. Олар барлық халықтарға тән, терең ішкі мағынасы бар, тек қана сыртқы моральдық ереже түріндегі қасиеттер сияқты емес, негізіне ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау құндылықтарының көрінісі ретіндегі адамның ар-ұжданы алынған тікелей ішкі тәрбиенің объектісі. Сүйіспеншілік барлық құндылықтар арқылы өтіп, іштей байланыстырылады:
Іс-әрекеттегі сүйіспеншілік – дұрыс әрекет;
Сезімдегі сүйіспеншілік – ішкі тыныштық;
Ойдағы, сөздегі сүйіспеншілік – Ақиқат;
Түсіністіктегі сүйіспеншілік – қиянат жасамау
Ішкі үйлесімділікке қол жеткізу үшін адам ойы, сөзі, ісі адами тұлғаның мынадай аспектілеріне сәйкес келетін жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуы тиіс:
Қиянат жасамау – рухани аспект.
Ақиқат интеллектуалды аспект.
Сүйіспеншілік – адамгершілік аспект.
Тыныштық – эмоциялық аспект.
Дұрыс әрекет физикалық аспект.
А.Маслоу мәңгілік рухани құндылықтарға ұмтылу метақажеттіліктер деп аталады, олардың қанағаттанбауы метопотологияға әкеледі деп дәлелдейді. Адам аса қайғырған сәтінде жоғары құндылықтарға толы сияқты әлем ашылады: «Біздің алдымызда адамды шабыттандыратын құндылықтар тұрады, олар абзал адамдарды қуанышты сәттерінде шабыттандыратындықтан жоғары құндылықтар деп аталынады. Біз жоғары, кемел, өмірмен рухтанған ортаға түсеміз және бұл ортаға ену психотерапияның басты мақсатына және білімнің негізгі мақсатына айналуы керектігін айта кеткен жөн». Сонымен, жалпыадамзаттық құндылықтарды түсінуге осы көзқарас оларды көп ұлттық немесе көп конфессионалды мемлекет жағдайындағы рухани-адамгершілік тәрбиенің негізі ретінде бөліп көрсетуге мүмкіндік берді.
Ақиқат – бұл өзгермейтін, өмірдің негізгі қағидасы: барлық жаратылыстан өтетін рухани бастау, барлық жаратылысқа тән, біріңғай мән. Ол уақытқа: өткенге, бүгінге және болашаққа тәуелді емес.
Дұрыс әрекет – бұл борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез-құлық.
Сүйіспеншілік – бұл таза, риясыз және шүбәсіз сүйіспеншілік, өмірге тірек болатын жасампаз қуат.
Ішкі тыныштық – ақылдың толықтай тынышталуы, адамның терең табиғаты.
Қиянат жасамау – ешкімге оймен, сөзбен, әрекетпен қиянат жасамау.
Жоғарыда аталған бес құндылықтардың алғашқы екеуі – ақиқат пен дұрыс әрекет, шын мәнінде барлық адамгершіліктің мәнін қамтиды. Шыншылдық, туралық пен адалдық іштей осы екеуіне тән, яғни барлық жағдайларда шындықты айт және іштегі ар-ұждан дауысына сәйкес әрекет ет. Егер кім де кім риясыз сүйіспеншілікпен әрекет етсе, ол жетістікке жеткеніне немесе жеңіліске ұшырағанына, рахаттану немесе жан күйзелісіне, қуаныш немесе қайғыға қарамастан ол толық ішкі тыныштық пен сабырлылықта болады.
Енді, Ы. Алтынсаринның мәдени-ағартушылық қызметінде «дұрыс әрекет» құндылығының мазмұны мен мәніне назар аударып көрейік.
Риясыздық – көшбасшылықтың негізі.
Әлемде кеңінен тараған келеңсіз жағдайды ескере отырып, қазіргі таңда қоғамға жетіспейтін риясыз махаббатты ояту керек. Біз қазір жеке эгоистік қызығушылық қасиеттер үстемдік ететін ғасырда өмір сүреміз. Сол себепті көпшілік риясыздықты қабылдамайды, көшбасшылықтың іргетасы ретінде осы идеяны таңдау мүмкін емес болып көрінеді.
Ар-намыс – бұл адамға тән қасиет, риясыз, рухани ақиқат – адамның кемелдігінің сипаты, ол – бүкіл адамзаттың тіршілігінің мәніндегі ең биік адамгершіліктің сарқылмас бастауы. Риясыздық (құрбандық немесе өзімшілдіктің жоқтығы) идеалға негізделеді. Адам өзінің өмірлік мақсаты ретінде ұстанады. Сенім құндылығы риясыздықтың орталығы болып саналады, яғни бастапқыда өзіне сену, онан кейін өзінің қанағат сезіміне бөлену, онан кейін өзін құрбандыққа шалу және өзін-өзі іске асыру. Руханилық – адамзат бойындағы барлық жақсылықтың негізі.
Осыған қарамастан, осы ақиқатты қабылдауға қарсы тұратын адамдар кездеседі. Өкінішке орай, риясыздық заманауи мәдениетке тән сипат емес. Қазіргі заманда үлкен бақталастық, бәсекелестік, байлықтың соңына түсу секілді құбылыстар қоғамда кеңінен орын алып отыр. Мансапқа қол жеткізу немесе бір түнде байып кету деген жағдайлар қазіргі өмірдің мәніне айналған. Сонымен, көшбасшылық әлеуеті бар адамдар тереңнен ойланып, көшбасшының тиімділігі немесе жетістігі оның риясыздығына байланысты болатынын түсіну қажет. Сондықтан, осы құндылықты егжей-тегжей талдау керек.
Жоғарыда келтірілген бес құндылықтардың ішіндегі бірінші екі құндылық – ақиқат және дұрыс мінез-құлық – бүкіл адамгершіліктің мәнін қамтиды. Шыншылдық, турашылдық және сенімділік осы екі құндылықтарға тән сипаттар, бұл дегеніміз: кез-келген жағдайда тек шындықты айту және ар-ұяттың ішкі дауысына сәйкес әрекет ету. Егер бір кісі риясыз махаббаттың негізінде әрекет етсе, онда ол жетістікке немесе сәтсіздікке, қанағаттанушылыққа немесе ауырғанға, қуанышқа немесе қайғыға қарамастан үнемі тыныштық сақтауға тырысады. Рухани-адамгершілік сана сезімі оянған адам ғана мәңгі құндылықтарды уақытша құндылықтардан, шынайылықты жалғандықтан ажыратып, бақытты болып өзгелерді бақытты етеді. Осы тұрғыдан, данышпан Абайдың нақыл сөздерін естен шығармау керек, ол өз заманында былай жазған еді: «Адамның мінезі – ақыл мен білімді сақтайтын ыдыс. Білімді сақтайтын ыдыс мықты болмаса, оқудан пайда болмайды».
Өз бойында адамгершілік құндылықтарды дамытудың өзі білім болып саналады. Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, Қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез-келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, соны шынайы көшбашы деп атауға болады.
Күнделікті өмірде мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарлана отырып, рухани тұрғыдан кемелдену қажет. Руханилық – бұл адамдардың шынайы және достық өзара қатынастарында көрінетін шыншылдық, данышпандық, риясыз сүйіспеншілік. Заманауи қоғам жүрегі ашық, қоғамға қызмет ететін білімді адамдарды қажет етеді.
Ы. Алтынсариннің қазақ халқының қоғамдық өмірін сипаттап ашық айта білген. Ол орыстың революциялық-демократтық қозғалысы туып, дами бастаған кезде қоғамдық аренаға шығып, өзінің ағартушылық, тәлімгерлік, жазушылық, ғалымдық еңбегімен ерекше көзге түскен аса қөрнекті қайраткер еді. Білім мен тәрбие ісінде рухани-мәдени құндылықтарды игеруді, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай туғызуды, тарихи мұраларға жаңаша көзқараспен қарау өмір қажеттілігінен туып отыр.
Ыбырай өз замандас отандастарының ағартушылық ой-пікірлерін қуаттап, қазақ жерінде оқу-білімнің шамшырағын жақты, ағартушылық-демократиялық көзқарастың негізін салды. Өз заманының озық ойлы азаматы болды. Бір жағынан феодалдық-патриархалды тұрмыс билеген, екінші жағынан, патша өкіметінің отарлау саясаты езген қараңғы ортада Ыбырай ашқан мектептің қоңырауы тұңғыш сыңғырлап, ұлы ағартушының ой-пікірлері, өлең - жырлары мен әңгімелері халық санасына жаңалық болып сіңді.
Қазақтың аса көрнекті мәдениеттанушы - ағартушысы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңіріне белгілі Балғожаның отбасында тәрбиеленіп, 9 жаста (1850 ж.) Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған 7 жылдық мектепке оқуға түседі. Сол кезде Орынбор шекара комиссиясында қызмет істеген белгілі шығыс зерттеушісі В. Григорьевтен сабақ алады. Оның үйінде жиі болып, кітапханасынан көркем әдебиет, тарих, философия кітаптарын оқиды. Дүние жүзі әдебиеті классиктері: В. Шекспир, И. Гетенің, Д. Байронның, А. Пушкиннің, Н. Гогольдің, М. Лермонтовтың, Ә. Фирдосидің, Низамидің, Ә. Науаидің шығармаларын өздігінен оқып, нәр алады. Көп ізденіп, кітап оқу Алтынсариннің өй-өрісін кеңейтеді, орыстың озық ғылымы мен мәдениетіне деген құштарлығын арттырады. 1859 жылы 1 тамызынан бастап, Ы. Алтынсарин Орынбордағы облыстық басқармасына тілмаштыққа ауысады. Ы. Алтынсариннің білім мен ғылымға деген ерекше талпынысын байқаған Орынборда облыстық басқарма бастығы болып істеген В.В. Григорьев байқап, өзінің бай кітапханасын пайдалануға рұқсат етеді. Ыбырай ылғи кітап оқумен уақытын өткізді.
Ы. Алтынсарин оқу барысында В.В. Григорьевтің кеңесі бойынша таныс емес орыс және шетел сөздерді өзінің дәптеріне жазып отырған және оның әрқайсысының нақты және қысқаша маңызын көрсетіп, оны Григорьевке ұсынған. “Бұл дәптер Алтынсарин мен менің достығымды одан әрі берік жақсартты”-деп жазады өзінің естелігінде профессор Н.И. Ильминский. Ы Алтынсарин менің үйіме әр кеш сайын келетін, 7 мөлшерінде, 12 дейін отыратын. Біздің әңгімеміз негізінен сөздерді түсіндірумен өтетін. Мен шетел сөздерін орысшаға аударып қоймай, әсіресе техникалық терминдер ұғымын түсіндіруге де көп көңіл бөлінетін. Алтынсарин менің көп сөздігім үшін оның шыдамдылығына ризамын” [53]. Орынборда көп жыл болуы (1850-1861) кезінде Ы. Алтынсарин орыс ортасында жүріп, шындықпен, келелі мәселелермен танысты. Орынборда сол кезде прогрессивті журналдар келіп тұратын, соның ішінде “Современник” журналы, мұнда Н.Г. Чернышевский, Н.А. Добролюбов және басқада орыс революционер-демократтарының мақалалары жарияланатын.
1860 жылы көптен өтініш білдіру арқасында Ыбырай Алтынсарин Орынбордағы қызметтен шығып, Торғай қаласына мұғалімділікке ауысады. Бірақ мұнда ол толығымен мұғалімділікке беріле алмады, себебі оны сот, одан соң соттардың, бастық көмекшісі, уезд бастығының міндетін орындаушының орынбасары етіп тағайындалды. Оны мұғалімділік қызметте талпынысы ғана емес, жергілікті билеушілердің халықтық білім беруге немқұрайлық қарауы да толғандырды. Ол 1862 жылы Н.И. Ильминскийге жазған хаттарында бірнеше рет қайтара осы жайлы жазғаны бар. “Басшылар училищелер салудың орнына, өзінен ақ қабырғаларды әктейді, өзінен-ақ қызыл шатырларды бояп уақыт өткізуде” [54].
Әлеуметтік өмірге алғаш араласа бастаған күннен бастап Ыбырай қоғамдық маңызы зор көптеген мәселерде өзінің айқын және дұрыс позицияда болғанын көрсетеді. Ыбырайдың хаттарымен танысқанымызда, оның үстем тап пен езушілік таптардың арақатысындағы негізгі айырмашылықтарды нақты байқап, тиісті қорытындыға келгенін танимыз. Сол кездің өзінде ол қарама-қарсы мақсаттағы екі таптың білім мен мәдениетке байланысты да екі көзқарастара болғандығы туралы нақты қорытынды жасай алды. 1860-1862 жылғы хаттарында ол қазақ халқының ұлттық ерекшелігі мен мәдениетке талпынуы туралы былай деп жазды: “Қазақ халқы қарапайым, қулық-сұмдықсыз халық, бірақ біз сол қарапайымдылықтың өзінен де көп жақсылық табамыз. Ал кейбір оқымыстылардың қазақ тентек, қазақ қанішер халықдеулері мәңгі бақи тек қағаз бетіндегі мағынасыз сөздер болып қана қала бермек” [5, 192 б.].
Қазақ халқының ұлтық өзгешелігі мен болашаққа ұмтылушылығын дұрыс байқап білу- ағартушының бастапқы жылдарда-ақ аталған мәселелер жайында озық көзқараста болғанын тануға көмектессе, оның өзі үшін ағартушылық істі әр кезде де зор сеніммен жүргізуіне жасап, рухтандырып отырды. Оның бұл майдандан кейін зор жетістіктерге жетуінің себебі халқы жөнінде осындай озық көзқараста болуымен байланысты еді. Үстем тап өкілдерінің білім мен мәдениетті қандай мақсатта түсінгенін Ыбырай төмендегі түрде көрсетті: “Құрметті адамдар маған мектепке балаларын біреуге ынталы екендіктерін көрсетіп отыр, оларға ең алдымен мемлекеттің заңын үйрет деп өтініш жасап жүр, сондағы ойлары кейін закүншіліктер, демек өсекшілер шықсын дегені ғой. Міне, олардың көздегені осы” [ 5, 186 б.].
“Қазақтарды оқыту жөнінде бастықтарымыз бекіністердің жанынан мектеп салудан гөрі, онсыз да үйлерінің қызыл төбелерін боятқанды, онсыз да ақ қабырғаларын ақтай түскенді тәуір көреді” [5, 192 б.]. Бұдан Ыбырайдың дала әкімдері мен озық өнері білімнің арасындағы қайшылықты нақты танығандығын білдіреді. Россия тарапынан келген прогрестік мәндегі істердің қай кезде де қазақтың үстем тап өкілдерінің тарапынан қатты қарсылыққа ұшырап отырғаны мәлім. Мұның өзі табиғи жағдай еді. Қоғамдық өмірде орын тепкен ескіліктің қандай да болмасын жаңалықтары өз ықтиярымен қабылдамайтыны, қайта оған қарсы тұратыны түсінікті, Ыбырай осы шындықты орынды байқады.
1861 жылғы бір хатында ол “Мұндағы мырзалар бір-біріне ит пен мысықша қарайды” деп жазды. Бұл пікір Ыбырайдың қанаушы және қаналушы таптардың арасындағы теңсіздікте көрумен ғана тынбай, үстем таптың өз ішінде де бітіспес қайшылықтың, алауыздықтың, бәсекенің, пайда үшін таласушылықтың бар екендігін дұрыс көріп, олардың негізгі сырын айқын түсіне білгендігінің айғағы. Оның “бекініске келген күннен бастап тек бір ғана қолайсыздықты, оңбағандықты, өтірік-өсекті көрдім” [5, 185 б.] деуі де осы түсініктің нәтижесі еді. Ыбырай өзінің бүкіл өмірі мен күш-жігерін халық игілігі жолындағы күреске арнап, қайткен күнде де қоғамдық өмір үшін “пайдалы адам болуды” арман етті. Сондықтан да ол өзі көрген және терістігіне көзі жеткен дала өміріндегі әділетсіздік істеуге қай жерде де батыл араласып, езілуші бұқараның мүддесін сақтап қалуға бар мүмкіншілікті пайдаланып отырды. Әрине, әділетсіздік пен теңсіздік үстемдік етіп тұрған дәуірде Ыбырайдың демократиялық бағыттағы көптеген әрекеттері мен ұсыныстары сәтсіздікпен аяқталды, көздеген мақсатын жете алмады. Ыбырайдың сол дәуірде көтере, қоғамдық өмірдің күн тәртібіне қоя білуінде еді. Бұл Ыбырайдың қоғамдық көзқарастарының терең сипатын танытады.
1862 жылдың басында жазған бір хатында “қазақ халқы менен көп үміткер” деп жазса, сол жылғы екінші бір хатында “Сірә, қазақ даласынан көптеп мектеп ашатын мезгіл қашан болар екен”- деп арман етеді. Ыбырайдың осы дәуірдегі пікірін қорыта келіп, шығыс халықтарының мәдениетін зерттеген ғалым Ильминский: Ыбырай ылғи оқу жұмысымен айналысуды, қазақ халқын ағарту жұмысына ат салысуды көксейтін, бұл оған бақыт, рахат сияқты көрінетін еді” деп жазды.
Қазақтарға арналған мектеп ашу жөніндегі ой Орынбор Шекаралық комиссиясында (Орынбор даласындағы қазақтарды билеу Бас Басқармасы осылай аталатын ) елуінші жылдардың басында туды. Генерал-губернатормен мектеп жөнінде жазысқан хаттарында Шекаралық Комиссия жаңа мектепте балалардың денсаулығына нұсқан келмейтіндей жағдай жасау керектігін көтеріп отырды. Осыған орай шекаралық Комиссияның нұсқауында былай деп көрсетіледі: “Оқушылардың мектептегі жағдайы мен киім киістеріне дейін қазақтың далалық өміріне жақындастырылсын және жаз уақытында олар жақын маңайдағы жайлы қонысқа көшіріліп отырсын. Мектеп ережесінің жобасында былай деп көрсетілген: “ … дала еркіндігінен ажырап, киіз үйдің төрін тастап мектеп табалдырығын аттаған қазақ баласының табиғи ерекшелігін ескере отырып, құлын-тайдай тебіскен, қызықты да думанды өмірден кілт ажырап тапжылмай отырып, көз майын тауысып кітап ақтарудың олар үшін іш пыстырарлық, көңілсіз тірлікке айналмауы үшін сабаққа арналған сабақтар санын мүмкіндігінше азайту керек. Сонымен бірге қазақ балаларының организмдеріндегі дағдылы әрекет бұзылып, денсаулығы төмендемес үшін сабақтан тыс арнайы сағаттар бөлініп, гимнастикалық жаттығулар жасауға, салт атпен жүруге жағдай жасау керек” [55].
1864 жылы қантардың 8 жұлдызында жұрттың көптен күткен мектебі ашылады. Өзінің досы қазақ университетінің профессоры Н.И. Ильминскийге 1861 ж. қантардың 19-да жазған хатында: “Осы жылы қантардың 8 күні менің көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, еті балалар… Мен балаларды оқытуға, қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім. Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға адамгершілік жағынан әсер етуге бар күшімді салып отырмын” [5, 197-198 б.] - деп, өзінің сүйікті ісіне белсене кіріскенін зор қуанышпен хабарлайды. Тек 1864 жылы оның ағартушылық жұмысқа ауысу мүмкіндігі туды, ал 1869 жылдың қырқүйегінен, яғни 20 жыл бойы халық ағарту ісі қызметінің басшысы, Торғай уезінде халыққа білім беру бойынша инспектор болып жұмыс істеді. “Мектеп-бұл қырғыздар білім алуының негізгі серіппесі-деген Ыбырай Алтынсарин 1871 жылдың өзінде-ақ, … Ол қырғыз халқының болашағы”- деп түсінген ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин осы мақсатпен қызы-жазы ел-елді аралап, халықты өнер-білімге шақырып қана қоймай, мектеп ашуға қаржы жинау ісімен айналысты.
Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда ол дүние жүзі ағартушы классиктері: Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой гуманистік идеяларын басшылыққа алды, оларды қазақ даласында мектеп өміріне енгізген тұңғыш педагог-ағартушы болды.
Ы. Алтынсаринның ағартушылық көзқарасынан да бүкіл әлемдік тәлім-тағлымның алтын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, ынтымақтастық принциптерінің көрінісін тапқанын байқаймыз.
Ол 1871 жылғы 31 тамызда Н.И. Ильминскийге жазған хатында былай дейді: “Шапағатты төрем Николай Ианович! Сіз бұл хатыңызда қазақ арасына орыс алфавитін енгізу жөнінде пікір айтқан екенсіз. Бұл талассыз пайдалы пікір ғой. Дегенмен, оны жүзеге асыру, меніңше, үлкен қиыншылыққа кездеседі. Орыс әрпімен жазылған кітаптар қазақ арасына, тап біздің ойлағанымыздай, жеңіл және тез сіңе қоймайды. Бірінші жағынан, фанатизмнің салдарынан, екінші жағынан, орыс жазуына көзі үйренбегендіктен, оның таныс еместігінен, оның үстіне, елімізде тарап отырған татар жазуының әсерінен-міне осылардың бәрін еске ала келгенде, жалпы оқуға арналған кітаптар мектептің есігінен шықпай, соның өзінде қала береді. Араб әріпімен жазылған кітаптарды алатын болсақ, егер бұл кітаптар пайдалы кітап болса, ең алдымен, мазмұны, қызық болса, мектептен тыс ел арасына тез жайылып, қазақ жастарын білімге тартуға жетекші бола алады… Кітаптарды қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек. Сөйтсек, ол кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқып, бұл кітаптар, татар кітаптарымен қатар, зор күш болар еді. Бұл арада әріптің арабша не орысша болуы-араб әріпінің ептеген зияны болғанымен, ісімізге онша кесел келтірмейді. Ал араб әрпінің ол зиянынан құтылуға болады. Міне, менің шын пікірім осы”.
Егер қазақтар орыс алфавтитін өз еркімен қабылдамаса, патша өкіметі оны қазақтар арасына күшпен, зорлап енгізбек болған. Өйткені олардың түпкі мақсаты, Н.И. Ильминскийдің өз сөзімен айтқанда: “Обрусение инородцев и совершенное слияние их с русскими по вере и языку-вот конечная цель, к которой должна стремиться система инородческого образования в крае”. Сондықтан да Ы. Алтынсарин өзінің “Қазақ хрестоматиясын” орыс әріпімен жазып, бастырып шығаруға мәжбүр болған. Дегенмен, патша өкіметі қанша тырысқанмен, орыс әріпімен жазылған қазақ кітаптары, кезінде Ы. Алтынсариннің ескерткеніндей, ел ішіне кеңінен тарамады. Ы. Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясынан” басқа аздаған діни кітаптар болмаса, кейін бұл әріппен қазақ ктаптары басылмады. Орыс әрпіне негізделген қазақ алфавитін жасау тек Совет өкіметі тұсында ғана, 1940 жылдан бастап жүзеге асырылды. Сөйтіп, патша өкіметі мен оның чиновниктерінің қолынан келмеген істі Совет үкіметі мен орыс большевиктері ойдағыдай іске асырды. Мұнда айта кететін бір жай: Егер бұл кітапты Ы. Алтынсарин жазбаса, бәрібір оны Н.И. Ильминский не В.В. Катаринский немесе басқа бір орыс чиновниктерінің бірі жазған болар еді. Мұндай жағдайда қазақ тілі мен қазақ сөздеріне елеулі нұсқан келген болар еді. Кейін бұл кітап 1889 жылы Қазан қаласында Ы. Алтынсарин өзі арман еткен араб әрпімен қайта басылып шығып, ел ішіне көп тараған.
Алтынсарин мектеп оқу ісі үшін, қазақ тілі мен қазақ жазуы үшін орыс алфавитіннің рөлін терең сезінді және соны жүзеге асыру үшін ғұмыр бойы күресті. “Тек орыс алфавитін қолданғанда ғана,- деп жазды Алтынсарин 1871 жылы, - қазақ тілі өз табиғатына жат араб, татар сөздерінен арыла алады, орыс таңбасын қолданғанда қазақ кітаптары дұрыс жазылады…”. “Қазақ тілінің тілінің биік мәртебесін Алтынсарин жалаң сөзбен ғана айтып қойған жоқ, - деп жазды Ыбырай қатыс болғаннан кейін А. Құрманбаев, - іспен де дәлелдеді. Таза қазақ тілінде “Қазақ хрестоматиясы” (орыс алфавитімен) кітабын жазды. Бұл кітаптан қазақ тіліне жат, бірде-бір бөгде сөз кезіктірмейсіз”.
Ы. Алтынсарин “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралында” көптеген психологиялық пікірлер айтылған. Осы кітабында ол былай деп жазады: “ Әуелі оларға зат есімге ғана жататын зат аттарын үйретемін, содан кейін заттың сынын көрсететін сын есімді үйретемін. Осылардан кейін зат есімдерді олардың сынымен қосып, “ақадам” деген сияқты сөйлемдерді құрып үйретемін”. Екінші бір жерде ол. “Қазақ балаларына орысша кітаптарды оқытуға, оқығандарын түсіндіріп отыруға кіріспей тұрып, олардың жеке сөздерді болсын және грамматикалық ережелерді болсын түсіну үшін, бірқатар жүйелі әзірліктен өткізу керек. Мұндай алдын ала әзірлік жасалмаса, оқушылардың түсінігі тым шалағай болып шығады, ешбір грамматикалық ереже жайында белгілі бір түсінік алуға оқушылардың шамасы келмей қалады, көпке дейін “она” деген сөздің орнына “он” деп, “иду” деген сөздің орнына “шел” деп, тағы сол сияқты қателер жасап жүретін болады” [58, 139 б.].
Ыбырай өмір бойы қазақ тілінің тазалығы үшін күрестен таймаған. Оның шәкірті Ғабдолғалы Балғымбаев өзінің “Ыбырай Алтынсарин туралы мәліметтер” деген естелігінде: “Оның өз ана тілі-қазақ тілін, шеттен енген кірме сөздер көп болса да орыс тіліндей бай тіл болмаса да әрдайым ойды мәнерлі әрі дәлдеп, тұжырымды бере алатынын талай рет ескерткен және бұл тілді таза сақтау керектігін мойындатқызды да. Ол қазақ тіліне татар тілін, татардың кітабын тілін араластырып сөйлеушілерге қарсы тұрғанын айтады” Ғ. Балғымбаев өзінің “Естелігінде”: “Ы. Алтынсаринның мұғалімдерге байлығы жағынан да, стильдік құрылысы жағынан да татар тілінен кем түспейтін, аса бай тілімізді әлі де болса дамыта түсу керек, қазақтың мақал-мәтел, жұмбақ, фольклорындағы қанатты, нақышты сөздерінің бір нәзіктеріне дейін меңгеру керек, содан үйрену керек”, - деп үйреткенін айтады.
Еңбектің бір құнды жері-қазақ тілінің терминдерін сол кездің өзінде қазақша берген, сонымен қатар қазақ тілінің орыс тіліне сәйкес келмейтін, оның грамматикалық задылықтарына бағына бермейтін басты-басты ерекшеліктерін баса көрсетіп, оқушыларына ескертіп отырғандығында.
Алтынсарин қазақтың жазба тілінде алғаш сөйлеуші және алфавитін қалыптастырушы ғана емес, тұңғыш халық грамматикасын да қалыптастырушысы. Халық поэзиясы мен кітаби шығармалардан тұратын халықтың сауат-ашуына арналған алғашқы жинақты құрастыруды бастаған да сол [61 ]. Ыбырай мектеп ұйымдастырумен бірге 1881 жылы мектепте алғашқы кітапханаларды да ашты. Бұл кітапханада ересектерге де арналған кітаптар қоры болған. Бұл жайында ол Н.И. Ильминскийге былай деп жазған: “Қазір енді кітапханада оқушы, мұғалімдерге, қолөнер бөлімдерін ашуға кірісеміз, ал келешекте жеміс-жидек, бау-бақшамен айналысамыз” [5, 233 б.]. Ф.Д. Соколов былай деп жазады: “Ол соншалықты өзінің халқына, ағарту ісіне деген талпынысы оның беделді қырғыз басшыларына, облыстарға барып, білім беру ісіне қаражат жинауды өтінуінен-ақ көрінеді”. Ол облыстық, уездік қалаларда орталық училищелер ашуды ойластырды. Елек, Никалаевск (Қостанай), Торғай, Ырғыз уездерінде бірден-бір екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашып, олардың жанынан кітапхана, монша салуға зор күш жұмсады. Ол кейіннен әр болыс сайын бастауыш мектептер ашуды қолға алды.
Ыбырайдың оқу - ағарту ісіндегі тағы бір жаңалығы қазақ жастарына кәсіби мамандық беру мәселесін қолға алуы болды. Ол Торғайда, Қарабұтақта қолөнер училищесін, Қостанайда ауылшаруашылығы училищесін ашып, қазақ жастарынан қажетті маман кадр даярлау ісіне зер салды.
Ы. Алтынсариннің демократиялық-ағартушылық бағыты оның ағартушылық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз-тәлімгер даярлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көп көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларындағы қазақ халқының 19 ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі, азамат болуға, зиянды іс-әрекеттен, ұрлық-зомбылық, жатып ішер жалқаулық сияқты жаман әдет, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды.
Қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінген ол өз ойын іске асыруда түрлі тосқауылдар мен кедергілерге кездесті, бірақ табандылықпен жеңе отырып, өз мақсатын іске асыра білді. Ол қазақ даласында татар молдалары тартқан діни оқуға, сондай- ақ патша өкіметінің отарлау сясатына негізделген христиан дінін тартатуға қарсы болды.
Ы. Алтынсарин қазақ тілінде кітаптар жазып, оларды қазақ арасына тарту арқылы ғана дін ықпалын бірте-бірте бәсеңдетуге мүмкіндік туады деп түсінді. “…Мәселенің мәнді жері-деп жазды ол, - қазақтарға татар фанатизмнің ықпалын тигізбеу-қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбек керек. Ондай ықпалдан құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін тақырыбы оларды қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақтың өз тілінде. Олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек, сөйтсек, ол кітаптарды жұрт бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар, татар кітаптарымен қатар, зор күш болар еді” - деп өзінің шынайы ағартушылық идеяларын ана тілінде жазған оқулықтарында іске асыра бастады.
Ұлан-байтақ қазақ даласында дүнияуи мектептер ашу, балаларды өз ана тілінде оқыту-оның ең асыл арманы болатын. Осыған орай ол: “Орыс - қазақ мектептері-қазақтарға білім берудің басты құралы. Біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім берілетін болсын… Ғылыммен қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады. Сонда ғана татар фанатизмінің де күлі көкке ұшады” деп, дала халқына ағартушылық идеяның нұрын себе бастады.
Қазақ халқының ұлттық (этностық) тәлім-тағлым негіздерін ұрпаққа үйрету үшін, ұлттың өз ана тілінде оқулығы болуы қажет екеніне баса назар аударған мәдениеттанушы 1879 жылы “Қазақ хрестоматиясы” оқулығын кириллица әліппесімен (қазақ фонетикасына сәйкес) шығарып, онда қазақ халқының ауыз әдебиетінен, өз шығармаларынан, бүкіл әлемдік әдеби шығармалардан таңдаулы, лайықты шығармаларды ендіріп, ұлттық тағлымның (этнопедагогиканың) бір негізгі көркем әдебиет екеніндігін айқын көрсетті.
Оның жасаған “Қырғыз хрестоматиясы” тарихи-мәдениеттік тұрғыдан құндылығы жағынан ерекше тамаша ескерткіш болып табылады. Бұл хрестоматияны құрастыруда Алтынсарин зор шеберлікпен, жасөспірімдердің талап тілегін толық қанағаттандыру және олардың ұнамды мінез-құлқының өсуіне сол кездегі орыс тіліндегі оқу кітаптарының жақсы жақтарын іріктеп ала білді. Материалды іріктеуде оның идеясының халықтығы, гуманизмі, демократизмі және отанын сүюі негізгі жетекшілікке алынды.
Оның осы кітабының бір өзгешілігі өмірге икемділігін сақтап қалды, әдеби тілдің өсуіне мүмкіндік берді және сол кездегі көне араб жазуына, мәнерлі, айқын халықтық тілді бұзатын кітаби тілге қарсы қатты наразылық білдірді. Сол кездегі жағдайға байланысты, ана тілінің орнына, бастауыш оқу үшін араб, түрік және парсы тілдерін үйрену құралы ретінде Орынбордың Неплюев атындағы кадет корпусы құрастырған “Татар әліппесін” пайдалануға тура келді, академик Френ 1815 жылы Казанда бастырған Хива тарихшысы Абілғазы–Боһадурханның көлемді тарихи шығармасы әдебиеттік оқу кітабы үшін пайдаланылған.
“Қазақ хрестоматиясының” алғы сөзінде ұлтжанды ағартушы: “Қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды; оның ой-пікірі еркін; оның келешегі үшін, оған тек сана-сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр”- деп жазды [5, 24 б.]. Ыбырай бұл шығармаларын кітаптың өз кезіндегі басылуында “Сөз басы” деген атпен жариялады. Қазіргі кезде олар “Кел, балалар, оқылық!”, “Өнер-білім бар жұрттар” деген атаулар мен айтылып, жұртшылық ұғымына сіңісіп кетті. Ыбырайдың бұл екі өлеңді кітаптың алғашқы бетінде беріп, “Сөз басы” деп атауында белгілі бір айқын мақсаттың болуында. Ыбырай әдеби еңбектерінде де сол негізгі идеяларын жүзеге асыруды көздеді, халық ағарту мәселесін шебер көтере алатын шығармаларды көптеп жасауға баса назар аударды. Ол өнер-білім жағынан мешеу сатыда тұрған қазақ халқы үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығарманың қажеттігін сезінді, ондай еңбектердің ел арасында кеңінен жазылып, жатталып кететініне, сол арқылы бүкіл халыққа әсерін тигізетініне сенді.
Оның “Кел, балалар, оқылық!”, “Өнер-білім бар жұрттар” өлеңдерінде қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрін меңгеруге шақырды. Өлеңдердің ғибраттық, жаңалыққа үндеушілік қасиеттерінің басым болуы да осыған байланысты. Бұл екі өлеңде кітаптың өзекті мәселесі мен мақсатын толық аңғартады, ол үшін лайықты “Сөз басы” бола алады. Осы кітаптың бірінші бетінің өзі Ыбырайдың әдеби және ағартушылық еңбектерінің идеялық жағынан бір-бірімен тығыз байланыстылығын және халықтық мақсатта туғандығын көрсетеді .
1879 жылы “Қазақ хрестоматиясын” Ыбырай: “татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін” жаздым дейді. Ағартушының хрестоматияға былайша маңыз беруі біраз нәрсені аңғартады. Қазақ даласында діни оқудың кең тарауына татар молдалары мен татардың діни кітапарының едәуір әсерін тигізгені мәлім. Ыбырай “татар тіліндегі кітаптардан құтылуды” мақсат еттім деп көрсеткенде, сол діни кітаптарды қоғамдық өмірден шеттетуді, сол арқылы жалпы діни сенімдерді әлсіретуді, қазақтың ұлттық тілінің беделін көтеруді көздегенін білуге болады. Әйтпесе ағартушы татардың халқын жек көрген емес. Мұның өзі Ыбырайдың әдеби еңбегінің діни идеаларға қарсы айқын демократиялық мақсатта туғанын танытады.
Қазақ қоғамында өнер-білімге құштарлықтың сезіле бастағанын аңғарған Ыбырай “қазір өткінші жағдайда тұрған халқымыз рухани нәр тілеп отыр” -деп дұрыс танып, хрестоматияны халықтың сол талап-тілектерімен байланыстыруды өзінің алдындағы басты міндеті деп санады. “Бұл кітапты құрастырғанда мен, - деп жазды ол хрестоматияның алғы сөзінде, - біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептеріне тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім” [64]. Оның бұл сөзінде хрестоматияның халықтық мақсатта жазылуын көрсету арқылы сол хрестоматияда қамтылған бүкіл әдеби еңбегінің де халықтық мақсатта туғанын өз аузымен мәлімдейді. Хрестоматияның орыс алфавиті негізінде жариялануы да оның демократиялық көзқарастарының нәтижесі еді. Ол “Қазақ сөздері орыс әріпімен анағұрлым дұрыс жазылады” -деп, орыс алфавитінің қазақ тілінің дамуына азды-көпті пайдасын тигізетінін орынды болжады, орыс алфавиті діни сөздердің қазақ тіліне ене түсуіне мүмкіндік бермейді, сөйтіп бұл тілдің жат элементтер арқылы бұзылуын болдырмайды деп таныды. Осы жылдың 25 ноябрі күні Ыбырай Алтынсарин “Қазақ хрестоматиясының” бір данасын Петербургке, В.В. Григорьевке, бір данасын Казанға, Н.И. Ильминскийге жіберді. Екеуі де әдейі хат жазды. В.В. Григорьевке жазған хатында: “Қазақ тілінде жазылған осы бір тұңғыш кітапты Сізге сыйға тартамын. Оны жазған Сізден тәрбие-көмек алған адал досыңыз, Сізді шексіз құрметтеуші Ы. Алтынсарин”- дейді [4, 78 б.].
Осы хатында Торғай облысында жаңа мектептер ашу туралы ойларын да баяндаған. Ол облыстық мектептерді “ашудың қажеті жоқ, өйткені оларға лайықты оқытушы тапшы. Азғантай ғана білімі бар адам 200-300 сомға бола қазақ даласының түкпіріне барып, мектебімен бірге көшіп-қонып жүре алмайды, екіншіден, болыстық мектептер жұмысын жақсы жолға қоюға қаражат та таптырмайды”-деген дәлелдер айтады [4, 295 б.]. Оның ойынша “алдын ала әзірленбей мектеп аша салу орынсыз”, тіпті бұл мектептерге небір өсекші қазақтарды, “немесе бүкіл Россиядан орын таба алмай жүрген маскүнем бір чиновникті” ала салудың қажеті жоқ. Мұндай жағдайда дала қазағын оқудан шошындырып аламыз, ал кейін оларды түсіндіру мен иландыру тіптен қиын. Парасатты, алдын ойлай білетін Ыбырай Алтынсарин: “Әуелі әрбір уезде жақсы жабдықталған бір-екі кластық немесе үш кластық мектеп ашуымыз керек. Бұларда оқитын балаларды тазалыққа дағдыландырып, әр нәрсеге ой көзімен қарай білетін азамат етіп тәрбиеленген жөн”-дейді [4, 296 б.]. Алтынсарин хрестоматия құрастыру жұмысын 1876 жылдан 1888 жылға дейін үздіксіз алып барды. Педагогикалық қызметінің бірінші күнінен-ақ хрестоматия құрастыру ойы болғаны оның әркімге жазған хаттарынан байқалады, бірақ ол өз өмірінде тек бірінші бөлімін ғана бастырып үлгерді. Алтынсарин қайтыс болғаннан кейін хрестоматия араб әріпінде “Мактубат” деген атпен қайта басылып шықты.
Оның хрестоматиясының екінші бөлімі бастауыш ғылыми білімнің, жаратылыс тарихының энциклопедиясы болған тәрізді. Бұл туралы Алтынсарин былай деп жазады: “Енді мен қырғыз хрестоматиясының екінші бөлімін құрастырып жатырмын…. Бұл бөлімнің тарихи мәліметтер жөніндегі таруына қырғыз халқының өз тарихынан материалдар енгізу керек болып отыр, бірақ ондай материалды қайдан аларымды білмеймін… өз туған халқыма қырғыз тілінде жалпы білім беретін, дұрысын айтқанда, ғылыми мәліметтермен құрастырылған тағы бір еңбегіммен қызмет етпекпін” [65]. 1880 жылы 7 апрельде В.В. Катаринскийге жазған хатында ол өзінің хрестоматиясының екінші бөлімін қалай құрастыратындығы туралы. “Хрестоматияның бұл бөлімінде мен мүмкін болғанша толық түрде жаратылыс тарихы туралы, география, тарих туралы, аздап химиядан, техникалық өндірістен түсінік бергім келеді. Қазақ халқының қазіргі жағдайында маңызы күшті болатын бұл еңбекті ойдағыдай орындап шығуыма құдай тек өмір мен күш беретін болсын, - мұны жақсылап қолдана білсек, бұл қазақ даласына көп өзгеріс енгізеді”,-[5, 229 б.] деп жазады.
“Ы. Алтынсариннің негізгі басты еңбегі-қазақ даласында оның ұсынысымен бірсыныпты (төрт жылдық) және екі сыныпты мектептер жүйесі және көшпелі тұрғындардың балалары үшін интернаттар пайда болды”-деп жазды профессор А.Ф. Эфиров [66]. Орысша білім беруде Ыбырай орысша дінге сыйынуға баулуды мақсат етпеген, ол алдыңғы қатарлы педагогикалық идеяларға негізделген орыс педагогикасының жүйесінен нәр алу еді. Осы мақсатта ол К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстойдың еңбектерінің ерекшеліктері мен педагогикалық әдебиеттерді мұқият зертеген. Ол - қазақ училищелерінде К.Д. Ушинскийдің “Балалар әлемі”, Л.Н. Толстойдың “Әліппе және оқу кітабын”, Б.Ф. Бунаковтың “Әліппе мен оқу құралын”, Тихомировтың “Грамматиканың элементарлық курсын” оқу құралы ретінде ұсына отырып, кейін солардың үлгісімен өзі де “Қазақ хрестоматиясы”, “Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы” атты екі оқу құралын бастырып шығарды. Ыбырай Алтынсарин қазақ мектебінде орыс тілін үйретушілердің алғашқысы болды. Ол орыс тілін қабылдау жеңіл түсу үшін, араб әріптерінің орнына орыс әріптерін енгізді.
Қазақ даласында бастауыш мектептерді ашу қажеттілігі, халыққа білім беру жайлы, қазақ балаларының орыс тілін меңгеруі жайлы, қазақтарды орыс мәдениетіне баулу жайлы ойлары Ш. Уалиханов, А. Құнанбаев ойларымен үндесетіндігі. Дегенмен Ыбырай қиын жағдайда жұмыс істеді. Ол жайлы 1880 жылы 14 қантарда В.В. Катаринскийге жазған хатынан көруге болады: “Білмеймін одан әрі не боларын, жақсылықты жергілікті әкімшілктен күте алмайтын сияқтысың”.
“Ы. Алтынсарин,- деп жазды А.Е. Алекторов - қырғыздардың ішіндегі еуропалық өркениет сәулесін шашушы және Ресейге деген сүйіспеншілікке баулығандардың алғашқысы болды. Қырғыз халқының әдебиет шығармашылығы жағынан көркем ағартушы - деп Ы. Алтынсаринді атауға болады” [67]. Ағартушы-демократ, жазушы, Ы. Алтынсариннің қызметі жайлы жоғары бағаланғанын көруге болады. Ағартушы өзінің тәжірибелік қызметін ағарту ісіне, мәдениетке арнағанын және қазақ халқын мәдениетке, білімге тартумен ұштастырады. Ағарту мәдениеті классиктерінің гуманистік ойлары мен істері кезінде сан қырлы қоғам тіршілігінің сапалық деңгейге көтерілуінің алғы шарты болғаны белгілі.
19 ғасырдың екінші жартысындағы саяси-әлеуметтік сипат аясындағы тарихи-мәдени өлшемдер тұрғысынан қарағанда Ы. Алтынсариннің білім берудегі сіңірген еңбегі өз заманындағы жаңа типті мектеп ашып, оқу-әдістемелік құралдар дайындаумен шектелмейді. Сол істер астарында бүгіндері жүзеге асырылып жатқан ғылыми-теориялық ізденістердің алғашқы қадамдары басталды [68]. Ы. Алтынсарин бір өзі заманының талабына сай жүктелген міндеттердің шешуін тауып отырды. Кешенді ізденіс арқасында Ыбырай Алтынсарин бүгінгі ғылыми тілмен айтқанда, қазақ даласындағы мектепте білім беріп оқытудың әдістемелік жүйесінің негізін қалады деуге болады. Оның ағартушылық дүниетанымы астарындағы гуманистік идеялары мен әрекеттерінің бүгінгі ұлттық білім беру жүйесіндегі келелі мәселелерді шешуге негіз болатындығын түсіну, тану. Ы. Алтынсариннің өзі өмір сүрген қоғамның келеңсіз құбылыстарын, қараңғылық пен надандылықты жеңудің басты жолы-халықты, жасөспірім буынды біліммен сусындату, көзін ашып, қоршаған ортаны, өзін тану деп түсінуі-оның ағартушылық дүниетанымының белгісі.
Ы. Алтынсариннің ағартушылық, философиялық мұрасын зерттеушілер А.И. Сембаев, Г.М. Храпченков, А.С. Сегізбаев, А.С. Сыдыков, С.Қ. Қалиевтардың еңбегіне жүгіне отырып, оның әдістемелік ізденуі мен ағартушылық қызметіне көз жүгіртсек, ұлттымыздың ілгерленуіне қосқан үлесі жаңа алфавит пен төл оқулықты (Қырғыз хрестоматиясы) дайындауда ғана емес екендігін байқауға болады. Негізгі ерекшелігі, қазақ баласын ана тілінде хат танытып, дүние тануын өз ұлтының болмысына сай іздестіруде. Ал дүние тану өзінің ана тілін танудан, өз ұлтының өкілі ретінде өзін танудан, өз халқының өнерін танудан басталады.
Қазірде адамның тұлға ретінде мәні төмендеп кеткен әлеуметтік-мәдени жағдайда гуманизмнің қоғамды мәдени дағдарыстан шығу құралы екені мәлім. Адам басты құндылық деп санай отырып, оның еркіндігін мойындау, оның өз қабілеті мен бейімділігін, адамгершілік қасиетін дамыта отырып, жан-жақты тұлға болуға құқықтығын мойындау-гуманистік дүниетанымның өзекті ойы 4-5 ғасырдан бері шыңдалып 21 ғасырда мәнділігі қайта өсіп отыр. Ғасырлар тоғысында қоғамымыз өзінің жаңа сапалық күйіне ұмтылысы бүкіл әлемдік даму үрдісімен үндес жүруде.
Ы. Алтынсарин мәдени-ағартушылық қызметімен кең байтақ даламызға ғылым-білімнің шырағын жақты. Осы “білімнің қандай кезеңде, қандай жағдайда келіп, жалпы қазақ мәдениеті үшін қаншалықты еңбек сіңіргенін ескерсек,-деп жазды филология ғылымының докторы Ә. Дербісәлин-өз заманының аса маңызды бұл мәдени ошақтарының дала өмірі жағдайындағы университет дәрежесінде қызмет еткенін көреміз”.
Ы. Алтынсарин халықтың шығармашылық жойқын күшіне, жарқын болашағына мол сенім артты. Ол, әсіресе, жастарды оқытып, тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді, оларды біздің нағыз келешегіміз, бар үмітіміз деп, жастарды “желкілдеп шыққан көк шөпке” теңеп, “біз болмасақ сіз барсыз, үміт еткен достарым, сіздерге бердім батамды” деп, қазақ жастарына үлкен үміт күте отырып, борыш пен жауапкершілікке, ішкі ар-ұждан дауысына сәйкес мінез-құлық қалыптастыруға «Дұрыс әрекет» жасауы, Бүгінде тек қазақ қауымы ғана емес, сондай-ақ бүкіл еліміз болып, оны ұстаздардың ұстазы деп әр кез қастерлеп, қадір тұтады.
Назарбаев Н. Тарих тоғысында. - Алматы: Атамұра, 1999. - 25 б.
Философиялық сөздік / Редкол: Р.Н. Нұрғалиев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов, Ж.М. Әбділдин. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1996. - 142 - 143 бб.
Алтынсарин И. Этнография // Собр. соч.: В 3 т. - Алма-Ата, Наука. - 1975. - Т.2. - С. 21 - 146 .
Алтынсарин И. Рассказы, басни, сказки // Собр. соч: В 3 т. - Алматы, 1978. - Т. 1. - С. 127.
Алтынсарин Ы. Таза бұлақ: Өлеңдер, әңгімелер, хаттар, очерктер. – Алматы: Жазушы, 1988. – 195 б.
Алтынсарин И. О ремесленной школе // Оренбургский листок. - 1884. - 29 январь.
Алтынсарин И. Просветители казахские 19 в. // Собр. соч.: В 3 т. - Алматы: Наука, 1978. - Т. 3. - С. 78.
Алтынсарин И. Мұсылманшылықтың тұтқасы. Шариятыл ислам. - Қазан, 1884. - 6 б.
Алтынсарин И. Киргизская хрестоматия. - Оренбург, 1879. - 113 с.
Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың тұтқасы. Шариат-ул-ислам / Дайындаған А. Сейдімбеков. - Алматы: Қазақстан, 1991. - 50 б.
Гельвеций К.А. О человеке, его умственных способностях и его воспитании. - М., 1938. - С. - 145-147.
Оразбекова К. Иман және инабат. - Алматы: Ана тілі, 1993. - 152 б.
Казыханова Б.Р. Эстетическая культура казахского народа. - Алма-Ата: Казахстан, 1973. - 30 с.
Муканов М. Казахская юрта . - Алма - Ата, 1986. - 48 с.
Әлібеков Ш. Қазақ фольклорының эстетикасы. - Алматы, 1991. - 55 б.
Мен - Адаммын: Жеке тұлғаның рухани - адамгершілігін дамытуға арналған құрал / Құраст. Б.К. Игенбаева. - Алматы: Дәуір, 2000. - 128 б.
Өмешұлы Ә. Рухы күшті халықтың болашағы жарқын // Ұлт тағылымы. - 1999. - № 3. - 52 б.
Алтынсарин И. Стихотворение, рассказы, басни, сказки // Избранные произведения. - Алма-Ата: Казахстан, 1957. - 33 с.
Абай. Слово назидания / В пер. С. Санбаева. - Алма-Ата, 1970. - 121 с.
Аристотель. Этика. - СПб., 1884. - 30 с.
Алтынсарин Ы. Әңгімелер // Таңдамалы шығармалары / Құрас. Б.С. Сүлейменов. - Алматы: Ғылым, 1955. - 320 б.
Алтынсарин Ы. Киргизская хрестоматия. - Оренбург, 1879. - 96 с.
Коменский Я.А. Великая дидактика. - СПб., 1893. - 145 с.
Алтынсарин Ы. Шараитли ислам. - Казань, 1884. - 61 с.
Габдуллин Б. Этические воззрения Абая. - Алма-Ата, 1970. - С. 36 - 37 .47 Белинский В.Г. Статьи, рецензии и заметки, апрель 1838-январь 1840 // Собр. соч.: В 9 т. - М.: Худ-лит., 1977. - Т.2. - 23 с.
Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері. Оқу құралы. - Алматы; Рауан, 1998.- 144 - 145 бб.
Есім Ғарифолла. Сана болмысы / Саясат пен мәдениет туралы ойлар. – Алматы, 1998. – 56 б.
Темірбеков С. Ең басты құндылық - адамгершілік // Қазақстан - Заман. - 2001. - № 7. - 12.
Ильминский Н.И. Воспоминание об Ибрае Алтынсарине. - Казань, 1891. - 77 с.
Алтынсарин Ы. Ғылыми - әдістемелік шығармалар // Шығармалар жинағы. - Алматы, 2003. - Т.3. - 19б.
Ильминский Н. Алтынсарин жөніндегі естеліктер. - Алматы: Ғылым, 1955. - 98 б.
Алтынсарин Ы. Өлеңдер мен әңгімелер // Екі томдық шығармалар жинағы / Құраст. Т. Қоңыратбай, Е. Шайқыұлы. - Алматы: Қазығұрт, 2003. - 278 - 279 бб.
