Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алтынсарин (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
108.26 Кб
Скачать
  • Ы. Алтынсаринның ғылыми этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтардың зерттелу жайын талдау;

  • -Ы. Алтынсаринның мәдени-ағартушылық қызметінде «дұрыс әрекет» құндылығының мазмұны мен мәнін айқындау және анықтама беру;

  • «­Өзін-өзі тану» сабағында ы. Алтынсарин мұраларындағы «дұрыс әрекет» құндылығын қолданудың моделін жасау;

  • Эксперимент-тәжірибе барысында Ы. Алтынсаринның рухани-адамгершілік құндылықтарын қолдана отырып, әдістемелік нұсқаулық даярлау.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. философиялық антропология, адам болмысы мен мәдениетін әртүрлі тарихи аспектіде меңгеруге жағдай жасайтын философиялық әдістемелерге негізделеді. Табиғат, қоғам және ой дамуының жалпы заңдылықтары, бұқара халықтың материалдық және рухани мәдениетті жасау және сақтаудағы рөлі, ежелгі мәдени мұраға қатысы, ұлттық мәдениеттің тәрбие жұмысындағы орны туралы ілімдері, жалпы адамзаттық құндылықтардың негіздегі тәрбие тұжырымдамаларын анықтайтын құжаттарға негізделдік. Қазақстан Республикасының заңдары, қаулы-қарарлары, Білім және Ғылым Министрлігінің тұжырымдамалары, бағдарламалары, философ, этнографтардың, әдебиетшілердің тарихшылардың, педагог-ағартушылардың еңбектері, оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыру жөніндегі іс - тәжірибелері де негіз болды.

Зерттеудің жаңалығы.

  • - Ы. Алтынсаринның ғылыми этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтардың зерттелу жайына талдау жасалуы.

  • -Ы. Алтынсаринның мәдени-ағартушылық қызметінде «дұрыс әрекет» құндылығының мазмұны мен мәні айқындалды және анықтама берілді.

  • «­Өзін-өзі тану» сабағында ы. Алтынсарин мұраларындағы «дұрыс әрекет» құндылығын қолданудың моделі жасалды.

  • Эксперимент-тәжірибе барысында Ы. Алтынсаринның рухани-адамгершілік құндылықтарын қолдана отырып, әдістемелік нұсқаулық даярланды.

Зерттеудің тәсілдері. Қойылған мәселелерді кешенді, тұтас және үйлесімді зерттеу үшін гуманитарлық білімдерде кеңінен қолданылып жүрген төмендегі әдістер: герменевтикалық және компаративистік тәсілдер, құрылымдық-функционалдық талдаулар пайдаланды. Сондай-ақ, Ы. Алтынсаринның мәдени-философиялық және ағартушылық еңбектері зерттеу проблемасы бойынша философиялық, тарихи-этнографиялық, археологиялық, әдеби, өнертану, мәдениеттанулық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынған.

Зерттеудің ғылыми негіздемелерін жасау барысында Ж.М. Әбділдин, Ә. Марғұлан, С. Қасқабасов, Ғарифолла Есім, Д. Кішібеков, Т. Ғабитов, Ж. Алтаев, Б. Нұржанов, Ж.Ж. Молдабеков, Н.Р. Мұсаева, А. Қасымжанов, А. Қасабек, А.Т. Құлсариева, Б.Р. Қазыханова, Ә.Н. Нысанбаев, М. Орынбеков, М.Ш. Хасанов, Н.Ж. Шаханова және З.М. Қодар еңбектерін, зерттеудің тәсілі мен әдіснамасын қалыптастыру барысында басшылыққа алынды.

І Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектеріндегі гуманистік тұжырымдар  негізінде «дұрыс әрекет» құндылығын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері

1.1 Ы. Алтынсаринның ғылыми этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтардың зерттелену жайы

Этика-көптеген ұрпақтардың моральдық мәдениетінің тарихи тәжірибесін халық тағлымы, этикалық дәстүрлердің ерекшеліктерін өзіне қосқан адамның рухани өмірі туралы ғылым.

Өнегелік-этикалық нормалар, халықтың ұлттық әдет-ғұрыптары қалыптсқан дәстүрлері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырады, жастардың мінез-құлқына байымды әсер етеді. Өйткені, халқымыздың өзі келешек ұрпаққа айтар ақылын, адамгершілік үлгісін, салт-сананы, дәстүрлерді насихаттап келеді. Халқымыз өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, ұрпақты адал еңбекке, өнер-білімге тәрбиелейді, үйелменнің, ауыл-аймақтың, елдің ар-намысын қорғау сияқты ізгі адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады. Қай қоғамда болмасын, оның барлық салаларында, өмірде, еңбекте, тұрмыста өнеге адамның мінез-құлқын, сана-сезімін реттейді. Бұл ұстанымдар барлық адамдарға тарайды, олардың өзара қатынас мәдениетін құрайды.

Ұлттық қадір-қасиет дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, біздің заманымызға жетіп отыр. Тәртіп пен мінез ерекшеліктері өзгеріп отырады. Олар халқымыздың өмір сүру жағдайына, әлеуметтік-экономикалық және географиялық ортасының шарттарына байланысты қалыптасады. Ұлттық мінез құлық ерекшеліктері адамдардың біріккен өмірі мен күресінде, әлеуметтік, табиғи-географиялық, материалдық мәдени жағдайының шарттарына лайықты қалыптасты. Соның әсерінен әрбір адамға ұлттық мінез-құлық, саналы тәртіп, болымды қылықтар сезім көріністері, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары пайда болды.

Этикалық мәдениет-негізгі адамға, прогреске қызмет етуге болатын, тұлғаның өмір салтында мінез-құлқының күйін, рухани қажеттіліктері мен құндылықтарының гуманистік бағдарының бағыттылығы мен қалыптасқандығы. Өнегелік мәдениет-дәстүр негізінде саналы түрде ойлап шығарылған және үнемі жетілдіретін тұлғаның өмірге, адамға, қоршаған ортаға, өзіне рухани құнды қатынасының жекелік тәжірибесі. Жалпы адами құндылықтар негізінде адам мүмкіндіктерінің шексіздігіне деген оның жетілу қабілеттілігіне деген оның әлеуметтік өміріндегі тұлға бостандығы мен абыройы тұжырымына деген сенімі, жалпы адамдық моралінің гуманистік нормалары, адамның іс-әрекетінің, мінезінің өнегелік ұстанымы мен оның айналадағы ортаға өнегелік қарым-қатынасын жатқызамыз. Жалпы адамзаттық өнегелік нормалары адамның мінезін бақылауға, күнделікті адамдардың қарым-қатынастарының бағытын бейнелеуге, адамды саналы субьект ретінде басқа адамға деген қарым-қатынасының достық, сыпайылық, сыйласымдылық, сезімталдық мінезде бағыттауға негізделген. Ол өтірікті, сатқындықты, қатыгездікті, қорқақтықты жамандық деп санап, оған жол бермейді.

Этика адамның өнегелік өмірі туралы ғылым бола отырып, дамып келе жатқан тұлғаға рухани мәдениеттің негізі болған моральдық құндылықтар табиғатын түсінуге көмектеседі. Бұл оның тәрбиелік негізі болып табылады. Ол адам өмірінің мәні мен өнегелік шындықты іздеуінде, этикалық ойдың даму тарихында біртіндеп қалыптасқан. Сезім де дамып келе жатқан сананың өнегелік елесіне еріп индивидтің мораль туралы көзқарасының өрісін кеңейтіп, тереңдетеді. Этикалық сана мен өнегелік сезімнің қатар дамуы тұлғаның дамуын белсендіреді. Құндылық түсінігі бұл жерде өнегелік бағытталған түсініктердің негізі болып табылады. Оған жалпы адамзатқа маңызды өнегелік категориялар кіреді. Этимиология тұрғысынан алғанда адам нені бағалады, нені маңызды деп санады сол құндылық деп түсіндіріледі. Бірақ сонда аксиологтар әлі де құндылық түсінігінің бірмәнді анықтамасына келген жоқ.

Ғалым философтар А.В. Архангельскийдің, С.Ф. Анисимовтың, Л.П. Буеваның, С.Г. Дробницкийдің, Г.Н. Гусейновтың, И.Т. Фроловтың еңбектерінде құндылық жеке адамның құрамының элементі, детерминация факторы, тұлғаның әрекеті ретінде қарастырылады. Біз құндылықтардың адамның мәндік күштерінің іске асу мүмкіндіктерімен байланыстырылатын рухани жетілуінің даму позицияларын бөлеміз. Осы тұрғыдан біз өнегелік құндылықтардың келесі аспектілерін қарастырамыз.

  1. Аксеологиялық - жеке адамның рухани құндылықтарға бағынуы;

  2. Гнеосологиялық-тұлғаның жоғары құндылықтарды меңгеру үрдісіне кірістіру;

  3. Когнативті - жоғары құндылықтар призмасы арқылы өз-өзін, өз қабілет мөлшерін түсіну;

  4. Бағыттаушы - адамның өнегелік бағыт ядросының айналадағы ортаға, адамдарға қарым-қатынасының көрінуі;

  5. Нәтижелілік – адамдағы Меннің байқалу механизмі.

Психологтардың ойынша, жеке адамның құндылық бағыттары оның әлеуметтік шындыққа саналы қарым-қатынасын бейнелейді, сол қарым-қатынасқа сәйкес тәртіп мотивациясын анықтап, барлық даралық реакциялар мен іс-әрекетке үлкен әсер етеді. Осыған сәйкес құндылық бағыт тұлғаның өнегелік даму процесін анықтайды. Бұл үрдіс жастарды этикалық мәдениетке тәрбиелеу жүйесінде жеке адамның құндылық бағыттары мен жалпы адамзаттық құндылықтар арасындағы үстемділіктің түрленуіне әкеледі.

Күнделікті өмір сан-салалы байланыстар мен қарым-қатынастарға толы. Егер осы байланыстарға ой көзімен қарап, талдап, саралар болсақ, олар адамдардың әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстау, мінез-құлық пен жүріс-тұрыс қағидаларын сақтау тәртібіне, яғни әдеп (этикет) сыпайылық мәселеріне әкеледі. Ғасырлар мен қоғамдық формациялар ауысқан сайын әдептік (этикет) салттары да белгілі бір жүйеге түсе бастады. Этикет ережелерін білуге, үйренуге деген ықылас қазіргі кезде жұртшылық арасында ерекше қызығушылық тудырып отыр. Ол заңды да. Адамдардың мәдени тұрмыстық дәрежесі өсіп, рухани және материалдық байлықтары артқан, елдер мен халықтар арасындағы байланыстар бұрын болмаған дәрежеде өркендеген қазіргі шақта адамдар қарым-қатнасында әдеп нормаларын жан-жақты сақтай білу қажеттігі заман талабына айналып отыр.

Тез өзгеретін, тез өзгермейтін құбылыстар да бар. Өте баяу өзгеретін құбылыстарға мінез-құлық, тіпті адамның бет әлпеті, дене құрылысы да жатады. Солардың бәрінің себептері бар. Себепсіз еш нәрсе болмайды. Қазақ халқының мінез-құлқы да бірте-бірте өзгеріп келеді.

19 ғасырда өмір сүрген француз философы К.А. Гельвеций өзінің “Адам, оның ақыл-қабілеті және тәрбиесі жайлы” деген еңбегінде: “Тәжірибе дәлелдегендей, халықтардың мінез-құлқы мен ақылы, олардың өкіметінің түр сипатымен бірге өзгереді, әр қилы өкімет түрлері бір ұлттың мінезін кезекпен бірде көтеріңкі, бірде пәс, бірде тұрақты, бірде тұрақсыз, бір де батыр, бір де осал етеді. Олай болса, адамдар не ешқандай мінезге бейімделіп тумайды немесе тіпті қарама-қарсы бұрыс та, дұрыс мінезбен туады. Сондықтан, олар тек тәрбиенің жемісі”,- деп жазды [15]. Әрине Гельвецийдің айтқандарын сол күйінде қабылдау қиын. Бірақ негізге алуға болады. Олай болса Гельвецийдің айтқандарының кейбір жақтарын қазақ халқына да қолдануға болады.

Қазақтың этикалық мәдениеті өте жоғары болған. Қазақта үлкенді сыйлау, сөзін бөлмеу, жолын кеспеу, үлкенге иіліп сәлем беру, айтқанын екі етпей орындау дәстүрге айналған. Келініне қатты сөйлемеген. “Қызым саған айтам, келінім сен тыңда” деген сөз содан қалған. Қазақ ойын тік айтпаған, оралтып келтірген, мақалдап сөйлеген. Келіні де енесіне, күйеуінің аға-іні, апа-қарыңдастарна сыйпайы сөйлеген. Қазақ қызына “шашыңды жалбыратып, жалаңбас жүрме, күйеуге шыққанда жесір қаласың”деп үйреткен. Жесір қалудың барлық азабын білетін қазақ қыздары бұл тәртіпті бұлжытпай орындаған.

Қазақ салтында үлкеннің атын атамау, оны сыйлау әдептілік, көргенділіктің бір үлгісі болып саналады да ондай қылық ризашылық сезімін тудырады. Кіші үлкенді сыйласа, үлкендер де өз тарапынан оған лайық ықылас білдіруге талпынған, содан барып, үлкен мен кіші арасында жарасымды қарым-қатынас орнаған. Ол әдетке айналып әдептілік ережелерін тудырған. Үлкендер отырған жерде олардың алдын орап арындап кетпей, инабат, ізет таныта білу, жөн-жораға, көңілге қарай сөз айту, қажет кезде өзіңді іркіп ұстау сияқты қасиеттер халықтың дәстүрі мен тәлімінде жалғасып, ұласып белгілі бір қалыпқа келеді. Сөйтіп сөйлеу әдебінің (этикетінің) өзіне тән нормалары мен ерекшеліктері қалыптасады. Сөз арасында қолданылатын: кешіріңіз, ғафу етіңіз, мүмкін болса, қажет деп тапсаңыз, мақұл көрсеңіз, рұқсат етсеңіз, қалауыңыз білсін сияқты сөздер елеусіздеу көрінгенмен, адамның әдептілігін білдіріп, тілге сыпайылық рең беріп, ізеттілікті білдіреді. Мұндай майда сөздер үлкенге де, кішіге де жарасымды болып, адамның кішіпейілдігін, адамгершілік әдептілігін паш етеді. Естіген құлаққа майдай жағады. Шырағым, қарағым, шырақ, қарындас, інішек, ағай, апай, атай, жеңеше, құда, құдағи, құдаша, жезде, балдыз, нағашы, жиен, тәрізді қаратпа сөздер, үлкендер мен кішінің арасындағы ілтипат, әдептілік көрсеткіштері.

Адамның “сіз” бен “сен” сөзінің жұмсалу дәстүрінен жөнсіз ауытқымайтыны да әдеп (этикет) сақтауға жатады. Жылуы мол, жан жадыратар шуақты сөздерінің мағынасын “Сіз” деген - сөздің сынығы, сен - деген сөздің анығы” деген мақалдан да аңғарамыз. Әдепті қылықты әркім де жылы қарсы алады. Мәселен, көшеде бір қарт таяғына сүйеніп, кібіртіктеп әрең жүріп келе жатыр делік, оған ұшырасқан қыз, не жігіт жылы жүзбен тез қимылдап, қолтығынан демеп, жол көрсетіп жіберді. Кәрия риза болады, батасын береді. Әдепті адамның ісі де сөзі де жылы леп жайып тұрады. “Сөзі райлының - жүзі шырайлы”, “Жақсының сөзі - өлшеп пішкендей, жаманның сөзі түйеден түскендей”, “Жақсы байқап сөйлер, жаман шайқап сөйлер” деген нақыл сөздер міне осыны меңзейді.

Халқымыз ерте кезден-ақ әдепті жоғары бағалай білген. Қазақ ұлдары мен қыздарының да өне-бойынан әдептілік қасиеттері байқалып тұрған. Қаракөз сұлулардың қолаң шашы тобығына түсіп, жүріс-тұрысы биязы, мінезі жайдары, үлкенге кішіпейіл, кішіге мейірімді болған ғой. Жігіттер жау тигенде жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал еліне, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де, қамқоршы бола білген ғой. Ұнамды қатынас жасай білу - әдептілік. Бұл - адамзат баласының әу бастан өз өмірін серік етіп, тіршілік құру жолындағы алға ұстап келе жатқан қағидалары. Әр заманда әр халыққа тән әдет дәстүрлер өмірге келіп, соларға сай әдеп қағидалары туындап, ғасырлардан ғасырларға жалғасып, ұласып жатады. Қазақ әр нәрсені жүйесімен ойлап, шебер де мәнді сөйлей білу қабілеттерінен ізгілік, адалдық қасиеттерін пайымдаса, олар әркімнің көрген өнегесіне, тәліміне қарай әрқалай жүзеге асып жататынын ескеріп отырған.

Әдеп, адамгершілік жөніндегі қағидалар қашанда халықтың өлең-жырларынан, тапқыр, шешендік сөздерінен, ауыз әдебиеті үлгілерінен тиісті орын алып отырған: “Адам арын ойлайды, надан дүниеге тоймайды”, “Адам зейіні алмастан өткір”, “Ақыл, қайрат, білімді, тең ұстаған зор болар”, “Ойсыз, жігерсіз, білімсіз өмір кешкен қор болар”, “Адамға арақ ас болмас, ішкен адамда бас болмас”, ”Анығын айту адалдық, ала сөйлеу арамдық”, ”Ақылды ұл білім іздер, ақылсыз ұл шылым іздер”. Осындай нақыл сөздер ұлттық тәлім-тәрбиенің бастау бұлағы [16]. Платонның “ұл тәрбиелеп отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қызды тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз” деген қанатты сөзіне біздің халық қашанда лайық болған сияқты. Ол қандай қиын қыстау кезеңінде де дінін сақтап, имандылық қасиеттерге үйретіп шариғат заңдарын насихаттап үлгілі ұрпақ өсіруге талпынады. Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, көзінен, өзінен байқалады. Иман жүзді адам күндей күлімдеп, жарық дүниедей жадырап сөйлейді, сөз арқылы да, өзі арқылы да тыңдаушының есту сезімінің сүйсіндіріп, көңіліне нұр шашады, әдемі, әсем беріп әңгімеге тартады.

Халық әдебі “Сіз” деген сөзден басталады. Бұл сөз-сыйласымды, құрметтеуді, ардақтауды білдіретін қасиетті сөз. Жеке адамның іс-қимылына тәуелденіп айтылғанда, бұл сөз “ыңыз”, “іңіз” қосымшалары арқылы сыпайылық мәнін арттырады. Қазақ халқында өзінен біраз жас үлкен болсын, кіші болсын, бейтаныс адамға “Сіз” деп сөйлеу салтқа айналған.

Әдептілікті білдіретін, мәдениеттілікті көрсететін сөздер-құрметтеу, ардақтау, бағалау сөздер. Әдептілікті көрсететін сөздерге теңеу, балау сөздер де жатады. Ағасы інісіне, не қарындасына “жаным”, “күнім”, “айым”, “алтыным” десе, әкесі, шешесі, ағасы жас балаға “ботам”, “құлыным” дейді, бала атасына “аташым”, апасына “апашым”, “ағасына “ағатайым” деп сөйлейді. Кіші адамның үлкен адамға тіл алғыштығы, яғни “мақұл”, “құп болады”, “қалауыңыз білсін” деген сөздер”- әдептіліктің белгісі. Әдепсіз бала “мақұл” деудің орнына, (сыныққа сылтау” айтып, дөрекіліп, тілазарлыққа, мізбастыққа салынады. Ол әдет өмірге зиян, адамдыққа кесел, тұрмысқа қырсық.

Әдепті сөздерге неше алуан жаңашыр сөздер мен аянышты сөздер де жатады. Ондай сөздерді әдепті адам шын ниетімен адал жүрегінен айтып, басқаға әсерлендіре жеткізуі қажет. Әдепті сөздер - ақылдан шыққан аялы сөздер. Әдепке үйреніп, әдепті сөздерді айтуға жаттыққан адам - мәдениетті де әдепті адам [17].

Қазақта “Кішіпейілділіктен кішіреймейсің”, “Ұлық болсаң, кішік бол” деген мақал бар. Инабатты биязы мінезді, қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен, мақтаншақ, керенау кесір мінезбен халық аянбай күреседі. “Сыпайы жаурамайды қалтырайды”, Сыпайы сырын жасырмайды”- деп, халық сыпайы адамның мәдениеттілікті сақтай білетінін жастарға үлгі етеді. Сыпайы болу дегеніміз- әдеп сақтау, әдептілік үлгісін, мәдениеттілікті көрсету. “Болған жігіт болдым демес, болдым десе, болғаны емес” деп, халық кейде сыпайылықтың жөні осы екен деп, оны теріс түсініп, басқадан өзін артық көретін, сыпайылық ең кербездікті артықшылық санайтын санасызды қатты сынайды.

Ы. Алтынсариннің “ Әдеп”- деген әңгімесінде:

Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасында бір жарлы мұжық өтіп бара жатып иіліп, басұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек басұрып сәлем алды. Қасындағы бай:

  • Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша басұрасыз?- деп айтты дейді.

Сонда әкім:

  • Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? –дейді [5, 55 б.]. Бұл әңгімеден қарапайым адамның білімі жоқ болса да, өзінің әдептілігін, сәлемдесу арқылы көрсете білгендігі. “Адамдықтың белгісі иіліп сәлем бергені” деген қағидаларды халқымыз үнемі уағыздап отырған.

Қытай жұртында ескі заң бар, біреуді алдағандығы мойынына түскен кісінің қолын кесетұғын. Бір төре осындай іспен кінәлі болып, әлгі айтылған жазаны беруге тұрғанда, кінәлі төренің жас баласы әкем үшін жауап беремін деп, мәлім болды. Қызды патшаға алып келісті.

  • Тақсыр патшам, - дейді қыз, - менің әкем жазаға лайық болғаны рас, соның үшін қолынан айырылуы керек болды, мінекей тақсыр, әкемнің қолы,- деп өзінің қолын көтерді.

  • Бұл қол да менің жазықты болған атамның қолы, бірақ мұнымен бала-шағаларын асырауға шамасы келмейді. Бұйырыңыз, тақсыр, осы нашар қолын кесіп, жұмысқа жарап, бала-шағаларын асырайтын қолын атама қалдыруға.

  • Патша баланың атасына мұнша мейірімділігіне рақымы келіп, төренің күнәсін кешті-дейді [5, 33 б]. Бұл әңгімеден әкеге деген қызының мейірімділігін, аяушылығын, тапқырлылығын көруге болады.

Инабаттылық тәлім түрі - тіл алғыштық. Ата салтын сақтап, үлкенді сыйлай білетін, ананың ақ сүтін ақтайтын ұрпақ елгезек, тіл алғыш болады. “Ит итті жұмасайды, ит құйрығын жұмсайды”, “Тілазардың түбі- азар”,- деп халық тіл алмайтын қырсықты жек көреді.

Қазіргідей аумалы-төкпелі ұйытқуларға қарсы тұра алатын жалғыз ғана құдірет бар. Ол ғасырлар бойы мысқылдап жиналған мәнді қазына-жалпы адамзаттық, халықтық, ұлттық игіқасиеттер. Елдің елдігі де халықтың өзі қастерлейтін асыл қазынасы сол - игі қасиеттердің болмысына сай келеді.

Сонымен жалпы адамзаттық қасиеттер деп отырғанымыз зорлық-зомбылық атаулыны жоққа шығарып, төзімділікке, жаңашырлыққа, өзара көмек пен жәрдемге, мейірімандылыққа, өзгенің өмір салтына, дәстүрлерге, әдет-ғұрпына, пиғылына, тіліне құрметпен қарауға, тағы басқаларға жол ашатын жоғары ізгілік, имандылық нұсқалары. Олардың қатарына Абайдың “талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой” дейтін бес асылын да жатқызуға болады.

“Еңкейгенге еңкей, ол әкеңнің құлы емес, шалқайғанға шалқай, ол құдайдың ұлы емес” дейді қазақ. Ол азын-аулақ биліктің дәмін татса-ақ өзгеге паңдана қарайтындарға бас имейтін, от жүректі өжет бола тұра сабасына тез түсе қоятын пайымды жандарды құрметтеген.

Қоғамның материалдық-техникалық базасын жаңа адамды қалыптастырудан, оның эстетикалық дамуынан бөліп қарауға болмайды. Әрбір адамның шығармашылық қабілетінің қанат жаюы оның еңбек сапасының артуына әсер етеді, мәдениетін дамытады. Сөйтіп адамның жалпы мәдениетінің маңызды бөлігі-өміріміздің барлық саласына ықпалын тигізетін эстетикалық мәдениет болып есептелінеді. Орыстың ұлы жазушысы А.П. Чехов былай деген еді: “Адам бойындағының бәрі де : бет әлпеті де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да, киім - кешегі де әдемі болуы керек”. Ал, В.Г. Белинский: “Сезімнің әсемділігі адамгершіліктің құнды жағы… Онсыз, бұл сезімсіз, данышпан да, талант та ой да жоқ… Кімде-кім жас кезінен өлеңді сүймесе, драмадан тек қана театрландырған пьесаны көрсе, ал романнан зеріккенде қажетінен шығатын ертегіні көрсе - ол адам емес… Эстетикалық сезім – ізгілік негізі, адамгершілік негізі” -деп түсіндіреді [18 ].

Қай халықты алсаң да олардың өмір сүруінде материалдық, рухани байлықтардың рөлі зор. Осынау құндылықтар негізінде сол ұлттың өткені мен ертеңі туралы пікір қалыптастыруға болады. Осы орайда адамзат баласының өмір кешуінде су, ауа қандай керек болса, заманға сай қоғам құру үшінде мәдениетті болу сондай қажет. Адамның өз көңіл-күйін және сезімін еркін билей алуының белгісі-рухани мәдениеті. Ол жеке адамның ақыл-ой жетістігінің жемісі, сапалық көрсеткіші. Рухани мәдениеті, ұлттық этномәдениетіміздің сезімдік әсерлері психология, философиялық кейбір зерттеулерде айтылып жүргенмен әліде зеттеулерді қажет етеді. Рухы жоғары адами тірліктің қиыншылығымен тұйықталып қалмай, өзгенің адамгершілігін құрметтеп, ілтипатпен қарап, көмектесуге бейім болады.

Қазақтың фразеологиялық сөз тіркестерінде көп кездеседі: рухани бай адам, адамның рухы, рухы жоқ, рухы жоғары, рухтанып кетті, рухани байлық, ұлттық рух, рухани ұстаз тағы басқа. Осы тіркестерге зер салатын болсақ, “рух” деген нәрсенің адам денесіндегі бір қуат екендігіне көз жеткізуге болады. Оның адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттері мен жасайтын барлық игі істерінің қайнар көзі екендігін аңғару қиын емес [25, 5 б.].

Аспан асты, жер үстіндегі адамзат тарихы дамуының бүтін бір концепциясын дүниеге келтірген Гегельдің “халықтық рух” ұғымын айналымға енгізгені аян. Кейінгі оқымыстылар оның аяқ-астарын барынша кеңейтуге кірісті және халықтардың тарихи санасы тұлғалана түскен сайын “ұлттық рух” ұғымы жиірек қолданылуды қарайды. “Ұлттық рух” дегенді әркім әрқалай бағамдайды. “Ұлттық рух-ұлттық сананың көрсеткіші”, “Ұлттық рух- дегеніміз-ұлттық мінез”, “Ұлттық рух- ұлттық болмыстың ұйытқысы”.

“Этникалық психологияға кіріспе” кітабының авторы Г. Шпет бұл мәселені байыпты зерделеп, “ұлттық рухтың” халықтың сын-сипаты мен идеясын мінездейтін “образ” арқылы айғақталатынын айтады. Көпшілік тіліне көшірсек, ұлттық рух халықтың тілі мен тарихынан тиянақ табады деуге болады. Ол – тарихи категория; мезгіл мен мекеннің ауысуына да өзінің көркейтер көзін – “энергетикалық мәйегін” жоғалтпауға тырысады. Сондықтан белгілі бір дәрежеде ұлттық рух дегеніміз - ұлттық энергия.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен туады: ақ-қара, күн-түн, ыстық-суық, тәтті-ащы, жақсы-жаман. Адам жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан, оның ішінде билік үшін үнемі осы қуаттың күресі жүріп жатады. Жақсыны, я жаманды таңдап жататынымыз да осыдан. Жаман адам болмайды, бойындағы нәпсісі рухынан үстем болғандықтан, барлық ақылы, білімі, қайрат-жігерімен өнері нәпсінің құлына айналғандықтан, жақсы іс-әрекеттер мен көркем амалдардың табылуы қиын. Рухани бай адам ең алдымен әділ, мейірімді және қанағатшыл болады. Рухани азықты тауып, дәмін татып, мейірімін қандырып адам ғана бұл дүниенің қызыл-жасылы мен баянсыз бақыттарына жүрек байламай, алаңсыз толық қанағат кейпіне келіп, өмірден өзінің нақты орнын табады. Сонда ғана өзінің адам деген атына заты сай көзі ашық, көкірегі ояу кемел дәрежесіне жетеді [25, 6 б.].

Әрбір халықтың рухани азығының қайнар бұлағы оның халықтық мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлері болып табылады. Тән азығы мен жан азығының тепе-теңдігін сақтап, жан азығына басым көңіл бөлген халқымыз өміртануды діттеп, оның пәлсапалық заңдылықтарын терең ұғынған. Сан ғасырларда қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білуімен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт. Ол рухани - адамгершілік тағлымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, мінез-құлқы жетілген саналы адам қалыптасады [25, 8 б.]. Қазақ жазушысы Ғ. Мүсірепов: “Өзінің өткенін білмейтін халықта болашақ жоқ” десе, бүгін біз “рухы күшті халықтың болашағы жарқын” дейміз [26]. Ұлттық рухтың мықтылығы, жастардың рухани әлемі тілдік мүдделердің жүзеге асырылуына байланысты.

Ағылшын ғалымы Э.Б. Тайлор мәдениетті адамның ақыл-ойымен, еңбегімен жасалған материалдық және рухани құндылық ретінде бағаласа, австралиялық психолог З. Фрейдтің айтуынша, мәдениет адамзаттың ғасырлар бойы жинақталған білімі мен тәжірибесі, сол негізде игерген кәсібі, ақыл-ойымен жасаған еңбек құралдары мен берген өнімі. Материалдық және рухани мәдениет адамның әрекетшілдік, іздемпаздық қызметі нәтижесінде туады. Осы тектес ойды орыс мәдениеттанушылары былайша жеткізген: “Мир культуры любой его предмет или явление не следствие действия природных сил, а результат усилий самих людей, направленных на совершенствования, преобразование того, что дано самой природой” [28].

Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру-оның туған кезінен басталуы керек. Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әртүрлі ойындар, хикаялар, ертегілер, қойылымдар арқылы берілгені жөн болар еді.

Адамшылықта “рух өзін неғұрлым жақсы түсінген сайын, ол солғұрлым табиғатты да жақсы түсінді” (Спиноза). Дәстүрлікке, рухқа берік қазақ “адамгершілік пен байлық өлшемін іздеген. Оны құттан тапқан, кұтпен балаған. Құтты бақыттан әлде қайда терең бағалаған” (Ғарифолла Есім).

Халқымыздың ұлттық өмір жолын, өркендеуін насихаттау - рухани басты қажеттілік. Адамгершілік-қоғамдық қасиеттердің дамуы мен тарихи-мәдени, рухани қажеттіліктің нәтижесі. Рухани қажеттілік - адамның жеке тұлғалық, шығармашылық-тәлімдік және мәдени - әлеуметтік қажетін қанағаттандыратын құндылықтарға ынталылық. Құндылық - жеке адам үшін болмыстың бір белгілі көрінісінің мағынасы. Адамды құрметтеу, оған сену, әдептілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, жанашырлық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік-ең жоғары құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік және психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Руханилық - ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жаңашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Бұл мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Ал махаббат адамның мінез-құлқына рух береді, оны өзгертеді, шығармашылық әрекеттерге жетелейді. Өзін жақсы адам ретінде тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін тани білуі тиіс. Өзін-өзі тани білу сананың қалыптасуынан туады. Өзіндік сана дегеніміз-ең алдымен тұлғаның өзінің рухани және дене күшін, әрекеттері мен ой-сезімдерін тануы. Ол тұлғаның өзін қоғам мүшесі ретінде, қоршаған ортамен, адамдармен қарым-қатынасын тануы. Өзіндік сана адамгершілік сананың дамуына ықпал етеді.

Адамгершілік-кез келген мәдениеттің дамуындағы міндетті шарты. Адамгершілік сана мәдениеті адамгершілік мінез-құлыққа бағытталған дағдылар мен қабілеттердің даму, даярлық дәрежесі, сезім және ерік, мінез-құлықтың адамгершілік мотивтерінің түсіну дәрежесі, өнегелік сапалары мен сезімдердің этикалық білім деңгейін анықтайды. Адамгершілік мәдениет тұлғаның іс-әрекет арақатысы мен қоғамдық өнегелі нормалары, талаптары, сөз бен істің бірлігі, мотив және мінез-құлқы, субьектінің мінез-құлық субьектісінің адамгершілік белсенділігі арқылы анықталады.

Адамгершілік сенім, адамгершілік сананы, адамгершілік талаптарды білу, түсіну және соған сай қарым-қатынаста болуды қамтиды. Сенім адамның білімінің негізінде туындайды. Ол өзінің сенімін қандай да бір жағдай болмасын оны қорғауға және өзінің сенімінен таймауға, қарым-қатынас жасауға тырысады. Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу үрдісінде адамгершілік сезімдер ерекше орын алады. Жоғары сезімдер адамның бірлесе жасаған әрекет негізінде пайда болып, дамып, адамгершілік ережелеріне айналады. Егер де адамгершілік сезімімен байланысты орындалған іс-әрекетте байқалған мінез-құлық қоғам тарапынан, қарым-қатынас барысында жағымды баға алғандай болса, ондай сезімдер ұнамды: оған тілектестік, ынтымақтастық, қайырымдылық, достық, бауырмалдылық, әділдік, адалдық, ана тілін, әдет-ғұрпын, арсыздық, күншілдік, жауыздық, жауапсыздық. Сондай-ақ адам өзіне ұнамсыз қылықтарды сезінсе, өкінеді, ұялады, қынжылады, мазасызданады, көңілсізденеді, бұл да адамгершілік сезімдер. Адамгершілік сезімдер адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажетінен туатын және біртіндеп дамитын үрдіс. Жақсы адамгершілік қасиеттерге, мәдениетке баулуда құрбы –құрдастарының, мәдениетті адаммен жолдас болудың әсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. “Жақсымен жолдас болсаң - жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа”. “Жаман дос, жолдасын қалдырар жауға”-деген мақалдардан көруге болады. Мақал-мәтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер, адамгершілік тәрбиенің арқауы. “Ел қамын жеген-ер” деп ел қамын, елге қайырымды, бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арнаған адамды айтады. “Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші” – деген мақал-мәтелдерде, жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлайтын азамат екенін көрсетеді. Мақал-мәтелдер әрбір халықтың көне де байырға рухани қазынасы. Ол-өз бастауын адам баласының тым ертедегі саналы қоғам құрған балаң кезінен алып, ғасырлар бойы еленіп-екшеленіп, сұрыпталып, талассыз толығып келе жатқан жанды құбылыс, халық даналығының қорланып жиналған қоры, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан рухани мұрасы.

Ы. Алтынсарин шығармашылығында еңбек, дін, адам туралы, әйелдерге, балаларға, білімге арналған, жақсылық пен жамандық, байлық пен кедейлік, достық пен денсаулық жөнінде жазылған мақал-мәтелдері бар. “Ұят кімде болса, иман сонда болады”, “Ажалдан ақша беріп құтылмас”, “Сақтағанды құдай сақтар”, “Баталы құл арымас, батасыз құл жарымас”, “Білім тұрған жерде иман тұрады”, “Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас”, “ Дауды шешен бітірмейді, шебер бітіреді”, “Жақсылық қылсаң, бүтін қыл”, “Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын, жаманның жамандығын айт, құты қашсын”, “Адам болар баланың кісімен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар” деп, халық кісілік - мәдениетілікті көрсететінін, кісілікті нағыз кісіден үйрену керек екендігін мақамдап-мақалдап айтады. Мақал-мәтелдер мен шешендік сөздер - ұлттық мәдениеттің белгілері. Қазақтың ұлттық дәстүрі бойынша, кісіні сыйлау, құрметтеу, оның кісілігін үйрену әрбір жастың парызы болып табылады. Үлкен кісінің алдынан қия өтпеу, үлкен адамдарға орын беру, оны төрге шығарып құрметтеу, оған сәлем беру, көңіліне қарау адамгершілік борыш ретінде қалыптасқан дәстүрлер.

Ы. Алтынсарин шығармаларында жасөспірімдерді адамгершілік құндылықтарға баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Адамның адамгершілік құндылықтарының дамып жетілуі өмір бойына созылатын үрдіс болғанымен, адам бойындағы адамгершілік қасиеттердің негізгі сипаттары балалық кезеңде жинақталады. Ол өзінің бар өмірін ағартушылық ісіне бағындырып, қазақ жастарын адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнегелі азамат болуға шақырады.

Адамгершілікке баулу этикалық білімдер мен сенімдерге негізделген адамгершілік мәдениетінен туындайды. Адамгершілік сана деңгейі мен тұлғаның мінез-құлқы ішкі және сыртқы мәдениеттің қатынасында байқалады.

Ы. Алтынсарин өмірінің мәні жөнінде және өзінің халқы туралы ойламауы мүмкін емес. Ол қоғам үшін, өзі үшін пайда әкелетін мақсатты өмір сүруге ұмтылды. Ол өз өмірінің мәнін анықтауда ”танымды” іздеді, “өзінің отандастарына жақсылық жасауға” мақсат қойды, барлық өмірін халықтың ағарту ісіне арнады, “адамгершіліктің дамуына” әсер етуге ұмтылды. Ол К.Д. Ушинскийдің принципін басшылыққа ала отырып, адамда ”мақсат” және “міндет”, ” кез келген адал адам” өзі үшін іс-әрекетті таңдауы керек, ол өзіне ғана емес, барлық халықтарға пайдалы болуы қажет. Жер жыртушы, саудагер, қолөнерші, жауынгер, чиновник, жазушы, мұғалім…өзінің жан ұясын өз еңбегімен асырайды. Бұл еңбектер адамдарға пайда әкеледі”- деген [32].

“… Еңбек деп жазды К.Д. Ушинский, - адамнан шығып, табиғатқа, қайтадан адамға бір ғана оның мұқтаждығын қанағаттандырумен және олардың өрісін кеңейтумен әсер етіп қоймай, өзі жеткізетін заттық бағалы нәрселерге қарамастан, бір өзіне тән, меншікті, ішкі күшімен әсер етеді. Еңбектің заттық жемстері - адамның игілі, бірақ, еңбектің тек ішкі, рухани күші ғана адам қасиеттерінің, сонымен бірге адамгершілік пен бақыттың қайнар көзі болады. Еңбек еткен адамға өз еңбегінің ғана осындай жанды әсері болады. Еңбектің заттық жемістерін тартып еңбектің ішкі рухани, жанды күшін тартып алуға да, Калифорнияның барлық алтынына сатып алуға болмайды; бұл күш еңбек еткен адамның өзінде қалады. Адам өмірі үшін еңбектің маңыздылығы соншалық, мұңсыз адам өмірі барлық құнынан және барлық қасиетінен айырылады. …Тәрбие адамның ақыл-ойын күшейтіп, оған белгілі дәрежеде мәлімет беріп қана қоймады, сонымен қатар оны елеулі еңбекке құштар етуге тиіс, мұнсыз өмірі лайықты да, бақытты да бола алмақ емес” [32, 90-101б.].

Адам өмірінде еңбектің рөлін түсіндіруде адам жанын ұяттан, жалқаулықтан, мақтанудан емдейтін еңбек туралы ойлары Ы. Алтынсаринның әңгімелерінің негізгі қыры болды. Оның “Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш” деген әңгімесінде еңбексіз тіршіліктің дамуы, мәні жоқ екенін көрсетеді. Бұл әңгімеде әкесі жас баласымен сөйлесіп, одан бірнеше сауал сұрайды: - Балам, анау өрмекшіні көремісің, ол не істеп жүр? Көремін әке, ол өрмек тоқып жүр. Анау құмырсқаны көремісің? Көремін, аузыңда тістеген бидайы бар, жүгіріп кетіп барады. Жоғары қарашы, көкте не көресің? Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр. Аузында көлденең тістеген шөбі бар. Сонда әкесі былай депті. - Олай болса, шырағым, бұл кішкентай жәндіктердің ісі, еңбегі саған ғибрат: өрмекші, маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң оны өзіне азық етеді; құмырсқа бала-шағаларына тамақ тасып, тапқанын өзі жемей, аузына тістеп қуанғаннан ініне жүгіріп қайтып барады. Қарлығаш балапандарына ұя салуға шөп жинап жүр. Міне, көрдің бе, жұмыссыз жүрген бір жан жоқ. Бәрі де жұмыс істеп жүр. Сенде ертеден кешке дейін босқа жүріп уақытыңды босқа жіберме. Еңбек етуге әдеттен. “Еңбек етсең - емерсің!” [33] деген екен.

Оның пікірінше адам міндетті түрде еңбек етіп өзінің ұрпағын жалғастыруы қажет. Ы. Алтынсарин еңбектің мәнін “Таза бұлақ” әңгімесінде көрсетеді. Бір жолаушы адамның өмірдегі мақсаты еңбекте деп кеңес береді: “Сен адам, еш уақытта тоқтама, жалқаулыққа берілме, жұмыс істе, егер солай істесең, ақыр соңында мақсатқа жетіп ұлылардың ұлысы боласың деп”- адамның көңілінің таза болуын дәріптейді [5, 54 б.]. “Тапқырлық” деген әңгімесінде танымал ағылшын шебері Браунның өзен арқылы көпір құруы, “өрмекші жолыңа көлденең” орналасқан өрмекшінің осы міндетті шешуіне бағытталған. Шебердің әрекеті өрмекші әрекетінен мүлдем басқадай. Көпір құрудың алдыңда ойланып, ойына сәйкес жоспарлап барып, көпірді салуға кіріседі, ал өрмекші өздігінен еш ойсыз торын құрады.

Ы. Алтынсарин өзінің “Қалай баюға болады” және “Қыпшақ Сейтқұл” [5, 53 б.] деген әңгімесінде әрекетсіздік, адамның жетістіктің түбіне жететінін көрсетеді. Бірінші әңгімедегі кейіпкер кедей Антон көшеде қайыр сұрайды. Оның қасынан өтіп бара жатқан адам байқап, “Сенің түріңе қарасаң ақылды күшті, еңбекқор адам сияқтысың, өзіңді неге төмендетесің… Менде жас болдым, үнемді және әрекетті, жалқау емес едім, істі жақсы қоя білдім. Менде қазір екі тас үй бар”-дейді. “Қыпшақ Сейтқұл” әңгімесінде Сейтқұл өміріне қарама-қарсы, оның ағасының өмірін қояды. Таза адал еңбекпен айналыспай, басқалардың есебінен күн көретіндер, өздерінің адамдық қасиеттерін жоғалтады. Сейтқұлдың үлкен ағасы әңгіме барысында барлық ұрланған малдары мен бай боламын деп жүргенде, біреу өлтіріп кетеді. Ы. Алтынсаринның еңбек және еңбекке тәрбелеуге қатысты тақырыбы халықтық даналыққа негізделген.

Ол “Байлық” - атты әңгімесінде, бұрыңғы өткен заманда бірдана кісі өлерінің алдында жалғыз қалып бара жатқан баласына: “шырағым, жер астына көмген көп қазынам бар, соны қазып алсаң, қарның аш болмас, киімсіз болмассың” депті. Әкесі өлген соң, жетім баласы үйінің айналасындағы жерді ертеңді - кеш еңбек етіп қазады, көп машақаттанады, бірақ әкесі айтқан қазынаны таба алмайды. Басы дал болып, шаршап шалдығып, ақырында бір көп жасап, көп көрген данышпан қарияға келеді. Әкесінің үгіт-насихатын, өзінің көп әуре болғанын баяндайды, енді не қылсам екен?- дейді. Данышпан қарт ойлап, балаға былай дейді: Балам, сен әкеңнің өсиетіне түсінбеген екенсің, оның мәнісі былай: әкең саған мирасқа жер қалдырған, сол жерді күшің жеткенше күтіп, егін егіп, күз тұқым шашып, еңбек етсең, уақытыңда өнімін төкпей-шашпай жиып алсаң, сонда сен байлықтың астында қаласың, көп байлыққа душар боласың, аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық - жерде, еңбекте. Сонда бала басын қасып, әкесінің өзіне айтқан үгітіне енді ғана түсініп, оны орындауға кіріскен екен.

“Байлық неде?” деген тағы бір әңгімесінде кедей кісінің сұрағына ғалым мынандай жауап береді. “Қанағат ете білсең, еңбек қылсаң- байлық сол. Малы көп болса да қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп айтпайды, ешуақытта тоймайды. Малы аз да болса, соған қанағат ете білсе, біреуді алдап, жемесе, біреудің еңбегінен пайдаланбаса да, мұндай адамның көңілі жай болады. Соның үшін байлық - қанағат пен адал еңбекте”. Еңбек борыш сезімін нығайтады, еңбекші адамға өзімшілдік мінез жат екендігін көрсетеді.

Оның бір әңгімесінде былай делінген: Бір үйші өз жұмысымен көп мал тауып тұрса да, азға қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі келіп:

  • Осы сен малды көптеп табасың, сол малыңды қай жаққа жібересің, көзге түсетін ешнәрсең көрінбейді - депті . Оған үйші айтыпты:

  • Тапқан малымның бір бөлімімен мойнымдағы борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін депті. Сонда көршісі:

  • Қойыңыз, сенен борышымды алдым деп жүрген, болмаса өсімге ақша берді деп жүрген кісіні көргенім де, естегімде жоқ, мұның өтірік,-депті. Сонда үйші:

  • Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды-өтеп тұрған борышым деп білемін. Өйткені әке-шешем жасымда мені асырады, бақты, адам қылды. Мен сол борышымды ақтауым керек. Ал, өзімнің балаларыма оқу оқытуға, асырауға шығарған ақшамды - өсімге берген мал деп білемін. Балаларыма берген ақшам - өсімге берген ақшам. Өйткені мен қартайғанда олар мені асырайды, борышымды өтейді, - депті.

“Қанағаттылық” туралы қазақтың халық шығармаларында да айтылады. Қанағаттылық қазақтарда мейірімділік үшін қолданылады. Абайдың ұсынған ұстанымы-“барлық өлшемнің жоғары деңгейі-жауыздық” қанағаттанарлық жағдай- адамның сапасы. “Ішіп-жеуде, күлуде, көніл көтеруде, құшақтауда және сүюде, байлыққа жетуде, жылдамдық пен мінез-құлықта, киімде - барлығында өлшем болу керек” деп жазды [34]. Қанағаттанарлық туралы ой-пікірлерді Ы. Алтынсарин де қолдады. “Қанағат”, “Бақытты адам” әңгімесінде ол кімнің “жаны тыныш және сабырлы болса, күйзеліссіз, түңілу күйі жоқ болса, сол бақытты деп көрсетіледі. Бұл пікірді ол өздерінің хаттарында да қайталайды. Философтардың бақыт пен байлық неден тұрады деген сауалына “қанағат” - деп жауап береді.

Алтынсарин адамның жақсы іс-әрекеттері халыққа пайда әкеледі деп еесептеді. Халыққа пайдалы болу үшін адам өз білімін, ойын, танымын кеңейтіп, Отанына қызмет етуге талпынуы қажет. Жастарды “Таза бұлақ” әңгімесінде, үш жолаушы әдемі, таудан ағатын бұлақтта кездеседі, бұлақ суы суық және оның жанында таста қашалып жазылған жазуды көреді. “Әй, жолаушы, таза бол, осы бұлақтай”. Бір жолаушы “адам басқаларға жақсылық жасаса, одан мақтау күтпеуі қажет”,- деп осы сөздің мәнін ашады. Оның пікірінше, халыққа қызмет ету, тұлғаның адамгершілік тұрғыдан дамуы.

Ы. Алтынсарин “жомарттық” адамның адамгершілік құндылықтарының бір сапасы ретінде қарастырады. Ал Аристотель “жомарттық барлық жағдайдан биік тұрады”- деген. Оның ойынша жақсы мен жаман болу көбінесе адамның өзіне, оның қадамдарының дұрыстығына байланысты. Адам өзін тым ақылды, тым бақытты санамауы керек, себебі тәккаппарлық сәтсізікке әкеп соғады. Ол дұрыс ұстанып, бақытта аса қуанбай бос сөйлемеуі керек. Жақсы адам өркөкірек емес, “басын көкке көтермейді” әйтпегенде, “көптеген өркөкіректер, сол үшін өлімге де қиылды”, ол сыпайы, сыпайылық адамды көрікті етіп және оның білімділігі мен мәдениеттілігін көрсетеді.

Алтынсарин қоршаған ортаның адам нанымдарына тікелей әсер етіп, оның мінезінің қалыптасуына ықпал етеді деп ой қорытады. “Табиғат және жағдайлар”-дейді ол-мені жан-жағыма күдікпен қарайтындай етіп жасады…жартылай мен өмір сүріп жатқан ортаға менің ойым топастала бастайды”. “Тәртіпсіз қалада жаман қылықты, адамдар тұрады. Сіздер одан сақтаңыздар. Аз болса да айналаңызда жақсы адамдар кездеседі, соларды сыйлап, олардан үлгі алуымыз керек”[43]. Оның ойынша, адамгершіліктің өзгеруі, қоғамдық өмірдің өзгеруіне байланысты. Барлық жаңа қоғамда пайда болған адамдар санасында орын табады. Адам санасының жаңғыруындағы ерекше рөльді Алтынсарин білім мен тәрбиеге береді.

Қазақ даласындағы жаңа ұрпақ Ы. Алтынсаринның ойынша орыс-қазақ мектебінің таралуы және жаңа тәрбие алу жолымен қалыптасу керек. “Егер адамда бала кезінен адамгершілік болмаса, онда оны ер жеткенде түзеу мүмкін емес. Ал егер адамға бала күннен жақсы адамгершілікті дарыта бастасаң, онда ол үнемі қиындықты жеңіп, жақсы адам болып қала береді” дейді.

Ы. Алтынсарин адамның жаман қылығын Алла алдында күнә емес, оның қоғамдық нәтижесі тұрғысынан адамдарды бір-біріне пайдалы болуы деп бағалайды. “Жақсы қылықтар пайдалы және құрметті тек өлерде ғана емес, күнделікті өмірде де пайдалы, жақсы адамдар бірін-бірі сыйлайды және сүйеді” [45]. Адамдар зұлымдық жасамау керек. Жамандық жылан, бүйіге ұқсас, кез келген сәтте” адамға зиян келтіреді, кім зұлымдық жасаса, ақыр соңында “не ексен, соны аласың”. Әрине, тікенек егіп, бидай алмайды ғой.

Ы. Алтынсаринның оқулығындағы халықтар достығы жайлы кейбір идеялары іслам ілімінен ерекшеленеді.. Ы. Алтынсарин қай діндегі адам болса да, қиянат етпеске шақырады, адам өзгелер жайлы, өзіне қалай қамқорлық болуы керек. Адамдар қоғамдық рудан өрбігенін өзара ағайындас екендігін еске салады. Сол арқылы Ыбырай халықтар достығы арасындағы бірлік пен байлыққа шақырады.

Қазақтың данасы А. Құнанбаевта дінге қатысты осындай идеяны жақтаған. Адамгершілік жайлы оқыту өзінің “Қара сөздерінде” кең айтып өткен. Абай бойынша, адам өз қылықтарына жауапкершілікпен қарау керек, себебі жақсы жаман болу онан өзіне ғана байланысты. Адам өмірге ақылдан тумайды, ол адамдарды тыңдау арқылы істерін көріп, еңбек ету арқылы соған жетеді дейді”. Ол біртіндеп жақсы мен жаманды айыра бастайды, ал егер көп қиыншылыққа тап болса, ол көп білетін болады. Шаруасыздық пен құдай ерігі адамды ақылды етпейді. Оны жақсы адал істері соған жетелейді.

Зұлымдық пен әділетсіздік жасаған адамдар қылығын қалай түсінуге болады, бәрі Алладан, оның “Күнәсіз, мейірімді, әділдігіне” қалай сенуге болады? “Жоқ, дейді Абай, “сен алла ауруды шығарсаңдағы, адамдарды бай немесе кедей қылатын сен емес”- дейді. “Ақыл кеңесімен, немесе мүлкімен бе - деп жазады Абай, - адам жаныңдағы адамдарға қамқорлық жасауы керек. Егер ол қамқорлығын өзінің барлық өміріне арнаса, ол аллаға жақын болады. Қамқорлық жасау-әр адамның ісі” [46].

Ы. Алтынсарин хрестоматиясындағы кейбір әңгімелер бала тәрбиелеу мәселесіне негізделген. Оның бұл жөніндегі “Бақша ағаштары” деген әңгімесі ерекше көңіл аударарлық. “Жаздың бір әдемі күнінде таңертең, бір бақшашы баласымен бақшаға барып, жеміс ағашарын көріп жүрді. Баласы әкесінен:

  • Әке мынау неге түп түзу, ал мынау неге қисық?-деп сұрапты, Әкесі:

  • Оның себебі, балам, анау ағашты күткен, сарған, қисық бұтақтарын кесіп тастап, ертелі-кеш тәрбиелеген. Сондықтан ол ағаш түп-түзу болып, жақсы өскен, тәрбиеленбеген, сондықтан ол қисық болып өскен,-депті.

  • Олай болса, бағу, тәрбиелеуде де көп мағына бар екен ғой, әке,-депті баласы.

  • Бағу, тәрбиелеуде көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан көп ғибрат алу керек. Сен шыбық сияқтысың, саған да - тәрбие керек. Мен сенің қате істеріңді түзеп, жақсы ақыл айтсам, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең-жақсы болып өсіресің. Ал, айтқан ақылды құлағыңа алмасаң, бетіңмен кетсең, тәрбиеге көнбесең, мынау ағаш сияқты қисық болып өсерсің-депті әкесі. “Баланы жастан”,- дегендей, оған жас күнінен дұрыс тәрбие беру, оның болашақ өмірі үшін керек. Есейіп кеткен соң қисығын түзеу қиынға түседі. Кейде қисаюмен барып мерт болады [5, 29-30 бб.]. Ыбырай «адам мінезін түзеп болмайды, сүйекке біткен мінез, сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасқа қарсы адамның жақсы, я жаман болуы тағлым - тәрбиеге, өскен ортасына, игі істеріне байланысты деген ұстанымды қуаттайды.

Алтынсаринңың бұл ойы, В.Г. Белинскийдің адам өміріндегі тәрбие жайлы ойларымен үйлеседі. Ол тұлғаның адамгершілік тәрбиесіне үлкен мән берген. Егер, адам бала күнінен тәрбие көрмесе, онда ол түбінде тәрбиесіз адам болып шығады [47]. Ол бұндай әдебиеттің маңызын түсіне білген. Оның еңбектерінде қазақ халық ауызекі шығармашылығы да жинақталған, онда адамның жетістіктері мен адамгершілігі, жақсылық пен зұлымдылық, еңбексүйгіштік жөнінде ұғымдар берілген.

“Атымтай Жомарт” деген әңгімесінде, ол бай бола тұрып, еңбекті жоғары бағалайды, еңбек етуді сүйеді. Ол үстіне ескі киім киіп, шөп тасып, жұмыс жасайды. Бір күні оған жақын туыстары келіп:

- Жомарт, таусылмас дәулетің бар, ашқа - тамақ, жалаңашқа - киім, үйсіздерге - қамқор болдыңыз. Сөйте тұра өз басыңызды кемшілікке салып, жарлы кісіше отын кесіп, шөп тасып, жұмыс істейтіндігіңіздің мәнісі қалай?-депті.

Сонда Атымтай оларға былай деп жауап беріпті:

-Бұған төрт түрлі себеп бар. Оның әуелгісі-әдемі ат, асыл киім, асқан байлықты әдет етсең көңіліңе жел кіргізеді. Сол желіккен көңілмен өзімнен дәрежесі төмендерге жерініп, көз салмай, мастанып, жетім-жесірлерге жәрдем беруді ұмытып, кетемін бе деп қорқамын. Оның екіншісі - бар бола тұрып, жұмыс қылсам, мұнымның кемшілік емес екенін кейінгілер біліп өсиет-өнеге алсын деймін. Оның үшіншісі- күн сайын өз бейнетіммен, өз еңбегіммен тапқан бір екі сомға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып сіңеді. Еңбекпен табылған тамақ тәтті, сіңімді болады. Төртіншісі-Атымтайдың айтуынша, еңбекті сүю адамның адамгершілігін арттыратындығында [5, 59 б.].

Бұл әңгімесінде адал еңбекпен мал табуды мақсат еткен араб оқымыстысы Атымтай Жомартты суреттеу арқылы мәдени-ағартушы біріншіден, адамгершілік қасиеттерді жастардың бойына қалыптастыруды ойластырып отырған болса, екіншіден. “Жақсыда жаттық жоқ”, “Жақсы туса елдің ырысы” - деп, жастарға үлгі тұтар өнегелі адамдар әр жұртта да бар деген. Өзге жұрттың өнеге тұтар ұлы адамдарын бауыр ету адамгершілік қасиеттін бірі. Ондай қасиеттерді жастардың бойына дарыту біздің парызымыз, борышымыз.

Жомарттық-бір адамның екінші адамға немесе адам тобына қарымтасыз міндеттеусіз қызмет қылып, жақсылық жасауға шын пейілділігі, нақты ісі арқылы көрінетін өте жақсы қасиеті. Жомарттық - жомарт адамның қанына сіңген мінезі. Жомарт адамдар қай заман, қай елде де ардақталып, мадақталып келген. “Дүниеде ең бақытты адам кім?”-дегенге, баяғының даналары: “Өзінің әділдігімен, жомарттылығымен көзге түскен адам”,- деп жауап берген. Демек, сіз өзіңізде барды, тілектес көңіліңізді бөліссеңіз, соның өзі – жомарттық. Ол - үлкен байлық. Адам осы байлықпен өмірге келген, бұл байлық-оның болмысы. Болмысыңмен болыс, басқаға жәрдем қолың соз, басқаға сүйіспеншілікпен қара, солай істесең, сен жомартсың. Сондықтан сараңдық - сор, жомарттық - қуаныш, бақыт.

Кабуснамадан”: Жомарттылық туралы

Е, перзентім, егер сен жомарт адамдар сияқты, халқыңа қызмет етуді ұнатсаң, әуелі жомарттықтың не екенін және оның қайдан келгіп шығатынын білгін. Адамның адамдық қасиетінде үш нәрсе бар. Бұл үш нәрсенің бірі-ақыл, екіншісі әділдік, үшіншісі-жомарттық (адамгершілік, сақылық, мырзалық).

Жомартылықтың негізінде үш нәрсе бар: бірі-өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі-әділдікке нұсқан келтірмеу, үшіншісі-қайырымдылықты есіңде ұстау, ұмытпау. Біліп қой: жомарттық - бірнеше өнері бар адамға лайық. Бұл өнерлердің бірі - қорықпайтын мәрт, сабырлы, шыдамды, уәдеге опалы, таза жүректі, дұрыс сөзді болу. Және бір-бұл өз пайдасын көздеп, құралды азаптамау, оларды қолдап, қуаттау, әлсіздерді жебеп-желеп жүру, жақсыларды жамандардың жамандығынан қорғау, дұрыс сөз сөйлеу һәм әділ болу, жақсыға жамандық қылмау һәм зиян келтірмеу, яғни адамдарға зиян һәм залал келтірмеу. Бұларға зер салып қарасаң: бұлардың бәрі үш қасиетпен байланысты. Егер мәртік - жомарттық жолында жүрмек болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтағайсың: көзі - жаман назардан, қолды - жаман істен, тілді - жаман сөзден. Үш нәрсені дос пен дұшпанға ашық ұстағын: үйдің есігін, дастархан басын, һәм кісеңнің (қалтаңның) бауын.

Ешқандай жалған сөйлеме, ез жалған сөйлейді. Егер әрбір адам сенің мәрттігіңе, жомарттығыңа сенсе, егер ол әзіз, құрметті адам болса да, сенен жеңілгені һәм барша халықтың алдында сенің мәрттік-жомарттығына сенетін болғаны. Шамаң жеткенше, әрекет қылып, мәрттік-жомарттыққа ие бол… Біліп қой, мәрттік-жомарттықтың кемелдігі мынадан болады: ол өз мал-мүлкін өзінікі, басқанының мал-мүлкін басқаныкі деп біледі. Халықтың мал-мүлкінен дәме қылма. Өз қолыңмен қоймаған нәрсені алма. Халыққа жақсылық қыла алмасаң да, жамандық қылма [48, 144-145 бб.]. Егер байлық адамның дәулетіне айналса, ондай адамның еңсесін көтереді. Онсыз байлық “адамға қорлық әкеледі… Дәулетті жан ізгілікке құштар болады, кем адамға қамқор болып, жаратушыға жалбарынып, оның барлығын мойындайды. Қазақ мұндай жанды жомарт дейді” [49, 56 б.]. Қазақ үшін жомарттық ел мен ерді үйлестіретін жігерлілік. Жігер жомарттылығы - мінез жомарттылығы.

Халық ақыны, батылды адамдарды силап, көп ғасырлар бойы батырлар үлгісін тұта отырып, иленуші таптың надандығына күлген. “Жиренше шешен” әңгімесінде Ы. Алтынсарин халық сүйіспеншілігіне бөленген дана Жиренше алдында бас иіп, оның кейбір ақылды қылықтарын сипаттайды. Бір күндері хан қаз етін жегісі келеді, Жиренше хан жанында отырады. Хан оған қазды тең етіп бөлуді бұйырады. Оған, әйеліне, екі баласына және өзіне, әйтпеген жағдайда ол жазаланады деп ескертеді. Жиренше қаздың басын кесіп, ханға ұсынады. Ол хан барлығына бас сондықтан оған бас тиесілі дейді… Хан ханшайымсыз хан емес, хан ханзадасыз хансыз болмайды деп ханзадаға мойынды ұсынады. Ал балалар сендердің қанаттарың деп, қанаттарды кесіп, хан балаларының алдына қояды. Ал мен қожайын, баста емес, аяқта емес, өзіммен өзім-орташа адаммын, сондықтан бұл құстың орта бөлігі маған тиесілі деп, Жиренше құстың қалған бөлігін өзінің алдына қояды” [5, 74-77 бб.].

Махаббат, мейірімділік туралы “Мейірбанды бала”, “Шеше мен бала”, “Аурудан-аяған күштірек” деген әңгімелерін алуға болады. Мейірімділік, махаббат ата-ананың үй ішіне деген махаббатынан басталады. Адамгершілікті ту ғып көтерген ұлы адамдар да алдымен өз атасын, өз туғандарын сүйеді: олардың кейбіреулері өсе келе, тек “атасының баласы болмай, адам баласы” бола біледі. Тек өзіме ғана болсын деген мещандық көзқарасты аттап өтіп, адам деген ардақты атқа ие болушылардың шын бақыты үшін қол созды.

“Мейірімді бала” әңгімесінде 13 жасар қыз патшаның үкімі бойынша қолы кесілуге бұйырылған әкесі үшін, патшаға арыз етіп, өз қолын кесуге ұсынады. Қыз: “тақсыр, жұмыс жасап, бала-шағаларын асырайтын атамның қолын қалдырып, мына менің қолымды кесіңіз”, [5, 33 б.] - дейді. Мұнда жас қыздың тек қана атасы емес, анасы мен бауырларына деген де махаббаты суреттейді.

“Шеше мен бала” деген әңгімесінде ойлы да ұтқыр сөздерді қолдану жолымен мейірімділік пен қайырымдылықтың не екенін әсерлі етіп суреттейді. Шешесі қызынан өзі берген теңгені қайда жұмсағанын сұрағанда, ол “бір тентек балаға бердім” дейді. Шынында бала қолыңдағы ақшасын оған тентектігінді қой деп бермейді, қайта оның қолыңдағы қор болған құсты босату үшін береді. Тіпті қанша алатынын да сұрамай, бәрін түгел бере салады. Бұған шешесі: “Көбірек жақсылық етуге шамам келсің десең, әр нәрсеге күтімді болу керек, құстың бәсін сұрап, кемге бермеймін десе, сонда ақшаңның бәрін беру керек еді. Қызым, жақсы іс етіпсің, мінекей саған тағы теңге… Осындай рақымды бол, саған мұның үшін құдай рақым етер”-дейді [5, 31-33 бб.].

Ыбырай әңгімелерінде мейірімділік, кішіпейілділік, ізеттілік, инабаттылық, жүрек тазалығы, ақ ниеттілік сияқты ізгі адамгершілік қасиеттер үнемі айтылып отырады.

“Бай ұлы” шығармасында Алтынсариннің назарын аударған екі баланың, бай ұлы мен кедей ұлының достығының жарасымдығы болуы керек. Хрестоматияға енген барлық басқа шығармаларында бай ұлы жағымсыз образ ретінде көрсетілетін. Әрине, балалар арасындағы достық, олардың ойын үстіндегі ниеттестігі мұнымен ерекшеленбейді. Әңгімедегі басты кейіпкер бай ұлы ауыл көшінде тайға міне алмай, түйеге мінетінін біліп, жылап тұрған кедей баласына әкесінен өзіне арналған тайын балаға беруін сұрайды. Мұнда бай баласының мұндай “қайырымдылық” көрсетуі қажет іс екенін көрсеткісі келген. Сол уақытта бір ақсақал жақсы кісі қонақ болып жатыр екен. Бай ұлының әлгі қайырымдылығын көріп сыртынан: “Е, құдайым, бұл балаға ұзақ жас бер, мал мен бас бер”, - [4, С.109-110 ] деп бата береді. “Батаменен ер көгереді”, “Баталы құл арымас” дегендей, сол кісінің батасы қабыл болып, ақырында Бай ұлынан он екі ұл туып, бәрі де асқан бай болды. “Он екі ата бай ұлы” деген ру сонан болды деседі.

Бала тәрбиелеуде ол ананың рөліне ерекше мән беріп, аналық махаббатын, бала өсірудің қызметін тамаша суреттеген. Ата анасын сыйламайтын бала ол жолдасына да, қоғамға да ешқандай дұрыс қызмет ете алмайды. Өзін әлпештеп өсірген адамға немқұрайды қараудан, анаға опасыздық етуден ауыр қылмыс жоқ. Сондықтан ана қадырын түсіне білу керек дейтін жалпы қағидаларды әрқашан баланың зердесіне салып отыру-әрбір біздің борышымыз. “Мақтасақ әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. Әйел-ана, барлық қиындықты жеңетін, сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе…” деп, әдебиеттін негізін салған М. Горький ана қадырін данышпандықпен таныта білген. Ыбырай ана құдіретін, ана бейнесін жастарға әдебиет арқылы танытып отыр.

“Ананың сүюі” деген өлеңі бала жанын тебірентерліктей мұнан да күшті, мұнан да зарлы әсерлік жазылған. Ана жүрегі, ананың аялы алақаны қашан да құдіретті екенін естен қалғысыздай етіп жадында сақтауды міндеттейді.

“Кім сағынар сендерді келгеніңше,

Құлындарын көзімен көргенінше.

Сендер қайтып келгенше адам болып,

Еш арманым болмас еді өле-өлгенше!” [5, 19 б.].

Бала тәрбиелеу - балаға өмір жолын танытып, білім беру, сана-сезіміне қозғау салып, әр жақты тәрбиелеу болып табылады.

Құранның мынандай ұлағатты сөздеріне құлақ түріңізші: “Ей адамдар. … Тегінде атасы баласына сүйеу бола алмайтын, баласы да атасына көмектесе алмайтын күн болатынынан сақтаныңдар… Ана тілі, ана тілегі, ана арманы, ана көркі, ана алғысы дүниенің мәні мен мағынасы. Сондай-ақ ана қарғысы, ананың өкініші - өте қатерлі. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр, таразы жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр”. “…Ананың ақ сүтін емген азамат та, сол сүттің бағасын білген пенде ең алдымен жақсы жүрек, жайдары да жаздай мейірімді жан, таза рух. Келісімді мінез-құлық, қасиетке толы қадырмен салт-сана, ақыл парасат, адалдық, инабаттылық бойына толы адам болып қалыптасады. Бұл үзінділерден инабаттылық, имандылық қана емес, жалпы адамгершіліктің қайнар көзінің қайда екенін меңзеп тұрғанын көруге болады.

Ыбырайдың “Бір уыс мақта” - деген әңгімесінде жастарды ұқыптылыққа тәрбиелеу мәселесі сөз болса, “Асыл шөп” деген әңгімесінде балаларды ұстамдылыққа, сабырлы етіп тәрбиелеудің психологиялық астары терең. Соңғы әңгімеде Злиха мен Бәтима атты екі қыздың бір-бір жәшік жеміс көтеріп қалаға келе жатады. Злиха аһлеп-уһлеп мазасыздана берсе, Бәтима ешбір сыр білдірмей, әзілдесіп қоймайды. Сонда Злиха тұрып:

  • Сен неге мәз болып қуанып келесің, төбеңдегі жәшіктің ауырлығы да менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің.

  • Мен жәшігімнің жеңілдетің шөп салдым,- дейді ақжарқын қыз Бәтима.

  • Әй, ондай болса, шөбіннің атын айтшы, менде ауырымды жеңілдетейін,- дейді әлжуаз Злиха.

  • Ол шөп сенің қолыңа түспейме деп қорқамын, аты “Сабыр”, -деп жауап береді Бәтима [5, 28 б.]. Сабыр - әдепті адамдарға тән мінездің аса жақсы түрі. Ол - қандай жағдайда да адамның өзіне - өзі ие бола білуі, ұшқары сезімге бой алдырып, жеңілтектік жасамай, ұстамды болып, әр нәрсенің байыбына барып, ақылға салып іс істеуі; іс-әрекетін алдына қойған мақсатына бағындыра білуі, сезімдерін қадағалай алуы, тосын жағдайға душар болғанда, торықпауы немесе шалт қимылдарға бармауы. Сабырлылық - адамның ерік-жігері күштілігінің көрсеткіші әрі адамгершілік қатынастардың негізі. Халқымыздың: “Ашу-алдында, ақыл-соңында”, -деген данышпандық ескертуін іске асырып, ашуды ақылға жеңдіретін-осы сабыр. Егер сабыр, тақат болмаса, адам көрген қиыншылықтан тез сағы сынып қалар еді. Сабыр сақтаған кісі бостан-босқа абыржып, арам тер болмай, алдымен өзі тап болған істің, жағдайдың байыбына барып, жетіп зерттейді; себебін табуға тырысып, орынды шешім қабылдайды. Сабырға құранда да зор мән берілген. Онда сабырлы кісілерді өте тамаша адамдар деп атаған. Олар ол дүниеде де, бұл дүниеде де Алла тағаланын айрықша сүйіспеншілігіне ие болады деп көрсетілген. Адам тілек-үмітпен ғұмыр кешеді. Қандай ауыр жағдай да адамның кеудесінен үміт отының өшпеуі, ең алдымен, сол сабырға байланысты. Қанағат та, нысап та сабырдан тірек табады. Сондықтан да Ислам дінінде сабыр, тақатты барлық үлгілі қасиеттердің қайнар бұлағына балайды.

Сабырлылық - адамның өз мінез- құлқын басқарып, иелік ете алуы, ашулы, ызалы кезінде, қиын жағдайға тап болғанда, өмірлік маңызды мәселелерді шешкен кезде ауырып, сырқырағанда, өзін-өзі ұстай біліп, ақырын ойлай алуы. Ол қажет емес кезде адамның өз ерік - қалауын, әуестік сезімін ірке, тежеуге болады. «Ең керегі көшіп-қоңғанда, неше түрлі табиғаттың аяусыз қиыншылықтары кездескенде арқа сүйейтін бір-ақ тірегі болды. Ол қасындағы адамдар. Оларды имандылыққа, қайсарлыққа, сенімділікке, қайырымдылыққа, жауапкершілікке тәрбиелейді. Қазақ үшін ең қымбат құндылық адамгершілік. Ар - ұят, бірсөзділік, өліп кетсе де шындықты айту, үлкенді құрметтеу, кішіні қолдау, жақсы сөйлеу, біреудің көңіліне тимеу ана сүтімен бірге қалыптасады. Сондықтан да қазақ « жанымнан малым садаға » деген ғой. Міне халқымыздың осы қасиеттерін оның нағыз перзенттері барлық байлықтан жоғары санап, оларды өздерінің туы етіп ұстамады ма?»-деген С. Темірбековтың ой толғауында шындықтың жатқанын көруге болады [50].

Адамның адамгершілік қасиеттері өмірге көзқарасынан, дұрыс не нашар мінез-құлқынан көрініс беріп отырады, ал дұрыс мінез-құлықты, өмірге көзқарасты қалыптастыру адамның өскен ортасына, тәрбиеге тікелей байланысты. Адамгершілік-рухани тағлымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім беруде, оны негізге алғаны жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезінетін, мінез - құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Ол үшін әуелі ұрпағымыздың бойында ұлттық тағлымды, адамгершілік әдепті, имандылық қасиеттерді жетілдірсек, сонда ғана халқының салтын жақсы білетін, елі үшін еңбек ететін азамат болып қалыптасады. Сондықтан да болашақ ұрпақты адамгершілікке баули отырып, олардың бойында осы қасиеттерді сіңіре білсек, Отанымыздың гүлденуіне өз үлесін қосатын азамат болып өсері сөзсіз. Адамгершілік құндылықтар үлкенмен кіші арасындағы шынайы қарым - қатынас жастардың бойында дариды.

Қорытындылай келе, қазақтың ұлы ғұламасы Әбу Насыр Әл-Фарабидің сөзімен аяқтағым келеді “…Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі”.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]