- •5В012300– «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы
- •5В012300– «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы
- •Мазмұны
- •1.3 Ы. Алтынсарин мұраларын «Өзін-өзі тану» сабағында қолданудың үлгісі
- •Қорытынды.........................................................................................................
- •«Өзін-өзі тану» сабағында ы. Алтынсарин мұраларындағы «дұрыс әрекет» құндылығын қолданудың моделін жасау;
- •«Өзін-өзі тану» сабағында ы. Алтынсарин мұраларындағы «дұрыс әрекет» құндылығын қолданудың моделі жасалды.
- •1.1 Ы. Алтынсаринның ғылыми этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтардың зерттелену жайы
- •1.2 Ы. Алтынсаринның мәдени-ағартушылық қызметінде «дұрыс әрекет» құндылығының мазмұны мен мәні
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Аты жөні
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ГУМАНИСТІК ТҰЖЫРЫМДАР НЕГІЗІНДЕ «ДҰРЫС ӘРЕКЕТ» ҚҰНДЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В012300– «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы
Алматы, 2017
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Қорғауға жіберілді»
_________________
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектеріндегі гуманистік тұжырымдар негізінде «дұрыс әрекет» құндылығын қалыптастыру
5В012300– «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы
Орындаған 4 курс студенті аты жөні
Ғылыми жетекшісі,
п.ғ.к., доцент
Алматы 2017
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектеріндегі гуманистік тұжырымдар негізінде «дұрыс әрекет» құндылығын қалыптастыру
Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қосымшадан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың көлемі: бет
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Кілттік сөздер:
Қолданылған әдістер:
Қорытынды және тәжірибеде қолданылуы:
Мазмұны
Кіріспе
І Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектеріндегі гуманистік тұжырымдар негізінде «дұрыс әрекет» құндылығын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
1.1 Ы. Алтынсаринның ғылыми этикалық және рухани-адамгершілік құндылықтардың зерттелу жайы..........................................................
1.2 Ы. Алтынсаринның мәдени-ағартушылық қызметінде «дұрыс әрекет» құндылығының мазмұны мен мәні
1.3 Ы. Алтынсарин мұраларын «Өзін-өзі тану» сабағында қолданудың үлгісі
ІІ Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектеріндегі гуманистік тұжырымдар негізінде «дұрыс әрекет» құндылығын қалыптастырудың әдістемелік ненгіздері
Оқу-тәрбие үрдісінде Ы. Алтынсарин шығармаларын қолданудың әдістемесі......................................................................................................
«Өзін-өзі тану» сабағында Ы. Алтынсаринның мәдени-ағартушылық қызметінде «дұрыс әрекет» құндылын қолданудың жолдары................
Педагогикалық тәжірибенің нәтижелері.....................................................
Қорытынды.........................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........................................................................
Мәдени-рухани өмірімізде маңызды орын алатын дәстүр мен ұлттық мәдениетке, оның тарихы мен ерекшеліктеріне деген қызығушылығы арта түсуде. Ғылымның әр түрлі салаларында, әр түрлі қырларынан жазылған Ы. Алтынсарин шығармашылығының қазақ педагогикасының қалыптасуына, ұлттың рухани мұрасын игеріп, төл мәдениетін қалыптастыруға үлкен еңбек сіңіруде.
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектеріндегі гуманистік тұжырымдар негізінде «дұрыс әрекет» құндылығы - халық педагогикасының қалыптасуында маңызды орын алады. .
Ы. Алтынсарин шығармашылығының философиясын, мәдениетін, әлеуметтік құрылымын философиялық және мәдениеттанымдық тұрғыда зерттеп жүрген отандық ғалымдар қатары жылдан жылға артып келеді. Отандық философия тарихы, әдебиет және мәдениеттану мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізген Н.Ә. Масанов, Қ.Ш. Шулембаев, Б. Ыбыраев, А.Т. Төлеубаев, А.И. Мұхамбетов, Ж.А. Алтаев, Б.Ғ. Нұржанов, З.Ж. Наурызбаева, А.А. Ғалиев, А.Б. Қалышева, Т. Асемкұлов, Е. Бекмаханов, Т. Тажибаев, М. Сильченко, Б. Сүлейменов, А. Сембаев, Қ. Біржанов, А. Дербісалин.сынды ғалымдар тұрды.
Ы. Алтынсарин мұрасы елімізде жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы жылдардан бастап әртүрлі қырынан зерттеліп келеді. Оның әлеуметтік, әдебиеттік, этнографиялық, этикалық, философиялық көзқарастары жөнінде бірнеше ғылыми жұмыстар жарияланды. Осы орайда Е. Бекмахановтың, Д. Қабдиевтің, Б. Қазыханованың, Б. Сүлейменовтың, Қ. Бейсембиевтің, О. Сегізбаевтың еңбектерін атап өтуіміз қажет. Дегенменде, қаншалықты зерттелу жұмыстары жүргізілсе де, Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектеріндегі гуманистік тұжырымдар негізінде «дұрыс әрекет» құндылығын қалыптастыру философиялық тұрғыдан әлі де болса үлкен зерттеуді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Т. Тәжібаевтың зерттеу жұмыстарында 19 ғ екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ойлар мен ағарту жұмыстарының дамуы жөнінде Ы. Алтынсарин мен А. Құнанбаевтың психологиялық көзқарас мәселелері бойынша тұлға мен орта: адамның психологиялық қасиетінің айырмасы; мәдени құндылықтарды құру мен берудегі адамның қабілеті; адам мүшелерінің даму жағдайы; адамзат интеллектісінің негізгі орталығы-саналықпен өз бетінділікті тәрбиелеу жөніндегі (ағартушылық) құндылықтар; адамның білімі және даму үрдісін дұрыс ұйымдастыру жолдарына толығымен талдау жасалған.
Еңбек тәрбиесі және еңбек мәселелеріне Ы. Алтынсаринның тәжірибелік тұрғыдан келуі жөніндегі С. Мусин мен Ш. Имашеваның арнайы зерттеулері арналған. Ы. Алтынсаринды әр қырынан ашатын еңбектері де назарға алынды. Мәселен, С.Ж. Аспандияров, С. Сейфуллин, А.Ф. Эфиров, А. Самойлович А.Е. Крымский зерттеулерінен тыс белгілі ғалым Ш.Қ. Сәтпаеваның “Ыбырай мұраларының революцияға дейінгі баспада бағалануы”, М. Мырзахметовтың “Ыбырай және профессор Ильминский”, Қ. Жарықбаевтың “Ы. Алтынсариннің психологиялық көзқарастары”, М. Бурабаевтың “Ыбырай Алтынсариннің өмірге көзқарасы”, Ә. Ламашевтің “Ыбырайдың педагогикалық қызметі”, Б. Мұздыбаевтың “Алтынсарин туралы тың деректер” деген арнайы жазылған еңбектерін атауға болады.
Демек, Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектеріндегі гуманистік тұжырымдар негізінде «дұрыс әрекет» құндылығын қалыптастыру мәселелеріне талдау жасау, ағартушының еңбектерін жаңа қырынан зерттеуге ерекше қызығушылықты танытады.
Зерттеу нысаны. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектеріндегі гуманистік тұжырымдар негізінде «дұрыс әрекет» құндылығын қалыптастыру мұралары.
Зерттеу пәні. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектеріндегі гуманистік тұжырымдар негізінде «дұрыс әрекет» құндылығын қалыптастыруға әсерін мәдениеттанымдық тұрғыда қарастыру.
Зерттеу мақсаты. Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық еңбектеріндегі гуманистік тұжырымдар негізінде «дұрыс әрекет» құндылығын қалыптастырудың теориялық талдау жасау және оның шығармашылығындағы әлеуметтік құндылықтардың орны мен рөлін, маңызын айқындау.
Зерттеу міндеттері:
