- •АөТжТ пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары
- •Өлшеу құралдарының жіктелуі. Шамалар, өлшеуіш түрлендіргіштер, аспаптар, қоңдырулар, жүйелер.
- •Өлшем бірлігінің метрологиялық қамтамасыздандыруы. Аспаптардың мемлекеттік жүйесі.
- •Өлшеу әдістері және түрлері. Тура, жанама, жиынтықты, аралас өлшем.
- •Кездейсоқ қателіктердің бөлінуінің дұрыс заңы.
- •Кездейсоқ қателіктерді азайту әдістері.
- •Қателіктің классификациялары. Абсолютті, салыстырмалы, келтірілген, жүйелік, кездейсоқ, дөрекі қателіктер.
- •Си қателіктерінің аддитивті және мультипликативті құраушылары.
- •Аспаптардың негізгі метрологиялық сипаттамалары. Сезімталдық, Түрленудің статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •Өлшеу қателіктері мен болжамдарының бөлінуінің негізгі сипаттамалары.
- •Электрлік шамалардың өлщеуіш түрлендіргіштері. Электродинамикалық аспаптар.
- •Электрлік шамалардың өлщеуіш түрлендіргіштері.Магнитэлектрлік аспаптар.
- •Электрлік шамалардың өлщеуіш түрлендіргіштері. Түзеткіш аспаптар.
- •Электрлік шамалардың өлщеуіш түрлендіргіштері. Электростатикалық аспаптар.
- •Электрлік емес шамалардың өлщеуіш түрлендіргіштері. Қосылудың типтік, құрлымдық сұлбалары.
- •Түрлендіргіштің қосылуының дифференциалды сұлбасы.
- •Түрлендіргіштің қосылуының логометриялы сұлбасы.
- •Түрлендіргіштің қосылуының компенсационды (өтемақы) сұлбасы.
- •Тензорезистивті түрлендіргіштер.
- •Пьезотүрлендіргіштер.
- •Магнитті түрлендіргіштер. Магниттісерпімді түрлендіргіш (мт).
- •Индуктивті түрлендіргіштер.
- •Температураны түрелендіргіштер.Термопарлар.
- •Температураны түрелендіргіштер.Терморезисторлар.
- •Сыйымдылықты түрлендіргіштер.
- •Фототүрлендіргіштер.
- •Трансформаторлы түрлендіргіштер.
- •Амперметрлер және қосылу сұлбасы (схемасы).
- •Вольтметрлер және оның қосылу сұлбасы (схемасы).
- •Магниттік шаманы өлшейтін аспаптар. Тесламетрлер.
- •Сигналдар және оны түрлендіргіштер.
АөТжТ пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары
Өлшеу құралдарының жіктелуі. Шамалар, өлшеуіш түрлендіргіштер, аспаптар, қоңдырулар, жүйелер.
Өлшеу құралдары (ӨҚ) — белгілі уақыт аралығында өлшемі өзгермейтін физикалық шама бірлігін сақтайтын немес жаңартатын қалыпты метрологиялық сипатқа ие техникалық өлшеу құралы. Бұл анықтама біріншіден, физикалық шама бірлігін сақтайтын, екіншіден, сақталған бірлік өлшемінің өзгертпейтін өлшеу құралдарын көрсетеді. Бұл маңызды факторлар өлшеуге мүмкіндік береді. Егер бірлік өлшемі өлшеу кезінде нормаланған шамадан үлкейсе, мұндай құралмен қажетті нақтылықтағы нәтиже алу мүмкін емес. Бұл осы мақсаттағы техникалық құрал өлшемін өзгермейтпейтін бірлікті сақтай алатын кезде ғана өлшуге болатынын көрсетеді. Өлшемдерді пайдаланғанда олардың номиналды және нақты мәндерін, сондай-ақ өлшем қателігі мен разрядын (дәрежесін) ескеру қажет. Номиналды деп өлшемде көрсетілген мәнді атайды. Өлшемнің нақты мәні ресми эталонды пайдаланған жоғары сапалы өлшеу нәтижесі ретінде арнайы куәлікте көрсетілуі керек.
Өлшемдік түрлендіргіш - өлшеуіш ақпараттың сигналын өңдеу немесе сақтау үшін, сондай-ақ көрсеткіш құрылғыға беру үшін қолайлы күйге түрлендіру қызметін атқаратын өлшем құралы (8-сурет). Өлшемдік түрлендіргіштерге өлшеуіш аспаптардың конструкторлың сұлбасына (сызбасына) кіреді, не онымен бірге қолданылады, бірақ түрлендіргіштің сигналдары бақылаушыға тікелей сезілмейді. Мысалы, түрлендіргіш кернеуді күшейту үшін, компьютер жадысына ақпаратты жіберу үшін қажет болуы мүмкін. Түрленетін шаманы кіруші, ал түрлендіру нәтижесін - шығушы шама деп атайды. Өлшеуіш түрлендіргіштің негізгі метрологиялық сипаты болып, түрлену функциясы деп аталатын кіруші және шығушы шамалар қатынасы саналады.
Номиналды және нақты мәндердің айырмасы өлшемнің қателігі деп аталады
Өлшеуіш аспаптар - өлшеуіш ақпаратты пайдаланушыға қабылдауға ыңғайлы түрде алуға мүмкіндік беретін өлшем құралдары.
Өлшеуіш қондырғылар мен жүйелер - өлшем объектісінің бір немесе бірнеше физикалық шамасын өлшеу үшін, қосалқы қондырғылармен функционалдық белгісі бойынша біріктірілген өлшем құралдарының жиынтығы. Әдетте, мұндай жүйелер автоматтандырылған және ақпараттық жүйеге енуін, өлшеу процесінің автоматтандырылуын, пайдаланушы қабылдау үшін өлшеу нәтижелерінің өңделу мен сипатталуын қамтамасыз етеді. Мұндай қондырғылар (жүйелер) бақылау үшін де пайдаланылады (мысалы, өндірістік үдерістерді), ол әсіресе статистикалық баңылау әдісі үшін, сондай-ақ сапаны басқаруда пайдаланылады.
Өлшеуіш жабдықтар - шаманы өлшеудің қосалқы құралдары. Олар дәлдіктің жоғарғы деңгейі қажет болғанда өлшеу нәтижелеріне түзетулерді есептеу үшін қажет. Мысалы, егер аспаптың көрсетулері қатаң шектелген (құжатта көрсетілген) температура кезінде дәл болса, термометр қосалқы құрал бола алады.
Өлшем бірлігінің метрологиялық қамтамасыздандыруы. Аспаптардың мемлекеттік жүйесі.
Өлшем бірлігі – бұл берілген ықтималдықтың бекітілген шекарасында орналасқан өлшеу қателігі және өлшеу нәтижесі мен шама бірлігінің заңды түрде берілуді сипаттайтын өлшем күйін айтамыз.Яғни бұл өлшем бірлігін қайталап өткізуге қажетті орындалатын көп түрлі өлшемдердің барлық нәтижелерін, олар талап еткен дәлдіктін кепілі мен оның нақтылығымен қабаттас.
Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі (фр. Système International d'unités, SI) — өлшемдердің халықаралық қалыпы, метрикалық жүйесінің заманауи нұсқасы.
