Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФКС-13-1-Мемл емт. БАДАРЛАМАСЫ-2016-17.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237.06 Кб
Скачать

5.3.15 Оттегін тасымалдау жүйесі дамуының физиологиялық механизмдері.

Мазмұны: Бұлшық еттегі, кіші қан айналым жүйесіндегі, қан жүйесіндегі, сыртқы тыныс алу жүйесіндегі өзгерістер. Анаэробты алмасу табалдырығы туралы түсінік және оның шынығу үдерісінде пайдаланылуы. Аэробтық сыйымдылықтың тиімділігі туралы түсінік. Бұлшықет жұмысы кезінде оттегін пайдалану жүйесінің негізгі бөлімі. Қаңқа бұлшықеттерінің қанмен жабдықталуы. Аэробы төзімділік. Бұлшық ет талшықтарының қанмен жеткіліксіз жабдықталуы – әртүрлі жиырылу тәртіптеріндегі бұлшықеттердің жұмысқа қабілеттілігін шектейтін фактор. Бұлшық еттердің құрылымы және аэробты төзімділік. Аэробты төзімділіктің шеткі механизмдерінің шынығуының физиологиялық негіздері. Аэробты төзімділіктің шеткі механизмдері дамуындағы генетикалық қоршаған орта факторларының өзара байланысы.

5.3.16 Ептілік жүйке-жүйесінің бағдарлану қабілеттілігінің көрінісі. Ептіліктің көрсеткіштері.

Мазмұны: Ептілік-жүйке жүйесінің бағдарлану қабілеттілігінің көрінісі. Ептіліктің көрсеткіштері. Талдағышты жүйелердің, қимыл туралы негізгі және қосымша хабарламаның маңызы. Қимыл зердесі. Бұлшық еттердің босаңсуына бағдарлану және қабілеттілік. Қимылдардың кеңістікті, уақытты, күшті сипаттамаларын басқару қабілеті. Кейбір спорт түрлерінде ептіліктің байқалу ерекшеліктері. Бағдарлану қабілеті және шаршау. Икемділік туралы түсінік. Икемділікті шектейтін факторлар. Белсенді және сылбыр иілгіштік. Шаршаудың, бой қыздырудың, қоршаған орта температурасының иекемділікке әсері. Қимыл сапаларының өзара байланысы. Қимыл сапаларын дамытудағы өзара байланыс. Қимыл сапаларының және қимыл дағдыларының өзара байланысы. Дене сапаларын дамытудың жалпы негіздері және олардың физиологиялық негіздемесі.

5.3.17 Сыртқы қоршаған орта факторларының адам ағзасының жұмысқа қабілеттілігіне әсері.

Мазмұны: Ауаның жоғары температурасы және ылғалдылығы жағдайында температураны реттеу ерекшеліктері. Спорттық жұмысқа қабілеттілікті төмендететін факторлардың физиологиялық сипаттамасы: 1) ағзаның қызып кетуі; 2) дегидратация; 3) жүрек тамыр жүйесінің оттегіні тасымалдау мүмкіншілігінің орта биіктік және жоғары биіктік жағдайларындағы адам ағзасына әсер ететін факторларының сипаттамасы, осы жағдайлардағы ағза қызметінің өзгерістері. Оттегі жетіспеушілігінің түрлері және олардың физиологиялық сипаттамасы. «Тау ауруы». Спортшылардың орта биіктікте болғанға дейінгі және одан кейінгі жұмысқа қабілеттілігі. Спортшының жұмыс қабілеттілігіне сулы ортаның әсері. Адам ағзасына сулы ортада әсер ететін факторлар (тығыздық, жоғары барометрлік қысым, гипогравитация, жылу сыйымдылығы және жылу өткізгіштік). Судағы ағзаның жылу реттеу ерекшеліктері. Жүзудің қуаттылығы. Судағы талдағыш жүйелерінің қызметі. Сулы ортадағы анималды және вегативті жүйелердің қызметі. Жүзушілердің қимыл сапаларын жетілдірудің физиологиялық негіздері. Адамның биологиялық ырғақтары. Бейімделу және ырғақтар. Тәулік бойы жұмыс қабілеттіліктің өзгеруі. Десинхроз және оның физиологиялық сипаттамасы. Уақытша белдеулік және оның кезеңдерінің ауысымындағы ағзаның жаңа тәуліктік қызметтерінің қалыптасуы. Көп тәуліктілік ритмдер.