Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФКС-13-1-Мемл емт. БАДАРЛАМАСЫ-2016-17.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237.06 Кб
Скачать

5.1.46 Спортшыны дайындаудың негізгі бөлімдері (жақтары) (мазмұны мен негізгі әдістемелері)

Мазмұны: Дене дайындығы, оның қазіргі спорттағы ролі. Жалпы және арнайы дене дайындығының мақсаты, міндеттері, құралдары мен сипаттамасы. Үйлесімдік, жылдамдық, күш, төзімділік пен икемділік сияқты дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесінің ерекшеліктері. Техникалық-тактикалық дайындық. Оның әр түрлі спорт түрлеріндегі орны мен маңыздылығы, мақсаты, міндеттері, құралдары, әдістері мен мазмұны. Техника мен тактиканы қалыптастыру және жетілдіру әдістемесінің кезеңдері мен негіздері. Техника мен тактиканың өзара байланысы мен бірлігі. Психологиялық және интеллектуалдық дайындық.

Спортшы іс-әрекетінің қызығушылық негіздері. Жігерлілік сапаларын тәрбиелеу. Спортшыны даярлау үдерісіндегі интеллектуалдық білім беру мен тәрбиелеудің түрлері мен жолдары. Интегралдық (пән арқылы) дайындық.

5.1.47 Спорттық жаттығулардың құрылымы

Мазмұны: Спорттық жаттығулардың құрылу негіздері. Спорттық жаттығулардың құрылымын анықтайтын байланыстар мен қатынастар мәні. Жаттығу үрдісінің кезеңдерге бөлінуі: спорттық бітім және оның даму заңдылықтары жайлы түсінік; жарыстар күнтізбесі; маусымдық және климаттық жағдайлар. Жаттығулар үрдісінің әртүрлі кезеңдері, сатылары мен буындарын сипаттайтын құрылымдардың жетілуі (макро-, мезо- және микроқұрылым).

5.1.48 Спортшы дайындығы – көп жылдық үдеріс

Мазмұны: Спортпен айналысатын көп жылдық үдерістердің негізгі кезеңдерінің сипаттамасы: бастапқы (базалық) дайындық, спорттық мүмкіншіліктерді жоғарғы деңгейде іске асыру және спорттағы ұзақ өмір сүру. Олардың уақыт шегінің көрсеткіші әртүрлі кезеңдегі спорттық дайындық ерекшеліктерін айқындайтын әлеуметтік және биологиялық факторлар. Жылдық жаттығу жылдық құрылымының кейбір нұсқалары және оларды спортшыны даярлаудағы қолдану ерекшеліктері.

5.1.49 Спортшыны дайындау жүйесіндегі басқару, жоспарлау және бақылау

Мазмұны: Жоспарлаудың маңызы мен мәні, оның түрлері. Спортшы дайындығын басқару мен жоспарлау объектілері, объективті негіздемелері мен түрлері; оның мазмұнын жоспарлау тәсілдері, күтілетін нәтижелерді құру реті. Спорттық нәтижелерді болжау тәсілдері мен алдын ала жоспарлау, спортшының «үлгі сипаттамасын» құрастыру және оның көпжылдық жаттығу бағдарламасын жасау. Жаттықтырушы бақылауы мен спортшының өзін-өзі бақылау объектілері. Спорттық жаттығудың кешенді бақылауы. Педагогикалық, медициналық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік бақылау әдістері.

5.1.50 Спортшының спорттық жаттығу үрдісіндегі есепке алу.

Мазмұны: Жарыстар жүйесінің қызметтері мен оларға қойылатын талаптар. Спортшының дене, техникалық, тактикалық, психологиялық және интелектуальды дайындықтарының бір-бірімен байланысы. Спорттық жаттығудағы шаршаудың, қалыпқа келу және бейімделудің физиологиялық негіздері. Спорттық жаттығу заңдылықтарының мәні. Жаттығу үрдісіндегі арнайы мамандандырылу және жеке даралық қағидалары арқылы жоғары нәтижеге қол жеткізуге бағыттау қағидасын іске асыру. Спортшының жалпы және арнайы дайындықтарының бірлігі. Жаттығу үрдісінің үзілмес қағидасы. Максималды жетістіктерге бағыттау және біртіндеп өсу қағидасы. Жаттығу үрдісіндегі циклдық және толқын тәріздік қағидалары. Спорттық қалыпқа тұрудағы негізгі әдістемелердің негіздері.