Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ФКС-13-1-Мемл емт. БАДАРЛАМАСЫ-2016-17.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
237.06 Кб
Скачать

4. Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан мазмұны

Емтихан сұрақтарының тақырыптары «5В010800 – Дене шынықтыру және спорт» мамандығының МЖБС-да қарастырылған оқу бағдарламасының (БП, КК) таңдаулы бөлімдеріне сәйкес келеді.

Пән емтиханына ұсынылатын бөлімдердің мазмұны

5.1 Дене шынықтыру және спорттың теориясы мен әдістемесі

5.1.1 Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің жалпы негіздері.

Мазмұны: Дене тәрбиесінің түрлері мен әдістемелік қызметтері. Дене тәрбиесі және спорт теориясы мен әдістемесінің негізгі түсініктері. Дене шынықтыру қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі ретінде. Дене мәдениетінің жалпы және кәсіби қызметтері. Дене мәдениетінің базалық, қолданбалы және тұрмыстық түрлерінің мәні.

5.1.2 Дене тәрбиесінің жүйесі.

Мазмұны: Дене шынықтырудың жүйесі жайлы түсінік. Дене шынықтыру жүйесінің негіздері мен айқындаушы белгілері. Бағдарламалық мазмұны, нормативті және әдістемелік негіздері. Ұйымдастыру түрлері мен қызмет ету шарттары.

5.1.3 Дене тәрбиесінің қағидалары.

Мазмұны: Саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жеткіліктілік пен даралық, жүйелілік пен қозғалмалылық сияқты әдістемелік қағидаларында көрінетін дене шынықтыру заңдылықтары. Дене шынықтыру саласында осы қағидаларды нақтылай түсетін басты ерекшеліктер.

5.1.4 Дене тәрбиесінің құралдары.

Мазмұны: Дене шынықтырудың құралдары жайлы түсінік. Дене жаттығулары – дене шынықтырудың ең негізгі ерекше құралы. Дене жаттығуларының мазмұны, түрлері, техникасы, құрылымы, топтастырылуы. Табиғи және гигиеналық факторлар дене шынықтырудың ерекше құралы ретінде.

5.1.5 Дене тәрбиесінің әдістері.

Мазмұны: Бастапқы түсініктер: «әдіс», «әдістік тәсіл», «әдістеме», «әдістемелік тұрғыдан келу», «әдістемелік бағыт». Жүктеме мен демалыс дене шынықтыру әдістерінің өзара байланыс компоненттері ретінде. Арнайы әдіс (қатаң регламентті жаттығулар әдісі).

5.1.6 Ойын және жарыс әдістері.

Мазмұны: Ойын және жарыс әдістері. Жалпы педагогикалық (көрнекілік және сөйлеу) әдістер. Идеомоторлық, психореттегіш және соған ұқсас әдістер; дене шынықтырудағы сенсорлық-коррекциялық, ақпараттық және т.б. техникалық қондырғылар.

5.1.7 Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттерге үйрету.

Мазмұны: Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттер оқу пәні ретінде: қозғалу біліктілері мен дағдылары, оларды қалыптастыру механизмдері. Дағдылардың өзара байланысы.

5.1.8 Қозғалысқа үйрету үрдісінің құрылымы.

Мазмұны: Үйрету кезеңдері: бастапқы үйрету, тереңдете үйрету, бекіту (пысықтау) және жетілдіру. Үйрету жүйесін басқару. Қателіктерді түзету және алдын алу.

5.1.9 Дене қасиеттерін тәрбиелеу негіздері.

Мазмұны: Дене қасиеттері туралы түсінік: олардың негізгі түрлері мен адамның дене дамуындағы мәні мен ролі.

5.1.10 Дене сапаларын дамытудан негізгі заңдылықтар.

Мазмұны: Ептілік, күштілік, төзімділік, жылдамдық, иілгіштікке тәрбиелеу әдістерінің мәні, өлшемі, міндеттері, құралдары және айқындауыш белгілері. Дене бітімінің тәрбиесі: дене салмағын реттеу негіздері.

5.1.11 Дене тәрбиесі үрдісіндегі жеке тұлғаның бағытты дамуы.

Мазмұны: Жеке тұлға сапаларының қалыптасуындағы дене шынықтырудың орны мен ролі. Жеке тұлғаны бағытты қалыптастырудың факторлары мен шарттары. Дене шынықтыру үдерісіндегі интеллектуалдық, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттері, құралдары, әдістері мен түрлерінің ерекшелігі.

5.1.12 Сабақта дене жаттығуларын құрудың негіздері.

Мазмұны: Сабақтарды құру түрлерінің жалпы сипаттамасы. Сабақ құрылымының негіздері: Дене шынықтырудың сабақтағы және сабақтан тыс түрлерінің сипаттамасы.

5.1.13 Дене жаттығуларын жіктеудің негізгі белгілері.

Мазмұны: Білім жүйесі мен дене шынықтырудың жалпы теориясын қалыптастыру. Зерттеудің ақпараттық негізін құрайтын материалдарды ашу және оны өңдеу әдістері. Дене шынықтырудың мөлшерлік негізі мен мазмұны. Дене шынықтырудың сауықтыру және қолданбалы бағыттары. Жүктемені оның сипаттамасына, бағытына және мөлшеріне қарай қалыптастыру ерекшеліктері.

5.1.14 Қимыл-қозғалыс іс-әрекеттеріне үйрету теориясының негіздері.

Мазмұны: Қозғалыс дағдылары мен біліктіліктерге бастапқы үйретудің және олардың қалыптасуының негізгі тәсілдері мен бақылауы. Жаттығушылардың жынысы мен жас ерекшеліктеріне байланысты күштілік, жылдамдық, жылдамдық-күштілігі және тепе-теңдікті сақтау қасиеттерін қалыптастырудың негізгі ережелері. Әр түрлі сипаттағы жаттығулар арқылы төзімділік пен икемділікке тәрбиелеу ерекшеліктері.

5.1.15 Дене қасиеттерінің өзара байланысы.

Мазмұны: Дене қасиеттерін тәрбиелеудегі айналмалы жаттығулар әдісі. Дене тәрбиесі сабақтарын құрудың ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері

5.1.16 Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің жас ерекшелігі негіздері.

Мазмұны: Дене шынықтыру жүйесіндегі бастапқы жас буынның ролі. Мектеп жасына дейінгі балалардың жастары мен байланысты жіктеліп бөлінуі. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалардың жастары мен байланысты дамуы мен одан кейінгі іс-әрекетке дайындық шарттарының заңдылықтары арқылы айқындалатын дене шынықтыру міндеттерінің ерекшеліктері.

5.1.17 Ерте және мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің негіздері.

Мазмұны: Бала бақшаларда жүзеге асырылып келе жатқан жалпы тәрбие жүйесіндегі дене шынықтыру әдістерінің бағыты, құралдар құрамы және айқындауыш белгілері. Мектепке дейінгі сәбилердің күнделікті тұрмыстық жағдайларында дене шынықтыру бағытын тиімді пайдалануының әдіснамалық негіздері.

5.1.18 Мектеп жасындағы дене тәрбиесінің негіздері.

Мазмұны: Мектеп жасындағы балаларға дене шынықтырудың әлеуметтік-педагогикалық маңызы, бағыты мен міндеттері. Мектептегі дене шынықтыруды ұйымдастыру бойынша мемлекет тарапынан жүргізілетін іс-шаралар мен бағдарламалар.

5.1.19 Мектеп жасындағы дене тәрбиесінің жоспарлары мен бақылауы.

Мазмұны: Жұмысты жоспарлаудағы негізгі бағыттар. «Оқушылардың дене шынықтыруы» бағдарламасының сипаттамасы. «Дене шынықтыру» пәні бойынша оқу үрдісін жоспарлаудағы бірізділік. Жоспарлау құжаттарын құру технологиясы. Бағдарламадағы материалдарды өткізудің жылдық жоспары. Тоқсандық жоспар. Дене шынықтыру сабағының жоспары. Есепке алу және бақылау түрлері.

5.1.20 Сабақ - мектептегі оқытудың негізгі түрі.

Мазмұны: Сабақ құрылымы мен сабақ бөлімдерінің мазмұны, сабақтардың міндеттері мен мазмұнына қарай топтастырылуы. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен бақылау әдістері, оқушылар іс-әрекеттерінің белсенділігін арттыру әдістері. Сабақтағы жүктемелерді реттеу тәсілдері, үлгерімді тексеру мен бағалау түрлері.

5.1.21 Дене шынықтыру сабағындағы мұғалімнің іс-әрекетінің құрылымы.

Дене шынықтыру сабақтарын өткізудегі мұғалімнің дайындығы.

5.1.22 Дене шынықтыру сабақтарында дене қасиеттерін тәрбиелеу.

Мазмұны: Мектеп жасында дене сапаларын дамытудағы негізгі талаптар. Мектеп жасындағы балалардың дене сапаларын тәрбиелеу ерекшеліктері. Дене шынықтыру сабақтарында қимыл-қозғалыс қабілеттерін тәрбиелеудің ұйымдастырушылық және әдістемелік негіздері. Дене шынықтыру сабақтарында дене сапаларының даму деңгейін бақылау.

5.1.23 Бастауыш, орта және жоғары сыныптарда дене шынықтыру сабақтарын өткізудің құрылымы мен әдістемесі.

Мазмұны: Бастауыш, орта және жоғары сынып оқушыларының морфофункцио-налдық және психологиялық ерекшеліктері. Білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерінің ерекшеліктері.

5.1.24 Дене шынықтыру сабақтарының құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктері.

Мазмұны: Қимыл-әрекеттеріне үйрету, дене сапаларын дамыту, сабақты ұйымдастыру мен басқару әдістемелерінің ерекшеліктері.

5.1.25 Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар.

Мазмұны: Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен маңызы, ұйымдастыру түрлері. Мектептің оқу және ұзартылған күн тәртібіндегі дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары.

5.1.26 Оқушылардың дене тәрбиесі бойынша мектептен тыс жұмыстар.

Мазмұны: Сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстардың міндеттері мен мазмұны. Дене шынықтыру ұжымы (спорт клубы). Жүйелі түрде және ауық-ауық жүргізілетін жұмыс түрлеріне сипаттама.

5.1.27 Ересек тұрғындар арасындағы дене тәрбиесінің негізгі бағыттары.

Мазмұны: Тұрғындардың ересектер контингентіне сипаттама. Дене шынықтыру ерекшелігін сипаттайтын әлеуметтік факторлар. Ересектердің дене шынықтыру мәселесінің биологиялық аспектілері. Мәселенің мәдениеттану аспектісі. Ересектердің дене шынықтыруының негізгі бағыттарының мақсаты мен міндеттері.

5.1.28 Студент жастардың дене тәрбиесі.

Мазмұны: Кәсіптік білім беру құрылымындағы студенттердің дене шынықтыруының мазмұны мен қызметтері. Оның мақсаты, міндеттері, түрлері мен мазмұны. Оқу үрдісін ұйымдастыру және оқу топтарын құру әдістемесі. ЖОО-ң кафедра жұмысының және Спорт клубының құрылымы мен мазмұны. Студенттердің демалыс кезі мен тұрмысындағы дене шынықтыруы.

5.1.29 Әскери күштердегі дене тәрбиесі дайындығы.

Мазмұны: Әскери қарулы күш қатарындағы дене дайындығының мазмұны мен құрылымы. Оның мақсаты, жалпы және өзіне тән ерекше міндеттері, әскер қатарындағы жауынгерлердің дене дайындығы түрлері.

5.1.30 Егде және үлкен жастағы дене шынықтыру.

Мазмұны: Дене шынықтыру қызметінің әлеуметтік-биологиялық ерекшеліктері мен міндеттері. Дене шынықтыруды бағытты тұрғыда пайдалану әдістемесі. Дене шынықтыру сабақтарында өзін-өзі бақылаудың түрлері.

5.1.31 Бейімдеу дене тәрбиесі.

Мазмұны: Бейімдеу дене шынықтыруының негізгі ұғымдары. Бейімдеу дене шынықтыруының мақсаты мен міндеттері. Бейімдеу дене шынықтыруының негізгі қағидалары. Оның түрлері, құралдары мен әдістері.

5.1.32 Сауықтыру дене тәрбиесі.

Мазмұны: Сауықтыру дене тәрбиесінің негізгі заңдылықтары. Фитнесс бағдарламаларының жіктелуі, құрылымы мен мазмұны. Сауықтыру фитнесі бойынша мамандардың кәсіптік іс-әрекетінің ерекшеліктері.

5.1.33 Дене шынықтыру пәні мұғалімінің іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы.

Мазмұны: Дене шынықтыру сабақтарында үлгерімді тексеру және бағалау түрлері. Дене шынықтыру сабақтарының құрылымы мен мазмұнының және жас ерекшеліктеріне сәйкес топтарды ұйымдастыру әдістемесінің ерекшеліктері.

5.1.34 Әр түрлі жастағы оқушыларды қимыл-қозғалыс іс-әрекеттеріне үйретудің ерекшеліктері.

Мазмұны: Әр түрлі жас топтарындағы оқушылардың дене шынықтыру сабақтарында дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесінің ерекшеліктері. Оқу және ұзартылған күн тәртібіндегі дене шынықтыру және сауықтыру іс-шаралары.

5.1.35 Жалпы білім беретін мектептердегі дене тәрбиесі бойынша оқу үрдісін жоспарлау әдістемесі.

Мазмұны: Сыныпқа жұмысты жоспарлаудың негізгі құжаттарын құру. Мектепте нақты дене шынықтыру, сауықтыру (спорттық) іс-шараларын өткізу әдістемесі. Оқушылардың дене дайындық деңгейін анықтау әдістемесі. Алынған мәліметтердің сраптамасы. Дене тәрбиесінің диференциялдық (деңгейлік) бағдарламасын құру.

5.1.36 Арнайы медициналық топтардағы оқушылар мен дене шынықтыру сабақтарын ұйымдастыру және өткізу ерекшеліктері.

Мазмұны: ЖОО-ғы студенттердің дене тәрбиесі бағдарламасының сипаттамасы. ЖОО-ғы «Дене тәрбиесі» кафедрасы жұмысының құрылымы мен мазмұны.

5.1.37 Дене шынықтыру түрлері мен әлеуметтік міндеттері

Мазмұны: «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесінің» негізгі түсініктері. Дене шынықтыру қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі ретінде. Дене шынықтырудың жалпы және кәсіби қызметтері. Дене шынықтырудың базалық, қолданбалы және тұрмыстық түрлерінің мәні.

5.1.38 Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметі

Мазмұны: Қазіргі замандағы спорттың жағдайы мен пайда болуы. Спорт - қоғамдағы мәдениеттің ажырамас бір бөлігі ретінде. Спорттың эталондық және эвристикалық ролі. Спорттың сауықтыру-рекреативтік қызметі;

5.1.39 Спорттың эстетикалық қызметтері.

Мазмұны: Спорт ойын сауық ретінде; Спорт пен өнердің өзара байланысы. Спорт кеңейтілген әлеуметтік қатынастар саласы ретінде. Спорт пен саясат. Спорттың байланыстық (коммуникалдық) маңызы: спорт халықаралық байланыстар факторы ретінде. Спорттың экономикалық маңызы.

5.1.40 Спорттағы кәсіпқойлық пен әдісқойлық.

Мазмұны: Бұқаралық спорт, жоғарғы көрсеткіштер спорты. Спортшыны даярлау көп компоненттен тұратын үдеріс.

5.1.41 Спорттық жарыстар жүйесі

Мазмұны: «Спорттық жарыстар» түсінігі. Жарыс спорт өзгешелігінің негізі ретінде. Спорттық жарыстар қызметі. Спорттық жарыстар жүйесі әр түрлі дәрежедегі жарыстардың реттелген жиынтығы ретінде.

5.1.42 Спорттық жарыстар жүйесі мен күнтізбесі; спортшыны даярлау жүйесі.

Мазмұны: Спорттық жетістіктер-жарыстағы іс-әрекеттің өзіне тән және жиынтық (интегрладық) нәтижесі, оны өлшеу және бағалау критериялары. Спортық жетістіктердің жіктелуі.

5.1.43 Спорттық дайындық жүйесі

Мазмұны: Спорттық дайындық жүйесін анықтайтын негізгі компоненттер. Спорттық жарыстар, спорттық жаттығу. Жарыстар мен спорттық жаттығуды толықтыра түсетін, олардың тиімділігін арттырып, қалпына келтіру үрдісін оңтайландыра, жеңілдете түсетін жарыс және жаттығудан тыс факторлар. Спортшылар дайындығы жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттары.

5.1.44 Спорттық жаттығулар сипаттамасы

Мазмұны: Спортшы дайындығының мақсаты, міндеті мен негізгі жақтары. Спорттық жаттығулардың құрылымы мен әдістері. Жүктеме мен демалыс: спорттық жаттығулардағы шаршау, қалпына келу және бейімделу.

5.1.45 Спорттық жаттығулардың қағидалары мен заңдылықтары

Мазмұны: Спорттық дайындықтың жалпы және арнайы қағидалары. Максималды мүмкін жетістіктерге бағыттау, тереңдетілген мамандандырылу және жекешелендірілу. Спортшының жалпы және арнайы дайындықтарының байланысы. Жаттығу үрдісінің үзілмей жалғасып отыруы. Жаттығу жүктемесінің біртіндеп өсуі мен оның ең жоғарғы шеңберін анықтаудың байланысы. Жүктеме динамикасының біркелкі емес толық болуы. Жаттығу үрдісінің жарыстарға сәйкес циклдығы.