Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Программа КЭ 6М011000_2017_каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.28 Кб
Скачать
    1. Міндетті профильді пәндер блогы бойынша

Құзырет

Қалыптасу өлшемдері

Ғылыми танымның даму жолында қоғамдық өмір мен заманауи тенденцияда физика ғылымының алатын рөлі түсінігін қалыптастыру.

Ғылымдардың тарихы мен философия терминологиясы және санат жүйесі туралы хабардар болады.

Қазіргі заманғы физика және плазма физикасы өзекті мәселелері жөнінде түсінігі қалыптастыру.

Қазіргі заманғы физика және плазма физикасы саласында ғылыми-зерттеудің түйінді мәселелерін атап көрсете алады.

Ғылыми білім таным, принциптерді және ғылыми қызметті ұйымдастыру құрылымының әдістемесін білу.

Ғылыми таным әдіснамасы негіздерін біледі. Әртүрлі зерттеу әдістерін, зерттеу схемаларын (эксперименттік жоспар) сипаттай алады және олардың айырмашылықтарын айыра алады.

Физикалық үрдістер мен құбылыстарға сай қолданыстағы концепцияларды, заңдарды, теорияларды талдай алу.

Қазіргі заманғы физика және плазма физикасы саласында ғылыми зерттеудің философиялық негіздерін түсінеді.

Баламалы гипотезалар мен өнімдерді тексеруге арналған әртүрлі әдістемелер мен дәлелдемелер (дәлелдер) түрлері барабарлығын бағалауға қабілетті.

Ғылыми-зерттеу ақпараттарын, зерттеу саласы бойынша отандық және шет елдік тәжірибелерді қамтуға, ғылыми-техникалық ақпаратты талдауға, қабілеттілігі мен дайындылықты меңгеру.

Ақпараттық технологиялар бағдарын біледі; ақпараттарды сақтау және өңдеу, алу жолдары негізгі әдістері

Заманауи ақпараттық технологиялар қолдана біледі; өзінің және әріптестерінің жұмысын бағалай біледі; физикалық және модельдік эксперимент нәтижелерін болжай алады.

Қабылданған шешімдер және есеп түрінде жазылған жариялым, (жариялымды қорғау) алынған нәтижелер жайында толық түсінік қалыптастыру қабілеттілігі;

Нақты зерттеуде қолданыстағы әдістерді түрлендіре алады және жаңа әдістерді өңдей алады, қажетті зерттеу әдістерін таңдай алады;

Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізген кезде жалпығылыми әдістеме, логика және технологияларды ұштастырып, нәтижелерді әртүрлі формада өңдеу құзіреттілігіне ие

Ғылыми тапсырмалар әзірлеу, Ғылыми Зерттеу Жұмысы (ҒЗЖ) жарияланатын конкурстарда жариялау үшін жобалар құру қасиеттеріне ие

Плазма физикасы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізе алады.

Ғылыми тапсырмалар әзірлеу, Ғылыми Зерттеу Жұмысы (ҒЗЖ) жарияланатын конкурстарда жариялау үшін жобалар құру жән докладтарын конференцияларда жария ету қасиеттеріне ие.

    1. Элективті профильді пәндер блогы бойынша (жбт 1)

Құзырет

Қалыптасу өлшемдері

Плазма физикасы мен оның зертханалық жағдайда және өнеркәсіпте тудыру әдістері туралы түсінікке ие.

Плазма физикасының қазіргі заманғы мәселелері мен оның қолданылуы, плазма физикасын зерттеудің теориялық әдістерін біледі.

Плазманы параметрлері бойынша саралай алады және плазманы зерттеуге теориялық әдістерді қолдана алады.

Макроскопиялық плазмалық жүйелердің жалпы қасиеттері мен оны зерттеу әдістері туралы түсініке ие.

Плазма қасиеттерін зерттеу әдістерін біледі; Алынған нәтижелерді талдай алады.

Өзінің интелектуалдық және жалпы мәдениеті деңгейін дамыту мен жетілдіруге деген талпыныс пен қабілеттілік, өз қызметін тиімді ұйымдастыра білу мен қойылған мақсатқа жете білу;

Плазмадағы негізгі элементар үдерістер туралы түсінікке ие; Әртүрлі жиіліктегі электр өрісіндегі электрлік тесіп өту ерекшеліктерін біледі; плазма электрондарымен тұрақты және айнымалы электр өрістерінің әсерлесу процесстері жайлы түсінікке ие. Газдық разрядтың электрлік сипаттамаларынан плазма параметрлерін анықтау әдістерін біледі;

Жаңа зерттеу әдістерін өзіндік оқи алу қабілеттілігі, өзінің кәсіби қызметінің ғылыми, ғылыми-өндірістік бағытын өзгерте алу қабілеттілігі;

Газдық разрядты қолданғанда қандай физика-химиялық процестердің маңыздылығын анықтай алу қабілеттілігі; зерттеу, қолданбалы, технологиялық есептерде газдық разряд параметрлерін таңдауда өз білімдерін пайдалана алу; плазманы зерттеуге жаңа тәжірибелік әдістемелер мен теориялық тәсілдемелерді игеру;

Жүйелі ойлау мен талдауға қабілеттілік, табиғаттағы, техника мен қоғамдағы оқиғалар мен үдерістерге талдамалы баға беру қабілеттілігі;

Плазма және газдық разряд бойынша әдебиетпен жұмыс істей алу; зертханада, кітапхана мен интернетте өзіндік жұмыс жасай алу; газразрядты үдерістерді диагностикалау әдістерін таңдай алу;

Шығармашылыққа, жаңа идеяларды тудыруға, жаңа білім, жаңа техника объектілері мен жаңа технологиялық үдерістерді жасауға қабілеттілік.

Газдық разрядтар плазмасын зерттеуде диагностика әдістерін таңдау алу; қажетті теориялық және тәжірибелік нәтижелерге қол жеткізу үшін ақпараттық технологиялар мен компьютерлік техниканы тиімді пайдалана алу; теориялық және қолданбалы тапсырмаларды зерттеу мен шешу дағдыларына ие болу.