- •Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы
- •Жоспар:
- •Жаратылыстану ұғымының мазмұны
- •Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері
- •2. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
- •3.Жаратылысты – ғылыми және гуманитарлы мәдениет
- •4. Математика – дәл жаратылыстанудың әмбебап тілі
- •5. Әлемнің жаратылысы – ғылыми бейнесі
- •III. Қорытынды.
- •IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
2. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
Ғылымдардың «кірігуі» (интеграциясы), жаратылыстануда жаңашектес пәндердің пайда болуы – осының бәрі ғылымның дамуының қазіргі кезеңінің белгілерін көрсетеді. Адамзат (ғылым тарихы тұрғысынан қарағанда) өзінің Табиғатты танып білу барысында барлығы үш сатыдан өтіп, төртіншісіне кіріп отыр. Бірінші сатысында (VІІ – V ғғ. б.э.д.) қоршаған дүниенің бүтін, біртұтас нәрсе екені екені туралы туралы жалпы түсініктер қалыптасты. Идеялар мен болжамдардан тұратын натурфилософия деген ілім пайда болды. Бұл саты XV ғасырға дейін созылып, жаратылыстану ғылымдарының алғашқы негіздерін жасады. XV – XVІ ғасырлардан талдау (аналитикалық) сатысы басталды, басқаша айтқанда жаратылыстанудағы қол жеткен жетістіктерді бөлшектеу және ерекшеліктерді – бұлар ақырында бөлу – бұлар ақырында физиканың, химия мен биологияның, сонымен қатар басқада жеке жаратылыстық ғылымдардың пайда болуына (ғылымның дифференцияциялану процесі), оның ары қарай дамуына әкелді. Осы сатының екінші бір ерекшелігі – Табиғаттың жеке заттарын зерттеудің оның табиғи құбылыстарын зерттеуге қарағанда өте көп болуы. Бұл ерекшеліктер кейінірек адамзат үшінші синтетикалық сатыға көтерілген кезде де сақталып, ары қарай даму жолында болды. Ақырында, қазіргі кезде барлық жаратылыстанудың принциптері тұтастығын дәлелдеп, неге тек физика, химия, биология мен психология Табиғат туралы ғылымның негізгі және өзінше дербес бөлімдері болып отыр деген сұраққа жауап беру әрекеттері жасалуда. Сонымен қатар ғылымды дифференциялау, басқаша айтқанда, қайсібір ғылымның тар салаларын жасау орын алуда, дегенмен, жалпы тенденция ғылымның кірігуіне (интеграциясына) қарай бет алуда. Сондықтан да жүзеге асырылуы басталып отырған ақырғы (төртінші) сатыны интегралды – дифференциалдық деп атайды. Қазіргі уақытта таза түрінде тек қана физкаға, химияға немесе биологияға жататын жаратылыстық – ғылыми зерттеулердің бір де бір саласы жоқ. Бұл ғылымдардың барлығы да оларға ортақ Табиғат заңдарына жүгінеді. Табиғатты толық танып білудің негізгі жолы жаңа білімдерді синтездеу мен ғылымдардың бірігуінде (интеграциясында) жатыр. Бірақ бҮкіл әртекті Табиғатты (Ғалам, Тіршілік және Ақыл) біз зерттеудің біртұтас обьектісі түрінде қалай алып қарауымыз мүмкін? Ізделініп отырған осы бірлік неде жатыр? Мұны біз егер мынадай – барлық жаратылыстану не нәрсеге негізделген немесе негізделуі керек деген сұраққа жауап беруге талпынсақ жақсырақ түсінеміз. Барлық арнайы ғылымдарға ортақ бірдеңе барма?
3.Жаратылысты – ғылыми және гуманитарлы мәдениет
Қазіргі заманғы ғылымда жаратылысты – ғылымнан басқа адамдар қарым – қатынасына, қоғамдық танымға, түйсікке қатысты ғылымның екінші бір үлкен бөлігі – қоғамтану ғылымы бар. Жаратылыстану ғылымының жетістіктері жаратылысты – ғылымы мәдениетке, ал қоғамтану ғылымының жетістіктері – гуманитарлы мәдениетке әкеледі. Бұл екеуі де жалпы адамзат мәдениетінің қайнар көзі болып табылады. Сонымен, мәдениет ұғымына анықтама берейік. Мәдениет дегеніміз – адамның қолымен жасалған материалдық және рухани байлықтардың жиынтығы және де адамның осы байлықтарды жасау мен қолдана білу мүмкіншіліктері. Басқаша айтсақ, мәдениет – адамдардың іс – әрекетінің, тіршілігінің және қарым – қатынасының мағынасын, қоғамның даму деңгейін көрсететін қоғамдық маңызды информациялардың жиынтығы. Бұған мысал ретінде қоғамдағы әдет – ғұрып пен салтты, халықтың киім киісі мен тұрмыс архитектурасын, армияның құрылысы мен жабықталуын, мемлекеттің қоғамдық – саяси құрылысын, тілдің дамуын, қоғамның білім жүйесінің, ғылымының, техникасы мен технологиясының даму деңгейін және т.б. келтіреміз. Жаратылысты – ғылыми мәдениеттің қамтитын аймағы – жаратылыстану ғылымдарына, техникалық жетістіктерге, өнеркәсіптік технологияларға негіз болатын заттардың таза табиғи қасиеттері, олардың арасындағы байланыстар мен заңдылықтар. Ал гуманитарлы мәдениет – адамдардың бір- бірімен байланысын, қарым – қатынасын, реттеуге бағытталған қоғамдық сана – сезіммен, рухан байлықпен байланысты мәселелерді қарастырады. Бұл сұрақтарды «адамтану» ғылымдары (философия, социология, этка, история, т.б.) және религия, мораль, құқық және т.б. ғылымдар зерттейді. Жаратылысты – ғылыми мен гуманитарлы мәдениеттерді бөліп қарауға болмайды. Олар бір – бірімен тығыз байланысты және бір – біріне біздің оң мен сол қолдарымыз сияқты, есту мен көруіміз сияқты өте қажет. Бұл мәдениеттердің біртұтастығына мына мысалдарды келтіруге болады. Біріншіден, жаратылысты – ғылыми мен гуманитарлы мәдениеттер – екеуі де адамның іс – әрекеті мен сана – сезімінің нәтижелері. Екіншіден, жаратылысты – ғылыми мен гуманитарлы мәдениет түрлері мен ғылымдары арасында ортақ «шекаралық» мәселелер көп. Осы мәселелерді шешу олардың бірігуін, жақындауын қажет етеді. Бұл, мысалы, экология, антропосоциогенез, гендік инженерия және т.б. мәселелер. үшіншіден, мәдениеттің осы түрлері адамның өмірлік көзқарасын қлыптастырады; ал көзқарастың біртұтастық сипаттамасы болатынын білесіз – оң көзбен бір нәрсені, сол көзбен басқа нәрсені көруге болмайды. Көп жағдайда жаратылыстану жетістіктері гуманитарлық көмекті қажет етеді. Мысалы, жаратылыстану ғылымдарының тез дамуы мен олардың жетістіктерінің нәтижесінде жасалынатын технологиялар адамдардың өмір сүруіне қатер төндіретін объектілердің (жетістіктердің) пайда болуына әкелуде (ядролық қару, гендік инженерлік монстрлар, адамды клондау, т.б.). Сондықтан осы жетістіктерге, осындай ғылыми экспансияларға гуманитарлық сұрыптама, заңдық және басқа да тежеуіштер қажет. Кей жағдайларда теориялар мен гипотезаларды дәлелдеуде эмпирикалық нәтижелер жеткіліксіз болады. Осы жағдайда гуманитарлық әдістер көмекке келеді, мысалы, теорияның біртұтастығы, ішкі байланыстылығы, әдемілігі, сәйкестігі және т.б. Гуманитарлық мәдениеттің барлық салаларында да жаратылыстану ғылымдарының жетістіктері кең түрде қолданылады (мөлшерлік зерттеу әдістері, байланыс құралдары, компьютерлік технология және т.б.). Әрқашанда тек қана жаратылыстану техникалық ғылымдармен бірге адамзаттың даму барысындағы барлық кезеңді мәселелерді шешіп отырды. Мәдениет, дәлірек айтсақ мәдени мұра, бұл негізінен бір тарихи дәуірден екінші дәуірге қоғамдық жинақталған тәжірибені беру түрі болып табылады. Қазіргі заман талабына сай мәдениетті адамның қалыптасуы осы мәдени мұраны игеру арқылы жүреді. Тұрмыстық комфортты жасайтын техника мен технология жетістіктерін игеру негізінен өркениетті тұлғаның қалыптасуына әкеледі. Дамудың жоғары сатысына көтерілу үшін, ең аз дегенде, әрбір адам жоғары білім мен толық түрдегі тәрбие алу керек және де өзінің ой – өрісін ғылым мен мәдениеттің барлық салаларынан толықтырып отыруы керек. Творчестволық белсенді тұлға әрқашанда өзінің қоғамына мәдени мұраға кіретін жаңа байлықтар әкеледі.
Сонымен, қоғамдағы мәдениеттің жаратылысты – ғылыми мен гуманитарлық аймақтары бір – бірімен қиылысып, бірін – бірі толықтырып және бір – біріне әсер етіп тұрады.
