- •Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы
- •Жоспар:
- •Жаратылыстану ұғымының мазмұны
- •Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері
- •2. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
- •3.Жаратылысты – ғылыми және гуманитарлы мәдениет
- •4. Математика – дәл жаратылыстанудың әмбебап тілі
- •5. Әлемнің жаратылысы – ғылыми бейнесі
- •III. Қорытынды.
- •IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері
Жүйелер туралы ілімге сәйкес күрделі құрылымды жүйелердің маңызды қасиеті – иерархиялық принцип (hierarchia деген грек сөзінен – өзара бағыну), сонымен қатар оларда құрылыстың немесе ұйымдастырудың бірнеше деңгейінің барлығы болып табылады. Жоғары ұйымдастырылған жүйелерде олардың жүйешелерінің немесе құрылымдық деңгейлерінің иерархиялық принципі толығырақ, айқынырақ көрінеді. Мұндай жүйеде енді жүйешелердің тең құқықтық принципи емес (немесе үйлестік, келісімдік принципі), керісінше, өзара бағыну, басқаша айтсақ, субординация принципи жүзеге асырылады. Иерархиялық принцип жаратылыстық ғылымдарда бар. Алғаш рет оны француз физигі Андре Ампер (1775-1836) көрсетті, ол өз кезегіндегі белгілі жаратылыстық ғылымдарды табиғи топтау принципін табуға әрекет жасады. Ол өзі жасаған Табиғат туралы ғылымдардың бейнесін тереңдігі жағынан әр түрлі идеялар мен түрлі дәлдіктегі тәжірибелік материалдан тұратын «біріңғай жүйе» түрінде берді. Физиканы ол ең негізгі ғылым ретінде бірінші орынға қойды, химияны (физикадан щығарғандай) екінші орынға қояды.
XІX ғасырдың ортасында бірқатар табиғат зерттеушілері мен философтар ғылымдар иерархиясының дәйекті төрт саты түріндегі идеясын ұсынды: механика, физика, химия, биология.
Жаратылыстық ғылымдардың мұндай субординациясы туралы идеялар бүгінде кеңінен талқылануда. Мұнда өте маңызды бір проблема ерекшеленеді: барлық биологиялық құбылыстарды химияға, ал химиялық құбылыстарды физикаға апарып қосуға бола ма? Мұндай «жоғарғыны» «төменге» қосу редукционизм деп аталады (reduktio – қайтару, бұрынғыға қосу деген латын сөзінен). Бұл көзқарасқа сәйкес барлық химиялық құбылыстарды, заттардың құрылысын физикалық білімдердің көмегімен түсіндіруге болады. Бірақ бұған қарама – қарсы басқа да пікір бар: материяның әр түрі мен оның әрбір күйі (физикалық, химиялық, биологиялық) бір – бірінен соншалықты оңашаланған, тіпті олардың арасында «тіке өткелдер жоқ». Ортадағы синтетикалық көзқарас жалпыға танымал болып шықты: химияны да, биологияны да белгілі бір дәрежеде физикаға қосуға болады, басқаша айтсақ, физикалық білімдер арқылы түсіндіруге болады. Жаратылыстық ғылымдардың өзара байланысын сипаттайтын келесі идеяның да маңызы аз болмай шықты. Табиғатты зерттеуде биологиялық білімдерді химияда, ал биологиялық білімдерді физикада қолданудың үлкен роль атқаратындығы бүгінгі күні толық дәлелденген. Бұл бағыт холизм немесе интегратизм деп аталады. Шынында да, тірі ағзада жоғары өнімді химиялық реакциялар мен физикалық құбылыстар жүріп жатады. Бүгінгі күні «тірі табиғаттың химиялық тәжірибесін игеру» химия мен химиялық технологияның дамуының маңызды бағыты болып табылады.
Шын мәнінде, редукционизм мен холизм бір – біріне қарсы тұрмайды. Олардың айырмашылығы ғалымның ой қозғалысының бағыттылығында: берілген құбылысты түсіндіруде ол жаратылыстық – ғылымдық білімдердің төмен жатқан деңгейін қолдана ма, әлде неғұрлым жоғары ұйымдастырылған обьектіге бағыт ұстай ма. Бұл екі әдіс бірін – бірі толықтыра отырып, барлық жаратылыстануда қолданылуы мүмкін және қажет. Бұдан басқа, негізгі жаратылыстық ғылымдар иерархиясының циклдік тұйықталған сипаты бар. Төмендегі сызбадан физиканың химияға негіз болатыны; ал химияның өз кезегінде биология мен психологияға негіз болатыны көрініп тұр. Психология жоғары орында тұр, бірақ, сонымен қатар, циклдік тұрғыда бардық тізбектің бастапқы ғылымы физикамен туйықтасады.
Мұны төмендегі сызбаның көмегімен бейнелеуге болады: Жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысы Физика Химия Биология Психология Циклдік – бұл Табиғаттың өзіне тән қасиет. Табиғаттағы заттардың айналымы баршаға белгілі. Әр тәулік сайын түн күнмен ауысады, жыл сайын көктем шығады. өсімдіктер солып, Жерде тұқым қалдырады, олардан жаңа тіршілік пайда болады. Осылай қайталанып отырады. Тіпті, Ғалам да қазіргі космологиялық тұжырымдама бойынша әрқайсысы, ең соңында қарапайым бөлшектерден тұратын, олар да, өз кезегінде квазитұйықталған әлемдерді құрайтын, тұйықталған макродүниелер жүйесі болып табылады. Сондықтан да ортақ зерттеу обьектісі Табиғатқа тән қасиеттердің жаратылыстық ғылымдарда да болуы таңданарлық нәрсе емес. Ендеше, қазіргі жаратылыстануды Табиғат туралы жаратылыстық ғылымдардың жиынтығы деп қана емес, құрауышары (жаратылыстық ғылымдар) бір – бірімен соншалықты тығыз байланысқан, бір – бірінен шығатын, нағыз біртұтастықты көрсететін біріңғай жүйе ретінде түсінуге болады. Қазіргі заманғы жаратылыстануға деген қызығушылық оның қоғам өміріндегі үлкен маңызына байланысты.
