- •Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы
- •Жоспар:
- •Жаратылыстану ұғымының мазмұны
- •Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері
- •2. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
- •3.Жаратылысты – ғылыми және гуманитарлы мәдениет
- •4. Математика – дәл жаратылыстанудың әмбебап тілі
- •5. Әлемнің жаратылысы – ғылыми бейнесі
- •III. Қорытынды.
- •IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы
СӨЖ №1
Мамандық: Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Пән: Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары
Тақырыбы: Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері.
Орындаған: Қыдырханова Н.К.
Тексерген: Абденова Ф.Л.
Алматы 2017 жыл
Жоспар:
I. Кіріспе.
Жаратылыстану ұғымының мазмұны
II. Негізгі бөлім.
1. Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері
2. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
3. Жаратылысты – ғылыми және гуманитарлы мәдениет
4. Математика – дәл жаратылыстанудың әмбебап тілі
5. Әлемнің жаратылысты – ғылыми бейнесі
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
I. Кіріспе.
Жаратылыстану ұғымының мазмұны
Жаратылыстану ұғымының мазмұны «Жаратылыстану» ұғымы екі сөзден құралған – жаратылыс(табиғат) және «тану» немесе «білу». Бұл сөздің синонимі ретінде табиғаттану деген терминди келтіруге болады. Қазіргі кезде жаратылыстану термині дәл жаратылыстану ұғымын білдіреді. Дәл жаратылыстану – бұл толығынан қалыптастырылып дайындалған (көбіне математикалық формулалармен) Ғаламдағы бар немесе бар болуы мүмкін барлық нәрселер туралы нақты білім (ғылым). Дегенмен, бұл ғылымның Табиғат туралы білімдердің ақырғы қорытындысы емес екендігі айқын, ол тек адамзатқа өзінің қазіргі даму кезеңінде белгілі болып отырған білім жетістігі ғана. Жаратылыстануды не нәрсе қызықтырады? Танымның осы өте кең саласының алдында тұрған проблемалар сан алуан: ғаламның құрылысы мен пайда болуынан Жердегі керемет құбылыс – тіршілік өмірдің молекулярлық механизмдерін танып білуге дейін. Ертеректе орыс тіліне «табиғат» деген сөздің синонимі ретінде өте кең тараған латын термині «натура»(natura) енген еді. Осы сөздің негізінде тек қана европа елдерінде (Германияда, Швецияда, Голландияда) жаңа «Naturwis - Senschaht» ұғымы пайда болып, бұл кейіннен халықаралық термин «натурфилософия» (табиғат философиясы) деген сөздің негізі болды. Бүкіл әлемдегі барлық заттардың құрылысы, пайда болуы, дамуы, құрамы немесе органикалық тіршілікті зерттеу проблемалары алғашқыда «физика» немесе «физиология» іліміне жататын. Сонау ерте замандарда Аристотель (б.з.д. 384-322) оларды «физиктер» немесе «физиологтар» деп атады, өйткені ежелгі грек сөзі «физис» «табиғат» деген ұғымға өте жақын, алғашында пайда болу,жасау дегенді білдіреді. Мұндай анықтама XXғасырда өмір сүріп отырған біз үшін біршама таңданарлық болуы мүмкін. Орта мектепте жаратылыстық ғылымдар деп әдетте физиканы, химияны, биологияны, астрономияны, географияны есептейді. Ал жоғары мектепте жаратылыстық ғылымдар саны оларды тар мамандандырылған пәндерге бөлуге байланысты көбейе түседі. Қазіргі кезде жаратылыстанудағы ғылыми зерттеулер шеңбері айрықша кең. Жаратылыстық ғылымдар жүйесіне негізгі ғылымдар – физика, химия және биологиямен қатар көптеген басқа ғылымдар – география, геология, астрономия, тіпті, жаратылыстық және гуманитарлық ғылымдар шекарасында тұрған ғылымдар да, мысалы, психология енеді. Психологтардың мақсаты адам мен жануарлардың мінез – құлықтарын зерттеу болып табылады. Бір жағынан психология жоғары жүйке қызметі физиологиясы саласында жұмыс жасап және мидың қызметін бақылайтын биологтардың ғылыми жетістіктеріне сүйенеді. Екіншіден, бұл ғылым әлеуметтану саласынан да білімдерді пайдалана отырып, әлеуметтік, қоғамдық құбылыстармен шұғылданады. Мысалы, әлеуметтік психология қоғамдағы адамдар топтарының қарым – қатынасын зерттейді.
Психология барлық жаратылыстық ғылымдардың білімдерін жинақтап, жаратылыстық білімнің жоғарғы сатысы мен мақсаты Адам мен Қоғамды танып білу болатын ғылымдар арасына қойылған көпірше қызметін атқарады. Гуманитарлық ғылымдардың Табиғатты зерттейтін ғылымдармен өзара тығыз байланыста екені жақсы белгілі. Экономистерге география мен математиканы, философтарға натурфилософия негіздерін білмей болмайды; әлеуметтанушылар психологтармен өзара байланыста әрекет етеді, ал ескіден қалған суреттерді қалпына келтірушілер қазіргі заманғы химияның көмегіне жүгінеді. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бізді қоршап тұрған күрделі дүниенің бастаулары Табиғаттың ғажап үйлесімді құрылысында жатқандығын, онымен (Табиғатпен) үнемі өзара қарым – қатынаста болатындығын ұмытпауымыз керек. Мысалы, бірнеше күн ас – су ішпей көріңізші! Мүмкін, тыныс алмай өмір сүру тәсілін білетін шығарсыз? Біздің барлығымыз да – Табиғаттың перзенттеріміз. Ал оның заңдарын зерттеп, танып білетін ғылым – табиғаттану немесе жаратылыстану. Бұл ұғымның кең тараған екі анықтамасы бар.
II. Негізгі бөлім.
