- •1 Әдебиeтке шoлу
- •Күрдeлiгүлдiлeр тұқымдaсынa және Inula тyысынa жaлпы сипaттaмa
- •Inula туысына сипаттама
- •1.1.1 Inula helenium l. Өсімдігі туралы жалпы шолу
- •1.1.2 Эколого-фитоценотикалық талдау және биік андыздың Іле – Алатауында таралуы мен өсімдіктер жабыны
- •Биік андыздың тіршілік циклы және өсу ортасы.
- •Inula helenium l. Өсімдігінің өсу ортасы
- •Зерттеу материалдары мен әдістері
- •2.1 Зерттеу объектісі
- •2.2 Зерттеу әдістері
- •Зерттеу нәтижелері және талқылау
- •3.1 Биік андыз (Inula helenium l.) популяциясының Іле – Алатау ұлттық паркі аумағында таралуы
- •Шөптесін өсімдіктер
- •3.2 Биік андыз (Inula helenium l.) өсімдігі дамуының жылдық динамикасы, популяциясының қазіргі жағдайы
- •Қорытынды
- •Белгілер мен қысқартулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Қосымша
Зерттеу нәтижелері және талқылау
3.1 Биік андыз (Inula helenium l.) популяциясының Іле – Алатау ұлттық паркі аумағында таралуы
В.Г. Синицинаның мәліметтеріне сүйенсек, биік андыз Іле – Алатауында Б.С. Родионов [54] классификациясы бойынша жапырақты ормандар белдеуастының барлық үш биіктіктік – климаттық белдеулерінде өсіп-өнеді: үйеңкі – өрік – раушан көшетті (теңіз деңгейінен 900 – 1250 м), долана – алмалы (1150 - 1550 м) және алмалы – көктеректі (1750 м-ге дейін).
Сурет 6. Биік андыз (Inula helenium L.) өсімдігі популяциясының Іле – Алатау ұлттық паркі аумағындағы таралу картасы
Сурет 7. Биік андыз (Inula helenium L.) өсімдігі популяциясының Іле – Алатау ұлттық паркі аумағында таралу картасы (жақыннан көрсетілген)
Біздің бақылаулар Алматы облысы, Таусамалы ауданы, Іле – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі табиғи комплексіндегі биіктіктік – климаттық – доланалы-алмалы (теңіз деңгейінен 1350 - 1550 м) белдеуде орналасқан 9-10-шы суретте көрсетілген төрт мониторингті алаңдарда жүргізілді. Аталған алаңдардың қысқаша сипаттамасы төменде беріледі.
Сурет 8. №1 мониторингті алаң – Кузнецово шатқалы, Маловодненск орман шаруашылығы, Түрген филиалы, 1550 м, алуан түрлі шөпті – қоңырбасты алмалық.
Сурет 9. №2 мониторингті алаң – Солдатсай шатқалы, Талғар филиалы, 1540 м, тарғақ шөпті – сныть – алуан түрлі шөпті алмалық.
Сурет 10. №3 мониторингті алаң – Ақсай шатқалы, Ақсай филиалы, 1350 м, алуан түрлі шөпті – қоңырбасты алмалық.
Сурет 11. №4 мониторингті алаң - Ақсай шатқалы, Ақсай филиалы, 1430 м, алуан түрлі шөпті – қоңырбасты доланамен бірге алмалық.
Аталған алаңдардың орналасуы және GPS көрсеткіштері, өсімдіктер жабыны, өсімдіктер ассоциациялары мен проекциялық жабынын кесте түрінде көрсеттік.
Кесте 1 4 мониторингті алаңдарының жалпы сипаттамасы
Мониторингті алаңдар |
Орналасуы және GPS көрсеткіштері |
Өсімдіктер жабыны |
Өсімдік ассоциациялары |
Проек-циялық жабыны |
Кузнецово шатқалы, Маловодненск орман шаруашылығы, Түрген филиалы |
координаттары: N 43021.59.8//, E 77040/25.7///, теңіз деңгейінен биіктігі 1550 м.
|
Жапырақты орман |
Алуан түрлі шөпті – қоңырбасты алмалық. (Poa angustifolia)
|
100% |
Солдатсай шатқалы, Талғар филиалы |
координаттары: N 43016.04.6//, E 77020/45.2///, теңіз деңгейінен биіктігі 1540 м.
|
Жапырақты орман |
Тарғақ шөпті – сныть – алуан түрлі шөпті алмалық (Milium effusum). |
100% |
Ақсай шатқалы, Ақсай филиалы, 1350 м |
координаттары: N 43007.31//, E 76048/00//, теңіз деңгейінен биіктігі 1550 м |
Жапырақты орман |
Алуан түрлі шөпті – дәнді алмалық (Bromopsis inermis). |
100% |
Ақсай шатқалы, Ақсай филиалы, 1430 м
|
координаттары: N 43021.59.8//, E 77040/25.7///, теңіз деңгейінен биіктігі 1550 м.
|
Жапырақты орман |
Алуан түрлі шөпті – дәнді доланамен бірге алмалық (Elymus tschimganicus) |
80-90% |
3.2 Іле – Алатау ұлттық паркі аумағындағы биік андыз (Inula helenium L.) популяциясының флористикалық құрамы және фенологиялық фазалары
Көрсетілген алаңдардың жалпы флористикалық құрамы 185 түрді құрады, әрқайсысына 69-дан 115-ке дейін. Ағаштардан Сиверс алмасынан басқа, долана (Crataegus songorica C. Koch) басым, шабындық шөпте Brachypodium sylvaticum (Huds.) Beauv., Dactylis glomerata L., Geum urbanum L., Aegopodium alpestre Ledeb., Urtica dioica L., Geranium prаtense L., Galium aparine L. және басқалар басымдылық көрсетеді.
Төмендегі кестеде Іле – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі табиғи комплексіндегі төрт түрлі мониторингті алаңдарда кездесетін өсімдіктердің түрлік құрамы көрсетілген. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген түрлер қалың шрифтпен белгіленген, * белгісімен – бөтен туысты түрлер [55,56].
Кесте 2 Іле – Алатау ұлттық паркі аумағындағы биік андыз (Inula helenium L.) популяциясының флористикалық құрамы
Түр
|
Мониторингті алаңдардағы молдығы
|
|||
Талдар және бұталар |
1 |
2 |
3 |
4 |
Malus sieversii – Сиверс алмасы |
sp |
sp |
sp |
sp |
*Malus domestica – Кәдімгі алма |
un |
- |
- |
- |
Crataegus almaatensis – Алматы доланасы |
- |
- |
- |
un |
*Crataegus oxyacantha – Тікенекті долана |
- |
- |
un |
- |
Crataegus songorica – Жоңғар доланасы |
sp |
sol |
sp |
sp |
Armeniaca vulgaris – Кәдімгі өрік |
- |
un |
sol |
un |
*Cerasus vulgaris – Кәдімгі шие |
- |
- |
un |
- |
Padus avium – Кәдімгі мойыл |
sol |
sol |
- |
- |
Rosa platyacantha – Жалпақтікен |
sol |
un |
un |
sol |
Rosa alberti – Альберт раушаны |
- |
un |
un |
- |
Кесте 2 жалғасы |
||||
Rosa laxa – Қотыр раушан |
- |
un |
- |
- |
Rosa beggeriana – Беггер раушаны |
- |
- |
un |
sol |
Rubus caesius – Қожақат |
sp |
sp- |
sp |
sol |
Rubus idaeus – Таңқурай |
sol |
sol |
sol |
sol |
Rhamnus cathartica – Ішдәрі қаражеміс |
sol |
- |
un |
un |
Berberis sphaerocarpa – Дөңгелектұқымды бөріқарақат |
sol |
un |
sol |
sol |
Lonicera tatarica – Татар үшқаты |
sol |
un |
sol |
un |
Lonicera altmannii – Альтман үшқаты |
un |
un |
- |
un |
Lonicera stenantha – Нәзікгүлді үшқаты |
- |
- |
- |
sol |
Euonymus semenovii – Семёнов бересклеті |
sol |
sol |
sp |
sol |
*Acer negundo – Америка үйеңкісі |
- |
un |
un |
- |
*Acer platanoidеs – Шынартүсті үйеңкі |
- |
un |
- |
- |
*Populus canescens – Ақсұр терек |
- |
- |
un |
- |
Populus tremula – Көктерек |
- |
un |
- |
- |
Salix cinerea – Сұр тал |
- |
un |
- |
- |
Viburnum opulus – Кәдімгі шәңкіш |
- |
un |
- |
- |
*Fraxinus sp. – Шаған |
- |
- |
un |
- |
*Ribes aureum – Алтынтүстес қарақат |
- |
- |
un |
un |
Ribes meyeri – Мейер қарақаты |
- |
- |
- |
sol |
Clematis orientalis – Шығыс жібілген |
- |
- |
un |
un |
Picea schrenkiana – Шренк шыршасы |
- |
- |
- |
un |
