- •1 Әдебиeтке шoлу
- •Күрдeлiгүлдiлeр тұқымдaсынa және Inula тyысынa жaлпы сипaттaмa
- •Inula туысына сипаттама
- •1.1.1 Inula helenium l. Өсімдігі туралы жалпы шолу
- •1.1.2 Эколого-фитоценотикалық талдау және биік андыздың Іле – Алатауында таралуы мен өсімдіктер жабыны
- •Биік андыздың тіршілік циклы және өсу ортасы.
- •Inula helenium l. Өсімдігінің өсу ортасы
- •Зерттеу материалдары мен әдістері
- •2.1 Зерттеу объектісі
- •2.2 Зерттеу әдістері
- •Зерттеу нәтижелері және талқылау
- •3.1 Биік андыз (Inula helenium l.) популяциясының Іле – Алатау ұлттық паркі аумағында таралуы
- •Шөптесін өсімдіктер
- •3.2 Биік андыз (Inula helenium l.) өсімдігі дамуының жылдық динамикасы, популяциясының қазіргі жағдайы
- •Қорытынды
- •Белгілер мен қысқартулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Қосымша
Inula helenium l. Өсімдігінің өсу ортасы
Климаты
Іле Алатауы солтүстік макро беткейінің климаты қоңыржай жылы жазымен және қоңыржай қатал қысымен сипатталады. Қыс айларының жұмсақтығы ауа температурасының күрт өзгеретін инверсиясына байланысты. Ауа температурасының 100С жоғары температурасының жалпы саны 3400-10000С төменді құрайды.
Аумақ климатын жалпы теңіз деңгейінен 850 м. жуық абсолют биіктікте орналасқан «Алматы» ГМҚ деректерімен сипаттауға болады. Ең суық айда (қаңтар) ауаның орташа температурасы – 7,40С, ал ең жылы айда (шілде) – 230С құрайды. Аязсыз кезеңнің ұзақтығы – 181 күн. Жылдық жауын-шашын саны 560 мм. Бірақ бұл орташа есептен алынған сан екенін айта кету керек, өйткені Іле Алатауының орталық бөлігіне жауын-шашын ең көп жауады, ал батыс және шығысында азырақ болады.
Кіші Алматы сайында (Медеу шатқалы) 1530 м биіктікте ең суық айдың температурасы – 4,30С, ал ең жылы айда – 18,10С. Аязсыз кезең 145 күнге созылады, ал жауын-шашынның жылдық мөлшері 843 мм болады.
Жоғарырақ, 3035 м биіктікте (Мыңжылқы) мәңгі қарлар мен мұздықтарда ең суық айдағы ауаның орташа температурасы – 11,30С, ең жылы айда – 7,00С. Температурасы 100С жоғары кезең жоқ, аязсыз кезең 53 күнге жалғасады, ал жауын-шашынның жылдағы жалпы саны 734 мм. тең.
Іле Алатауының орталық бөлігінде гляциальді-нивальді аумақта жауын—шашынның жылдық саны 800-ден 1300-ге дейін құбылып тұрады. Ауа райының жылдық орташа саны теріс өлшемді және оның ең төмен температуралары (3750 м абсолют биіктікте) 33,20С дейін төмендей алады. Жылы кезеңнің жоғары температуралары жоқ: мұздықтардағы ауа райының орташа температурасы 2,80С аспайды.
Көп жылдық орташа деректер бойынша тау бөктеріндегі (850 м) қар жабындысы 6 желтоқсанда, таудың орта деңгейінде (200-2500 м) содан бір ай бұрын, ал биік тауларда (3000 м) – 21 қазанда тұрақтанады. Қар жабындысының еру күндері де 10 наурыздан бастап 22 мамырға дейін, абсолют биіктікке байланысты құбылып тұрады. Қар жамылған күндер саны әртүрлі биіктікте 111-236 дейін өзгеріп тұрады: тау белдеуі неғұрлым биік болса, қар соғұрлым ұзақ жатады. Тау бөктеріндегі қар қалыңдығы 30 с, ал биік таулар мен орта деңгейдегі тауларда 100 см дейін жетеді.
Төтенше (апатты) климаттық және оған байланысты құбылыстар арасында Ақсай, Үлкен Алматы, Талғар және Түрген шатқалдарында көктемде, жаз басында жиірк болатын балшықты – тасты сел, сонымен қатар, Іле Алатауының барлық жерлерінде қыстың екінші жартысында тіркелетін қар көшкіндерін атауға болады. Одан басқа көбінесе адамдар кінәсінен болатын дала (тау бөктерінде) және орман өрттерін атап өту керек.
Жалпы климаттық жаңдайлар күрделі биогеоценоз, таулардағы өзіндік өсімдік және жануарлар әлемінің болуы үшін қолайлы [40].
Жер бедері
Парк аумағының тік қимасы сатылы құрылысымен сипатталады. Жер бедері альпі пішінді биік таулы қабат әсіресе тереңжіктілігімен (Талғар шыңы ауданы т.б.) ерекшеленеді. Бұл - терең сілемді алқаптар мен ерімейтін қатты қар қабаттары қоршап тұрған биік, көбінесе құлама және жартасты бөктерлер аумағы.
Одан төменірек терең жіктелген таулы бедер қабаты орналасады. Жер бедерінің типті элементтері айқын көрінбейтін тертарасалы учаскелері бар тік жарлы өзен алқаптары болып табылады. Аласа таулар бедері кең алқаптармен бөлінген ұсақ шоқылы қыраттар топтарымен көрсетілген Іле Алатауының шығыс және батыс сілемдеріне тән. Жер бедерінің осы қабатында үстірттәріздес шоқылар түрінде тау жонының солтүстік беткейіне қосылатын «адырлар» да жатады. Адырлар сатылы кертпеш қатарымен тауалды алқапқа дейін түседі.
Тау бөктері бедеріне тән элементтер сел алып шыққан қуатты жиынтықтар, өзендер мен уақытша су арналарының шығарынды конустар және де террасалардың кең алаңдары болып табылады. Кіші Алматы өзенінің шығарында конусында Алматы қаласы орналасқан.
Ұлттық парк аумағы кембрийлі және төменгі палеозой метаморфиялық құрылымдардың айтарлықтай дамуына, құрамы бойынша әржылдық және әртүрлі интрузиялар басымдылығына және қарқынды, жиі айқындалып тұратын тектоникалық процестерге байланысты күрделіжағрафиялық құрылысымен ерекшелінеді.
Жалпы Іле Алатауы жаңа тектоникалық көтерулер аймағы болып табылады. Биік таулы белдеуде жартастардың жалаңаштануы қышқыл құрамды: гранитоидтер, порфириттер, құмдақтар және әк тастар сияқты интрузивті және метаморфиялы палеозой жыныстарымен көрсетілген. Орта деңгейдегі таулар ордовикс және карбон жасындағы интрузивті жыныстардан қралады. Алқаптардың түбін аллювий-пролювий шөгінділері жабады. Төменгі тау баурайындағы сатының беті қойтас-тасмалта борпылдақ жиынтықтарында 30-40 м-ге дейін қуаты бар, орташиректі саз бен құмнан тұратын тау жынысының жылжымалы қабаттарынан тұрады [41].
Топырағы
Ұлттық парктің топырақ жабындысы тік белдеуіне сәйкес мына ерекшеліктермен көрсетілген:
Биіктігі 3300 м астам жартасты, шөгінділі, мұздақты, фирна танаптары бар биік таулы нивальді-жартасты аймақ.
Биіктігі 2400-ден 3300 м-ге дейін тау шалғынды (солтүстік экспозициялар беткейлерінде), биік таулы далалы-шабындықты (оңтүстік экспозициялар беткейлерінде) және биік таулы аршалы төсенділердің күңгірт түсті потырақтары (әртүрлі экспозициялар беткейлерінде) бар, екі қабатқа бөлінетін биік таулы шалғынды және шабындықты – далалы аймақ.
Биіктігі 1200 м-ден 2400 м дейін таулы-орманды-далалы күңгірт топырақтары, таулы орманды-шалғынды, таулы-орманды күңгіртсұр, таулы-орманды қара топырақ тәріздес, таулы, сілтіден арылған (солтүстік беткейлерінде) қара топырақтары, таулы шалғынды-далалы және таулы-далалы термоксероморфты тпырақтары (оңтүстік беткейлерде) бар (1200 м-ден 2400 м дейін биіктіктегі) таулы-орманды-далалы аймақ.
Биіктігі 750 м-ден 1200 м дейін таулы қара топырақты, далалы (солтүстік беткейлерде кәдімгі және оңтүстік) таулы-далалы термоксероморфты (оңтүстік экспозициялар) тау бөктеріндегі оңтүстік және кәдімгі, күңгірт-сарғылт топырақтары бар таулы және тау бөктеріндегі далалы аймақ [42].
Гидрология
Іле Алатауы табиғи – климаттық жағдайларының ерекшеліктері сулардың қарқынды үстіңгі ағуы мен дамыған гидрографиялық желі қалыптастыру шарттарын жасайды. Мұздықтар, фирналық алаңдар мен мәңгі ерімейтін қарлар, сонымен бірге, негізінен атмосфералық жауын-шашын және жер асты сулар оның оңтүстік беткейлерінде ағатын, көптеген, ұзақтығы айтарлықтай үлкен емес, бірақ суы мол өзендерді қоректендіреді.
Қоректендіру сипаты мен қайнар көзінің орналасқан жері бойынша парк өзендері үш түрге бөлінеді: биік таулы-мұздықты, орта таулы және аласа таулы. Әсіресе, ірілері бірінші түрдегі – Шамалған, Қаскелең, Ақсай, Есік, Түрген, Үлкен Алматы өзендері болып табылады. Олар мұздықтардан қоректенеді, суы мол, су қоймасының көлемі үлкен. Олардың суының биік тұруы сәуір айынан тамыз айына дейін байқалады. Алқаптарының тереңдігі 1000 м-ге дейін жетеді. Орта жылдық есеппен судың ең көп жұмсалуы жылына 5,0-ден 7,04 м3 дейін тіркеледі.
Қайнар көздері 3000 м-ден төменгі биіктікте орналасқан орта таулы өзендер атмосфералық жауын-шашындар және жер асты сулармен қоректенеді. Негізінен бұл –арнасы тік құлама, ағыны тез шағын тау өзендері (15-20 км). Орта жылдық есеппен судың ең көп жұмсалуы 0,4 м3 аспайды. Олардың ішінде Қырғауылды, Қотырбұлақ т.б. бар.
Өзендердің үшінші түріне аласа тауларда ағатын, ұсақ, маусымды өзендер жатады. Олардың суы көктемде пайда болып, жазда құрғап кетеді. Мұндай өзендер көбінесе парктің шығыс бөлігіне тән.
Аумақ территориясында мұздақты, моренді, моренді-бөгетті және тектоникалық опырылып құлағаннан пайда болған көлдер орналасқан. Олардың көлемдері көлденеңінен 100-200-ден 1500 м дейін құбылады. Мысалы, 2511 м биіктікте жатқан ең ірі Үлкен Алматы көлі 2000 жыл бұрын, ғаламат жер сілкінісі нәтижесінде, тектоникалық опырылып құлағаннан пайда болған. Көл тереңдігі – 35 м, ал су температурасы 120С жоғары көтерілмейді.
Опырылып құлағаннан пайда болған тағы бір көл – 1750 м биіктікте орналасқан Есік көлі. 1963 жылы таудан құлаған күшті сел ағыны көлдің табиғи бөгетін бұзып кетті. Өзен алқабына 18 млн. текше метр балшық пен тас массасы төгілді де, көл жоқ болды. Өткен ғасырдың 800-ші жылдары көлге бөгет салынғаннан кейін көл 2/3 шамасында қалпына келді, оның су айдыны көбейіп келеді. Басқа, олардан ұсақ көлдер, мысалы, Тескенсу өзеніне Есік өзенінің сол тармағы құйылатын жердегі Бозкөл, Есіктің басындағы биік таулы Ақкөл көлдері тек мұздықтар қарқынды еритін кезеңдерінде (шілде-тамызда) өмір сүреді. Түрген өзенінің сол тармағы бойынша болған сейсмогенді опырылып құлағаннан Жусалыкөл атты шағын көл (Микушин сайы) пайда болды.
Бетіне шығатын жер асты сулар аз минералдармен сипатталады, гидрокарбонатты күкірт қышқылды тұзды-натрий-кальцийлі қатарға жатады. Жалпы минералдануы – 0,08 ден 0,43 г/л дейін. Атақты кремний-термальді сулар Алмаарасан, Ақсай, Горельник пен Түргенде; радон сулар Талғарда орналасқан [43].
