Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Меру озгерткен диплом 2.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
14.85 Mб
Скачать

1.1.2 Эколого-фитоценотикалық талдау және биік андыздың Іле – Алатауында таралуы мен өсімдіктер жабыны

Эколого-фитоценотикалық талдау. Әдеби мәліметтер бойынша, биік андыз солтүстік аймақта: Батыс Қазақстаннан Шығыс Қазақстанға дейін, ал оңтүстікте – Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарындағы тау бөктерлерінде кездеседі. Биік андыз шалғынды және биік шөпті ценоздарда басымдық көрсетеді (Рубцов, 1948). Н. В. Павлов биік андызды шалғынды және бұталы-шалғынды түр деп санайды (Павлов, 1947), ал В. Е. Аветисян (1958) мезофильді өсімдіктерге жатқызады. Іле Алатауындағы биік андыздың өсу ортасын экологиялық бақылау оның айтарлықтай экологиялық ырғақтылығына (пластичность) қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бұл ауданда Б. А. Быков (1954) және Б. С. Родионова (1976) белдеулік градацияларына сәйкес биік андыз жапырақты ормандар белдеуастында, барлық биіктіктік-климаттық белдеулерде: үйеңкі-шабдалы-раушан көшеті (теңіз деңгейінен 900-ден 1250 м-ге дейін ), доланалы-алмалы (1150-ден 1550 м-ге дейін) және алмалы-көктеректі (1450-ден 1750 м-ге дейін) қауымдарда кездесетіндігін айтуға болады [59].

Биік андыздың дамуына сай-салалардың түптері, террасалар, өзен, бұлақтардың бойы қолайлы болып табылады. Доланалы-алмалы биіктіктік-климаттық белдеулерінің алуан түрлі шөпті-дәнді жайылымдарында (Ass. Inula helenium L. – Poa pratensis L. + Agropyron elongatiforme Drob. + Carex sp.) өсетін биік андыз особьтарының үлкен санымен (100 м² жерге 48), әр түрлі жасты популяциясымен, жақсы дамыған жер асты органдарымен және жер асты массасының жоғары өнімділігімен (құрғақ күйде 6-8 ц/га) ерекшеленеді. Алмалы-үйеңкілі белдеудің алуан түрлі шөпті-тарғақты жайылымдарындағы (Ass. Dactylis glomerata L. – Inula helenium L. – Bupleurum aureum L. + Origanum vulgare L.) биік андыз доминанттардың бірі болуы мүмкін. Ценопопуляциясының тіршілікке қабілеттілігі және пайдалы массаның өнімділігі жоғары (100 м² жерге 34 өсімдік) [31].

Үйеңкілі-шабдалы-раушан көшетті биіктіктік-климаттық белдеудің көлеңкелі баурайларының ылғалды аймақтарындағы дәнді-алуан түрлі шөпті топтардағы ағаштар мен бұталардың көлеңкелі жерлерінде өседі (Ass. Acer semenovii Rgl. et Herd. + Crataegus soongorica C. Koch. – Inula helenium L. + Ligularia macrophylla (Ledeb. ) DC. – Dactylis glomerata L.). Ценопопуляция саны 100 м² жерде ценопопуляциялар 30 алуан түрлі жастық особьтарға дейін кездеседі.

Өсу ортасының құрғақтылығының артуымен биік андыздың тірішілік ету қабілеттілігі төмендейді. Доланалы-алмалы өсімдік қауымдарында алуан түрлі шөпті-дәнді фитоценоздарында (Ass. Dactylis glomerata L. + Agropyron repens L. – Inula helenium L. – Origanum vulgare L. + Agrimonia asiatica Juz) әлі де доминантты болуы мүмкін, алайда оның саны (100 м2 жерге 35 өсімдік) азаяды. Ары қарай эдафикалық құрғақтылықтың артуы салдарынан аталған қауымдастықтар қолайсыз антропогендік факторлардың әсерінен биік шөптілерге ауысады (Ass. Aconitum leucostomum Worosch + Heracleum dissectum Ledeb. – Dactylis glomerata L. + Agropyron repens L. – Inula helenium L.). Фитоценоздардың бұл топтарында биік андыздың саны 100 м2 жерге 17 особьтан келеді, олардың жартысынан көбі – виргинильді; шикізаттың өнімділігі – 3ц/га. Өсу ортасының ылғалдылығының шектен тыс артуынан да биік андыздың тіршілікке қабілеттілігі кез келген биіктіктік-климаттық белдеуде төмендейді, оны особьтардың кездесу жиілігінің азаюынан және аса қатты ылғалдылық әсерінен тамыр жүйесінің шіруінен байқауға болады [14].

Биік андыздың Іле Алатауында таралуы және өсімдіктер жабыны. Іле Алатауында биік андыз бұталы-алуан түрлі шөпті далалық белдеуде, оның жоғары бөлігінен субальпілік белдеуге дейін тау баурайларында, өзендердің, аңғарлардың бойында өседі. Көбіне қоңырбастар - алуан түрлі шөпті өсімдіктер арасында, бұталар арасында, кейде алма, үйеңкі, шабдалы талдарының астында өседі. Оңтүстік – шығыс, оңтүстік-батыс экспозицияның таулы-орманды баурайларының қою-сұр топырақтарында талдар мен бұталар арасында биік андыздың қатысуымен қоңырбастар-алуан түрлі шөпті ассоциация қалыптасады (Ass. Origanum vulgare L. – Inula helenium L. – Dactylis glomerata L. + Agropyron repens (L.) Beguv. ).

Бұл ассоциация үш ярусқа бөлінеді. Бірінші ярусқа сирек кездесетін үйеңкі, алма, тал, қайың, мойыл, қаражемістер кіреді. Екінші яруста биіктігі 80 см-ден 200 см-ге жететін бұталар – әр түрлі гүлсағақты бөріқарақат, беггеров итмұрыны, жоңғар доланасы, тікенді үшқат өседі. Үшінші шөптесін ярус екі ярус астынан тұрады. Бірінші ярус астында (180-200 см) биік андыз, тюринген хатьма, іріжапырақ сарыаңдыз кездеседі. Екінші ярус астында (60-100 см) тарғақ шөп, жатаған бидайық, кәдімгі жұпаргүл, Шренк либанотисі, шілтер жапырақ шайқурай басым болып келеді. Бұл ассоциацияда 40-қа жуық түр бар. Проекциялық жабыны – 85-95%.

Алма талдарының көлеңкесінде, бұталар арасында, деградацияланған қара топырақта алуан түрлі шөпті-дәнді ассоциация (Ass. Dactylis glomerata L. + Agropyron repens L. – Inula helenium L. – Origanum vulgare L. + Agrimonia asiatica Juz.) қалыптасады. Сипатталған ассоциация өсімдіктері талдар ярусынан (алма ағаштары), бұталар ярусынан (жоңғар доланасы, шілтер жапырақ шайқурай)және астық тұқымдастары мен алуан түрлі шөптер ярусынан тұрады. Соңғысы екі ярус астына жіктеледі. Біріншісінде (120-180 см) биік андыз, Литвинов жалбызтікені, толқынды таран, екіншісінде (60-100 см) – шыралжын жусаны және кәдімгі жусан, дөңшіл қазтамақ, дала саршатыры, кәдімгі жұпаргүл. Бұл ассоциация көбіне батыс және солтүстік экспозиция баурайларында кездеседі. Өсімдіктермен топырақтың проекциялық жабыны - 95-100%-ды құрайды. Бұл ассоциацияда 35 түр белгіленді.

Аталған ассоциациялардан түрлік құрамы және өсімдіктердің молдығы бойынша, дәнді-ірі шөпті ассоциация (Ass. Aconitum leucostomum Worosch. + Heracleum dissectum Ledeb. – Dactylis glomerata L. + Agropyron repens (L.) Beauv.) ерекшеленеді. Ассоциацияда алуан түрлі шөптер арасында ақ езу бәрпісі, іріжапырақ сарыаңдыз басымдылық көрсетеді. Бұл ассоциациядағы түрлер саны 30-ға жетеді. Проекциялық жабыны – 90-95%. Ассоциация қара жерлі топырақ белдеуіндегі көлеңкелі баурайларда орналасқан [32] .

Өзендер мен бұлақтардағы таулы-шалғынды топырақта биік андыз шалғынды астық тұқымдастарымен, ірі алуан түрлі шөптермен бірге өседі. Биіктігі 180-200 м-ге дейін жетіп, ол бірінші ярусты түзеді. Екінші ярус (60-80 см) тарғақ шөп, атқонақ, шалғын қоңырбас, өленшөп, сирек сарыандыз және иван-шәй кездеседі. Үшінші ярус (10-20см) елекшөптерден, қиякөлеңдерден, топырақбастан, британ андызынан тұрады. Бұл өсімдік топтары біршама сирек кездеседі [33].