- •1 Әдебиeтке шoлу
- •Күрдeлiгүлдiлeр тұқымдaсынa және Inula тyысынa жaлпы сипaттaмa
- •Inula туысына сипаттама
- •1.1.1 Inula helenium l. Өсімдігі туралы жалпы шолу
- •1.1.2 Эколого-фитоценотикалық талдау және биік андыздың Іле – Алатауында таралуы мен өсімдіктер жабыны
- •Биік андыздың тіршілік циклы және өсу ортасы.
- •Inula helenium l. Өсімдігінің өсу ортасы
- •Зерттеу материалдары мен әдістері
- •2.1 Зерттеу объектісі
- •2.2 Зерттеу әдістері
- •Зерттеу нәтижелері және талқылау
- •3.1 Биік андыз (Inula helenium l.) популяциясының Іле – Алатау ұлттық паркі аумағында таралуы
- •Шөптесін өсімдіктер
- •3.2 Биік андыз (Inula helenium l.) өсімдігі дамуының жылдық динамикасы, популяциясының қазіргі жағдайы
- •Қорытынды
- •Белгілер мен қысқартулар
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Қосымша
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні өсімдік ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану планетамыздың мемлекетаралық деңгейдегі ауқымды проблемаларының бірі болып табылады. Климаттың өзгеру процесінің басталуы табиғи өсімдік жамылғысының сақталуына және адамзаттың тіршілік ортасының өзіне де қауіп төндіруде [1].
Қазақстанда дәрілік өсімдіктердің жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің 134 тұқымдасына, 612 туысына жататын 1406 түрі кездеседі. Дәрілік өсімдіктердің көпшілігі Қазақстанның оңтүстік бөлігінде өседі (1037 түр – 71%), дәрілік өсімдіктер молдығы 1000 км2 жерге шамамен 1,3 түрді құрайды. Дәрілік өсімдіктердің саны жағынан екінші орында республиканың шығыс бөлігі тұр, мұнда 933 (64%) түр кездеседі, дәрілік өсімдіктер молдығы 1000 км2 жерге шамамен 3,5 түрді құрайды. Республикамыздың солтүстігінде дәрілік өсімдіктердің 650 түрі (44%) кездеседі, дәрілік өсімдіктер молдығы – 1,5. Қазақстанның шөлді-далалы аймағы орталығында 562 түрді (38%) құрайды, дәрілік түрлер молдығы - 0,9. Республиканың батысында – 550 түр (37%), дәрілік түрлер молдығы – 0,9.
10 тұқымдас Қазақстанның дәрілік түрлерінің флористикалық алуантүрлілігінің 70%-ын құрайды. Түрдің саны жағынан ең ірі тұқымдастар Asteraceae (196 түр, 72 туыс), Rosaceae (89 түр, 27 туыс), Lamiaceae (77 түр, 30 туыс), Ranunculaceae (73 түр, 20 туыс), Fabaceae (78 түр, 27 туыс), Apiaceae (68 түр, 38 туыс), Brassicaceae (62 түр, 33 туыс). Біршама ірі туыстарға Artemisia (42 түр), Potentilla (25 түр), Euphorbia (18 түр) жатады. Дәрілік флора Қазақстанның барлық өсімдіктерінің төрттен бір бөлігін (26%) құрайды [2].
1406 дәрілік өсімдіктер ішінде ресми медицинада тек 230 түр ғана қолданылады. Ресми медицинада қолданылатын түрлерге ең алдымен, фармакопеялық түрлер жатады, олар СССР Мемлекеттік Фармакопеясына әр түрлі жылдағы басылымнан – 124 түр және Қазақстанның Мемлекеттік Фармакопеясына – 29 түр енгізілген [3,4,5].
Ресми медицина көптеген ауруларды емдеуде дәрілік өсімдіктерге ерекше мән беруде. Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы биологиялық активті заттардың алуантүрлілігі өсімдік препараттарының фармакологиялық әсерінің кең спектрімен қамтамасыз етуін дәрілік өсімдіктерді зерттеудің көпжылдық тәжірибесі көрсетті. Осыған байланысты жаңа дәрілік өсімдіктер шикізатын табу ауқымды міндет болып отыр [6].
Қазақстан флорасы перспективті дәрілік формалардың көзі ретінде үлкен потенциалды мүмкіндіктерге ие. Дәрілік өсімдіктер фитопрепараттар алуда құнды шикізат ретінде қызмет атқарады, олар жылдам әсер етеді, кумулятивті қасиеттерге ие емес және организмге кері әсер ету дәрежесі аз. Тек соңғы жылдары және тек Қазақстанда жаңа тиімді медициналық препараттар қазақстандық ақ езу бәрпілері, тегеурінгүлділер, маралотылар, сасықшөптер, адыраспандар және басқа да өсімдіктерден алынды [7].
Дәрілік флораның алуантүрлілігін және оның ресурстық потенциалын бағалау, әсіресе егемен Қазақстан жағдайында өзекті болып табылады, себебі, дәрілік өсімдіктерден медициналық препараттар өндіру фармөнеркәсіпті өсімдік шикізатымен қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты [2].
Жұмыстың мақсаты: Іле – Алатауы Мемлекеттік ұлттық паркі аумағындағы биік андыз (Inula helenium L.) популяциясының таралуын анықтап, қазіргі жағдайын бағалау.
Жұмыстың міндеттері:
Іле – Алатау ұлттық паркіндегі биік андыздың таралу ерекшеліктерін анықтау;
Зерттелетін алаңдарың флористикалық құрамын анықтау;
Әрбір мониторингті алаңдардағы биік андыздың фенологиялық фазаларына сипаттама беру;
Биік андыздың популяциясының қазіргі жағдайын бағалау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Биік андыз – Inula helenium L. (Asteraceae тұқымдасы) – Қазақстанда кездесетін барлық 12 туыс өкілдерінің ішіндегі ең ірі түрі. Ол барлық Палеарктикада кең таралған, соның ішінде, Қазақстанның солтүстік жартысында және Алтайдан Батыс Тянь – Шань тауларына дейін. Ылғалды жерлерде, өзен жағалауларында, сирек жапырақты ормандарда, бұталар арасында кездеседі [8,9]. Бұл әйгілі дәрілік өсімдік, тамыры және тамырсабақтары ертеден халықтық және ресми медицинада асқазан - ішек және өкпе аурулары кезінде қолданылады, сонымен бірге, қақырық түсіретін және антигельминтті қасиетке ие [10,11,12]. Жоғары ресурстық маңыздылығының арқасында бұл түр айтарлықтай жақсы зерттелген, соның ішінде, таралуы, шикізаттық қоры, экологиялық – фитоценотикалық сәйкестігі, биологиясының ерекшеліктері [13,14,15].
Алайда, түрдің жастық спектрі және популяциясының қазіргі жағдайымен, дамуының жылдық динамикасымен арнайы ешкім айналыспағандықтан, биік андыз (Inula helenium L.) популяциясының қазіргі жағдайы және таралу ерекшеліктерін анықтау жұмыстың өзектілігі болып отыр [16].
Ғылыми жаңалығы: Биік андыз популяциясының жастық спектрі және дамуының жылдық динамикасы, популяциясының қазіргі жағдайы және Іле-Алатауы ұлттық парк аумағында таралу ерекшеліктері анықталды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Әдебиeтке шoлу
Күрдeлiгүлдiлeр тұқымдaсынa және Inula тyысынa жaлпы сипaттaмa
Aстрaлaр – Asteraceae немесе Compositae
Гүлдeрi ұсaқ, бір гүлтaбaнында сeбет гүлшоғырынa жинaқталған (кеңейтілген ось), төмeн жaғынан бір нeмeсe жиi бiрнeше қaтар oрналасқан ұсaқ, қaбыршақ тәрiзді күлтeлермен қaпталған; жaлпы гүлтaбаны жaлаңаш, түктi нeмесе жұқa қaбықшамен қaпталған (iлмешек aналогтары), гүлдeрінің бeкінген oрындарында oйықтар түрiнде түрлi дaқтар (oйық, нүктe, oйықшалар) пaйда бoлады, гүлтaбанының бeттік пішінінe бaйланысты жaлпақ, төбeлік, шaр тәрiзді, кoнус тәрiзді, цилиндр тәрiзді, кeйде ішкe қaйырылған түрдe бoлaды, олaр борпылдaқ ұлпaсынан тұрaды; қaбық жaпырақшалары жeке, кeйде шeт жақтары бірігіп кетеді, сыртқы жапырақшалары ортаңғы және ішкі жапырақшаларынан пішіні, өлшемі және консистенциясы бойынша ерекшеленеді, кейде олар тозданып, кей кездері түк жағы етжеңді болады, кей түрлерінде тұқымдарымен өсіп, консистенциясы бойынша: шөптесін, жұқа қабықшалы, соңында өскіндердің болуына байланысты инелі, ілмекті, шашақты деп жіктейді, түсі бойынша олар сары, ақ, қызыл, пурпурлы және т.б. түстерге боялған; себеттегі гүлдер қосжынысты, кейде біржынысты – бұл жағдайда бірүйлі, кейде екіүйлі, сыртқы гүлдері аналық, сирек жыныссыз, ішкі гүлдері қосжынысты немесе аталық (жыныссыз), гүлдері бірдей орналасқан себеттер (мысалы, барлық қосжынысты гүлдер) гомогамды, гүлдері әртүрлі орналасқан себеттер (мысалы, сыртқы жыныссыз не аналық, ішкі қосжынысты) гетерогамды деп аталады; құрылымы бойынша гүлдері алуан түрлі және келесі негізгі топтарды құрайды: қосжынысты, актиноморфты, түтікті тәжді, негізі қысқа 5 тісті, кейде сызықты не ланцетті тісті.
Күрделігүлділер тұқымдасында шамамен 1000 туысы және 25000-30000 түрі жер шарында болады, олар кеңінен таралған. СССР-де 224 туысы және 3500-ден аса түрі, Қазақстанда – шамамен 140 туысы мен 700-ден аса түрлері кездеседі. Бұл әлемдік флораның ең ірі тұқымдасы, барлық жоғары сатыдағы өсімдіктердің 10%-ын құрайды. Күрделігүлділер – эволюциялық жағынан ең ұйымшыл өсімдіктер тобы. Қазақстанның өсімдіктер жабынының қорында күрделігүлділердің маңызы зор.
Тұқымдас өкілдері алуантүрлі географиялық және экологиялық жағдайларда тіршілік етеді. Олар ксерофиттер, мезофиттер, психрофиттер, галофиттер, псаммофиттер, хазмофиттер, литофиттер және т.б. [17,18].
Inula туысына сипаттама
Asteraceae тұқымдасына көпжылдық, шөптесін өсімдіктер жатады. Еуропа, Азия, Африкада өседі. Туыстың 100-ден аса түрлері бар, Ресейде 30 шақты, Қазақстанда 12 түрі өседі. Жаздың екінші жартысында гүлдейді. Көбеюі көктемде жүзеге асады.
Жапырақтары кезектесіп орналасқан, біртұтас, ірі. Ірі сары түсті гүлшоғыры бар. Гүлдері сары немесе сарғыш түсті; себетшелері гетерогамды, жартылай шар тәрізді, жалғыз немесе бірнеше, қалқанға жинақталған; орауыштары көпқатарлы, ал оның жапырақтары біркелкі емес, ішіне қарай біртіндеп үлкейген, мамық ақ немесе қоңыр түктері бар; гүл табаны жалпақ немесе дөңес, шұңқыр немесе жұмыртқа тәрізді болып келеді. Шеткі гүлдері бір қатарлы, тіл тәрізді, сары аналық гүлдер. Ортасындағы диск тәрізді гүлдер түтік тәрізді, қос жынысты, тозаңдарының ұзын кірпік тәрізді қосындылары бар. Тұқымдары цилиндр тәрізді, жалаңаш немесе барлық беті немесе жоғары бөлігі қысқа түктермен жабылған, айдары бір қатарлы, көптеген бұдыр түктерден тұрады.
Төменде Қазақстан Республикасында кездесетін Inula туысына жататын түрлер тізімі келтірілген:
Inula britannica L. – Британ андыз – Девясил британский
Inula caspica Blume ex Ledeb. – Каспий андыз – Девясил каспийский
Inula germanica L. – Герман андыз – Девясил германский
Inula helenium L. – Биік андыз, қара андыз – Девясил высокий
Inula macrophylla Kar. Et Kir. (=I. grandis) – Үлкен андыз, ақ андыз –Девясил большой
Inula oculus-christi L. – Бүршікті андыз – Девясил глазковый
Inula rhizocephala Schrenk – Тамырбас андыз – Девясил корнеглавый
Inula salicina L. – Талжапырақ андыз – Девясил иволистный
Inula multicaulis Fisch. Et Mey. – Сабақты андыз – Девясил многостебельный
Inula hirta L. – Түктесін андыз – Девясил жестковолосистый
Inula aspera Poir – Бұдыр андыз – Девясил шероховатый
Inula sabuletorum Czern – Құм андыз – Девясил песчаный
Inula britannica L. – Британ андыз – Девясил британский. Көп жылдық, биік таулы аймақтардан басқа барлық жерлерде кездесетін өсімдік. Шикізат: жер асты бөлігі. Құрамында сесквитерпеноидтар, алкалоидтар, фенолкарбонды қышқылдар, кумариндер, флавоноидтар [19], кауран гликозиді [20], тритерпендер және май қышқылдарының [21] эфирлері болады. Жөтелге қарсы, антигельминттік, диуретикалық, седативтік, сергітетін, жараларды жазатын, гемостатикалық, жалпы күш беретін, детоксикациялық, антибактериальді, антиоксидантты [22] қасиеттерге ие. Халықтық медицинада, шығыс медицинасында, экспериментальді медициада қолданылады. Қостанай облысында өсірілген.
Inula caspica Blume ex Ledeb. – Каспий андыз – Девясил каспийский. Көп жылдық, Қазақстанның таулы және жазық аудандарындағы сортаң жайылымдарда кездеседі. Шикізат: жер асты бөлігі. Құрамында көмірсулар, эфир майлары, алкалоидтар бар. Қақырық түсіретін, диуретикалық, антибактериальді фармакологиялық қасиеттерге ие. Халықтық медицинада қолданылады.
Inula germanica L. – Герман андыз – Девясил германский. Көп жылдық, Батыс Қазақстанның жайылымдарында және Мұғалжарда кездеседі. Шикізат: жер асты бөлігі. Құрамында сесквитерпеноидтар, каучук бар. Халықтық медицинада қабынуға қарсы қолданылады.
Inula helenium L. – Биік андыз, қара андыз – Девясил высокий. Көп жылдық, шөлден басқа барлық жерлерде кездеседі. Шикізат: жер асты бөлігі. Құрамында сесквитерпеноидтар, кумариндер, фитостериндер, циклитолдар, көмірсулар, ациклды полиацетиленді қосындылар, дитерпеноидтар, фенолдар эфирлері, фенольды және жоғары май қышқылдары бар. Қақырық түсіретін, өт айдайтын, антигельминтті, антисептикалық, қабынуға қарсы, диуретикалық, адаптогенді, сергітетін, иммуномодуляциялайтын, қызуды түсіретін, антипротозойлы, антибактериальді фармакологиялық қасиеттерге ие. Ресми медицинада қолданылады. Шикізаттың өндірістік қорлары Іле Алатауында, Жоңғар Алатауында, т.б. табылған. Алтай ботаникалық бағында, Бас ботаникалық бағында, Қарағанды ботаникалық бақтарында, т.б. өсірілген.
Inula macrophylla Kar. Et Kir. (I. grandis) – Үлкен андыз, ақ андыз –Девясил большой. Көп жылдық, тау етегінде және Тарбағатайдан Батыс Тянь-Шань тауларына дейін кездеседі. Шикізат: жер асты бөлігі. Құрамында көмірсулар және туыстас қосындылар, инулин, моносахаридтер, фруктозандар, эфир майлары, сесквитерпеноидтар, алкалоидтар, фенолкарбонды қышқылдар, дубильді заттар, жоғары май қышқылдары бар. Антигельминтті, экссудативтілікке қарсы, антибактериальді, пролиферацияға қарсы фармакологиялық қасиеттерге ие. Халықтық медицинада қолданылады. Шикізаттың өндірістік қорлары Қаратау және Қаржантауда табылған. Бас ботаникалық бағында өсірілген [23].
Inula oculus-christi L. – Бүршікті андыз – Девясил глазковый. Көп жылдық, Батыс Қазақстанда кездеседі. Шикізат: жер асты бөлігі. Құрамында эфир майы, каучук, ароматикалық қосындылар, кумариндер, флавоноидтар кездеседі. Өт айдауда қолданылады. Халықтық медицинада, экспериментальдік медицинада қолданылады.
Inula rhizocephala Schrenk – Тамырбас андыз – Девясил корнеглавый. Көп жылдық, екі жылдық, биік таулы аймақтарда Алтайдан Батыс Тянь-Шаньға дейін кездеседі. Шикізат: жер асты бөлігі. Құрамында сапониндер, аокалоидтар, көмірсулар және олардың қосындылары, эфир майлары бар. Жараны жазатын, антибактериальді, антифунгальді, антипротозойлы фармакологиялық қасиеттерге ие. Халықтық медицинада қолданылады.
Inula salicina L. – Талжапырақ андыз – Девясил иволистный. Көп жылдық, Батыс Тянь-Шань және Қаратауда кездеседі. Шикізат: жер асты бөлігі.
Құрамында көмірсулар және олардың туындылары, эфир майлары, сесквитерпеноидтар, тритерпеноидтар, стероидтар, алкалоидтар, полиацетиленді қосындылар бар. Халықтық медицинада, экспериментальді медицинада қолданылады. Бас ботаникалық бақта және Алтай ботаникалық бағында өсірілген.
Inula multicaulis Fisch. Et Mey. – Сабақты андыз – Девясил многостебельный. Жартылай бұташықтар, жапырақтары тар-дөңес немесе сызықты-күрек тәрізді, себеттері жалғыз, тіл тәрізді гүлдері орауыштың жапырақшаларын аздап көтеріп тұрады.
Inula aspera Poir. – Бұдыр андыз – Девясил шероховатый. Жапырақтары дөңес-ланцет тәрізді немесе дөңес-жұмыртқа тәрізді, ұзындығы 2-5 см, ені 0,8-2,5 см, қысқа сүйір, жиектері тұтас немесе анық емес ұсақ тісшелі, көптеген иілген ұсақ тікенектері бар; сабағы тек жоғары бөлігінде ғана жапырақты болып келеді.
Inula sabuletorum Czern – Құм андыз – Девясил песчаный. Жапырақтары тар ланцет тәрізді, ұзындығы 5-9 см, ені 0,5-1,2 см немесе сызықты-ланцет тәрізді, барлығы ұзынынан сүйірленген, жиектері ұсақ егеу-тіс тәрізді; сабағы негізінен бастап немесе ортасынан бастап жапырақталған.
Inula hirta L. – Түктесін андыз – Девясил жестковолосистый. Себеттері ірі, диаметрі 2,5-7 см, жалғыз немесе бірнешеу; орауыштарының диаметрі 1,5-1,8 см; жапырақтары эллипс тәрізді немесе жұмыртқа тәрізді-сүйір; тығыз, мамық, сары, ұзын түктері бар өсімдік [2].
