- •Философия және саясаттану факультеті Педагогика және білім беру менеджмент кафедрасы
- •Жоспар:
- •Қазіргі жаратылыстанудың құрамдас бөліктері
- •2. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары
- •3.Жаратылысты – ғылыми және гуманитарлы мәдениет
- •4. Математика – дәл жаратылыстанудың әмбебап тілі
- •5. Әлемнің жаратылысы – ғылыми бейнесі
- •III. Қорытынды.
- •IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
4. Математика – дәл жаратылыстанудың әмбебап тілі
Итальяндық кӛрнекті физик жіне астроном, дәл жаратылыстануды жасаушылардың бірі Галилео Галилей (1564-1642) былай деген: « Кім де кім жаратылыстану ғылымдарының мәселелерінің математиканың кӛмегінсіз шешкісі келсе, ол ӛзінің алдында шешілмейтін міндет қояды. Ӛлшенетін затты ӛлшеу керек және ӛлшенбейтінді ӛлшеуге келтіру керек». Дәл жаратылыстануға қажетті математика қарапайым санау мен әр тҥрлі қарапайым ӛлшемдерден басталады (мысалы Евклидтың геометриясынан). Ӛз дамуына қарай дәл жаратылыстану бірте – бірте жоғары математиканың жетілген арсеналын қолданады. Математика қисындық тҥйін және Табиғатты танып – білу ӛқралы ретінде – ежелгі гректердің туындысы. Математикамен олар біздің заманымызға дейін алты ғасыр бҧрын шындап шҧғылдана бастаған. Б.з.дейінгі VІ ғасырдан бастап гректерде Табиғаттың ҧтымды қҧрылғаны жӛнінде қғым қалыптасты, ал барлық қҧбылыстар дәл «математикалық» жоспар бойынша ӛтеді деп есептеледі. Табиғат философиясының негізін салушылардың бірі Платон (б.з.д. 428-384) қзінің философиялық мектебінің маңдайшасына ҧран ретінде мына сӛздерді жазды: «геометрияны білмесең – кірме». Галилео Галилей ӛз шығармаларының бірінде оппоненттерінің бірінің келтірген тҥкке тҧрмайтын дәлелдерін салмақтай отырып, оларға нағыз философияны, тек қана математика тілін білетін адамға тҥсінікті, Табиғаттың ашық кітабы ретінде қарсы қояды. Неміс философы Иммануил Кант (1724-1804) ӛзінің «Жаратылыстанудың метафизикалық бастауларында» былай дейді: «Табиғат туралы кез – келген жеке ілімді шын ғылымды онда математиканың қаншалықты барлығына (қолданылуына) қарап табуға болады». Осы жерде Карл Маркстың (1818-1883) мына сӛздерін де келтіруге болады: « Математиканы қолдану сәтті болғанда ғана ғылым ӛз кемеліне жетеді». Салыстырмалылықтың жалпы теориясымен жҧмыс жасау кезінде, одан кейін де А.Энштейн (1879-1955) математиканы, тіпті, оның ең жаңа кҥрделі бӛлімдерін зерттеп қолдануда 40 ӛзінің білімдерін жетілдіріп отырды. Ҧлы адамдардың барлық айтқандарынан (мҧндай пікірлерді ӛте кӛп келтіруге болады) математиканы жаратылыстануға кіретін ғылымдарды тҧтастырып біріктіретін және оған біртҧтас ғылым ретінде қарауға мҥмкіндік беретін «іргетас» деуге болады.
5. Әлемнің жаратылысы – ғылыми бейнесі
Қазіргі заманғы постиндустриалды қоғам қоғам технологиялардың прогрестерімен, инновациялық (инновация – жаңалық) экономикамен, ӛндіріс аймақтарының бӛлінуімен әртҥрлілігімен, творчестволық еңбек кӛлемінің кӛбеюімен сипатталады. Еңбек қҧралдары, ӛндірістік машиналар, тҧрмыстық техника қҧралдары кҥнбе – кҥн ӛзгеруде. Ӛндірістің жаңаруының және пайда тҥсірудің негізгі факторында адамның ролі, оның интелектуальды және творчестволық мҥмкіншіліктері кҥшейіп келеді. Информациялық кеңістікті игерудің кҥшеюіне байланысты ӛркениеттің (цивилизация) жаңа даму сатысы келе жатыр. Осы жағдайлар қоғам ӛміріндегі жаратылыстану ғылымының маңызын арттырады, қоғамның әрбір мҥшесінен жоғары білімділікті талап етеді. Қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымының негізгі мақсаты – ҥлкен жаңалықтар мен зерттеулердің нәтижесінде Әлемнің жаратылысты – ғылыми бейнесін жасау. Әлемнің жаратылысты – ғылыми бейнесін (картинасын) тікелей жасайтын ғылымдар – астрономия, космология, космогония және физика. Астрономия – жҧлдыздар туралы, олардың қҧрылысы мен қозғалысы туралы ғылым. Космология – белгілі космолог А.Л.Зельмановтың анықтамасы бойынша (1913-1987), ӛзіне астрономиялық байқамалармен қамтылатын Әлемнің бҥкіл теорияларын жинақтайтын біртҧтастық Бҥкіләлемдік физикалық ғылым. Космогония ғылымы, космология сияқты бҥкіл Әлемге назарын аудармай, тек қана тікелей берілген әлемді, космосты қарастырады, ең алдымен оның шыққан негізін зерттейді. Ал физиканы алсақ, ол астрономиямен, космологиямен сипатталатын бҥкіл Әлем қҧрылысының, бҥкіл жаратылыстанудың керекті теориялық негізін (фундаментін) жасайды. Қазіргі заманғы космологияда тікелей бізге берілген әлемге біз жалпы ӛзіміздің жер шарымызды және барлық космостағы аспан шырақтарын, оның ішіне Кҥнді және оның айналасындағы барлық планеталарын, Қҧс жолының барлық жҧлдыздарын (оның біреуі біздің Кҥн), Метагалактиканың барлық галактикаларын (оның біреуі біздің галактикамыз – Қҧс жолы), сондай-ақ барлық планетааралық, жҧлдыздараралық және галактикааралық ортаны жатқызамыз.
