Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
концепция назконтай.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
38.69 Кб
Скачать

2. Қазіргі жаратылыстану дамуының тенденциялары

Ғылымдардың «кірігуі» (интеграциясы), жаратылыстануда жаңашектес пәндердің пайда болуы – осының бәрі ғылымның дамуының қазіргі кезеңінің белгілерін көрсетеді. Адамзат (ғылым тарихы тұрғысынан қарағанда) өзінің Табиғатты танып білу барысында барлығы үш сатыдан өтіп, төртіншісіне кіріп отыр. Бірінші сатысында (VІІ – V ғғ. б.э.д.) қоршаған дүниенің бүтін, біртұтас нәрсе екені екені туралы туралы жалпы тҥсініктер қалыптасты. Идеялар мен болжамдардан тұратын натурфилософия деген ілім пайда болды. Бҧл саты XV ғасырға дейін созылып, жаратылыстану ғылымдарының алғашқы негіздерін жасады. XV – XVІ ғасырлардан талдау (аналитикалық) сатысы басталды, басқаша айтқанда жаратылыстанудағы қол жеткен жетістіктерді бөлшектеу және ерекшеліктерді – бұлар ақырында бөлу – бұлар ақырында физиканың, химия мен биологияның, сонымен қатар басқада жеке жаратылыстық ғылымдардың пайда болуына (ғылымның дифференцияциялану процесі), оның ары қарай дамуына әкелді. Осы сатының екінші бір ерекшелігі – Табиғаттың жеке заттарын зерттеудің оның табиғи құбылыстарын зерттеуге қарағанда өте көп болуы. Бұл ерекшеліктер кейінірек адамзат үшінші синтетикалық сатыға көтерілген кезде де сақталып, ары қарай даму жолында болды. Ақырында, қазіргі кезде барлық жаратылыстанудың принциптері тұтастығын дәлелдеп, неге тек физика, химия, биология мен психология Табиғат туралы ғылымның негізгі және өзінше дербес бөлімдері болып отыр деген сұраққа жауап беру әрекеттері жасалуда. Сонымен қатар ғылымды дифференциялау, басқаша айтқанда, қайсібір ғылымның тар салаларын жасау орын алуда, дегенмен, жалпы тенденция ғылымның кірігуіне (интеграциясына) қарай бет алуда. Сондықтан да жҥзеге асырылуы басталып отырған ақырғы (төртінші) сатыны интегралды – дифференциалдық деп атайды. Қазіргі уақытта таза тҥрінде тек қана физкаға, химияға немесе биологияға жататын жаратылыстық – ғылыми зерттеулердің бір де бір саласы жоқ.бұл ғылымдардың барлығы да оларға ортақ Табиғат заңдарына жүгінеді. Табиғатты толық танып білудің негізгі жолы жаңа білімдерді синтездеу мен ғылымдардың бірігуінде(интеграциясында) жатыр. Бірақ бҥкіл әртекті Табиғатты (Ғалам, Тіршілік және Ақыл) біз зерттеудің біртұтас обьектісі түрінде қалай алып қарауымыз мүмкін? Ізделініп отырған осы бірлік неде жатыр? Мұны біз егер мынадай – барлық жаратылыстану не нәрсеге негізделген немесе негізделуі керек деген сұраққа жауап беруге талпынсақ жақсырақ түсінеміз. Барлық арнайы ғылымдарға ортақ бірдеңе барма?

3.Жаратылысты – ғылыми және гуманитарлы мәдениет

Қазіргі заманғы ғылымда жаратылысты – ғылымнан басқа адамдар қарым – қатынасына, қоғамдық танымға, тҥйсікке қатысты ғылымның екінші бір ҥлкен бӛлігі – қоғамтану ғылымы бар. Жаратылыстану ғылымының жетістіктері жаратылысты – ғылымы мәдениетке, ал қоғамтану ғылымының жетістіктері – гуманитарлы мәдениетке әкеледі. Бҧл екеуі де жалпы адамзат мәдениетінің қайнар кӛзі болып табылады. Сонымен, мәдениет ҧғымына анықтама берейік. Мәдениет дегеніміз – адамның қолымен жасалған материалдық және рухани байлықтардың жиынтығы және де адамның осы байлықтарды жасау мен қолдана білу мҥмкіншіліктері. Басқаша айтсақ, мәдениет – адамдардың іс – әрекетінің, тіршілігінің және қарым – қатынасының мағынасын, қоғамның даму деңгейін кӛрсететін қоғамдық маңызды информациялардың жиынтығы. Бҧған мысал ретінде қоғамдағы әдет – ғҧрып пен салтты, халықтың киім киісі мен тҧрмыс архитектурасын, армияның қҧрылысы мен жабықталуын, мемлекеттің қоғамдық – саяси қҧрылысын, тілдің дамуын, қоғамның білім жҥйесінің, ғылымының, техникасы мен технологиясының даму деңгейін және т.б. келтіреміз. Жаратылысты – ғылыми мәдениеттің қамтитын аймағы – жаратылыстану ғылымдарына, техникалық жетістіктерге, ӛнеркәсіптік технологияларға негізболатын заттардың таза табиғи қасиеттері, олардың арасындағы байланыстар мен заңдылықтар. Ал гуманитарлы мәдениет – адамдардың бір- бірімен байланысын, қарым – қатынасын, реттеуге бағытталған қоғамдық сана – сезіммен, рухан байлықпен байланысты мәселелерді қарастырады. Бҧл сҧрақтарды «адамтану» ғылымдары (философия, социология, этка, история, т.б.) және религия, мораль, қҧқық және т.б. ғылымдар зерттейді. Жаратылысты – ғылыми мен гуманитарлы мәдениеттерді бӛліп қарауға болмайды. Олар бір – бірімен тығыз байланысты және бір – біріне біздің оң мен сол қолдарымыз сияқты, есту мен кӛруіміз сияқты ӛте қажет. Бҧл мәдениеттердің біртҧтастығына мына мысалдарды келтіруге болады. Біріншіден, жаратылысты – ғылыми мен гуманитарлы мәдениеттер – екеуі де адамның іс – әрекеті мен сана – сезімінің нәтижелері. Екіншіден, жаратылысты – ғылыми мен гуманитарлы мәдениет тҥрлері мен ғылымдары арасында ортақ «шекаралық» мәселелер кӛп. Осы мәселелерді шешу олардың бірігуін, жақындауын қажет етеді. Бҧл, мысалы, экология, антропосоциогенез, гендік инженерия және т.б. мәселелер. Ҥшіншіден, мәдениеттің осы тҥрлері адамның ӛмірлік кӛзқарасын ӛлыптастырады; ал кӛзқарастың біртҧтастық сипаттамасы болатынын білесіз – оң кӛзбен бір нәрсені, сол кӛзбен басқа нәрсені кӛруге болмайды. Кӛп жағдайда жаратылыстану жетістіктері гуманитарлық кӛмекті қажет етеді. Мысалы, жаратылыстану ғылымдарының тез дамуы мен олардың жетістіктерінің нәтижесінде жасалынатын технологиялар адамдардың ӛмір сҥруіне қатер тӛндіретін объектілердің (жетістіктердің) пайда болуына әкелуде (ядролық қару, гендік инженерлік монстрлар, адамды клондау, т.б.). Сондықтан осы жетістіктерге, осындай ғылыми экспансияларға гуманитарлық сҧрыптама, заңдық және басқа да тежеуіштер қажет. Кей жағдайларда теориялар мен гипотезаларды дәлелдеуде эмпирикалық нәтижелер жеткіліксіз болады. Осы жағдайда гуманитарлық әдістер кӛмекке келеді, мысалы, теорияның біртҧтастығы, ішкі байланыстылығы, әдемілігі, сәйкестігі және т.б. Гуманитарлық мәдениеттің барлық салаларында да жаратылыстану ғылымдарының жетістіктері кең тҥрде қолданылады (мӛлшерлік зерттеу әдістері, байланыс қҧралдары, компьютерлік технология және т.б.). Әрқашанда тек қана жаратылыстану техникалық ғылымдармен бірге адамзаттың даму барысындағы барлық кезеңді мәселелерді шешіп отырды. Мәдениет, дәлірек айтсақ мәдени мұра, бҧл негізінен бір тарихи дәуірден екінші дәуірге қоғамдық жинақталған тәжірибені беру тҥрі болып табылады. Қазіргі заман талабына сай мәдениетті адамның қалыптасуы осы мәдени мҧраны игеру арқылы жҥреді. Тҧрмыстық комфортты жасайтын техника мен технология жетістіктерін игеру негізінен ӛркениетті тҧлғаның қалыптасуына әкеледі. Дамудың жоғары сатысына кӛтерілу ҥшін, ең аз дегенде, әрбір адам жоғары білім мен толық тҥрдегі тәрбие алу керек және де ӛзінің ой – ӛрісін ғылым мен мәдениеттің барлық салаларынан толықтырып отыруы керек. Творчестволық белсенді тҧлға әрқашанда ӛзінің қоғамына мәдени мҧраға кіретін жаңа байлықтар әкеледі.

Сонымен, қоғамдағы мәдениеттің жаратылысты – ғылыми мен гуманитарлық аймақтары бір – бірімен қиылысып, бірін – бірі толықтырып және бір – біріне әсер етіп тҧрады.