Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Агрономия 2016-17 — 2 (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.76 Mб
Скачать

2. Қазақстандық Қызылорда өңірінің табиғи-климаттық жағдайы

Қызылорда облысы (226,0 мың км 2) Арал теңізінің оңтүстік-шығысында Сырдария өзенінің төменгі ағысында орналасқан. Облыс климаты шұғыл континенталды болып сипатталады. Жазы құрғақ, ыстық, ауа температурасы +30-44°С-қа дейін жетеді, шілденің орташа температурасы +27,0°С-ты құрайды. Қыста аздаған қар жауады, температурасы –36°С-қа дейін төмендейді.

Қызылорда облысы топырақ-климаттық және табиғи-экономикалық жағдайларға байланысты үш шағын аймаққа бөлінеді. Бірінші аймаққа (оңтүстік) екі әкімшілік ауданы кіреді (Жаңақорған және Шиелі), жердің жалпы ауданы 4783,1 мың га немесе 21,2%, оның ішінде суармалы жерлер 97,8 мың га немесе облыстың барлық суармалы жерлерінің 35,2%.

Екінші аймаққа (орталық) үш әкімшілік аудан және бір қала аумағымен кіреді (Сырдария, Жалағаш, Қармақшы және Қызылорда қаласы) жердің жалпы ауданы 8537,8 мың га немесе 37,8%, оның ішінде суармалы жерлер 143,1 мың га немесе 51,5%. Үшінші аймаққа (солтүстік) екі әкімшілік аудан (Қазалы және Арал) кіреді, жердің жалпы ауданы 9281 мың га немесе 41%, оның ішінде суармалы жерлер 36,8 мың га немесе 13,3%.

Аймақ территориясында күннің, радиацияның және жылудың бай

ресурстары бар, жылдық радиация келуі 115-125 Ккал, белсенді вегетация кезеңінің ұзақтығы 200-240 тәулік, температура жиынтығы 3650-4600°С.

Облыс табиғатының айрықша белгісінің бірі – құрғақшылық. Жауын-шашын аз түседі және ол жыл маусымдары бойынша біркелкі бөлінбейді

жауын-шашынның 57%-ы қысқы-көктемгі мерзімде түседі.

Кесте 2 - 2000-2012 ж.ж. суық және жылы мезгілдері бойынша орташа айлық жауын-шашын мөлшерінің таралуы, мм (Қызылорда қ. метеостансасы)

Атмосфералық жауын-шашын ауылшаруашылық жерлерін ылғалдайтын негізгі көз болып табылады. Олар қардағы судың қоры, және топырақтағы қажетті ылғал сияқты агроклиматтық маңызды көрсеткіштердің шамаларын анықтайды.

Жаз мезгілінде аз мөлшерде жауған жауын маңызды роль атқармайды, ол топырақты да ылғалдап үлгермейді және шөл, шөлейт өсімдіктерінің дамуына әсер ете қоймайды. Қар жамылғысы қалың емес, сондықтан да тұрақты емес, желтоқсан айының екінші-үшінші он күндігінде пайда болады. Қар 2,5 ай бойы 41тұрақты жатады. Оның орташа қалыңдығы 10-20 см. Қардағы судың орташа қоры 30-60 мм деп есептейді [15].

2.1 Шаруашылықтың топырағы және олардың агрохимиялық көрсеткіштері

Танаптық зерттеулер күріш ауыспалы егісі жағдайында жүргізілді. Тәжірибе учаскесінің топырақтары механикалық құрамы бойынша А.А.Качинскийдің әдістемесіне сәйкес шалғынды-батпақты, ауырсазды, жұқа кеуекті және сәл түйіршікті. Топырақ гранулометриялық құрамы бойынша лайлы ауыр саздақ және саздарға жатады, себебі онда қабаттар бойынша майда шаңға қарағанда ірі шаң (диаметрі 0,05-0,01 мм) фракциялары басым (3 кесте)

Кесте 3 - Тәжірибе учаскесіндегі шалғынды-батпақты топырақтың

гранулометрикалық құрамы, (2014-2016 ж.ж.)

Кейде топырақтың лайлы бөлшектерінің (0,001 мм-ден кіші) шамалы көбеюі байқалады. Бұл құбылыс суару әсерінен лайлы бөлшектердің шінара жуылумен түсіндіріледі. Өсімдіктің өсуі мен дамуына топырақтың су-физикалық қасиеттері үлкен әсер етеді, себебі олар өсімдіктің су және ауа режимдерін анықтайды. Тәжірибе учаскесі топырағының жырту қабатындағы тығыздық 1,28 г/см3 құрайды (4 кесте), бірақ үлгі алу тереңдігі өскен сайын тығыздық та 1,41 г/см3 дейін өседі. Жалпы кеуектіліктің жоғары мәні, қарашірігі бар жоғарғы қабаттарда тіркелді (56,1%). Ең кіші ылғал сыйымдылық 0-43 см қабатта орта есеппен 24,1% құрайды, ал 0-72 см қабатта құрғақ топырақ массасының 22,9% көрсетті.

Кесте 4 - Тәжірибе учаскесіндегі шалғынды-батпақты топырақтың су-физикалық қасиеттері, (2014-2016 ж.ж.)

Өсімдіктің өсуі мен дамуы едәуір деңгейде топырақтың агрохимиялық көрсеткіштеріне байланысты. Ерекше маңызға ие қарашірік мөлшері, жылжымалы азот және фосфор мөлшері, сол секілді алмаспалы калий, бұлар барлығы қосылып, топырақта әлеуеттік құнарлығын құрайды.

Тәжірибе учаскесі топырағының агрохимиялық қасиеттерін зерттеу қарашіріктің төменгі мөлшерін (0,87-0,73%) және оның топырақ қабаты бойынша төменге қарай азаятынын көрсетті (5 кесте), топырақтың жырту қабатының реакциясы сілтілі (рН-7,9). Топырақтағы агрохимиялық заттардың 44 жалпы мөлшерінің аз болуына байланысты өсімдік қоректенуіне қажетті қоректік элементтердің жылжымалы және алмаспалы формаларының мөлшері де төмен болды.

Кесте 5 - Тәжірибе учаскесіндегі шалғынды-батпақты топырағының

агрохимиялық құрамы, (2014-2016 ж.ж.)

Бұл учаскенің топырағының жырту қабатында азоттың жеңіл ыдырайтын формаларының мөлшері 15,3 мг/кг-нан аспайды, жылжымалы фосфор 14,1 мг/кг және алмаспалы калий 146,5 мг/кг болды. Су сығындысының талдауы көрсеткендей, топырақ өңдеу қабатындағы тығыз қалдық 1,102-0,960% құрап, өте жоғары тұздылықты көрсетті, төменгі қабаттарда жоғары тұздылық 0,781-0,902 %-да болды, тұздану типі – хлоридті-сульфатты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]