- •Белгілеулер мен қысқартулар
- •Әдебиетке шолу
- •Күріш дақылдарының тарихи шығу тегі және жіктелуі
- •Күріштің шаруашылықтағы маңызы
- •1.3 Күріш дақылдарының ботаника-биологиялық сипаттамасы және өсіру ерекшеліктері
- •1.4 Күріш дақылдарының негізгі қасиеттері мен сорттары
- •1.5 Күріш дақылдарын өсіру технологиялары
- •1.6 Күріш дақылдары аурулары мен зиянкестеріне сипаттама және оларға қарсы күрес шаралары
- •2. Қазақстандық Қызылорда өңірінің табиғи-климаттық жағдайы
- •2.1 Шаруашылықтың топырағы және олардың агрохимиялық көрсеткіштері
- •2.3 Жауын –шашын мөлшері
- •3 Зерттеу бөлімі
- •3.1 Зерттеу нысаны мен әдістемесі
- •3.2 Зерттеу тәсілдері
- •Тәжірибелік учаскенің орналасуы және климаттық жағдайы
- •4.1 Күріш ауыспалы егісіндегі әртараптандыру дақылдары бидай мен мақсарыны жалға егу технологиясының ерекшеліктері
- •4.2 Күрішті жалға (жүйектеп) өсіру технологиясын арқылы өнім сапасын арттыру
- •4.3 Күріш егістігі топырағын қолданыстағы дәстүрлі және минималды өңдеу технологияларын бағалау
- •5 Экономикалық бөлім
- •5.1 Күріш дақылдарын өсіру технологиясының экономикалық тиімділігі
- •6.1 Ауыспалы егіс танаптарындағы техника қапуіпсіздігін сақтау
- •6.2 Өртке қарсы іс-шаралар
- •7. Қоршаған ортаны қорғау
Күріштің шаруашылықтағы маңызы
Қазіргі деңгейде (2006 жылғы жер балансы бойынша) 215,92 мың.га суармалы жерлер бар. Инженерлік жүйелер 147,4 мың.га, ал инженерлік емес шамамен 68,52 мың.га. Бірақ, мұнан 40-50 жыл бұрын пайдалануға берілген инженерлік жүйелер суландыру жүйелерінің қазіргі техникалық деңгейіне сәйкес келмейді және ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру үшін оптимальды жағдайда қамтамасыз ете алмайды.Мұнан басқа суландыру каналдарын салу мерзімдерінің ұзаққа созылуы, жүйе құрылысының салынып біту кезеңінде техникалық (моральдық) ескеруіне әкеліп соқтырды.
Облыстағы күріш егістігінің ауданының өзгерту динамикасы жер пайдаланудағы күрделі мәселелерге куә облыстағы суғармады жерлердің ауданы 215920 га, оның 206095 га – бұл инженерлік-дайындалған жерлер, мұнда 382 ауыспалы егістіктер орналасқан, оның ішінде 285 күріштік ауыспалы егістік [8].
Қазіргі уақытта облыста бар 61,245 мың.га суармалы жер қанағаттанғысыз жағдайда, ал 100 мың.га-дан жоғарысы қазіргі суармалы желілерді түбегейлі жақсартуды талап етеді. Қызылорда облысында соңғы жылда суармалы жерлер 62698 га-ға немесе 23%-ға қысқартылды. Қазіргі уақыттағы пайдаланудағы суармалы жерлердің ауданы 153,776 мың.га, ал тың жерлер – 105,193 мың.га (кесте 1).
Кесте 1 - Қызылорда облысы бойынша суармалы жерлер ауданының бөліну жағдайы
Әкімшілік аудан |
Суландыру ауданы, мың.га |
Су тұтыну, млн. м3 |
|
жер қорлары бойынша |
нақты суғарылғаны |
||
Жаңақорған |
31,142 |
25,490 |
422,550 |
Шиелі |
33,717 |
22,866 |
482,188 |
Сырдария |
44,244 |
29,832 |
766,733 |
Жалағаш |
39,287 |
31,043 |
818,683 |
Қармақшы |
24,923 |
20,971 |
402,482 |
Қазалы |
26,576 |
16,545 |
371,310 |
Арал |
3,070 |
0,763 |
17,240 |
Қызылорда |
12,378 |
6,266 |
160,907 |
Облыс бойынша барлығы |
215,920 |
153,776 |
3442,100 |
Мелиоративтік жағдайлардың нашарлауы, пайдаланылмайтын жерлердің көбеюінің және ауылшаруашылығы дақылдарының өнімділігінің төмен-деуінің негізгі себептері:
- ауыспалы егістіктердің бұзылуы;
- топырақты өңдеу технологияларының бұзылуы;
- минералды және органикалық тыңайтқыштарды, улы химикаттарды қолданудың жеткіліксіз көлемі;
- суландыру режимінің бұзылуы;
- суармалы және коллекторлы-кәріздік желілерді пайдаланудың төменгі техникалық деңгейі;
- тік кәріз ұңғымаларының жұмыссыз тұруы;
- тұзданған жерлерді шаю жөніндегі шаралардың орындалмауы.
Суландыру желілерін қайта салуды, желілердегі жоспарлы және ағымды жөндеулерді өз уақытында өткізу ПӘК едеуір арттыруға және суармалау суларының жоғалуын азайтуға мүмкіндік береді, бұл су алудың 30-40% үнемдеуге мүмкіндік жасайды.
Қазіргі уақытта күріш жүйелерінің күріштік танаптарында суға бастырудың орташа қабаты ұсынылған 12-16 см орнына 22-25 см ұстап тұрылуда. Күріштік танаптардағы сулардың қабатын арттыру суландыру жерлерінің мелиоративтік жағдайының нашарлауының, төменгі өнімділіктің, суландыру нормасының және вегетация кезеңінің ұзақтығының артуының бірден-бір себебі. Танаптардағы су қабатының артуының негізгі себебі – жер бетінің сапасыз тегістелуі.
Күріш егу тәжірибесінде жерді тегістеудегі орындалған жұмыстың дәлдігі +2,5-3,0 см болуы керек. Ауытқуы +3 см-ге дейінгі тегістелген учаскелердің беті жалпы ауданның 95%-нан аз болуы тиіс. Ауытқуы +5 см тегістеулер танап ауданының 5%-нан аспауы керек.
Айта кету керек, тәжірибеде көптеген күріш егетін шаруашылықтардағы танап беттерінің белгілерінің нақты тербелуі (өзгеруі) белгіленген құрылыс нормаларынан және рұқсат ету ережелерінен көп асып кетеді және +10-15 см-ге дейін жетеді. Мұндай жағдайда суға бастырудың қажетті орташа тереңдігі тіпті сақталмайды. Сондықтан танап жазықтығының қанағат-танғысыз жағдайы қазіргі уақытта топырақ өнімділігінің артуын, күріш өнімділігінің онан әрі өсуін шектейтін және суландыру суларын көп жұмсайтын басты фактор болып тұр. Қанағаттанғысыз тегістелудегі жалпы артық жұмсалуы 2-ден 8 мың м3/га-ға дейін.
Қазіргі уақытта облыста 170978 га жерде 340 ауыспалы егістік орналасқан, оның ішінде 155862 га ауданда 277 күріштік ауыспалы егістік, 14229 га ауданда – 54 мал азықтық және 887 га ауданда – 9 көкөністік.
Қазіргі уақытта күріштік ауыспалы егістіктердің саны 2001 жылмен салыстырғанда 8-ге, мал азықтық -19-ға, ал көкөністік-15-ке қысқарды. Жалпы осы кезеңде ауыспалы егістіктер саны 382-ден 340-қа дейін қысқарды немесе 11%-ға. Соңғы жылдары күріш ауыспалы егістігінің дақылдарының жыртылған жерлерінің тұздануы, батпақтануы байқалуда.
Облыста қабылданған күріш шаруашылығы жүйесіндегі егіншіліктің негізгі элементі күріш пен құрғақ дақылдарды кезектестіріп өсіретін күріш ауыспалы егістіктері. Күріш өсіргенде тамыр жайған қабаттың сыртына тұздар шайылады, бірақ топырақ бетіне жерасты суларының көтерілу үдерісінде болады. Құрғақ дақылдарды өсіргенде грунт суларының деңгейі төмендейді, бірақ капиллярлық көтерілу арқасында тұздар топырақтың жоғарғы қабаттарында жинақталады. Күріш, егіншіліктің бұл жүйесінде құрғақ дақылдар егілген топырақтың маусымдық шайылуын алмастыра отыра, шаюшы дақыл ролінде болады.
Қазіргі ауыспалы егістік жүйесі жерасты суларының деңгейін төмендету үшін тік кәріздің ұңғымаларын пайдалануға есептелген, олар негізінен жоғарғы шығын мен электроэнергиясының құнының қымбаттылығына бай-ланысты жұмыс жасамайды. Суландыру және коллекторлы-кәрізді желілерді тиімді пайдалану үшін оларға кешенді салулар жүргізу қажет. Ол үшін көптеген миллиондық инвестициялар талап етіледі, мұны салалық бағдарлама негізінде ғана жасауға болады. Егіншіліктің бұл жүйесі үшін топырақты өңдеу жүйесі жасалған. Құрамында: пайдаланушылық тегістеу,минималды өңдеу, топырақты сүдігерлеп өңдеу, сүдігерді тереңдетіп қопсыту, сүдігерді қайта жырту, қайта жыртқаннан кейін екі қайтара дискілеу және минералдық тыңайтқыштар беру, майдалау, топырақтың қоқыстану және тұздануына байланысты және күріштің ізашарына байланысты осы технологияның әртүрлі нұсқаларымен катокпен өңдеу. Топырақты өңдеудің ұсынылған жүйесі оны қолданғанда жақсы нәтижелер алуға мүмкіндік береді, бірақ жанар-жағар майдың көп шығынын талап етеді. Сондықтан қазіргі уақытта ол барлық жерде сақталмайды, әсіресе жүйенің маңызды құрамы-топырақты сүдігерле өңдеу.
Қызылорда облысының топырағы шөлейтті зоналық топырақтар тобына жататындықтан, бұл аймақта күріш шаруашылығын дамыту маңызды қарастырылатын мәселе болып тұр. Күріш ылғал сүйгіш дақыл болғандықтан, бұл аймақтың топырақтың тұзданып кетуіне байланысты, жергілікті ғалымдар осы дәнді дақылдың тиімділігін арттыруда көптеген, ғылыми зерттеу жұмыстарын атқаруда. Сол ғылыми зерттеу жұмытарының бірі ауыспалы егістік танаптарында минималды топырақ өңдеу мен жалға себу технологиясын күріш жүйесінде қолдану ерекшеліктері қолға алынуда [9].
