- •Белгілеулер мен қысқартулар
- •Әдебиетке шолу
- •Күріш дақылдарының тарихи шығу тегі және жіктелуі
- •Күріштің шаруашылықтағы маңызы
- •1.3 Күріш дақылдарының ботаника-биологиялық сипаттамасы және өсіру ерекшеліктері
- •1.4 Күріш дақылдарының негізгі қасиеттері мен сорттары
- •1.5 Күріш дақылдарын өсіру технологиялары
- •1.6 Күріш дақылдары аурулары мен зиянкестеріне сипаттама және оларға қарсы күрес шаралары
- •2. Қазақстандық Қызылорда өңірінің табиғи-климаттық жағдайы
- •2.1 Шаруашылықтың топырағы және олардың агрохимиялық көрсеткіштері
- •2.3 Жауын –шашын мөлшері
- •3 Зерттеу бөлімі
- •3.1 Зерттеу нысаны мен әдістемесі
- •3.2 Зерттеу тәсілдері
- •Тәжірибелік учаскенің орналасуы және климаттық жағдайы
- •4.1 Күріш ауыспалы егісіндегі әртараптандыру дақылдары бидай мен мақсарыны жалға егу технологиясының ерекшеліктері
- •4.2 Күрішті жалға (жүйектеп) өсіру технологиясын арқылы өнім сапасын арттыру
- •4.3 Күріш егістігі топырағын қолданыстағы дәстүрлі және минималды өңдеу технологияларын бағалау
- •5 Экономикалық бөлім
- •5.1 Күріш дақылдарын өсіру технологиясының экономикалық тиімділігі
- •6.1 Ауыспалы егіс танаптарындағы техника қапуіпсіздігін сақтау
- •6.2 Өртке қарсы іс-шаралар
- •7. Қоршаған ортаны қорғау
4.2 Күрішті жалға (жүйектеп) өсіру технологиясын арқылы өнім сапасын арттыру
Қазақстан Республикасында күріш тұқымын негізінде тар қатарлы (7,5 см) етіп, 1,5-2,0 см тереңдікке немесе СРН-3,6; СЗ-3,6 сепкіштерімен шашып себеді. Әдетте тұқымды сіңіру үшін сепкіш соңына жеңіл тырмалар, темір жапқыштар тіркеледі.
Дегенмен, соңғы жылдары көптеген күріш өсіретін елдерде күрішті жалға егу тәсілі кеңінен қолданыла бастады. Оның ерекшеліктері: күріш тұқымы 2-4 қатарға ені 60-120 см-ге дейін жалға, қатар аралығы 25-30 см етіп, гектарына 3,0-4,5 млн (100-150 кг) өнгіш дән себіледі. Қалыптасқан күріш өсіру технологиясында қолданылатын алғашқы суға бастыру кезінде 12-20 см деңгейінде ұстап тұру режимі күріштің көк өскіні пайда болғанша қарық арқылы суару тәсілімен алмастырылады, одан әрі күріш қалыптасқан су режимімен суарылады.
Күрішті жалға егу технологиясын қолданғанда су шығыны, тұқым себу мөлшері, топырақ өңдеуге, жанар-жағар майға жұмсалатын шығындар азаяды.
Күрішті жалға егу технологиясын көпжылдық шөптердің аударма қыртысына, мелиоративтік және күріштен кейінгі танаптарда орналастырған тиімді.
Аталмыш технологияны жүзеге асыру үшін қолданылып жүрген тұқым сепкіштерге культиватор табандарын салу арқылы, немесе арнайы Индияда дайындалған сепкіштерді, немесе Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған тұқым сепкіштерді пайдалануға болады. Соңғы екі тұқым сепкіште минералды тыңайтқыштарды бірден топыраққа енгізіп беру қарастырылған.
Күрішті жалға егу тәсілі қалыптасқан топырақ өңдеу әдісінің негізінде жасалып, төмендегі технологиялық шараларды қамтиды:
Сүдігер жырту, 25-27 см-ге ПН-4-35; ПН-5-35 соқаларымен ДТ-75; Т-150; Т-170; К-701 тракторлары арқылы атқарылады.
Көктемгі дискілеу-тырмалау, дискілі БДТ-3, БДТ-7 тырмаларымен; ДТ-75; Т-150, Т-170; К-701 тракторлары арқылы атқарылады.
Атыз беттерін эксплуатациялық тегістеу Д-569 немесе Д-541А скреперлерімен, Д-719, ПА-3 тегістегіштерімен; Д-206 МА грейдерімен Т-150; Т-170; К-701 тракторлары арқылы атқарылады.
Минералды тыңайтқыштар енгізу: МТЗ-82, ЮМЗ-6 тракторларына жегілген РУМ-3,0 немесе РМГ-3,0 тыңайтқыш шашқыштарымен: фосфор тыңайтқышын толық (100%) азот тыңайтқышының 50-70%-н (жетілдірілген сепкіштерді қолданғанда тыңайтқышты бірден топыраққа сіңіреді); шиін, қоғаға қарсы қолданылатын жүйелі гербицидтерді тұқым себерден 2-3 күн бұрын береді.
ДТ-75, Т-150, Т-170, К-701 тракторларына жегілген (роторлы) фрезамен немесе ауыр дискімен БДТ-7,0, гербицид пен тыңайтқыш берген жерлерді фрезерлеу, қопсыту жұмыстары жүргізіледі.
МТЗ-82, ЮМЗ-6 тракторларына жегілген БЗТУ-1 немесе ЗИГ-ЗАГ тырмаларымен тырмалау.
МТЗ-82, ЮМЗ-6 тракторларына жегілген ЗКК-6 таптағыштарымен топырақ бетін таптау.
2-4 қатармен, қатар аралығы 25-30 см етіп гектарына 3,0-4,5 млн.дана өнгіш дән (100-150 кг) мөлшерінде, ені 60-120 см-лік жалға тұқым себу. Тұқымды 1,5-2,0 см тереңдікке себеді.
Көктемде жыртылған жерге күрішті жалға егу тәсілінің технологиялық үлгісі:
ДТ-75, Т-150, Т-170, К-701 тракторларына тіркелген ПН-4-35, ПН-5-35, ПН-8-35 соқаларымен көктемде жерді 22-24 см тереңдікке жыртады.
Атыз беттерін эксплуатациялық тегістеу Д-569 немесе Д-541А скреперлерімен, Д-719, ПА-3 тегістегіштерімен; Д-206 МА грейдерімен Т-150; Т-170; К-701 тракторларымен атқарылады.
Минералды тыңайтқыштар енгізу: МТЗ-82, ЮМЗ-6 тракторларына жегілген РУМ-3,0 немесе РМГ-3,0 тыңайтқыш шашқыштарымен фосфор тыңайтқышын толық (100%) азот тыңайтқышының 50-70%-н (жетілдірілген сепкіштерді қолданғанда тыңайтқышты брден топыраққа сіңіреді); шиін, қоғаға қарсы қолданылатын жүйелі гербицидтерді тұқым себерден 2-3 күн бұрын.
ДТ-75, Т-150, Т-170, К-701 тракторларына жегілген (роторлы) фрезамен немесе ауыр дискімен БДТ-7,0, гербицид пен тыңайтқыш берген жерлерде фрезерлеу, қопсыту.
МТЗ-82, ЮМЗ-6 тракторларына жегілген БЗТУ-1 немесе ЗИГ-ЗАГ тырмаларымен тырмалау.
МТЗ-82, ЮМЗ-6 тракторларына жегілген ЗКК-6 таптағыштарымен топырақ бетін таптау.
2-4 қатармен қатар аралығы 25-30 см етп гектарына 3,0-4,5 млн.дана өнгіш дән (100-150 кг) мөлшерінде ені 60-120 см-лік жалға тұқым себу. Тұқымды 1,5-2,0 см тереңдікке себеді.
Тұқым себу мерзімі бойынша күрішті жалға егу тәсілімен қолданылып жүрген тәсілдің арасында айырмасы жоқ. Себу: Қызылорда облысының оңтүстік аймағында 20 сәуірден 10 мамырға дейін, орталық аймақта 1-20 мамырға дейін, солтүстік аймақта 10-30 мамырға дейін, соңынан тездетіп суға бастырылады.
Күрішті жалға егу тәсілін өндіріске енгізу үшін тұқым себер алдында жүргізілетін топырақ өңдеу жұмыстары өте сапалы атқарылуы тиіс, топырақтың қойтастары болмауы тиіс, атыз беті біркелкі тегіс болуы керек.
Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ-ның мамандары күрішті жалға егетін арнайы сепкішке көрсеткіштер әзірлеген болатын. Атап айтқанда, Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ-ның конструкторларына төмендегі көрсеткіштер ұсынылды: жалдың ені 60-70 см; биіктігі 18-20 см; қатараралығы – 15-30 см; қарықтың ені – 30-40 см; тұқым себетін тереңдік – 1,5-2,0 см, тұқымды себу мөлшері – 100-150 га/кг (3,0-4,5 млн дана өнгіш дән).
Осы ұсыныстар негізінде арнайы тұқым сепкіш дайындалды. Ол тұқыммен бір мезгілде тыңайтқышты сіңіре болады.
|
|
6 сурет – Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ-ның сепкіші |
7 сурет – Жалдап себуге арналған индиялық сепкіш |
|
|
|
8 сурет – Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ-ның сепкішімен күріш тұқымын жалға себу |
|
|
Аталмыш сепкіш өндірісте төмендегі үлгімен сынақтан өтті:
гектарына 3,0 млн. дана өнгіш дән (100 кг) мөлшерімен тұқым жалға егілді: жалдың ені – 70 см, биіктігі – 16-18 см, қатар аралығы – 25 см, тұқым себу тереңдігі – 1,5-2,0 см;
гектарына 4,5 млн. дана өнгіш дән (150 кг) мөлшерімен тұқым жалға егілді: жалдың ені – 70 см, биіктігі – 16-18 см, қатарарылығы 25 см, тұқым себу тереңдігі 1,5-2,0 см;
қолданылып жүрген СЗН-3,6 сепкішімен гектарына 7,5 млн. дана өнгіш дән (250 кг) мөлшерімен қатарлап егілді: қатараралығы – 15 см, тұқым себу тереңдігі 1,5-2,0 см (бақылау).
Тұқымды себер алдында бақылау нұсқасына төмендегі мөлшерде минералды тыңайтқыштар берілді: азот – 60 кг әсер етуші заты бар, фосфор – 90 кг әсер етуші заты бар. Өсу дәуірі кезінде азот тыңайтқышымен гектарына 60 кг әсер етуші заты бар мөлшерінде үстеп қоректендірілді.
Күрішті жалға егу әдісін қолданғанда тұқыммен бірге гектарына 70 кг фосфор, 45 кг әсер етуші заты бар азот тыңайтқыштары топыраққа сіңірілді, ал күріштің түптеу дәуірінде гектарына 45 кг әсер етуші заты бар азот тыңайтқышы берілді.
Тұқымды сепкен соң атызды жағалай тереңдігін 40 см етіп уақытша арық жасалып, суға толтырылды. Осы арықтар суға толған соң су қарықтарға жіберілді. Жұмсалған су мөлшерін анықтау үшін арнайы су өлшегіштер орналастырылды. Күріш көгі толық шыққан соң егіс Гулливер гербицидімен гектарына 25 г мөлшерінде өңделді.
Арамшөптерге қарсы гербицидтер қолданылмағандықтан жалға күріш егу тәсілінің талабы бойынша атыздарды үзіп суару әдісі қолданылды:
күріштің көгін алғанша су жалдың шыңынан 3-5 см жоғары болады;
күріштің өсу барысында су деңгейі 10-12 см-ге көтеріледі;
күріштің түптеу дәуірінде су деңгейі барынша (3-5 см) төмендетіледі;
күріштің өсу дәуірінің түптеу кезеңінен кейін су деңгейін 10-12 немесе 12-15 см-ге дейін көтеріп, ұстап тұрады, ал гүлдеу дәуірінде су деңгейін 15-20 см-ге дейін көтеру керек;
күріштің толық пісу дәуірінің басында су беруді тоқтатады.
Тұқымды себу алдында арамшөптерге қарсы гербицид қолданғанда, күрішті үзіп суару әдісін пайдаланған тиімді: қарықтарға су жіберіліп, күріш көгін ылғалмен қаныққан топырақта алады, түптеу дәуірінде су деңгейі 5 см, түптеу дәуірінен кейін 10-12 см деңгейде ұстайды, сосын гүлдеу дәуірінде 15-20 см-ге көтереді, гүлдегеннен кейін 15 күн өткен соң дәннің қамырлану кезеңінде атыздарға су беру тоқтатылады.
|
|
9 сурет – Атызды айналдыра арық салу |
10 сурет – Уақытша салынған арықтарды суға бастыру |
Зерттеу нәтижесінде тұқымның өніп шығу көрсеткіші күрішті жалға гектарына 4 млн. дана өнгіш дәнмен сепкен нұсқада жоғары (25,2%) болды, осы нұсқада шыққан өсімдіктің 95,2%-ы ору дәуіріне дейін сақталды. Тұқымның өніп шығу қабілеті бойынша гектарына 3 млн. дән мөлшерінде жалға егілген нұсқа ерекшеленді (26,1%). Тұқымның ең төменгі өніп шығу көрсеткіші (22,7%) бақылау нұсқасында болды (6-кесте).
6 кесте – Күрішті әртүрлі тәсілмен егудің тұқымның өнгіштігіне, өсімдік жиілігіне және өнімділігіне әсері.
Тәжірибе нұсқалары |
Өсімдік саны, м2/дана |
Тұқым-ның өнгіш-тігі, % |
Өсім-діктің сақ-талуы, % |
Өсім-діктің түп-теуі, өсім-дік/дана |
Масақ байлаған сабақ саны, м2/дана |
Өнім-ділігі, га/ц |
|
көктеп шығу кезінде |
егісті жинау алдында |
||||||
Күрішті жалға егу, тұқым себу мөлшері гектарына 3,0 млн. дана (100 кг) |
78,3 |
73,5 |
26,1 |
93,9 |
3,1 |
227,8 |
31,7 |
Күрішті жалға егу, тұқым себу мөлшері гектарына 4,5 млн. дана (150 кг) |
113,4 |
108,0 |
25,2 |
95,2 |
2,9 |
318,2 |
49,1 |
Күрішті қалыптасқан қатармен егу, тұқым себу мөлшері гектарына 7,5 млн. дана (250 кг) бақылау |
170,5 |
144,5 |
22,7 |
85,0 |
2,2 |
317,9 |
48,0 |
Жалға еккен күрішті ору алдында өсімдіктің 93,9 және 95,2% сақталды, яғни ол қалыптасқан тәсілмен егілген күріш өсімдігінен тиісінше 8,9 және 10,2% көп болды.
Өнім негізін қалайтын көрсеткіштердің негізгілерінің бірі өсімдіктің түптеуі мен масақ байлаған сабақ саны болып саналады.
Күрішті жалға, гектарына 3,0 млн.дана өнгіш дән тұқым себу мөлшерінен еккенде ең төменгі масақ саны алынды, ал ең жоғарғы масақты сабақ гектарына 4,5 млн.дана дәнді жалға еккен нұсқа мен қалыптасқан технологияда болды.
Жоғарыда көрсетілген факторлар күріш өніміне тікелей әсерін тигізді. Атап айтқанда, жалға гектарына 4,5 млн.дана өнгіш дән сепкенде (жалдың ені 70 см, биіктігі 16-18 см, қатар аралығы 25 см) 49,1 ц өнім алынса, бақылау нұсқасында 48,0 ц болды. Бұл көрсеткіш бір деңгейде болғанымен жалға еккенде қалыптасқан технологиямен салыстырғанда су шығыны 25%-ға, тыңайтқыш 20%-ға, тұқым мөлшері 1,7 есеге кеміді, сонымен қатар жанар-жағар май да аз жұмсалды.
Индиялық сепкішті пайдаланып күрішті жалға егу технологиясын қолдану төмендегі үлгі бойынша зерттелді:
Жалға егу – жалдың ені 90 см, биіктігі 18-20 см, қатар аралығы 20 см, тұқым себу мөлшері – 90 га/кг.
Жалға егу, тұқым себу мөлшері – 110 га/кг.
Жалға егу, тұқым себу мөлшері – 130 га/кг.
Жалға егу, тұқым себу мөлшері – 150 га/кг.
Қалыптасқан тәсілмен – тұқымды топырақ бетіне шашып себу, тұқым себу мөлшері – 250 га/кг – бақылау.
Индиялық сепкішпен гектарына 110-150 кг тұқымды жалға еккенде күріш өнімі қолданылып жүрген технология бойынша егілген күріш өнімі деңгейінде болды. Дегенмен жаңа технологияны пайдаланғанда тұқымға жұмсалатын шығын, су шығыны азаяды, күріш жатып қалмайды, сондықтан егін жинау тиімді жағдайда өтеді.
|
|
11-сурет – Күрішті жалға егу тәсілін қолдану кезіндегі алғашқы суға бастыру |
12-сурет – Индиялық сепкішпен күрішті жалға егу |
